Түсіндірмелі-иллюстративті əдіс оқушылардың жаңа теоретикалық материалмен танысқанда компьютермен, бағдарламалық қолданбалармен жұмыста алғашқы білімдерінің қалыптасуында пернетақтамен жұмыс істеп үйренуінде қолданылады.Мұндай əдістерді (əңгіме, мазмұндама, түсіндірме) материал ақпараттық түрде болғанда немесе практикалық жұмыстың əдістерін сипаттағанда қолданған дұрыс.
Репродуктивті əдіс информатика сабақтарында тренажер бағдарламалармен жұмыста (мысалы, пернетақталық тренажер), оқытушы жəне бақылау бағдарламаларымен əртүрлі кіріспе, жаттықтырушы жаттығуларды орындағанда, комментариймен жаттығуларда қолданады. Мəселелік əдісті (мəселе сұрақтар, жағдайлар) графикалық ақпаратпен жұмыста қолданған жөн. Бөліктеп-іздеу əдісін қолданғанда оқушылар болжам құруға, есепті бақылау, тəжірибе, жоспар құру немесе танымдық есептің алгоритмін шешу, жобалау жəне тағы басқалары арқылы шешуге қызығады. Зерттеу əдісіне бақылау, тəжірибе, компьютермен, плакаттармен жəне басқаларымен жұмыс кіреді. Бұл жағдайда мұғалім оқушылардың өзіндік ізденушілік іс- əрекетінің ұйымдастырушысы ретінде танылады. Бағдарламалық оқыту əдісінде информатика сабақтарында үйретуші бағдарламалар қолданылады. Бұл əдіс «Есептеуіш техникасының сандық негіздері», «Бағдарламалық қамтамасыздандыру» тақырыптарында аса тиімді. Үйретуші бағдарламада берілген материал қатаң тəртіпте беріледі, əрбір кадр жаңа материал, бақылау сұрағы мен тапсырмадан тұрады. Модельді əдіске математикалық немесе компьютерлік құрылуы кіреді. Бұл «бəсеңдейтін жобалау» əдісі. Орта мектептің информатика мұғалімі модельдерді құру үшін электронды кестелермен жұмыста қолданады. Жобалау əдісі оқытудың жаңа əдісі болып табылады. Мұнда оқушылардың іс-əрекеті жаңа жұмыс орнын жобалайтын автоматтандырылған жұмыс жүйелерінің дамытушысының іс-əрекетімен сəйкес ұйымдастырылады. Жоба рөлінде белгілі бір тақырыпты оқу компьютерлік курсы, логикалық ойын, компьютерде модельденген зертханалық құрал-жабдықтың макеті, электронды пошта арқылы тақырыптық байланыс жəне тағы басқалары болуы мүмкін.
Информатика пəні мұғалімдерінің педагогикалық əрекеттеріне қойылатын талаптардың дидактикалық принциптеріне сəйкестілігі мыналардан түрады: - мұғалімні материалды берудегі ғылыми жəне жүйелілік принциптері; - оқытудағы кFрнекілік принциптері; - информатика сабағындагы тəрбиелей оқытуды принциптері. Дидактика принциптері – сабақ беруде (оқытуда) басшылыққа алынуға тиісті білім берудің жəне оқытудың ортақ теориясының негізгі қағидалары. Кейбір 40 принциптерді білу кейбір білмейтін принциптердің орнын оңай толтырады. (Гельвеций К.). Бұл принциптердің нақтылы ұғымының өрнектелуін информатиканы оқыту контексінде қарастырайық.
1) Ғылыми принцип бойынша (С.И. Архангельскийдің пікірін қолданған дұрыс): "Барлық хабарланатын оқу мəліметтері қазіргі алдыңғы қатарлы ғылым жетістіктеріне толығымен сəйкес келуі керек", яғни, мұғалім берілетін (оқытылатын) материалдың дəлдігіне, шындылығына жəне нақтылығына ерекше көңіл бөлуі тиіс, материалдың мазмұны, ғылыми ұғымдардың ұқыпты түрде іріктелуі қажет. Ғылыми принципін сақтау, білім беру мазмұнында осы облыстағы жаңа жетістіктерінің қамтылуын қажет етеді. мысалы ретінде компьютерлік тестілеуді айтуға болады. 2) 0қуды жүйелілік принципі (М.И. Скаткиннің сөздері бойынша) "ұғымдар мен пəн бөлімдерін оқытып, түсіндіргенде, олардың логикалық байланыстылығын жəне өзара алмаса алуын құрастыра алуында", яғни, жаңаны үйрену (ұғымдар, ережелер, талдаулар) оқушылар бұрын өтіп кеткен материалды терең түсінуінен. 3) Басқа пəндерден информатиканы өзгешілігі - ол білімнің жеңіл, жаттанды түрде ұғынылуын қабылдамайды. Яғни бұл жерде əрбір оқушының жəне тұтас сыныптың білімді белсенді жəне саналы түрде ұғыну принципінің маңызы зор. Бұл принципті іске асыру - оқыту барысында жекелік деңгейін арттыратын əдістерді қолданған кезде ғана мүмкін, мысал ретінде əрбір оқушының жеке өзі бір компыотерде жұмыс істеген кездерін келтіруге болады. 4) Оқытудың көрнекілік принципі қағидасы бойынша білімді саналы игеру, оқушылардың ғылыми танымының жəне көзқарастарының қалыптасуы тек сезімдік-практикалық тəжірибесі негізінде ғана қалыптасуы мүмкін, яғни объектілер мен құбылыстарды саналы түрде қабылдау - мектеп қабырғасындағы танымның бастапқы қадамы болып табылады. Информатикадан жаңадан беріп жүрген жас мамандарда сабақта қолданылатын көрнекілік құралдар аз, сол себептен көбірек қолдануға тырысу керек. 5) Тізбектілік жəне циклділік принциптері. Тізбектілік оқу материалының ұғымдардың логикалық тізбегі немесе қайталау материалдың бекітілу ретінде жүрілетін жəне ешқандай шеңберлері болмайтын ағаш ретінде берілуін білдіреді. Информатикада тек қана тізбектілік принципін қолдану жеткіліксіз, тізбектілік циклділік формасында жүзеге асырылуға тиісті. Бұл ұғымдардың барлық жаңа контекстерімен байытылып қайталанатындығын білдіреді. Егер өзге пəндер үшін бұл қалаулы жол болса, информатика үшін бірден-бір мүмкін жол болып табылады. Ол бəрінен бұрын информатика мазмұнын сипаттайтын күшті ішкі пəнаралық байланыстан туындайды.6) Тəрбиелей оқыту принциптері — дидактикадағы оқыту мен тəрбиелеудің арасындағы тығыз байланыстылықты қамтиды. Əдетте тəрбиелік əсер оқу үрдісі кезінде пайда болып, оқушының өзіндік қасиеттері дəл сол кезде қалыптасады. Бұл принцип дидактикалық барлық принциптерін біріктіреді. Принципті іске асыру -мұғалімнің өзінің жеке қасиеттеріне, жеке тұлғасының сапалылығына байланысты екендігі əр мұғалімнің есте сақтағаны дұрыс. Осы айтылған принциптердің бəрін информатиканы оқытуда қолдану оны тереңірек түсініп, тек жеке сабақ емес, іргелі, басқа пəндерімен тығыз байланысты пəн ретінде қалыптастырады.
Оқыту әдістемесінде дидактикалық принциптердің ең бастысы көрнекілік екені белгілі. Әрбір оқылатын ұғым, оқушылардың санасында қалайда бір көзбен шолынатын бейнемен бекітілуі қажет. Мысалы, екі санды қосу алгоритмінің орындалуын, оқушы мынадай түрде түсінуі керек . алг қосу
бүт А,В,С басы
енгізу А
енгізу В С:=А+В
шығару С соңы.
Достарыңызбен бөлісу: |