Білім алушылардың назарын оқу үдерісіне аудару үшін мұғалім интербелсенді оқытудың мынадай шарттарымен таныс болуы керек: - Білім алушылардың назарын оқу үдерісіне аудару үшін мұғалім интербелсенді оқытудың мынадай шарттарымен таныс болуы керек:
- - жағымды психологиялық орта орнату (мысалы, биопоэма, ізгі-тілектер және т.б.);
- - қызығушылығын арттыру үшін төтесінен қызықты да жұмбақ сұрақтар қою (мотивация, ұмтылыс тудыру);
- - ұжыммен жұмыс жүргізу (психологиялық ойсергектер, кестелер толтыру). Егер осы шарттарды ретімен орындай алсаңыз, білім алушылардың психологиялық жағдайын анықтауыңызға әбден мүмкіндігіңіз болады.
- Өз кезегінде интербелсенді оқытуда үйренушілер нәтижеге бірлескен қарым-қатынас пен әрекеттесу арқылы жететіндігін біледі. Сондықтан мұндай сабақтарда жағымды психологиялық климат пен өзара сенім ахуалын орнықтырудың маңызы ерекше. Соған орай мұғалім интербелсенді оқыту кезінде білім алушыларды ынталандырып, оларда ішкі мотивацияның пайда болуына және өзара әрекеттесуіне ықпал жасайды.
- Сондай-ақ, бүгінгі күні білім беру жүйесі сабақ беру кезінде ақпараттық құралдардың кеңінен қолдануын қажет етеді. Осылайша білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және бейнеқұралдар, компьютерлер, электрондық оқулықтар телекоммуникациялық желілер). Білім беру үдерісін ақпараттандыру жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқытуды, әр білім алушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуды, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
- Кез келген сабақта әр түрлі әдемі, жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы графикалық иллюстрациялар негізінде ақпараттық технологияларды пайдалану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
- Қорыта айтқанда, дұрыс құрылған жоспар, нәтижелі сабақ, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ұйымдастырған жұмыстың нәтижесінде шәкірт жаңалыққа бейім болып, қазіргі әлеуметтік сұранысқа сай, өздігінен ғылыми ізденістер мен зерттеулер жасайтын, өзін-өзі дамытатын, белсенді әрекетке түсе білетін, тез шешім қабылдайтын, жүйелі түрде өзіне-өзі баға беріп, рефлексия жасап отыратын, мәдениетті, эстетикалық талғамы бар, білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылығы басым, шығармашылықпен өзін-өзі үздіксіз дамытып отыратын жан-жақты тұлға болып қалыптасары анық.
Достарыңызбен бөлісу: |