Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа шолу суреттері жасалады, осы уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығады.
Дәрігердің тағайындауы бойынша науқасқа t-370С дейін жылытылған 20-50 мл контрасты затты 8-10 минут бойы ақырын науқастың көк тамырына енгізіңіз.
Анықталған аралық уақыт арқылы науқасқа суреттер сериясы орындалады.
Суреттерді жасағанда мейірбике рентген кабинетінен шығады.
Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз. Науқасқа бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
ХІІІ. Сүнгілі манипуляциялар
144. АСҚАЗАНДЫ ЖУУ
Мақсаты: диагностикалық: емдік, өңеш арқылы асқазанның ішіндегісін шығару.
Көрсеткіштері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда.
Қарсы көрсеткіштері: асқазан-ішек жолдарынан қан кету; ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары; асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиальды астма, өңештің тарылуы.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: 2 жуан асқазан сүңгісі (ұзындығы 70 см), жалғастыратын шыны түтік, сыйымдылығы 0,5-1 л дейінгі шыны құйғы, лотоктар, шылапшын, бөлме температурасындағы 10-12 л шелектегі таза су (t-20-220С),бет қолғап, 2 клеенкалы алжапқыш, сыйымдылығы 1 л дейінгі құмыра немесе крушка, дәке салфеткалары, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдыс, құрғақ хлорлы әк, сүлгі немесе ақ жайма, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасы, қақпағы бар таза құрғақ банка, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.
Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз.
Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз.
Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егерде олар болса).
Науқастың қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаңыз.
Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойыңыз.
Науқастың артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрыңыз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен қолыңызды өңдеп, қолғапты киіңіз.
Қолыңызға залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін алып, оның аралығын өлшеңіз: бірінші белгі – науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі – оған науқастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосыңыз.
Шыны түтік арқылы сүнгілерді жалғастырыңыз.
Науқасқа сүнгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз.
Сүңгінің саңылаусыз ұшын жылы сумен сулаңыз.
Науқастан ауызын ашуды сұраңыз. Сүнгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз.
Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүнгіні өңешке енгізіңіз.
Қажет белгіге дейін сүнгіні асқазанға енгізіп, сүнгіге құйғыны жалғастырып, оны науқастың тізе деңгейіне дейін аз ғана енкейтіп түсіріңіз, асқазандағы зат ағу керек.
Құйғыға 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз.
Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз.
Құйғының ішіндегі нәрсені (құсықты) шылапшынға құйыңыз.
Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.
Салфетка көмегімен асқазаннан сүнгіні ептеп шығарыңыз.
Клеенкалы алжапқышты шешіңіз.
Сүнгіні, резеңке түтікті құйғыны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Науқастың ауызын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз.
Қолғапты, салфеткаларды ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз.
Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.
Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші порциясын (200 мл маңында) бактериологиялық зертханаға зерттеуге жіберіңіз.
Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |