Білім алушылардың Өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау ережесі



жүктеу 0,55 Mb.
Pdf просмотр
Дата23.11.2018
өлшемі0,55 Mb.
#23517


 

 

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ 

 

 



 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН  

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ЕРЕЖЕСІ 

  

УЕ-АӘИУ-008-2017 

 

АЛҒЫ СӨЗ  

1.   Университеттің оқу бөлімімен ӘЗІРЛЕНДІ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ 

2  Әзірлегендер 

Оқу бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к. Джумадиллаева Г.Н. 

 

 

Оқу әдістемелік бөлімнің бас маманы Бекбенова А.  



3  Келісілді 

Оқу  және  инновациялық  технологиялар  жөніндегі 

проректоры Мамаев Қ.С. 

 

 



Сапа  менеджмент  жүйесі  және  аккредиттеу  бөлімінің 

меңгерушісі Шахабаев Е.  

4  Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің Ғылыми Кеңесінің   

«_28__»___06_____20_17ж_ № _12__ мәжілісінде талқыланып мақұлданды.  

5  Енгізілді 

2017ж. 


6  Тексерілу мерзімі   2020ж.  

 

 



 

Қызмет бабында пайдаланатын басылым  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                                                Шымкент, 2017ж.  

 



Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті 

УЕ-АӘИУ-008-2017 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 

Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру 

және бақылау ережесі 

7 беттің 2-беті 

 

 



1.ҚОЛДАНУ САЛАСЫ  

1.1.Студенттердің  өзіндік  жұмысы-оқу,  зерттеу  және  өз  бетінше  білім  алу 

сипатындағы  нақтылы  тапсырманы  орындау,  алған  теориялық,  практикалық 

білімдерін  дамыту  және  тереңдету  құралы.  Шығармашылық  жұмыс  пен    кәсіби 

шеберлік    икемділігі  мен  дағдыларын  қолдану.  Өзіндік  жұмыс  оқу  матералын 

меңгеруде зерттеу әдістемесін, шығармашылық белсенділікті, логикалық ойлауды 

дамытуды  қамтамасыз  ететін  практикалық  мақсаттарды  (міндеттерді)  жүзеге 

асырумен байланысты.   

1.2.Осы  ереже  АӘИУ  барлық  білім  беру  құрылымдарында  қолданылады 

және СМЖ құжаттары құрамына кіреді. 

 

2 СІЛТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР 

2.1  Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы  27  шілдедегі  №  319  «Білім 

туралы» Заңы; 

2.2  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 

қаулысы;  

2.3  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  17  мамырдағы  №  499 

қаулысы:  

2.4  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінің  2011  жылғы  25 

сәуірдегі № 6900 бұйрығы; 

2.5  ҚР  МЖМБС  6.08.077-2010  2000  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік 

жалпыға міндетті білім беру стандарты.  

2.6  МЖМБС  5.04.019-2011  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  жалпыға 

міндетті білім беру стандарты. Жоғары кәсіптік білім; Негізгі ережелері; 

2.5 Басқа нормативтің құқықтық актілерін; 

2.6 Университет Жарғысын: 

2.7 Осы Ережені басшылыққа алады.  

 

3 АТАУЛАР, АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР  

АӘИУ- Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті  

СМЖ - Сапа менеджмент жүйесі 

АБА - аралық білім беру аттестациясы 

ҚР МЖБС - ҚР Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты 

МЖТС - Мемлекеттік жалпыға міндетті талаптар стандарты 

СӨЖ - студенттің өзіндік жұмысы 

ҒЗЖ - ғылыми-зерттеу жұмыс 

СОЗЖ-студенттердің оқу-зерттеу жұмысы 

СҒЗЖ-студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы 

Студенттердің  (магистранттардың)    өзіндік  жұмысы  -  оқу,  зерттеу  және  өз 

бетінше  білім  алу  сипатындағы  түрлі  тапсырмаларды  орындау,  кәсіби  білім 




Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті 

УЕ-АӘИУ-008-2017 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 

Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру 

және бақылау ережесі 

7 беттің 3-беті 

 

жүйелерін  меңгерудің  құралдары,    танымдық    және  кәсіптік  қызмет  тәсілдері, 



кәсіби шеберлік пен шығармашылық қызмет дағдыларын қалыптастыру. 

Жұмыс  оқулығы  -  оқу  курсының  шеңберінде  үй  тапсырмасын,  семинар, 

тестік  және  емтихандық  сабақтарға  белсенді  дайындалуға  және  өз  бетінше 

үйренуге арналған  оқу өнімі. 

Реферат  -  реферат  авторының  қосымша  түсіндірмелері  немесе  сыни, 

ескертпелерінсіз  негізгі  нақты  мәліметтері  мен  қорытындылары  бар  құжаттың 

мазмұнын дәл қысқаша баяндауы. 

Курстық  жұмыс  -  жас  мамандарды  іскерлікке,  біліктілігін  арттыруға, 

ізденушілікке, ғылыми зерттеу бағытындағы жұмысты жандандыра түсуге соңғы 

жаңалықтарымен танысып, интернеттен алынған мәліметтерді саралай білу. 

Өзінің  кәсіптік  іс-әрекетіне  қолданатын  еңбек  ұйымдастырудың  ғылыми 

негіздерін, ақпаратты сақтайтын, өндейтін және жинайтын компьютерлі әдістерді 

меңгеру. 

 

4.ПРОЦЕДУРАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ  



4.1 Жалпы ережелер 

4.1.1  Өзіндік  жұмыс-  бұл  студенттің  пәннің  тараулар  мен  тақырыптарын 

меңгеру үшін шығармашылықпен жұмыс істейтін және өзіндік қызметі. 

4.1.2  Студенттердің  өзіндік  жұмысы  деп  аудиториялық  сабақта  және 

аудиториядан  тыс  уақытта  студенттердің  жеке  және  топтаса  жасайтын  әр  түрлі 

жұмыс түрлерін айтады. 

4.1.3 Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті өз мамандығын мақсатты, жауапты 

еркін  меңгерген  деңгейі  мен  өз  саласына  лайық  білікті  қызметкерлерді 

дайындуады  қарастыратын  ҚР  МЖМБС  сәйкес  оқу  процесінде  СӨЖ  рөлін 

арттыру қажет. 

4.1.4 Студенттерді міндетті турде ғылымы және саяси мәліметтерге бағыттай 

отырып,  аудиторияда  және  аудиториядан  тыс  өз  білімдерін  өздігінен  толықтыру 

дағдырларын сіңіру қажет. 

4.1.5  Студенттердің  өзіндік  шығармашылық  қызметінің  белсенділігін 

арттыру  студенттің    өз  жұмысын  жоспарлай  және  ұйымдастыра  білуіне 

байланысты.  

 

4.2.СӨЖ ұйымдастыру  

4.2.1  Кредиттік  оқу  жүйесінде  СӨЖ  (МӨЖ)  ұйымдастыру  кезінде  мына 

мәселелерге назар аудару кажет: 

-  тақырыптарға  сәйкес  СӨЖ  (МӨЖ)  тапсырмалары  нақты  және  анық 

болуына; 

-лекция,  практикалық  (лабораториялық)  және  семинар  сабақтарынына 

ұштастырылған әрі СӨЖ (МӨЖ орындауына ықпал ететіндей болуына; 



Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті 

УЕ-АӘИУ-008-2017 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 

Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру 

және бақылау ережесі 

7 беттің 4-беті 

 

-  СӨЖ  (МӨЖ)  тапсырмаларының  көлеміне  және  оны  бақылау,  қабылдау 



түріне; 

-  СӨЖ  (МӨЖ)  тапсырмаларын  орындауға  арналған  әдістемелік  құралдар 

(әдебиеттер,  әдістемелік  нұсқаулар,  кестелер,  анықтама  кітапшалары  т.б.) 

болуына; 

- СӨЖ (МӨЖ) орындауды және қабылдауды әр түрде өткізуге; 

- студенттердің (магистранттардың) уақытының бюджетіне; 

-  әр  пән  үшін  СӨЖ  (МӨЖ)  өткізу  формасы  мен  түрін  таңдауда  оқылатын 

пәннің мақсаттары мен міндеттерін, студенттердің даярлығын және СӨЖ (МӨЖ) 

бөлінген сағат санына; 

-  әр  пән  үшін  СӨЖ  (МӨЖ),  тақырыптарының  тізімі,  силлабуста  көрсетілуі 

тиіс,  оны  бақылау,  қабылдау  т.б  жұмыстар  кафедра  меңгерушісінің  бекіткен 

кестесі негізінде жүргізілуіне; 

- СӨЖ (МӨЖ) материалды-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуге; 

-  СӨЖ  (МӨЖ)  оқу-әдістемелік  құралдармен  қамтамасыз  етілген,  студенттің 

(магистранттьң)  өз-бетінше  орындай  алатындай  және  оны  тест,  коллоквиум, 

баяндама немесе реферат, есеп т.б. түрде бақылауға немесе тексеруге болатындай 

болуына; 

- СӨЖ (МӨЖ) шартты түрде блок, курстық жұмыстар графиктік және есептеу 

жұмыстары сияқты бақылаудың түрлеріне; 

- Өзіндік жұмыс нақты түрлерінің еңбекті қажет етуін анықтауға; 

-  Студенттерді  (магистранттарды)  жекелеген  пәндер  жұмысы  бойынша 

уақытты мақсатты бөлуге бағыттауға. 

 

4.2.2  СӨЖ  (МӨЖ)  міндетті  сабақтарды  жоспарлағандай  жоспарланады. 



Тест-  рейтинг  жүйесінің  кез-келген  түрі  СӨЖ  (МӨЖ)  нақты  кестесіз,  семестр 

бойы студенттер (магистранттар) оқыған материалға бақылау жасау мүмкін емес. 

     4.2.3  Әр  пән  бойынша  міндетті  СӨЖ  (МӨЖ)  жоспарлау  негізіне  топтарға 

берілетін және кафедра қабырғасында ілінетін студенттердің (магистранттардың) 

білімін бақылау кестесі (ББК) алынады. Оның үстіне, студенттер әр пән бойынша 

семестрдегі  жұмыс  көлемі  мен  әр  тапсырма,  блок,  модульдің  уақытын  көруге 

мүмкіндік алады. 

4.2.4  Өзіндік  жұмыс  бақылау  кестесі  кафедра  мен  факультет  деңгейінде 

түзілуі,  кафедрада  барлық  пән  бойынша  жүргізілетін  жұмыстар  мен  әр  топтағы 

жұмыстарды үйлестіруге мүмкіндік тудырады. 

4.2.5  СӨЖ  (МӨЖ)  ұйымдастыру  және  қабылдау  технологиясы  мынандай 

кезеңдерден тұрады: 

- СӨЖ (МӨЖ) жоспарлау; 

- әдебиеттермен, әдістемелік-нұсқаулармен қамтамасыз ету; 

- СӨЖ (МӨЖ) бақылау және бағалау, талдау және одан ары дамыту. 

4.2.6 СӨЖ (МӨЖ) екі бөліктен тұрады: 




Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті 

УЕ-АӘИУ-008-2017 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 

Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру 

және бақылау ережесі 

7 беттің 5-беті 

 

-  оқытушы  басшылығымен  орындайтын  студенттің  өзіндік  жұмысынан 



(ОБСӨЖ), магистранттың өзіндік жұмысынан (ОБМӨЖ); 

- студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ),  

- магистранттың өзіндік жұмысы (МӨЖ). 

 4.2.7  Кредиттік  технология  жүйесінің  құжаттарына  сәйкес  ОБСӨЖ 

(ОБМӨЖ) үшін бөлінетін уақыт аудиториялық сабақтарға бөлінген уақыттан кем 

болмауы  керек.ОБСӨЖ  (ОБМӨЖ)  бөлінген  уақыт  оқытушының  жүктемесіне 

кіреді және сабақ кестесіне енгізіледі. 

4.2.8 Жоспарланған СӨЖ (МӨЖ) тақырыптары мен қабылдау  түрі, уақыты, 

көлемі  т.б.  мәліметтер  оқытушының  әр  пән  үшін  жасаған  силлабусында,  дербес 

жұмыстық  жоспарында  және  кафедраның  оқу-әдістемелік  құжаттарында 

көрсетілуі тиіс. 

4.2.9  Өзіндік жұмыс төмендегілерді қамтамасыз етеді: 

- ғылыми  және  техникалық  әдебиетпен  жұмыс  тәртібін  үйрену,  өз  бетінше 

ақпарат  іздестіру,  ғылыми-зерттеу  және  шығармашылық  қабілеттерді  дамыту, 

шешім қабылдау; 

- үй  тапсырмасын,  курстық  және  дипломдық  жұмыстарды  (жобаларды,  

магистрлік  диссертацияларды)  орындауда,  практикалық,  семинар  және 

лабораториялық  сабақтарға,  блок  пен  семинарға,  ағымдағы  және  қорытынды 

бақылауға дайындалғанда оқу материалын тереңдетіп бекіту; 

- еңбекқорлықты, алға қойған мақсатқа жету, тыңғылықтылықты, жұмыс уақытын 

дұрыс  жоспарлап  ұйымдастыра  білуді  тәрбиелеу,  оқытудың  үздіксіздігі  мен 

жүйелілігін. 



4.3 Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар: 

- Өзіндік жұмыс әр пән бойынша білімді бақылау кестесінде (ББК) жоспарлау 

және оны студенттер (магистранттар) мен оқытушылардың қатаң орындауы; 

-  студенттерді  (магистранттарды)  әдістемелік  нұсқаулармен,  оқулықпен, 

анықтамалық және арнайы әдебиетпен қамтамасыз ету; 

студенттерді  (магистранттарды)  аудитория,  оқу  залы,  кабинет, 



жатақханаларда жеке дайындық бөлмелерімен қамтамасыз ету; 

- тапсырма орындау барысында  компьютерді қолдануға жағдай жасау; 

- өзіндік жұмыс бойынша кеңес берудің үздіксіздігі мен сапасын қамтамасыз 

ету; 


-  өзіндік  жұмыс  бақылауды  студенттердің  (магистранттардың)  білімін 

бақылаудың алдыңғы қатарлы әдістерін пайдалана отырып жүзеге асыру; 

- өзіндік жұмыс өткізу әдістемесін жетілдіру. 

4.3.1  Өзіндік  жұмыс  ғылыми  терминдерді  пайдалана  білуі  қажет.  Баяндама, 

рефераттар  алдынала  даярланады.  Өзіндік  жұмысты  дайындалу  мен  оны  өткізу 

барысына қойылатын талаптар: 

-  студенттердің  (магистранттардың)  оқу  және  ғылыми  әдебиеттерді  өз 

бетінше зерттеу әдістерін үйрету; 




Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті 

УЕ-АӘИУ-008-2017 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 

Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру 

және бақылау ережесі 

7 беттің 6-беті 

 

-  студенттерді  (магистранттарды)  білім  алуға  деген  ұдайы  ұмтылысқа 



қалыптастыру; 

- аудиториядан тыс жұмыс жүргізе алу қабілеттерін ояту. 

4.3.2  Өзіндік  жұмыстың  келесі  бөлігі  -  студенттердің  (магистранттардың) 

семинарға 

реферат 

дайындауы. 

Жұмыстың 

бұл 


түрі 

студенттерді 

(магистранттарды) ғылыми жұмысқа баулиды. 

4.3.3 Реферат даярлаудың бірінші кезеңі - тақырып таңдау, әдебиет жинақтау. 

Екінші  кезеңі  -  материалмен  танысып,  оны  талдап,  топтау.  Үшінші,  қорытынды 

кезең - баяндама жазу. Соңында пайдаланылған әдебиетгер тізімі. 

4.3.4  Практикалық  және  лабораториялық  сабақтарда  студенттердің 

(магистрант-тардың) ӨЖ белсенділендірудің бір жолы - дербестендіру әдісі. 

4.3.4 Студенттерді (магистранттарды) өзіндік жұмыс орындауға белсенді ету 

түрлері:  ғылыми-зерттеу  жұмысы,  олимпиадаға,  конференцияларға  қатыстыру, 

семинар, оқытудың дербес кестесі т.б. 

 

4.4 СӨЖ  әдістемелік қамтамасыз ету  

4.4.1 СӨЖ әдістемелік қамтамасыз ету келесі материалдар мен құжаттарды 

құрайды: 

-  студенттің  барлық  жұмысының  мерзімі  мен  бақылау  түрін  көрсететін 

СӨЖ жүргізудің жоспар кестесі. 

- СӨЖ бойынша жеке тапсырмалар; 

- СӨЖ барлық түрлерін орындау үшін әдістемелік нұсқау; 

- реферат,баяндама, курстық жұмыс тақырыптары;  

 

4.5 Студенттердің өзіндік жұмысын бақылау

4.5.1  СӨЖ  бақылау  –  бұл  сабақтағы  жұмыс  өнімділігін,  студенттер 

жұмысының  жүйелілігін  оқу  тапсырмаларын  сапалы  және  дер  кезінде 

орындалуын тұрақты бағалау. 

4.5.2  Бақылаудың  келесі  турлері  пайдалынылады:  ағымдағы(түзету),  аралық 

және қорытынды. 

4.5.3 СӨЖ бақылау түрліше ұйымдастырылуы мүмкін: 

- түрлі көлемдегі бақылау жұмысының жүргізілуі; 

- теориялық коллоквиумдарды тақырып бойынша жазбаша немесе әңгімелесу 

түрінде жүргізу(қабылдау); 

- тестілеу, 

- білімін компьютерлік және матрицалық бағдарламалық бақылау; 

- фронтальді әңгімелесу және сұрау; 

- студенттердің курстық жұмысын (жобасын) қорғау; 

- іс-тәжірибенің барлық түрінен есеп дайындау; 

- оқу, рольдік және іскерлік ойындарын ұйымдастыру; 

-конкурстар, олимпиада,  студенттік конференциялар өткізу; 



Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті 

УЕ-АӘИУ-008-2017 

Сапа менеджменті жүйесі 

Ереже 

Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру 

және бақылау ережесі 

7 беттің 7-беті 

 

-студенттердің реферат, баяндама, лекциямен шығып сөйлеуі. 



4.5.4  Бақылау  әдістері  мен  түрін,  олардың  мерзімділігін  кафедралар 

белгілейді.  

4.5.5 Тапсырманың барлық түрінің бақылау нәтижесін белгілеу үшін арнайы 

журнал жүргізу қажет. 

4.5.6 Бақылаудың мәліметтері оқытушының студенттермен жеке жұмысының 

белсенділігі  үшін,  оның  өз  бетінше  жұмыс  істеуіне  әсіресе  жұмыстағы 

кемшіліктерді жоюды жүзеге асыруына көмектесетін негіз болуы тиіс. 

 

4.6 Реферат дайындауға ұсыныстар      

  

4.6.1  Оқу  пәндерін  оқыту  барысында  пәннің  ең  маңызды  мәселелері 



бойынша  реферат  жазуды  ұсыну  мүмкін.  Реферат  дайындаудың  негізгі  мақсаты-

студенттің зерттелетін мәселені қаншалықты ұғынғандығын көрсету. 

4.6.2 Реферат дайындаудың негізгі кезеңдкрі: 

- тақырып бойынша әдебиеттерді оқу және жинақтау; 

- аппаратарды жүйелеу және талдау; 

- реферат құрылымын жасау; 

- рефератты жазу және рәсімдеу. 

 

 



 

 

КЕЛІСІЛДІ 

 

жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау