Білім алушыларға арналған жолбасшы-анықтамалығЫ



жүктеу 1,99 Mb.
Pdf просмотр
бет12/18
Дата01.02.2020
өлшемі1,99 Mb.
#27931
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

41 

түрінде өтеді. Ал ауызша бақылау коллоквиум, конференция, іскерлік 

ойындар, баяндау, хабарлама, жеке сұхбаттасу түрінде болуы мүмкін. 

 

Сабақтан қалу 

Сабақтан  тек  белгілі  себептерге  байланысты  ғана  қалу  керек. 

Белгілі себептер: 

 

ауырып  қалған  жағдайда  (білім  алушылар  емханасынан 



алынған арнайы анықтама қағазы болу керек); 

 

спорттық  жарыстарға,  олимпиадаларға,  конкурстар  мен 



конференцияларға қатысу (дәлелдейтін құжат болу қажет); 

 

отбасылық  және  т.б.  белгілі  себептер  (деканаттың  рұқсаты 



берілген өтініші болуы тиіс); 

Соңғы  жағдайда  сабақтан  босатылу  деканаттың  өкімімен 

рәсімделеді. Белгілі себепті растаушы құжат сабаққа келгеннен кейін 

5 күн ішінде тапсырылу керек. 

 

Сабаққа кешігу 

Сабаққа  кешігуге  мүлдем  тыйым  салынады.  Сабаққа  он  минут 

кешіккен  білім  алушы  оқытушының  рұқсатымен  ғана  қатыса  алады. 

Ал егер он минуттан көп кешігетін болса, онда сабаққа кіруге рұқсат 

етілмейді және сабақтан себепсіз қалған болып саналады 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



42 

ЕМТИХАН СЕССИЯСЫ 

 

Емтихан  сессиясы  кезінде  емтихандар  қарастырылған  академиялық 

күнтізбе  бойынша  өткізіледі.  Білім  алушы  емтиханға  міндетті  түрде  өзі 

қатысуы  қажет.  Білім  алушы  емтиханға  кірерде  өзімен  бірге  емтихан 

сессиясына рұқсат берілген штамп мөрі бар сынақ кітапшасын алу қажет. 

Білім алушы емтиханға жеке куәлікпен келу керек.  

Оқытылып отырған пән бойынша білім алушының ағымдағы рейтинг 

қорытындысы 60 пайызды, ал емтихандағы қорытынды баға 40 пайызды 

құрауы тиіс.  

Алынған  қорытынды  бақылау  нәтижесіндегі  жетістік  сынақта 

бекітілген кредит санының пәнге сәйкестігінің негізін көрсетеді. 

Емтихан  кезінде  ағымдағы  қорытынды  бағаны  көтеру  мақсатында 

қайта тапсыруға болмайды. 

Қорытынды  бақылау  кезінде  қанағаттандырмайтын  баға  алған 

жағдайда немесе емтиханға себепсіз келмеген жағдайда, білім алушының 

тиісті пәнге кредиттері қатысты есепке алынбайды. 

Егер  білім  алушы  емтиханға  келмесе,  емтихан  ведомосында  білім 

алушы  фамилиясының  тұсына  «келген  жоқ»  деген  белгі  қойылады.  Бұл 

академиялық қарыз болып саналады. Егер білім алушы емтиханға белгілі 

себептермен  келмей  қалған  болса,(7  күн  ішінде  растайтын  құжаттар 

ұсынылады) деканат жеке тәртіппен емтихан қабылдауға рұқсат береді. 

Егер  білім  алушы  емтихан  үстінде  тәртіп  бұзатын  болса,  ол 

аудиториядан  шығарылып,  оның  фамилиясының  тұсына  «аудиториядан 

шығарылған»  деген  белгі  қойылады  да,  ол  академиялық  қарыз  болып 

саналады. 

Егер  білім  алушы  мемлекеттік  тапсырыспен  –  гранттағы  оқу 

жоспарына  сай  қажетті  кредитті  жинай  алмаса,  онда  білім  алушы  оқу 

жоспарында  қарастырылғандай  сол  пәнді  ақылы  түрде  оқып,  кредит 

жинауға құқылы. 

Жазғы  семестр  кезінде  білім  алушыға  қарыз  немесе  академиялық 

пәндер және айырма пәнінің 12 кредитін ғана жинауға рұқсат етіледі. 

Қорытынды бақылау кезінде «қанағаттанарлық емес» баға алған білім 

алушы оқу жоспары бойынша келесі академиялық кезеңде аталған пәннің 

барлық дәрісіне қатысып, келесі қорытынды бақылауды тапсыруға рұқсат 

алуы тиіс. 

Мемлекеттік  білім  грантында  оқитын  білім  алушылар  аралық 

бақылау  қортындысы  бойынша  барлық  емтихандарды  «А»,  «А-»,  «В+», 

«В», «В-» бағаларымен тапсырған болса, оған шәкіртақы төленеді. 

 



43 

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ АУЫСТЫРУ, ОҚУДАН ШЫҒАРУ 

ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ ЖОЛДАРЫ 

 

 



Білім  алушы  келесі  жағдайларда  Университеттен  шығарылуы 

мүмкін: 


- өз еркімен (соның ішінде басқа ЖОО-ға ауысуына байланысты, 

медициналық 

нұсқаулар 

бойынша, 

отбасылық 

жағдайына 

байланысты және т.б.); 

- себепсіз  жағдайлармен  оқу  сабақтарына қатыспағаны үшін. 10 

сағаттан  артық  себепсіз  жағдайлармен  сабақ  босатқан  жағдайда  – 

білім  алушыға  ескерту  жарияланады,  15  сағаттан  артық  –  сөгіс,  ал 

студенттер  үйінде  тұратын  білім  алушы  –  студенттер  үйінен 

шғарылады. Себепсіз жағдайлармен 20 сағаттан артық босатқан кезде 

– қатаң сөгіс, ал 25 сағаттан асса – Университеттен шығарылады; 

- тәртіптік  қате  жасағаны,  оқу  тәртібін,  Жарғыны,  осы Ережені, 

Ішкі  тәртіп  ережелерін,  Білім  алушылардың  ар-намыс  кодексін 

жүйелі немесе өрескел бұзғаны үшін және т.б.; 

- Қазақстан 

Республикасы 

заңнамасының 

нормаларын, 

Университетпен  білім  алуға  жасалған  келісімнің  шарттарын  бұзғаны 

үшін; 


- оқу төлемақысы бойынша қаржылық қарызы үшін. 

Университеттен  шығуды  қалайтын  білім  алушы  Университет 

Ректорының атына оқудан шығу себебін көрсетіп өтініш жазып, оны 

тіркеп, тіркеу офисі бөліміне тапсыруы қажет. Шығу туралы өтінішті 

білім  алушы  Университеттен  шығу  туралы  шешім  қабылдағаннан 

кейін бірден тапсыруы керек.  

Білім  алушы  сабақтарға  қатысуын  тоқтатып,  өз  еркімен  оқудан 

шығу  туралы  өтінішті  уақытында  бермеген  жағдайда,  білім  алушы 

оқу  тәртібін  бұзғаны,  яғни  себепсіз  жағдайлармен  сабақтарға 

қатыспағаны үшін оқудан шығарылуы мүмкін (осы Ереженің 12.9.1 т. 

сәйкес). Мұндай жағдайда оқуға төленген қаражат қайтарылмайды.  

Білім  алушы  тіркелмеген  және/немесе  оқу  сабақтарына 

қатыспаған  немесе  оның  болмауының  себептерін  растайтын  қандай 

да  бір  құжаттарды  ұсынбаған  жағдайда,  факультет  деканаты  білім 

алушының  сабақтарға  келмеу  себептерін  анықтауға  қатысты  қажетті 

шаралар қолданады. 

Одан  әрі  сабаққа  қатыспаған  жағдайда,  факультет  деканы  білім 

алушыны оқудан шығару туралы бұйрық шығаруға ұсыныс береді.  




жүктеу 1,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау