Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет83/135
Дата19.09.2022
өлшемі1,96 Mb.
#39329
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   135
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu kaz-na-pechat

Эмпирикалық оқыту
Эмпирикалық оқыту қағидаларын түсіну осы тарауда талқы-
ланған бірнеше тәсілді, атап айтқанда белсенді оқыту мен рефлек-
сивті тәжірибені қарастыруға пайдалы негіз болады. Эмпирикалық 
оқыту түсініктің өзгеріске ұшырайтынын және тәжірибе оны қалып-
тастыруға және қайта өзгертіп дамытуға ықпал ететінін болжайды. 
Түсіну білім алушылардың білім беру ортасына өз білімдерін, иде-
яларын, сенімдері мен тәжірибелерін әкелетін үздіксіз үрдіс ретін-
де қарастырылады. Мұның бәрі оқушының нақты тәжірибесінің 
ықпалынан өзгеріп отырады. Мұнда оқу үдерісі осылай жүретіні 
жобаланады. Бұл оқыту үлгісі «Колбтың оқыту циклі» деген атпен 
белгілі (13-суретті қараңыз). Дэвид Колбтың (Kolb, 1984)
106
ай-
туынша, бір нәрсені сәтті үйрену үшін төрт түрлі тәжірибе немесе 
іс-әрекет қажет, атап айтқанда:
• тікелей, нақты тәжірибе – білім алушыны жаңа, нақты 
тәжірибеге тарту;
• бақылау және рефлексия – білім алушылардың өз тәжіри-
бесі тұрғысынан ойлауы және талдау жасауы;
• абстрактілі ұғымдарды қалыптастыру – логикалық тұжы-
рымдар мен теорияларды тұжырымдау үшін идеяларды қа-
лыптастыру, оларды түрлендіріп, өңдеу;
• белсенді эксперимент жасау – шешім қабылдау, қиын-
дықтарды шешу және жаңа жағдайларда қорытындыларды 
тексеру үшін жаңа, әлдеқайда терең түсініктерді пайдалану.
106
Kolb, D.A. (1984). Experiential Learning: Experience as the Source of Learning and Development (Vol.1). 
Engelwood Cliffs, NJ: Prentice-Hall


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
147
13-сурет. Колбтың оқыту циклі
Белсенді оқыту
Белсенді оқыту – барлық студенттер оқу үдерісіне қатыстыры-
латын тәсіл. Бұл тәсіл дәстүрлі оқыту әдістерінен бірден ерекшеле-
неді. Онда студенттер оқытушы берген білімнің енжар қабылда-
ушылары болып саналады. Белсенді оқыту әдістерімен жасалған, 
жеке әрі мұқият таңдалған сабақтардың нәтижесінде студенттер өз 
оқуларына өздері жауап бере алады. Ізденіс-зерттеу жұмыстарына 
және мәселелерді шешуге негізделген тәсілдер (мәселелік оқыту), 
көбінесе, белсенді оқытудың ішкі түрлері ретінде қарастырылады 
(14-суретті қараңыз). Екі тәсіл де оқыту мен зерттеуді біріктірудің 
қолайлы тетігі ретінде кеңінен танымал (Spronken-Smith және т.б., 
2007). Олар студенттердің зерттеу қызметіне негізделген енжар 
емес, белсенді оқыту тәсілін қамтиды. Зерттеу жүргізу, туындаған 
мәселелерді іздеу және шешу үрдісі білім мен дағдыларды қалып-
тастырумен қатар жүреді (Prince, Felder, 2006). Оқыту жұмыстары 
білім алушыға бағытталған, оған оқытушы қолдау білдіреді, «скаф-
фолдинг» стратегиясы қолданылады және жоғары деңгейдегі та-
нымдық үрдістерді қамтиды.
Бақылау және 
рефлексия
Абстрактілі 
түсініктер 
қалыптастыру
Белсенді түрде 
эксперимент жасау
Нақты 
тәжірибе


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
148

жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау