Университеттің академиялық мәселелер жөніндегі департаменті оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару жүйесіндегі негізгі құрылымдық бөлімі болып саналады.
Оқу үрдісін ұйымдастыру және жоспарлау жұмыстары бойынша сапалы мамандар даярлауды сараптау, оқу үдерісінің нәтижелерін нақтылау, оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарының нормативтік құжаттарын әзірлеу міндеттерін орындайды.
Академиялық мәселелер жөніндегі департамент университеттің оқу үрдісінің барлық ағымдық және болашақтағы жоспарлауларын жүзеге асырады, деканаттардың және кафедралардың есептік, тіркеу құжаттарының, оқу-әдістемеліктерінің құрастырылуын, студенттердің тіркелуін және контингентінің қозғалысын бақылау жұмыстарын жүргізеді.
|
|