15
3) жалпы білім беретін ұйымдарда білім беру процесін жүзеге асыру
үшін;
4) педагогтің, жалпы білім беретін ұйымның іс-əрекет нəтижесін
анықтаудың бағалау жүйесін əзірлеу үшін жəне білім алушылардың
дайындық деңгейін айқындау мен оларды қорытынды аттестаттаудың
бақылау-өлшеуіш материалдарын дайындау үшін;
5) педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау жəне біліктіліктерін
арттыру бойынша бағдарламаларды даярлау үшін негіз болып табылады.
2. Білім мазмұнына қойылатын талаптар
7. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу
ісіндегі оң мотивациясы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім беру
бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік
қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық
мəдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
8. Бастауыш білім беру баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік
қасиеттерінің,
оның
қоршаған
ортаға
эмоционалдық-құндылық
қатынасының, оқу процесіне оң мотивациясының қалыптасуын жəне таным
əрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын қамтамасыз етеді.
9. Бастауыш білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл жəне
əдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Адам жəне қоғам», «Өнер»,
«Технология», «Дене шынықтыру».
10. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың
бойында тұлғааралық жəне этносаралық қатынастың жоғары мəдениетін
қалыптастыруға, жеке тұлға ретінде өзін-өзі билеуіне жəне кəсіптік
бағдарлануына бағытталады.
11. Негізгі орта білім білім алушының базистік ғылым негіздерін
меңгеруін, жоғары рухани-адамгершілік жəне тұлғааралық, этносаралық
қарым-қатынас мəдениетінің қалыптасуын, тұлғаның өмірде өз орнын
табуын
жəне
өзін-өзі
билеуін,
функционалдық
сауаттылығының
қалыптасуын, бейіналды дайындықтың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
12. Негізгі орта білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл жəне
əдебиет», «Математика жəне информатика», «Жаратылыстану», «Адам жəне
қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».
13. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
жаратылыстану-математикалық жəне қоғамдық-гуманитарлық бағыттар
бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып, саралау, кіріктіру жəне білім беру
мазмұнын кəсіптік бағдарлау негізінде əзірленеді.
14. Жалпы орта білім білім алушының табиғат, қоғам жəне адам туралы
біртұтас,
аяқталған
білім
жүйесін
меңгеруін,
функционалдық
сауаттылығының дамуын, тұлғаның интеллектуалдық, рухани-адамгершілік
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
16
жəне физикалық дамуын, білім мазмұнын саралау, кіріктіру жəне бейіндеу
негізінде болашақ мамандығының бағытын таңдау жағдайын қамтамасыз
етеді.
15. Жалпы орта білім мазмұнын алты білім саласы құрайды: «Тіл жəне
əдебиет», «Математика жəне информатика», «Адам жəне қоғам»,
«Жаратылыстану», «Технология», «Дене шынықтыру».
16. Əрбір білім саласы ұқсас оқу пəндерін қамтиды.
17. «Тіл жəне əдебиет» білім саласына енетін пəндер: «Сауат ашу (оқу,
жазу)», «Əдебиеттік оқу», «Қазақ тілі», «Қазақ əдебиеті» (қазақ тілінде
жалпы білім беретін ұйымдар үшін, оқыту тілі қазақ тілінде емес жалпы білім
беретін ұйымдар үшін), «Орыс тілі», «Орыс əдебиеті» (орыс тілінде жалпы
білім беретін ұйымдар үшін), «Орыс тілі», «Орыс əдебиеті» (қазақ тілді жəне
басқа да орыс тілді емес жалпы білім беретін ұйымдар үшін), «Шетел тілі».
18. Қазақстан аумағында тұратын этностың тілінде оқытатын жалпы
білім беретін ұйымдарда «Тіл жəне əдебиет» білім саласына осы этностың
«Ана тілі мен əдебиеті» қосымша енеді. Нақты этностың шоғырланып
орналасқан жерлерінде олардың тілін оқыту мəселесін шешу білім
саласындағы жергілікті атқару органдары құзырына беріледі. «Ана тілі»
(«Ұйғыр тілі», «Өзбек тілі», «Тəжік тілі») мен «Əдебиет» («Ұйғыр əдебиеті»,
«Өзбек əдебиеті», «Тəжік əдебиеті») пəндері үлгілік оқу жоспарының
инварианттық компонентіне енеді.
19. «Математика жəне информатика» білім саласына енетін пəндер:
«Математика»,
«Алгебра»,
«Алгебра
жəне
анализ
бастамалары»,
«Геометрия», «Информатика».
20. «Жаратылыстану» білім саласына енетін пəндер: «Дүниетану»,
«Жаратылыстану», «География», «Биология», «Физика», «Химия».
21. «Адам жəне қоғам» білім саласына енетін пəндер: «Қазақстан
тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық», «Өзін-өзі тану».
22. «Өнер» білім саласына енетін пəндер: «Музыка», «Бейнелеу өнері».
23. «Технология» білім саласына енетін пəндер: «Еңбекке баулу»,
«Сызу», «Технология».
24. «Дене шынықтыру» білім саласына енетін пəндер: «Дене
шынықтыру», «Алғашқы əскери дайындық».
25. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-
сыныптарда дүниетану оқу курсының аясында: 1-3-сыныптарда жылдық оқу
жүктемесі 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімінің
оқытуымен іске асырылады; 5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының
аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру
мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда алғашқы əскери
дайындық оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен
алғашқы əскери дайындық пəнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының
оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары
міндетті болып табылады жəне оқыту уақытында жүргізіледі.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
Достарыңызбен бөлісу: |