Білім беру бағдарламасының мақсаттары ─ аударма ісі саласында кәсіби құзыреттіліктерді, толыққанды, сапалы кәсіби білім



жүктеу 29,86 Kb.
Pdf просмотр
Дата18.12.2017
өлшемі29,86 Kb.
#4630
түріБілім беру бағдарламасы


5В020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы 

  

ШИФР-МАМАНДЫҚ 



5В020700 – «АУДАРМА ІСІ»  

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ 

─  аударма ісі саласында кәсіби құзыреттіліктерді, толыққанды, сапалы кәсіби білім 

алу үшін жағдай жасау; 

─  дамудың  жоғары  жалпы  зияткерлік  деңгейін  игеру,  сауатты  және  жетік  сөйлеу 

қабілетін, 

ойлаудың 

гуманитарлық 

мәдениеті 

мен 

еңбекті 


ғылыми 

ұйымдастырудың дағдыларын меңгеру үшін жағдайды қамтамасыз ету; 

─  жалпы  лингвистикалық  және  прагматикалық-коммуникативтік  құзыреттіліктерді 

қалыптастыру; 

─  шығармашылық  әлеуетті,  бастамалар  мен  жаңашылдықты  дамыту  үшін  жағдай 

жасау; 


─  мамандықты 

бітірушілердің 

еңбек 

нарығында 



бәсекеге 

қабілеттілігін 

қалыптастыру. 

БІЛІКТІЛІК СИПАТЫ 

КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ 

САЛАЛАРЫ 

─  әкімшілік-басқарушылық; 

─  білім және ғылым; 

─  мәдениет және мәдениаралық коммуникация; 

─  халықаралық байланыстар; 

─  баспа ісі; 

─  бұқаралық ақпарат құралдары; 

─  ақпараттық-аналитикалық. 



КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ 

НЫСАНДАРЫ 

мәдениет  мекемелері,  халықаралық  ұйымдар,  ақпараттық-аналитикалық  қызметтер, 

елшіліктер  мен  өкілдіктер,  министрліктер,  туризм  жөніндегі  агенттіктер,  баспалар, 

аударма бюролары және басқа да ұйымдар мен кәсіпорындар. 



КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ 

ПӘНІ 

әр  түрлі  аударманың  түрлі  жанрлары  мен  стильдерінің  түпнұсқа  мәтіндері, 

анықтамалық әдебиет және ақпараттың басқа да дереккөздері (Интернет, электронды 

сөздіктер). 



БІЛІМ БЕРУ ТРАЕКТОРИЯЛАРЫ 

Гид-аудармашы 

Аудармашы-референт 

ТРАЕКТОРИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

─  ауызша және жазбаша аударма негізінде мәдениет пен тілдердің өкілдері арасында 

халықаралық,  қоғамдық-саяси,  экономикалық  және  мәдени  өмірдің  түрлі 

салаларында өзара түсінушілікті қамтамасыз ету; 

─  практикалық  аударма  міндеттерін  шешу  барысында  аударма  қызметінің 

модельдерін қалыптастыру; 

─  халықаралық  конференциялар,  көрмелерді  ұйымдастыру  барысында  түрлі 

мекемелерде,  ұйымдарда,  халықаралық  туризм  саласында  кәсіби  қызметті 




жүргізу; 

─  қажетті  ғылымдар  мен  бағыттар  саласында  аударма  практикасын  үйретуге 

бағытталған элективті пәндерді кеңейту; 

─  аудармашының  жұмыс  жасау  тілдерінде  шетелдік  және  отандық  әдебиетті 

қысқаша мазмұндау және аңдатпалау. 



«ГИД-АУДАРМАШЫ» 

ТРАЕКТОРИЯСЫ 

БОЙЫНША ОҚЫТУ 

НӘТИЖЕЛЕРІ 

БІЛУІ ТИІС: 

‒  аударма  теориясы  мен  практикасының,  тіл  теориясы  мен  мәдениаралық 

коммуникацияның негізгі ережелері; 

‒  оқып жатқан елде сөйлейтін халықтардың ділі, дәстүрлері мен ғұрыптары; 

‒  өз  елі  мен  оқып  жатқан  тіл  елінің  қоғамдық-саяси,  елтанымдық,  тарихи  және 

мәденитанымдық мәліметтері; 

‒  мәдениеттердегі ортақтық пен әр түрлілік, оқып жатқан тіл елі мен Қазақстандағы 

құндылық бағыттарының жүйесі; 

‒  мәдениаралық  коммуникация,  басқа  тілде  сөйлеу  мәдениеті,  қарым-қатынас 

жасаудың вербалды және вербалды емес құралдары; 

‒  ауадармашының мәдениаралық қатынас жасау кезіндегі негізгі коммуникативтік-

прагматикалық стратегиялар мен сөйлеу мінез-құлқының техникасы; 

‒  шетел тілінде сөйлейтіндердің сөйлеу этикетінің ұлттық-мәдени ерекшелігі. 

ІСТЕЙ АЛУЫ ТИІС: 

‒  шетел  тілін  қарым-қатынас  жасау  құралы  ретінде  пайдалану  және  ресми  және 

ресми  емес  қатынас  жасау  жағдайларында  тілдік  қатынастың  ауызша  және 

жазбаша формаларын (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) жүзеге асыратын 

сөйлеу қызметінің барлық түрлерін игеру; 

‒  тиісті  аударма  қызметін  жүргізу  және  сөйлеу  кезіндегі  мінез-құлықтың 

ситуациялық-адекваттық  стратегиясы  мен  тактикасын  жүзеге  асыру  мақсатында 

екі мәдениеттің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін тану; 

‒  дискурстық  нормаларға  сәйкес  оның  айқындығы  мен  сендірерлігіне  қол  жеткізе 

отырып, сөйлеуді жолға қою; 

‒  аударманың техникалық амалдарын таңдап, дұрыс пайдалану. 

ДАҒДЫЛАРДЫ 

МЕҢГЕРУІ ТИІС: 

─  әр түрлі аударма жасау; 

─  қосымша ақпаратты түсіну және алу үшін анықтамалық дереккөздерді пайдалану; 

─  аудармада баламаға жетудің негізгі тәсілдері және аударманың негізгі амалдарын 

қолдану; 

─  ауызша бірізді аударма және қағаздан ауызша аударма жасау; 

─  қысқартылған аударма жазбасы жүйесінің негіздерін меңгеру. 

«АУДАРМАШЫ- РЕФЕРЕНТ» 

ТРАЕКТОРИЯСЫ 

БОЙЫНША ОҚЫТУ 

НӘТИЖЕЛЕРІ 

БІЛУІ ТИІС: 

 

─  аударма  әдістемесі  (тілдік  білім  типтері  және  оларды  аударма  кезінде  жеткізу, 

аударма  кезіндегі  мәнмәтін  мен  тілден  тыс  жағдаяттың  рөлі,  аударманың 

адекваттығына  жету  жолдары,  лексика-грамматикалық  трансформациялардың 

негізгі  типтері,  реалийлерді,  техникалық,  қоғамдық-саяси  терминдерді  және  т.б. 

аудару); 




─  тіларалық және мәдениаралық келістірушіліктің түрлері; 

─  түрлі типтегі мәтіндерді (экономикалық, саяси, кәсіби тақырыптардағы мәтіндер) 

аударудың ерекшеліктері; 

─  аудармалық  сәйкестіктердің  негізгі  түрлері  және  оқып  жатқан  пән  саласында 

баламасы жоқ тілдік бірліктерді аудару тәсілдері; 

─  іскери  хаттар  мен  құжаттардың  негізгі  түрлерінің  (әдетте,  келісімшарттардың) 

құрылымдық ерекшеліктері және оларды жүргізу тәртібі; 

─  қазіргі кеңсе техникасы. 

ІСТЕЙ АЛУЫ ТИІС: 

─  ауызша 

және 

жазбаша 


аударма 

жасау; 


өз 

қызметінде 

аударма 

трансформацияларының  барлық  түрлерін  (мағыналарын  жалпыламалау, 

орнын ауыстыру, алмастыру, қосу, түсіру, саралау, нақтылау) қолдану; 

─  аударманың техникалық амалдарын таңдау және дұрыс пайдалану; 

─  бастапқы  тілдің  лексикалық,  фразеологиялық,  грамматикалық  және 

стилистикалық ерекшеліктерімен байланысқан қиындықтарды жеңу; 

─  аударма жасау тіліндегі өз ойын сауатты және дұрыс жеткізу; 

─  сөздіктер, анықтамалықтар, деректер базасы және қосымша ақпараттың басқа 

дереккөздерін кәсіби пайдалану. 

ДАҒДЫЛАРДЫ 

МЕҢГЕРУІ ТИІС: 

─  ғылыми-техникалық  мәтіндермен,  газет-публицистикалық  әдебиетпен,  іскерлік 

құжаттамамен, ақпараттық-прагматикалық сипаттағы мәтіндермен жұмыс істеу; 

─  ақпаратты анықтамалық, арнайы әдебиеттен және компьютерлік желілерден іздеу; 

─  мәтінді редакциялау және пішімдеу; 

─  ақпаратты аналитикалық қабылдау, түрлі стильдер мен жанрлардағы мәтіндердің 

аңдатпаларын және қысқаша рефераттарын құрастыру; 

─  қазіргі кеңсе техникасымен жұмыс жасау (сканерлер, принтерлер, көшірме жасау 



аппараттары). 

 

жүктеу 29,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау