Білім беру бағдарламасы кешенді емтиханының мақсаты Білім беру бағдарламасында кешенді емтиханды өткізу ережесі


Спортшылар шаршауының және қалпына келуінің физиологиялық негіздері



жүктеу 0,91 Mb.
бет14/22
Дата29.03.2023
өлшемі0,91 Mb.
#41897
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
программа-ГАК-каз-2020-2

5.3.4. Спортшылар шаршауының және қалпына келуінің физиологиялық негіздері.
Шаршау түсінігінің анықтамасы. Шаршау түрлері. Шаршаудың қалыптасуының теориясы. Шаршаудың орнығуы. Әртүрлі дене жүктемелерінен кейінгі шаршаудың ерекшеліктері. Шаршаудың биологиялық маңызы. Бұлшық ет қызметінен кейінгі қалпына келу үдерістерінің физиологиялық сипаттамасы. Қалпына келу үдерісінің физиологиялық заңдылықтары. Әртүрлі қуатты жұмыстардан кейінгі қалпына келу. Қалпына келу үдерісін жеделдету әдістері.


5.3.5. Қимыл дағдысы қалыптасуының физиологиялық механизмдері.
Қимылдарды басқарудың физиологиялық негіздері. Қимыл біліктіліктері мен дағдылары – спорт техникасының негізі. Қимылдарды басқарудың рефлекторлы механизмдері. Шартты рефлекторлы механизмдердің қимыл біліктіліктері және дағдылары түзілуіндегі маңызы, талдағышты және оперантты шартты рефлекстің маңызы. Қимылдың динамикалық қалыптылығы.
Қимылдарды басқарудағы жүйелі механизмдердің ерекшеліктері (П.К.Анохин). Афференттік талдаудың басымдылық мәнінің зерденің және эмоциялардың экстраполяция механизмінің және қимылдарды сөзбен реттеудің маңызы. Қимыл дағдыларының қалыптасу кезеңдері (тарату, жинақтау және тұрақтандыру). Қимыл дағдысының соматикалық және вегетативті құрылымы, олардың қалыптасуындағы жайттары. Спорттық іскерліктің артуы бойынша қимыл дағдыларды жетілдірудің физиологиялық негіздері. Спортшының жұмысқабілеттілігінің артуы кезіндегі кері байланыстың, қосымша және жедел хабарламаның, ұзақ және қысқа уақытты қимылдарды талдағыштармен бейнелеудің, спортшының жұмысқабілеттілігін арттырудағы динамикалық (қимылдардың негізгі сатыларын бекіту, хабарды қайта қарастыруды және қуат жұмсалуын үнемдеу).


5.3.6. Дене қасиеттерін жетілдірудің физиологиялық механизмдері.
Дене (қимыл) қасиеттерін арттырудың физилогиялық механизмдері. Күш сапаларын (морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық) дамытуды анықтайтын факторлар. Статикалық максималды бұлшық ет күші, максималды ерікті күш және күш мұқтаждығы. Ерікті күштің орталық және шеткі факторлары. Динамикалық және жарылыс күші. Күшті арттырудың негіздері: максималды тітіркендірудің қағидасы, шынықтыру жүктемелерінің кезектілігі, бұлшық ет топтарын арнайылығы, қалпына келудің кезеңді сипатын қолдану. Қайталмалы күштенудің, қайталмалы үзіліссіз және изомерлік жаттығулардың әдістерін қолданудың физиологиялық негіздемесі.
Шапшаңдықтың айқындалуының арнайылығы (ациклді қимылдар, сөрелік үдеу, арақашықтық шапшаңдық, ауыспалы тәртіп). Ағзаның морфофункционалды және биохимиялық қайта құрылулары, қимыл шапшаңдығын дамытудың физиологиялық механизмдері. “Шапшаңдықты кедергі”. Шапшаңдықты дамыту әдістерін физиологиялық негіздеу. Қимылдардың шапшаңдықты-күшті сипатын анықтайтын орталық және шеткі факторлар. Шапшаңдықты-күшті қасиеттер. Шапшаңдықты-күшті қасиетті дамытудың физиологиялық негіздері. Әр спорт түріндегі шапшаңдықты-күшті қасиеттің ерекшеліктері.
Төзімділіктің, шаршаудың және жұмыс төзімділікті анықтау қабілеттіліктің өзара байланыстары. Төзімділіктің ерекшелігі. Төзімділіктің түрлері: статикалық күшті, шапшаңдықты, ұзақ динамикалық жұмысқа төзімділік. Анаэробты және аэробты өнімділік. Жергілікті, жалпы және аймықты жұмыс кезеңдеріндегі төзімділік. Жалпы және арнайы төзімділік. Төзімділіктің көрсеткіштері және белгілері. Әртүрлі төзімділікті дамытудағы генетикалық және қоршаған орта факторларының маңызы. Максималды анаэробтық сыйымдылық және максималды анаэробты қуат – анаэробтық төзімділіктің негізі.
Аэробты төзімділік және оттегін тасымалдау жүйесі. Оттегін максималды қолдану – адамның аэробтық мүмкіндіктерінің көрсеткіші ретінде. Әртүрлі мамандықты спортшыларда оттегін минуттық қолданудың абсолютті және салыстырмалы көлемдері. Оттегінің минуттық қолданылуы (ОМҚ) – адамдардың аэробты мүмкіндігінің көрсеткіші ретінде.
Оттегін тасымалдау жүйесі дамуының физиологиялық механизмдері. Бұлшық еттегі, кіші қан айналым жүйесіндегі, қан айналымының ортаңғы және шеткі бөлімдерінің, қан, қан айналым, сыртқы тыныс алу жүйелеріндегі өзгерістер. Анаэробты алмасу табалдырығы туралы түсінік және оның шынығу үдерісінде пайдаланылуы. Аэробты сыйымдылықтың тиімділігі туралы түсінік. Бұлшық ет жұмысы кезінде оттегін пайдалану жүйесінің негізгі бөлімі. Қаңқа бұлшық еттерінің қанмен жабдықталуы. Аэробы төзімділік. Бұлшық ет талшықтарының қанмен жеткіліксіз жабдықталуы - әртүрлі жиырылу тәртіптеріндегі бұлшық еттердің жұмысқа қабілеттілігін шектейтін фактор. Бұлшық еттердің құрылымы және аэробты төзімділік. Аэробты төзімділіктің шеткі механизмдерінің шынығуының физиологиялық негіздері. Аэробты төзімділіктің шеткі механизмдері дамуындағы генетикалық қоршаған орта факторларының өзара байланысы.
Ептілік – жүйке жүйесінің бағдарлану қабілеттілігінің көрнісі. Ептіліктің көрсеткіштері. Талдағышты жүйелердің, қимыл туралы негізгі және қосымша хабарламаның маңызы. Қимыл зердесі. Бұлшық еттердің босаңсуына бағдаралану және қабілеттілік. Қимылдардың кеңістікті, уақытты, күшті сипаттамаларын басқару қабілеті. Кейбір спорт түрлерінде ептіліктің байқалу ерекшеліктері. Бағдарлану қабілеті және шаршау.
Икемділік туралы түсінік. Икемділікті шектейтін факторлар. Белсенді және сылбыр иілгіштік. Шаршаудың, бой қыздырудың, қоршаған орта температурасының икемділікке әсері.
Қимыл сапаларының өзара байланысы. Қимыл қасиетін дамытудағы өзара байланыс. Қимыл қасиеттерінің және қимыл дағдыларының өзара байланысы. Дене қасиеттерін дамытудың жалпы негіздері және олардың физиологиялық негіздемесі.



жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау