Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге, жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жүргізу үшін жиынтық бағалау нәтижелері бойынша алынған ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Жиынтық бағалаудың аталған түрінің нәтижесінде білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде ескерілетін балл қойылады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады.
Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, оқу бағдарламасы мазмұнын білуі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдерді ұсына отырып, тоқсандағы оқуға қатысты ілгерілеуді өлшейді. Алынған нәтиже тоқсандық баға қою кезінде ескеріледі. Жиынтық бағалау ойлау дағдыларының әр түрлі деңгейін, соның ішінде жоғары ойлау деңгей дағдыларын: талдау, жинақтау, бағалауды тексеретін түрлі деңгейдегі тапсырмалардан тұруы қажет.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтайды.
Пәнге деген қызығушылықтары мен оқу мотивициясы артады, сыни ойлау және шығармашылық қабілеттері дамиды.
Өздерінің қаншалықты алға жылжығандарын ұғынады.
Алдағы қадамдарын жоспарлауға мүмкіндік алады.
Өзін – өзі, топты бағалау, күш – жігер, сенімділік сияқты құндылықтары қалыптасады.
Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты – білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз:
1.Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау;
2.Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке , тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;
3.Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтау;
4.Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысыт.б.);
5.Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау;
6.Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |