53
2.2
Білім алушылар өз бетінше ЖОО-серіктесті, оқуға арналған
пәндер тізімін таңдауға құқылы; бұдан кейін бітіруші кафедраға
тапсырыс берілу керек.
2.3
Білім алушылар тапсырысы негізінде факультет деканы кафедра
меңгерушісімен
бірге
шетелдік
ЖОО-серіктестермен
Ынтымақтастық
туралы
меморандум
жасау
мүмкіндігін
қарастырып, Халықаралық ынтымақтастық департаментіне
ұсыныс жазады.
2.4
Халықаралық ынтымақтастық департаменті ұсыныс негізінде
университет, ЖОО-серіктес және білім алушы арасында
Ынтымақтастық туралы үш жақты меморандум жасайды.
2.5 Академиялық ұтқырлық үйлестірушісі ЖОО-серіктеспен Білім
беру туралы келісім жасайды, бұнда курстар атауы, ЖОО-
серіктестің кредиттері, ECTS кредиттері және оқу семестрі
көрсетіледі.
Білім беру туралы келісімге ЖОО-серіктес пен Университет қол
қояды, бұдан кейін ЖОО-серіктес Шақыру жібереді.
2.6 ЖОО-серіктестің Шақыруы негізінде білім алушылар бітіруші
кафедрамен бірге алдын ала салыстыру ведомосінжасап, оны
Академиялық мәселелер департаментінің келісіміне жібереді.
Жеке оқу жоспарын тіркеу офисімен бірге бекіткеннен кейін
білім алушылар қажетті құжаттарды ресімдейді.
2.7 Білім алушы ресімдеген құжаттар негізінде тіркеу офисі сыртқы
академиялық ұтқырлық туралы бұйрық шығарады.
2.8 Қаржы департаменті аталған бұйрық негізіндежол
шығындарынжасап, қаражатты білім алушы шотына аударады.
2.9 Бұйрық көшірмесін алған соң білім алушы өз бетінше білім
алатын мемлекеттің елшілігінде виза (қажет болған жағдайда)
ресімдейді, медициналық сақтандыру алады.
2.10ЖОО-серіктестегі
оқу
аяқталған
соң
білім
алушылар
университетке транскрипт пен аванстық есеп (білім алған
жағдайда республикалық бюджет қаражаты есебінен жол
шығындарын қаржыландыру) береді.
ҚР академиялық ұтқырлығы концепциясына сәйкес транскрипт
негізінде ECTS үлгісі бойынша кредиттерді қайта санау
жүргізіле
54
СТУДЕНТТЕР ҮЙІ
Жатақханада тұру ережесі
1. Білім алушыларға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Студенттер
үйіне тұру құқығы оқу мезгілінде ұсынылады.
2. Жатақханаға орналасу университет әкімшілігімен берілетін
бұйрыққа сәйкес келісім-шарт бойынша жүргізіледі.
3. Жатақханада тұру төлемақысы 1-оқу жылына толық төленеді.
Төлемақы мөлшері бұйрыққа сәйкес белгіленеді.
4. Жатақханаға тіркеуге алу белгіленген тәртіп бойынша жатақхана
әкімшілігімен жүргізіледі. Тіркеуге алу төлемақысын жатақханаға
тұрушылар төлейді.
5. Жеке қолданысқа арналған жатақхана мүлкі, сонымен қатар
ортақ қолданыстағы заттар акт бойынша беріледі. Бұл мүліктердің
сақталуына жауапкершілік осы мүліктерді алған тұлғаға жүктеледі.
Әрбір бөлмеде комендант, Студенттік кеңес және тұрғындар қол қойған
акт болады.
6. Жатақхана ғимараты мен мүлкін бүлдірген адам заң бойынша
жауапкершілікке тартылады және мүліктердің құны 2 еселеніп
қайтарылады.
7. Білім алушылар үйінде сағат 23.00-ден кейін толық тыныштық
орнатылады, тек дәліздің ғана шамы жанып тұруы керек.
8. Өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру мақсатында студенттер және
Үйлестіру кеңестері сайланады.
9. Әр қабаттың старостасы сайланады.
Староста жатақхана тұрғындарынан:
а) ішкі тәртіп ережелерін нақты орындауды;
ә) бөлмелердегі мүлікті сақтауды;
б) бөлмелерде тазалық сақтауды;
в) әкімшіліктің барлық шарттарын орындауды.
г) Білім алушылар үйінің қоғамдық өміріне араласуды талап етеді.
10. Оқу жылының соңында білім алушының жатақханада қалай
тұрғандығының қорытындысы бойынша комиссия мәжілісі өткізіледі.
Комиссия білім алушының барлық тәртіп бұзушылықтарын, қоғамдық
жұмысқа
қатысуын,
студенттер
кеңесіндегі
жұмыстарын,
шығармашылық жобаларды жүзеге асыруын ескереді. Комиссия
мәжілісіне барлық білім алушының қатысуы міндетті. Комиссия
нәтижесі бойынша жоғарғы курс білім студенттерінің жатақханаға
орналасу тізімі жасалады.
55
Жатақхана тұрғындарының міндеттері:
Жатақханада тұрушылардың негізгі міндеттері:
а) ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау;
ә) жатақханадағы заттарды сақтауға, ағаш, шөптесін өсімдіктерге
ұқыпты қарап, Студенттер үйінің бөлмелерін және айналасын шашпау;
б) бөлмелерде тазалық және тәртіп сақтауға, өзіне-өзі қызмет етуге
байланысты барлық қоғамдық жұмыстарға және іс-шараларға қатысу;
в) ортақ қолданыстағы орындарда тазалық сақтауға және қадағалау;
г) бөлмеден шығар кезде жарықты сөндіріп, есік-терезелерді жауып
жүру;
ғ) сынған, бұзылған электр, сантехника құралдарын өз қаражатына
жөндету;
д) бөлмелерде қуат көздерін үнемдейтін шамдар орнату;
е) жатақханадан кетерде, сондай-ақ уақытша демалысқа немесе
өндірістік тәжірибеге кетерден екі күн бұрын жатақхананың
комендантына ескерту;
ж) электр құралдарын пайдалану және техника қауіпсіздігі
ережелерін сақтау;
з) жылына екі жобаны жүзеге асыру ;
и) барлық шаралар мен сенбіліктерге қатысу.
Жатақхана тұрғындарына тыйым салынады:
а) спирттік ішімдіктер ішуге және мас күйінде жатақханада жүруге;
ә) жатақхана ішінде және аумағында темекі шегуге және сағыз
шайнауға;
б) электр сымдарын жөндеуге және өзгертуге, электр шамдарын
ауыстыруға және қосымша жарық көздерін пайдалануға;
в) қабырғаға хабарландыру, сабақ кестесін, фотосуреттерді, т.б.
жапсыруға;
г) қабырғаға шеге қағуға;
ғ) бөлмеде қатты ән салуға, репродуктор, радиоқабылдағыш,
магнитофон дауысын көтеруге;
д) электрлі жылу көздерін қолдануға;
е) бөгде кісілерді бөлмеде түнеуге қалдыруға.
Жатақханада тұратындар ішкі тәртіп ережесін бұзған жағдайда
мынадай шаралар қолданылады:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) ЕҰУ-дан шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |