Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Мұғалімдердің жұмыстарын бағамдау



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет3/48
Дата29.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#41899
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Физика Мұғалімге арналған нұсқаулық

 
Мұғалімдердің жұмыстарын бағамдау
үшін «Физика» пәнін оқыту үшін талап 
етілетін белгілі бір дағдылармен байланысты салалар бойынша құралған рубрикалар 
пайдаланылады. Әр сала төрт деңгей бойынша бағамдалады: бастапқы деңгей, қалыптасу 
деңгейі, қалыптасқан деңгей, жетілген деңгей. Дескрипторларға қарап мұғалімнің кәсіби 
дамудың қандай деңгейінде екенін анықтау қиынға түспейді. Дескрипторларда мұғалімнің 
нақты кезеңдегі біліктілік деңгейін сипаттауға арналған толық ақпарат ұсынылған және 
олар мұғалімнің кәсіби дамуының келесі қадамын анықтайды. Курс барысында бағамдау 
қалай жүргізілетіні түсіндіріліп, мұғалімдерге ол аспектілерді меңгеруде қолдау 
көрсетілетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшамсабақ арқылы Бағдарлама 
материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия 
жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен 
тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі. 



ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ 
Оқу бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы 
Технология, коммуникация мен ғылым салалардағы елеулі өзгерістер әлемдік 
экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ ғасырда табысты болу 
үшін қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Сонымен қатар, қарқынды жаһандану 
ұлттық экономикаға да ықпал етуде, оның үстіне қазіргі уақытта экономикалық дамуды 
қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық бәсекелестік артып отыр. Женевадағы 
Халықаралық еңбек ұйымының (2006) баяндамасы мұның жеке азаматтар үшін 
маңыздылығын көрсетті: «... көлік және коммуникация саласындағы елеулі жетістіктермен 
қатар, сауда мен капитал ағымын ырықтандыру: өз еңбегінің жемісін сату үшін әлемдік 
нарықта өзара бәсекелестіктегі жұмысшылар мен жұмыс берушілердің саны күннен-күнге 
артып келе жатқандығын көрсетеді» (VII б.). Жаһандану тек жұмыс орындарына әсер етіп 
қана қоймай, сонымен қатар, оның қолжетімді жұмыс түрлеріне және сәйкесінше, жұмыс 
табу үшін қажетті білім мен дағдыға да әсері артып келеді.
Гриффин және басқа авторлардың (Griffin, P., McGaw, B. and Care, E., 2012) айтуы 
бойынша: «...экономикасы дамыған елдерде өнеркәсіптік өндірістен ақпараттық қызмет 
көрсету және байланыс қызметін көрсетуге ауысып жатқаны айтарлықтай байқалды» (17-
б.). Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі 
жиырма бірінші ғасырда басқа да негіздер бар: өзара қарым-қатынастың арттыру; 
әлеуметтік өзгерістер; ауа райының өзгеруімен байланысты проблемалар; бүкіл әлемдегі 
халық санының қарқынды өсуі; шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі; осылардың 
«Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаһандану мен 
жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Мектептер 
оқушыларды түрлі мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас жасауды, алуан 
түрлі идеяларды, көзқарастар мен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан 
түрлілігіне қарамастан, технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін 
жеңе отырып, бір-біріне сенім білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін 
әлемде, адамдардың өмірі ұлттық шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты 
болатын әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындауы керек. ХХІ ғасырдың 
мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен 
ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаһандық пікір 
алуандығының шынайылығын ұғына отырып, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін 
дамытуға көмектесуі керек». 
Андреас
 
Шлейхер

Білім
 
беру
 
және
 
кәсіби
 
дайындау
 
басқармасы
 
директорының
 
және
 
Экономикалық
 
ынтымақтастық
 
және
 
даму
 
ұйымы
 
Бас
 
хатшысының
 
білім
 
беру
 
саясаты
 
бойынша
 
арнайы
 
кеңесшісі
 
міндетін
 
атқарушы
 (2014) 
 
«Қазақстанның орта мектептеріндегі оқыту өз дәрежесіне сай тиімді деп айтуға 
келмейді. TIMSS және PISA деректері қазақстандық орта мектеп жүйесінің теориялық 
білім беруде және оқушылардың ақпаратты есте сақтау, тану және оны айтып беруін 
қамтамасыз етуде айтарлықтай тиімді екенін көрсетті. Бұл оқушылардың жоғары 
деңгейлі ойлау дағдыларын меңгеру және қолдану мүмкіндіктерін, мәселен, 
математикадағы проблема шешу және пайымдау немесе оқылым барысында мәтін 
туралы ойлану және оны бағамдау сияқты мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін 
салыстырмалы түрде әлсіз болып табылады». 
Ұлттық
 
білім
 
беру
 
саясатына
 
шолу

Қазақстандағы
 
орта
 
білім

Экономикалық
 
ынтымақтастық
 
және
 
даму
 
ұйымы
 (
Милованович
, 2014) 



барлығы мектеп оқушылары қазіргі заманда және келешекте табысқа қол жеткізу үшін 
бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді.
Білім – елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ 
мерзімді стратегия. Көптеген авторлар, соның ішінде Виллем Те Вельде (Willem te Velde, 
2005) жаһанданудың қазіргі кезеңінде жоғары сапалы білімнің қажеттігі туралы өз 
пікірлерін айтты. Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін 
білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Муршед және басқа 
авторлар (Mourshed, M. et al, 2010) жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында өзгеріс 
енгізу үдерісіне қатысатын жүйелердің саны артып отырғанын, білім беруді 
реформалаудың қарқынды артып келе жатқанын атап көрсетті. 
Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы 
мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені 
үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар 
туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда 
пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. 
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жоғарыда сипатталған жаһандық 
проблемаларға жауап бере алатындай деңгейдегі жұмыстар республикалық деңгейде 
жүргізілуде. Оқу бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен 
оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар 
мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен 
көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні 
арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық 
тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау 
жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып 
табылады. 
Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандартын бекіту, «Физика» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын 
әзірлеу осы үдерістің құрамдас бөлігі болып табылады. Физика саласы бойынша 
оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру негізгі орта және жалпы орта білім 
беретін мектеп бағдарламасында жетекші орын алады, бұл әлемнің біртұтас ғылыми 
бейнесін қалыптастырудағы физиканың практикалық маңызымен айқындалады.
Физика – табиғат туралы ғылым. Оның мақсаты заттар мен денелердің, құбылыстар 
мен процестердің физикалық қасиеттерін танып-білу, табиғат құбылыстарының 
заңдылықтарын зерттеу болып табылады. 
«Физика» пәнін табысты меңгерту мұғалімнің кәсіби тәжірибесі мен құзыреттілігіне 
тікелей байланысты екенін атап өту қажет. Қазақстан Республикасында орта білім беру 
мазмұнын жаңарту аясында өткізіліп жатқан мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары 
мұғалімнің кәсби шеберлігін шыңдауға бағытталған. 

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау