Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


• Жақсы тәжірибеге негізделген ұсыныс



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет109/135
Дата19.09.2022
өлшемі1,96 Mb.
#39329
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   135
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu kaz-na-pechat

• Жақсы тәжірибеге негізделген ұсыныс
Студенттерге олардың кері байланысына жауап ретінде атқарылған 
кез келген іс-әрекет туралы ақпарат беріліп отыруы керек. Мұны элек-
тронды пошта арқылы, жеке кездесулерде және студенттік қауымда-
стық өкілдері арқылы атқаруға болады. Университеттер оқу сапасын 
арттыруға студенттерді тартуда озық халықаралық тәжірибелер мен 
қосымша ресурстарды қарастыра алады.
135 
6.3 Сапа жүйелеріндегі деректерді басқару
Деректерді немесе дәлелдемелерді білім беру сапасын арттыру 
үшін пайдалану жоғары білім беру саясатының айрықша белгісі 
болып табылады. Институционалдық зерттеулер мен деректерді 
басқару әрекеті университеттің сапа жүйесінің ажырамас бөлігі 
болуы тиіс. ESG 1.7 стандартына сәйкес «жоғары оқу орындары 
өздерінің бағдарламалары мен басқа да қызметтерін тиімді басқа-
ру үшін тиісті ақпараттарды жинайтынына, талдау жасайтынына 
және пайдаланатынына кепілдік беруі тиіс». Аккредиттеу агент-
тіктерінің көпшілігі деректерді тиімді басқара алудың дәлелдерін 
талап етеді.
Мәліметтерге негіздей отырып, үздіксіз жетілдіру мәдениетін 
қалыптастыру үшін университет төмендегідей шараларды қара-
стыруы керек:
• деректер жыл сайынғы өтетін бағалауда, мерзімді және сы-
рттай бағалауда қолданылуы үшін жүйелі түрде жинақта-
лып отыруы керек;
• деректер тексеру және триангуляция үшін бірнеше дерек-
көздерден алынуы керек;
• деректерді дұрыс түсіндіру үшін бағдарламаның/курстың 
мәнмәтінін есепке алу қажет;
135 
Quality Assurance Agency. (2018). The revised UK Quality Code for Higher Education
https://www.qaa.ac.uk/en/quality-code/advice-and-guidance/monitoring-and-evaluation
https://www.dmu.ac.uk/documents/about-dmu-documents/quality-management-and-policy/academic-
quality/periodic-review/periodic-review-guide.pdf
http://www.gsa.ac.uk/media/1440317/periodic-review-policy.pdf


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
194
• оқытушылар деректерді басқарудағы өздерінің рөлдері мен 
міндеттерін нақты түсінуі керек;
• деректерді талдау мен түсіндіруде кәсіби даму мүмкіндік-
терін және кеңес беру арқылы қолдау көрсетуді қамтама-
сыз ету пайдалы болады.
Жоғары оқу орындарының дәлелді шешімдер қабылдау үшін 
деректерді басқаруға заманауи АТ-платформалар мен техноло-
гияларды пайдаланғаны дұрыс. Бизнес-аналитиканы деректерді 
сақтау мен алған білімді басқаруды қоса алғанда, операциялық 
деректер мен аналитиканы біріктіретін жүйе ретінде пайдала-
нуға болады
136
.
Білім беру бағдарламасын жақсарту үшін тұрақты қолданы-
латын негізгі үрдістердің бірі – бағдарлама/курс бойынша оқыту 
нәтижелерін бағалау болып табылады. Мұнда тікелей (шолулар, 
емтихандар, сырттан келген сарапшылардың портфолиосы сияқты 
қалыптастырушы бағалау аспектілері) және жанама дәлелдерді (са-
уалнамалар, сұрақ-жауаптар, фокус-топтар) қоса алғанда, толық 
мәліметтер жиынтығын жүйелі түрде жинақтау талап етіледі. Де-
ректерді тиімді пайдалану үшін оларды бағдарлама аясында дұрыс 
жинақтап, талдау жасау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.
Бағдарлама жетекшілері студенттерді оқуға қабылдау/ұстап 
қалу стратегиясын қайта қарау, оқу тәжірибесіндегі жобалардың 
тиімді болуы және соңғы жобалар мен басқа да аспектілер тәрізді 
негізделген шешімдер қабылдау үшін нақты бағдарламалар бой-
ынша туындаған мәселелерін зерттеуге ерекше назар аудара оты-
рып, қосымша жобаларға бастамашы бола алады.
136
Pérez-Pérez, Y., Gomez, A., & Puentes-Velásquez, A. (2018). Application of Business Intelligence in the 
Quality Management of Higher Education Institutions. Journal of Physics: Conference Series, 1126. 
https://doi.org/10.1088/1742-6596/1126/1/012053


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
195
НУ Ректор Басқармасы жанында Институционалдық зерттеулер және 
аналитика (ИЗА) бөлімін құрды, ол Институционалдық зерттеулер қауымда-
стығының (ИЗҚ) қағидаттары мен стандарттарын ұстанады.
ИЗА бөлімінің жобалары тұрақты жетілдіру мәдениетін дамыту, ака-
демиялық шешімдерді қабылдауға қолдау білдіру және бағдарламаларға 
жыл сайынғы бақылау жүргізуге, рейтингтерге қатысуға, бағдарламаларды 
институционалдық бағалауға және аккредиттеуге қатысуға көмек көрсету 
үшін нақты және маңызды деректер мен статистикалық талдауды ұсынады. 
ИЗА бөлімінің бұл бастамаларына оның аналитикалық мәліметтер база-
сын жаңарту ғана емес, сонымен қатар барлық курс бойынша бағалардың 
үлестірілуіне талдау жасау, сондай-ақ оқыту тәжірибесіне қатысты сауална-
маларды әзірлеп, түсіндіру (бірінші оқу жылының түлектеріне арналған са-
уалнама, бағдарламаны аяқтаған түлектерге арналған сауалнама, студент-
тердің әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бойынша сауалнама) кіреді. Бұл 
деректер ақпарат береді және білім беру бағдарламасының жыл сайынғы мо-
ниторингін қоса алғанда, сапаны арттыруға ықпал етеді. Институционалдық 
бағалау бағдарламасының есебінде ИЗА бөлімінің құрған тобының атқарған 
жұмыстарының сапасы жоғары бағаланады. Деректерді басқаруға қатысатын 
НУ қызметкерлерінің ішкі әлеуетін арттыру үшін ИЗА бөлімі НУ аналитикасы 
бойынша Таланттар желісін құрды және семинарлар мен ақпараттық сессия-
ларды ұдайы өткізіп отырады. Мұның бәрі НУ-да деректерді жинақтау мәде-
ниетін дамытуға ықпал етеді. 

жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау