Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы « »
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Мазмұны
Кіріспе
Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеті
Қазақстан Республикасының 2017-2021 жылдарға арналған көші-қон саясатының дамуының жалпы пайымы
Қазақстан Республикасының 2017-2021 жылдарға арналған көші-қон саясатының жалпы тәсілдері
Халықтың көші-қон саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары
Іске асыру кезеңдері және күтілетін нәтижелер
Тұжырымдаманы іске асыру болжанатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Кіріспе
Осы Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі –Тұжырымдама) қолданыстағы Қазақстан Республикасында көші-қон саясатын басқару тетіктерін жетілдіруге бағытталған.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін әзірленді және Қазақстан Республикасының Президенті "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауына сәйкес халықтың көші-қоны саласындағы негізгі бағыттарды көрсетеді.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан оларды іске асыру тетіктерін, жалпы мемлекеттік мүддені және көші-қон үдерістері дамуының әлемдік үрдістерін сақтауды айқындайды.
Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
Қазақстан Республикасының білікті жұмыс күшінің қажеттілігін қамтамасыз етуге және адамның құқықтары мен бостандықтарының сақталуы негізінде көші-қон үдерістерінің жағымсыз жақтарын төмендетуге бағытталған тиімді көші-қон саясатын жүргізу Тұжырымдаманың негізгі мақсаты болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай негізгі міндеттерді шешу ұсынылады:
демографиялық және экономикалық өсуге ынталандыру негізінде көші-қон үдерістерін реттеудің тиімді үлгісін құру;
урбанизациялану (қалалану) үдерістері тұрғысынан ішкі көші-қонды тиімді басқаруды арттыру;
ішкі көшіп-қонушыларды қныстандыруды жандандыру және ынталандыру;
ішкі көшіп-қонушыларды бейімдеу және есепке алу жүйесін жетілдіру;
шетелде тұратын этникалық қазақтарды елге оралуға ынталандыру;
репатрианттарды, көшіп-қонушыларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне бейімдеу және кіріктіруді үшін жағдай жасау;
шетелдік жұмыс күшін тарту тетіктерін жетілдіру;
заңсыз көші-қон мен адам саудасының жолын кесу бойынша шараларды күшейту.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
Өңірлік даму және Қазақстанның демографиясы тұрғысындағы көші-қон
Көші-қонды республика бойынша да оның жекелеген өңірлері бойынша да экономикалық дамуы, сондай-ақ басымдық берілген демографиялық тренділер тұрғысында қараған орынды.
Елді аумақтық-кеңістікте дамыту саясатына бағытталған жоғары урбанизацияланған аймақтарда өндіріс, капитал және адам ресурстарының аумақтық шоғырлануы нарық субъектілерінің экономикалық белсенділігін арттыру және әлемдік экономикамен үйлесімді кіріккен бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру үшін жағдай жасаудың пәрменді құралы болып табылатындықтан көбінесе осы көші-қонға байланысты.
Бүгінгі күні Қазақстан өңірлеріндегі демографиялық жағдай біртекті емес және одан әрі халықтың табиғи ұдайы өсіп-өнуі және көші-қонының қалыптасқан үрдістерінің ықпалымен дамитын болады.
БҰҰ-ның демографиялық қартаю шәкілі бойынша Қазақстандағы халық қартаю қарсаңында. Аталған процесс, әсіресе, республиканың солтүстік, шығыс және орталық облыстарына тән.
2020 жылға қарай репродуктивті стереотиптердің және жас ұрпақ ұстанымдарының өзгерістеріне негізделген бала туу деңгейінің төмендеуі күтіледі. Халықтың келешек ұрпақтармен орын алмасу көрсеткіші (туудың жиынтық көрсеткіші) жалпы алғанда ел бойынша репродуктивті жастағы 1 әйелге 2020 жылы 2,45 тууға дейін төмендейді. Болжанатын кезеңде қала халқының саны елдің барлық халқының 60 % құрайтын болады.
Өлім-жітім деңгейінің біртіндеп қысқаруы күтілетін өмір сүру ұзақтығының артуына жәрдемдесетін болады, 2020 жылға қарай 72,4 жас.
Алдын ала бағалаулар бойынша еңбекке жарамды жастан шығатын халықтың оған келетін халыққа арақатынасы 2017 жылы 70,3 %-ды құрайды, ал 2030 жылға қарай 49,6 %-ға дейін бірқалыпты төмендейді. Бұл 2030 жылы еңбекке жарамды 1000 адамға еңбекке қабілетті жастан шығатын 496 адамнан келетінін білдіреді.
Нәтижесінде, 2030 жылға қарай Қазақстан Республикасында экономикалық белсенді халықтың біртекті емес шығуы және толығуы өзекті проблема болады. Бұл жұмыс күшінің ұсынысы мен еңбекке сұраныстың өсуінің теңгерімсіздігіне алып келуі мүмкін.
Қалыптасқан демографиялық трендтер ішкі көші-қон процестерінің ағындары мен бағыттарына айтарлықтай ықпал ететін болады және оларды жоспарланған дамуға сәйкес басқарылатын түзетулерді қажет ететін болады.
Өңірлер дамуының деңгейі мен табыстылығы ЖӨӨ және еңбек төлемінің деңгейіне; өсу қарқындары мен жұмыспен қамтудың құрылымына; жұмыссыздық көлеміне; өзін-өзі жұмыспен қамтитын халық санына әсер ететін экономикалық мамандандыруға тәуелді болады.
Өңірлік және салалық дамудағы сәйкессіздіктер сыртқы және ең алдымен елдің неғұрлым дамыған өңірлеріне бағытталған ішкі көші-қон бағытына шешуші ықпал етеді.
Негізгі капиталға барлық инвестициялардың 60 %-ға жуығы батыс облыстарға, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларына тиесілі. Осы облыстарда барлық жалпы өнімнің жартысынан көбі өндіріледі және ең жоғары жалақы төленеді.
Өңіраралық көші-қонның шешуші факторы табыстың саралануы болып табылады. Батыс облыстардың, Астана, Алматы қалаларының қызметкерлері мен Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Ақмола облыстары қызметкерлерінің орташа жалақысының айырмашылығы 2,6 есені құрайды.
Әлеуметтік теңсіздік және табыс деңгейін арттыру көздерін іздестіру жұмыспен қамтудың және қосымша ақша табудың (қайталама жұмыспен қамту) формалды емес нысандарының дамуына ықпал етеді. Формалды емес жұмыспен қамтудың неғұрлым үлкен үлесі тиесілі облыстар қатарына: Оңтүстік Қазақстан (жалпы формалды емес жұмыспен қамтудың 16,3 %), Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары (сәйкесінше 16,7 % және 9,3 %), Жамбыл облысы (9,8 %) кіреді. Жалпы, бұл 4 облыс жалпы формалды емес жұмыспен қамтудың 50 %-нан астамын қамтиды.
Ішкі көшіп-қонушылар ағынының бірқалыпты болмауы, формалды емес жұмыспен қамту еңбек нарығындағы теңгерімсіздікке алып келеді. 2020 жылға қарай 16 %-ға өсетін еңбекке сұраныстың оң тренді болжанады.
Оң серпін іс жүзінде барлық салалар бойынша байқалатын болады. Еңбекке сұраныстың тұрақты көзі ірі қалалар болып қала береді. Сонымен қатар, еңбекке қабілетті жастағы халық ол жастан шығатын халықтан асатын өңірлерде еңбекке сұраныстан ұсыныстың артық болу тәуекелі мен жұмыссыздықтың өсуі пайда болады. Көші-қонның сыртқа кету ағынының өсуі заңды болады.
Өңірлік дамудың сәйкессіздіктері, табыстың теңсіздігі және еңбек нарығының теңгерімсіздігі экономикадағы және жұмыспен қамтудағы құрылымдық ілгерілеулерді, жаңа өндірістерді еңбек ресурстарымен уақтылы қамтамасыз етуді тежейді, шетелдік жұмыс күшін тартуға мәжбүр етеді, жұмыссыздықтың тоқырауына, депрессивті өңірлердегі әлеуметтік шиеленісушілікке алып келеді. Бұл еңбек өнімділігінің өсуіне кедергі жасай отырып, экономиканың дамуына теріс әсер етеді.
3.1 Қолданыстағы көші-қонды реттеу жүйесі
Ішкі көші-қон
Қазіргі кезде ішкі көші-қонды ынталандыру стратегиясы экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыруға (1), халықты қоныстандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға (2), өңірлерді экономикалық мамандандырудың бәсекеге қабілеттілігін дамытуға (3), өңірлік инфрақұрылымды нығайтуға (4), халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша жағдай жасауға (5) бағытталған Мемлекет басшысының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 жарлығымен бекітілген
Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасының негізгі міндеттеріне бағытталған.
ІІМ-нің мәліметі бойынша тіркеуге тұру рәсімін жеңілдету және жетілдіру мақсатында 2014 жылы бұл рәсімдер автоматтандырылған, бұл жаңа мекенжайға тіркеумен қатар бұрынғы тұрған жері бойынша тіркеуден алуға мүмкіндік берді. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ішкі көшіп-қонушылардың тіркелуі бойынша міндеттерді бақылау ерекше күшейді. Қазіргі кезде тіркеу рәсімдерін жеңілдету бойынша одан арғы кезекті шаралар қолданылады, бұл әкімшілік кедергілерді төмендетуі және заңға мойынсынушылық мінез-құлыққа ынталандыруы керек.
Ішкі көшіп-қонушылардың жылдан жылға ұлғайып отырған айналымы халық ұтқырлығы өсімінің салдары ретінде еліміздің экономикалық және өнеркәсіптік жандануын көрсетеді. Адамдар бос орындардың, ақшаның, болақтың соңынан жүреді. 2005-2015 жылдары ішкі көшіп-қонушылардың саны
298.6 мың адамнан 455.5мың адамға артты. 2016 жылғы 2 тоқсанда ішкі көші-қонға 215,085 адам, оның ішінде:
Өңіраралық көші-қонға (бір өңірден екінші өңірге) - 96,947 адам,
Өңірлік көші-қонға (бір өңірдің ішінде) - 118,138 адам қатысты.
Алматы (44,069 адам), Астана қалалары (19,563 адам ), ОҚО (20,548 адам), Алматы (29,801 адам), ШҚО (14,324 адам) және Қарағанды (13,069 адам) облыстары халық ағынының негізгі өңірлері болып табылады.
Мұндай жаппай және нық орын ауыстыру халықтың деморафиялық құрамын өзгертеді және жергілікті еңбек нарығының әлсіреуіне мүмкіндік береді. Мәселен 2050 жылға қарай солтүстік өңірдің халқы 0,9 млн. адамға қысқаруы, ал оңтүстік өңірдің халқы 5,2 адамға артуы болжанады. Болжамды деректер бойынша оңтүстік өңірлерде халықтың орналасу тығыздығы іс жүзінде солтүстік өңірлердің тиісті көрсеткішінен 4 есе асатын болады. Қазіргі кезде оңтүстік өңірде (Алматыны қаласын есептемегенде) 38% халық тұрады, сөйте тұра олардың жалпы өңірлік өнімдегі (ЖӨӨ) үлесі 17% ғана құрайды. Солтүстік өңірде 29% халыққа 25% ЖӨӨ-ден келеді. Бұл ретте, әлемдік тәжірибеде негізінен халық көп шоғырланған аудандарда экономикалық өсім болады. Негізгі инвестициялар дәл сонда барады, талантты жастар соған ұмтылады, онда ғылым мен инвестициялар қалыптасады. Қазақстан Республикасында жағдай басқаша. Халық көп шоғырланған оңтүстік өңірде өнімділік өте төмен, халық аз шоғырланған батыс өңірінде өнімділік жоғары.Солтүстік өңір көбінесе әлемдік үдерістерге сай. Сонымен қатар сараптамалық бағалау бойынша таяу 5 жылда жаңа қызметкерлер ағынының саябырлауы байқалады, бұл 90 жылдардың басындағы демографиялық құлдырауға негізделеді.
Аталған үрдістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2015 жылы халықты қоныстандыру сәйкесссіздігін теңестіру саясатын бастады, бұл жұмыс қолы аз өңірден еңбек нарығын дамыту әлеуеті жоғары өңірге халықты ерікті түрде қоныстандыруға экономикалық ынталандыру арқылы ішкі көші-қон мәселесінде мемлекетті интервенциялау екінші шараларын білдіреді.
Осындай ерікті көшіп-қонушылар үшін тұрақты тұратын жеріне бару және жүгін тасымалдау, сондай-ақ тұрғын үй бойынша шығыстарды қамтитын әлеуметтік пакет көзделген.
Сыртқы көші-қон
1990 жылдан 1999 жылға дейінгі трансформациялық нарықтық реформалар кезеңінде елімізден халықтың 11 % кетті. Сыртқы көші-қонның теріс теңгерімі Қазақстанда 2003 жылға дейін сақталды. 2004 жылдан бастап жағдай өзгерді және сыртқы көші-қон сальдосы оң жағына ауысты.
Бүгінгі күні қоныс аударушылардың негізгі бөлігі – бұл этникалық қазақтар (бұдан әрі – оралмандар), бұл жалпы тиімді репатриациялық саясат жеткілікті екенін білдіреді. Сонымен қатар, тұрақты тұруға Қазақстанннан кеткендер қатарының 43.8% 15 жастан 34 жас аралығындағы («білімдарлардың кетуі») жастарды құрайтыны ерекше назар аудартады. Бұған ішінара Бірыңғай Экономикалық Кеңістікке (бұдан әрі – БЭК) қатысушы мемлекеттердің қызметкер – азаматтарының үш мемлекет аумағында (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы) еркін жүруіп-тұруы үшін жағдай жасау әсер етеді.
Мәселен, БЭК елдерінен Қазақстан Республикасының аумағына еңбек қызметін жүзеге асыру үшін 2012 жылы 7,249 адам, БЭК елдеріне еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстаннан 52,438 адам кеткен, бұл БЭК елдерінен келген еңбекші көшіп-қонушылардың көрсеткішінен 7.2 есеге артық.
Негізінен Қазақстан Республикасының азаматтары әсіресе шекаралас өңірлерден Ресей Федерациясына шығады (2011 жылы – 10,430 адам, 2012 жылы – 52,319 адам., 2013 жылы - адам, 2014 жылы – адам, 2015 жылы – адам).
Этникалық көші-қон
Оралмандарды орналастыруға, оларды қоныстанған жерлерінде жергілікті ортаға бейімдеу және ықпалдастыруға жәрдемдесу мемлекеттік репатриациялық саясаттың ерекше сипаты болып табылады. Оралмандар арасында қалыптасқан жағдайды талдау олардың елдегі әлеуметтік жағдайға әсерінің өсу үрдістерінің болуын куәландырады. Таяу және алыс шетелдерден келген қазақтардың үлес салмағының артуы байқалады. Мемлекеттің жағымды ролі олардың қауіпсіздігі мен қадір-қасиетін бағалауды қамтамасыз ету шеңберінде қазақтарды отанына ерікті түрде репатриациялауды қамтамасыз етуінде. Жүргізілген саясат нәтижесінде аталған этностың көші-қоны шамамен 996,690 адамға немесе 279,432 отбасыға өсті.
Еліміздегі бесжылдық кезеңдегі оралмандар ағымының динамикасы мынадай: 1991 жылдан 1996 жылға дейін – 11% (104,009 адам); 1997 жылдан 2001 жылға дейін – 8.2% (82,335 адам); 2002 жылдан 2006 жылға дейін – 40.3% (384,106 адам); 2007 жылдан 2011 жылға дейін – 32.2% (308,832 адам); 2012 жылдан 2016 жылғы 1 қазанға дейін – 11.2% (110,453 адам). Бүгінгі күні еңбекке жарамды барлық оралманның 70.6% арнаулы және жоғары білімі жоқ.
Репатриациялық саясатты іске асырған барлық жылдары заңды негізде келген оралмандарды әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша қоныстандыру үшін бекіту талаптары көзделмеген. Нәтижесінде оралмандарды қоныстандыру өңірлердің әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін ескермей әртүрлі жүзеге асырылды. Мәселен, оралмандардың көбі Оңтүстік Қазақстанға 21.3% (212,652 адам), Алматы – 16.8% (167,150 адам), Маңғыстау – 13% (129,436 адам), Жамбыл – 9.3% (93,635 адам), Қарағанды – 6% (59,357 адам), Шығыс Қазақстан облыстарына – 5,8% (58 041 адам) қоныстанды.
2015 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Оның шеңберінде этникалық қазақтарды тарихи отанына оралуға ынталандыру көделді. Ол:
- этникалық қазақтарға қоныстанған өңіріне қарамастан оралман мәртебесін беруге; Шетел азаматтарына қарағанда этникалық қазақтар төлем қабілеттілігін растамай көші-қон полициясына жүгініп тұруға ықтиярхат ала алады.
- заңнамаға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша белсенді шаралар шеңберінде Үкімет айқындаған өңірлерге қоныстанған жағдайда оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеумен этникалық қазақтардың әлеуметтік пакет алуына;
- тұруға ықтиярхат алғаннан кейін бір жыл ішінде азаматтық алу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған.
Оралмандарды республика бойынша ұтымды қоныстандыру мақсатында Үкіметтің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысымен оралмандарды қоныстандыру үшін басым өңірлер (Ақмола облысы, Атырау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы) айқындалды.
2016 жылы келген оралмандар саны Ақмола облысында – 342 отбасын, квота – 123 отбасын, Атырау облысында – 154 отбасын, квота – 28 отбасын, Шығыс Қазақстан облысында – 562 отбасын, квота – 260 отбасын, Қостанай облысында – 234 отбасын, квота – 21 отбасын, Батыс Қазақстан облысында – 15 отбасын, квота – 29 отбасын, Павлодар облысында – 150 отбасын, квота 690 отбасын, Солтүстік Қазақстан облысында – 75 отбасын, квота – 108 отбасын құрады. Сонымен қатар репатрианттардың негізгі бөлігі Қазақстанның оңтүстік өңірінде тұрады.
Еңбек көші-қоны
Қазіргі кезде республикада еңбек көші-қоны шетелдік жұмыс күшін ұтымды тартумен сипатталады. Үкімет ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында квота белгілейді. 2016 жылға квота экономикалық белсенді халыққа 0.7% мөлшерінде белгіленді, бұл 63 мың адамды құрайды. 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 31.6 мың немесе жалдамалы жұмыскерлер қатарынан 50.2% рұқсат қолданылады.
Бұл ретте тартылған ШЖК арасындағы мамандар (1-3 санатты шетелдік жұмыскерлер) үлесі 71.1% құрады. Қытай – 12,302 адам (38.9%), Түркия – 3,726 адам (11.8%), Өзбекстан – 3,219 адам (10.2%), Ұлыбритания – 1,493 адам (4.7%),Үндістан – 1,384 адам (4.4%)еңбекші көшіп-қонушылар шыққан негізгі елдер болып қала береді. Италиядан, Корея Республикасынан, АҚШ-тан, Германиядан, Нидерландиядан, Канададан Франция мен Жапониядан жиынтығы 2,959 адам (ШЖК-нің жалпы санынан 9.4 %) тартылды. Шетелдік жұмыс күшінің негізгі үлесі құрылыс саласына – 17.2 мың адам (54.6%), тау-кен өндірісіне – 2.1 мың адам (6.8%) және өңдеуші өндіріске – 1.5 мың адам (5%) тартылады.
Квоталаудан бөлек кадрлардағы жергілікті қамту бойынша талаптар, ШЖК тартатын жұмыс берушілерге ерекше шарттар жүктеу (даярлау, қайта даярлау, қазақстандық қызметкерлердің біліктілігін арттыру, жұмыс орындарын құру) ШЖК-нің құрамын шектейтін және реттейтін қосымша тетіктер болып табылады.
2015 жылы рұқсат берген кезде жүктелген ерекше шарттарды орындау шеңберінде қазақстандық азаматтар үшін 25,350 қосымша жұмыс орны құрылды, 18,048 адам оқытылды, 55 адам қазақстандық кадрлармен ауыстырылды.
Сонымен қатар, БЭК шеңберінд Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы еңбек көші-қоны мәселесі 2012 жылы 1 қаңтарда күшіне енген 2010 жылғы 19 қарашадағы Көшіп-қонушы еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы келісіммен (бұдан әрі – Келісім) реттеледі.
Келісім қабылданған соң ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында елдер белгілеген жұмысқа орналасуға рұқсат алу рәсімдері алынып тасталды.
Жоғары білікті мамандардың көшіп кетуінің нәтижесінде Қазақстан еңбек ресурстарының тапшылығын сезіне бастады. 2016 жылғы 1 қаңтарға кәсіпорындар мен өндіріс ұйымдары (мың адам) және құрылыс (мың адам) білікті жұмысшылардың ерекше қажеттілігін сезді. Біліктілігі жоғары деңгейлі мамандар денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласы (мың адам) және білім беру ұйымдарына (мың адам) неғұрлым қажеттірек.
Қазақстанда адам капиталының сапасын арттыру мақсатында, сондай-ақ болжанатын кадрларға сұраныстың артуына байланысты 2050 жылға дейін еліміздің экономикалық өсуін жылдамдату бойынша қойылған міндеттерге сәйкес болашақ көші-қон ағынын және олардың сапалық құрамын реттеу бойынша бара-бар іс-шаралар кешенін әзірлеу қажет.
Жоғары білікті маманға жатпайтын жұмыс күшін компенсациялау мақсатында қазіргі кезде елімізге сондай-ақ жеке тұлғаларда шаруашылықта жұмыс істеу үшін еңбекші көшіп-қонушылар тартылады. Мұндай шетелдік жұмыскерлер елге ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша тартылады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының аумағында мұндай _________ еңбекші көшіп-қонушы тіркелген. Еңбекші көшіп-қонушылардың осынша санын тарту __________ мөлшерінде мемлекет үшін жыл сайынғы жіберіп алған табыспен қауымдасады (қаржының бұл бөлігі Қазақстанда жұмсалмай, олардың шыққан елдеріне жіберілетін болғандықтан, ЖІӨ-нің тұтынушылық бөлігін ынталандырып, қарсы циклдік шараларды күшейтеді).
Босқындар
1998 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы 1951 жылғы босқындар мәртебесі туралы конвенцияға және оның 1967 жылғы хаттамасына қосылып, халықаралық қоғамдастық алдында босқындарға қатысты белгілі міндеттемелерді алды, бұл бірінші кезекте жер аудармау, рәсімге қолжетімділік, ақпараттанғандық, шешімге арыздану және істі қарау және аппеляция мерзімдеріне тіркеуді ұсыну мүмкіндігі принциптері.
Қазақстан Республикасының 1951 жылғы Конвенцияның ратификациясынан туындайтын міндеттемелерін ескере отырып, 2009 жылғы 4 желтоқсанда «Босқындар туралы» ҚР Заңы қабылданды, оның негізгі мақсаты шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға баспана, сондай-ақ босқын мәртебесін беру.
Босқындар проблемасымен айналысатын мемлекеттік органдардың қызметі «Босқындар мәртебесі туралы» 1951 жылғы Конвенцияның және оның 1967 жылғы Хаттамасының, «Босқындар туралы», «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің баптарына негізделеді.
2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда босқын деп танылғандар саны 653 адамды құрайды. Оның 620 – Ауғанстан азаматы, олардың көпшілігі Қазақстанда 10 жылдан артық уақыт тұрады, 11 – Өзбекстан азаматы, 12 – Араб Сирия Республикасының азаматы, 10 – өзге де мемлекеттердің азаматтары. Босқындардың негізгі бөлігі Алматы қаласында, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында тіркеліп, тұрады.
Қазақстан қазіргі кезде босқындарға жәрдемдесу мәселесін БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғары Комиссарының басқармасымен, сондай-ақ Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйыммен бірлесіп Босқындар және халықаралық көші-қон мәселелері бойынша Алматы процесі шеңберінде белсенді талқылайды.
3.2 салалардың негізгі проблемалары
Мыналар соңғы онжылдықта Қазақстанда көші-қон үдерістерінің негізгі үрдістері мен проблемалары болып табылады:
1. өңіраралық көші-қонды жеткіліксіз мониторингілеу.
2. этникалық репатрианттардың одан арғы тағдыры туралы жеткілікті хабардар болмау. Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін оралмандар көші-қон мониторингісінен тыс қалады.
3. Шет елдердегі қазақ диаспорасы өкілдерінің арасында имидждік және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігінің төмен болуы.
4. Этникалық қазақтарды қазақстандық қоғамға кіріктіру; Келген репатрианттардың дүниетанымының әртүрлілігі олардың жергілікті ортаға бейімделуін қиындатады. Олардың көбі орыс тілін білмейді, бұл ЖОО оқуға кедергі келтіреді, жергілікті халықпен қарым-қатынаста психологиялық кедергінің қалыптасуына алып келеді.
5. Еңбек нарығын, төмен және жоғары білікті кадрлардың қажеттілігін және елімізге қажет мамандықтар тізбесін даярлауды мониторингілеу және бағалау жүйесінің болмауы.
6. Рұқсатсыз, оның ішінде ЕАЭБ елдерінен жұмыс істеуге келген азаматтардың есепке алынбауы.
Жұмыспен қамту органдарының шыққан адамдардың аталған санаттарын есепке алу мүмкіндігі жоқ, себебі шыққаны туралы алғашқы деректер Қазақстан Республикасының көші-қон қызметі деңгейінде ғана жүргізілмейді, алайда көшіп-қонушылардың одан арғы тағдыры белгісіз болып қалады.
7. Білімдарлардың шетелдік еңбек нарығына кетуі.
3.3. шетелдік тәжірибе
Шетелдің көші-қон саясатына жүргізілген мониторинг тәжірибенінің мынадай жемісін көрсетеді
3.3.1. Ішкі көші-қон
Ұлыбритания. Тұрғылықты жері бойынша азаматтарды тіркеу институты жоқ, бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың тарихи жоғары роліне негізделеді; азаматтардың жеке басын куәландыратын бірыңғай құжат жоқ. Бұған қоса Денсаулық сақтау министрлігінің деректер қорында барлық британдықтың өзінің жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) бар. Денсаулық сақтау мекемелеріне өтініш білдіруге сәйкес ішкі көші-қон бойынша ақпарат жинау жүзеге асырылады. Халықты белгілі бір елді мекенге ынталы түрде қоныстандыру бағдарламасы жоқ.
Бразилия. Қазіргі кезде Бразилияда көшіп қону керісінше. Адамдар агломерациядан неғұрлым жұпыны солтүстік-шығыс штаттарға кетіп жатыр. Оған себеп Бразилияның солтүстік-шығыс штаттарында жаңа инвестициялардың болуы және солтүстік-шығыс өңірлерде «BolsaFamilia» Бағдарламасының (негізделген трансферттер) іске асырылуы.
Өзге елдер. Ресей Федерациясы, Латвия, Литва, Молдавия, Эстония, Грузия сияқты кеңес үкіметінен кейінгі мемлекеттері қатарында халықты бірыңғай тіркеу жүргізіледі және тіркелуге міндетті түрде келу көзделген. ГФР-де жаңа мекенжайға келген соң 2 аптадан кейін муниципальды қызмет тіркеуге алады. Пәтерден кеткені немесе келгені туралы уақтылы хабарламағаны немесе бөтен мекенжайды пайдаланғаны үшін бір еуродан елу еураға дейінгі мөлшерде айыппұл салу көзделген. Австрияда тұрған жерін тіркеу үшін полицияға жеке басын куәландыратын құжат пен үйді жалдағаны немесе сатып алғаны туралы шарт ұсынылады. Бельгияда азаматтың мекенжайы көшетіні туралы әкімдікке өтініш бергеннен кейін сәйкестендіру картасына енгізіледі (жеке куәлік, паспорт бұл елде жоқ). Осыған ұқсас рәсімдер өзге де Еуропалық Кеңес елдерінде бар.
Израильде тіркеу ІІМ-нің қалалық және округтік бөлімшелерінде жүзеге асырылады. Бұл ретте азаматың жеке куәлігіне қосымша бет беріледі, онда мәлімделген мекенжай жазылады. Оңтүстік Кореяда жергілікті басқарушы органдарда тіркелу білім алуды қоса алғанда мемлекеттік қызметтер қолжетімді болу үшін қажет.
3.3.2. Этникалық көші-қон
Израиль. Аталған этникалық/діни топқа тиесілігін дәлелдеген әрбір еврейдің Израильдің азаматтығын алуы заңнамамен белгіленген. Кіріктіру бағдарламасын іске асыруға Израильде Көшіп-қонушыларды абсорбциялау министрлігі мен Еврей агенттігі құзырлы.
Көшіп келушілерге алты айға дейін абсорбция орталықтарында тұру және ипотекалық кредит алу мүмкіндігі беріледі. «Кіріктіру себеті» деп аталатын көмек түрі негізгі көмек беру құралы болып табылады. Бұл көшіп келушілердің алғаш орналасуына, күнделікті шығыстарына, пәтер жалдауына және ивритке оқуына арналған қаржылай көмек. Көшіп келушілер шекарадан өткен кезде азаматтық алады.
Польша. Польшада репатриация туралы заң қолданылады. Репатрияциялық виза беру туралы өтініш білдіретін адам поляк елшілігіне жүгінеді. Бұл ретте қоныстануға жағдай бар екеніне дәлел ұсынылуы керек (тұратын жері, қаржыландыру көзі, жұмысқа тұру мүмкіндігі). Мұндай дәлел Поляктің аумақтық әкімшілік құрылымы - Гмина немесе заңды тұлға жіберген шақыру болуы мүмкін. Консул оң шешім қабылдаған жағдайда ататегі поляк адам (репатриант) тұрақты тұру мақсатында Польшаға келеді. Репатриациялық виза негізінде Польшаға келген адамдар мемлекеттік шекарадан өткен сәтте поляк азаттығын алады. Шекарадан өту фактісін шекаралық бақылау мөртабаны растайды. Репатриациялық виза негізінде Польшаға келгеннен кейін төлемақы алады (көліктік төлемақы, игеру және ағымдық ұстауға арналған төлемақы, мектепке арналған төлемақы). Қоныстандыру шақыру келген (әкімшілік немесе заңды тұлға) аумақтық бірлікте жүзеге асырылады.
Германия. Германияда көшіп қонушыларға арналған 100 мың адамға дейін құрайтын жылдық квота енгізілген. Бұл ретте Германияға шығуға үміткер - этникалық немістерге тіл білуге және неміс мәдениеті мен дәстүріне тиесілігін дәлелдеуге жоғары талаптар қойылады. ГФР-ге кірген кезде этникалық көшіп қонушылар соған арналған жеті қабылдау лагерінің біріне тіркеледі және белгілі бір жердің аумағындағы (әкімшілік бірлік) нақты қауымға тұруға жолдама алады. Репатриант мәртебесін алған соң көшіп қонушылар автоматты түрде азаматтық алады. Әлеуметтік қолдау бойынша неміс тілін оқыту курстары төленеді, зейнетақы есептеген кезде шыққан елдеріндегі еңбек өтілі есептеледі.
3.3.3. Еңбек көші-қоны
ШЖК квоталау бүгінде Австрия, Италия, Португалия, Швейцария, Ресей, АҚШ, Германия сияқты бірқатар елдерде пайдаланылады. Алайда квоталау жүйесінің әр елде өз ерекшелігі бар. Квотаның селективті әдісі бар (сайлау саясатымен) шектеу қою тетігінің ұқсас болу әрекеті неғұрлым тиімді болып табылады.
Еңбек ұсыныстарына негізделген жүйе балдық әдісті қамтиды (Австралия, Канада, Чехия, Дания, Гонконг, Сингапур, Ұлыбритания). Сұранысқа негізделген жүйе ЕС көгілдір картасын және АҚШ-тың H1B визасын қамтиды.
Балдық жүйеде білікті кадрлардың бірыңғай анықтамасы жоқ, алайда білім беру (бакалавр, PhD), жоғары біліктілікті талап ететін мамандықтар сияқты кейбір ортақ белгілер бар. Бұдан бөлек білімін, жасын, жұмыс тәжірибесін, елдегі бұрынғы жұмыс тәжірибесін, жұмысы туралы ұсыныстар болуын, тіл білу, тағы басқаларды қоса алғанда бір қатар критерийлер бар. Критерийлер саны 4 (Ұлыбритания) және 10 (Автралия) арасында құбылады. Мысалға, Ұлыбританияда алдыңғы табыс үшін балл беріледі, ал Австралияда елдегі бұрынғы жұмыс тәжірибесіне/ оқуына ерекше ықылас бөлінеді. Алайда, білімі мен жасы балл жүйесін пайдаланатын барлық елдерде неғұрлым маңызды санат болып табылады.
Көші-қон үдерістерін реттеудің әлемдік тәжірибесін қорыту қазақстандық көші-қон саясаты үшін мынадай шарттарды айрықша атап өтуге мүмкіндік береді:
ішкі көші-қонды ірі өндірістік және индустриялы өсу орталықтарына, сондай-ақ демографиялық мұқтаж өңірлерге бағыттау бойынша бағдарлау.
2) ішкі және сыртқы көшіп қонушыларды есепке алу және мониторингілеу жүйесін жетілдіру.
3) Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті шетелдік жұмыс күшін тарту.
4) репатриациялық саясатты жандандыру.
4. Тұжырымдаманы іске асырудың жалпы тәсілдері мен принциптері
Көші-қон саясатының басым мақсаты мен міндеттерін іске асыру мынадай тәсілдер:
көші-қон үдерістерін реттеудің жүйелілігі мен кешенділігі;
халықтың көші-қоны саласында қабылданған шешімдердің негізділігі мен басымдығы негізінде жүзеге асырылатын болады.
Көші-қон үдерістерін реттеу:
көшіп қонушылардың құқықтарын сақтау мен қорғау, нәсілі, тілі, діні, жынысы, этникалық және әлеуметтік шыққан тегіне қарай кемсітуді болдырмау;
көші-қон үдерістерін реттеу және халықаралық міндеттемелер саласында заңдардың ережелерін орындауды қамтамасыз ету;
көшіп қонушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы;
көші-қон үдерістерін басқару және реттеу саласында әлеуметтік, экономикалық, саяси тұрақтылықтықты, этносаралық және конфесаралық келісім және халықаралық деңгейде танылған стандарттарды сақтау тұрғысында толеранттылықты қамтамасыз ету және сақтау бөлігінде ұлттық мүдденің басымдығы принциптеріне негізделген.
5. Халықтың көші-қон саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары
Қазіргі көші-қон жағдайын және оның дамуының болашағын талдау көші-қон проблемаларын шешуде басымдықтарды және көші-қон саясаты саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Көші-қон саясатында:
- әлеуметтік-экономикалық алғышарттар құрып, оның негізінде ішкі көші-қон ағындарын қайта бағдарлау;
- шетелде тұратын этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуына жәрдемдесу, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен еңбек нарығын ескере отырып оларды қоныстандыруға ынталандыру, оларды орналастыру, орналасқан жеріне бейімдеу және жергілікті ортаға ықпалдастыру үшін жағдай жасау,
- көшіп кету үдерістерінің азайып, тұрақтануына жәрдемдесу, оның ішінде республиканың интеллектуалды әлеуетінің кемуін болдырмау;
- шетелдік жұмыс күшін тарту тетіктерін жетілдіру;
- заңсыз көші-қон ағындарының, одан туындайтын жағымсыз салдарлардың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында көшіп келуді бақылау жүйесін құрып, дамыту;
- қабылданған халықаралық, оның ішінде босқындарға қатысты міндеттемелерді іске асыруды қамтамасыз ету неғұрлым маңызды басымдық болып табылады.
Көші-қон саясатын іске асырудың негізгі бағыттары
1. Әлеуметтік-экономикалық алғышарттар құрып, оның негізінде ішкі көші-қон ағындарын қайта бағдарлау:
- халықты республика ішінде теңгерімді қоныстандыруға қол жеткізу мақсатында өңірлердің экономикасын дамыту және ол жерлерде тұру жағдайы халыққа тиімді болу үшін жағымды алғышарттар құруды;
- елді мекендерді этно-демографиялық ұтымды дамытуды қамтамасыз етуді;
- еңбек нарығында, әсіресе жастар, мектеп, жоғары оқу орындары түлектерінің арасында шиеленісті азайту бойынша шаралар қабылдауды;
- ауыл халқын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбекақы төлегенде сәйкессіздікті болдырмау және ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын нығайту бойынша шаралар әзірлеп, жүзеге асыруды;
- өндіріс күштерін орналастыру схемасына қарай еңбек ресурстарын ауыстыруға және қайта бөлуге жәрдемдесуді;
- өңірлердегі демографиялық ахуалды ескере отырып, халықты экономикалық өсу орталықтарына, өнідірісі дамыған, тұруға жағдай жасалған жерлерге тарту үшін ынталандыру тетіктерін құруды;
- қалаға, экономикалық өсу орталықтарына көшкен кезде жұмыспен қамту мүмкіндіктері туралы халықты хабардар етуді;
- демографиялық факторларды, еліміздің индустриалды-иновациялық даму міндеттерін ескере отырып, көші-қон ағынының болжамын жасауды;
- ішкі қоныс аударушыларды тіркеу тәртібін жеңілдеті және әртүрлі бөлікте (жынысы, жасы, кәсіптік, келген және кеткен жері) келген және кеткен көшіп қонушылар бойынша ақпараттық дерекқор құруды көздейді.
2. Шетелде тұратын этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуына жәрдемдесу, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен еңбек нарығын ескере отырып, оларды қоныстандыруға ынталандыру, оларды орналастыру, орналасқан жеріне бейімдеу және жергілікті ортаға ықпалдастыру үшін жағдай жасау:
- этникалық қазақтардың ерікті негізде оралуын және оларды республиканың өміріне қайта ықпалдастыруды;
- оралмандарға көмек бағдарламасын жергілікті атқарушы орган және оралмандар үшін тұратын орнын таңдау тиімді өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламасын оңтайлы сабақтастыруды;
- мемлекет кепілдік берген негізгі құқық пен бостандықты іске асыруға қажетті жағдайлар жасау және көмек көрсетуді;
- әлеуметтік қолдау бойынша іс-шаралар әзірлеп, жүзеге асыру, орналастыруға жұмсалған бюджет қаражатын қайтаруға және қайта инвестициялауға мүмкіндік беретін жүйе құру, жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға және қайта даярлауға жәрдемдесу, кәсіпкерлік бастамаларды көтермелеу, әлеуметтік қорғау жүйесіне шынайы қолжетімділікті қамтамасыз етуді;
- оралмандарды еліміздің өміріне бейімдеу және ықпалдастыру бойынша әлеуметтік тексеру жүргізу және оның негізінде қажетті шаралар қабылдауды;
- өңірлерде тұру құқығынсыз оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарын құрып, орталық жұмысының тиімділігін арттыруды көздейді.
3. Көшіп кету үдерістерінің азайып, тұрақтануына жәрдемдесу, оның ішінде республиканың интеллектуалды әлеуетінің кемуін болдырмау:
- бос орын, жұмыс күшіне ұсыныс, еңбек көші-қонын болжау теңгерімділігін анықтау мақсатында өңірлік еңбек нарығының жағдайын талдауды;
- жергілікті жоғары білікті мамандардың кәсібилігін іске асыру үшін жағдай жасауды;
- әлеуметтік тексеру және көшіп кетудің негізгі себебін (ұлты, жасы және тұрған өңірі т.с.с. бойынша) анықтауды;
- елден қисынсыз кетудің жоғары деңгейін туындататын көшіп кету үдерістерін және оның себептерін талдау, халықтың көшіп кету салдарының әлеуметтік-экономикалық және демографиялық бағалау, сондай-ақ осындай негізде көші-қон үдерістерін, олардың әлеуметтік-экономикалық және көші-қон жағдайына әсері мен салдарын болжауды;
- көшіп кету бойынша статистикалық есеп және есептілік жүйесін жетілдіру, оның ақпаратының нақтылығын арттыруды көздейді.
4. Шетелдік жұмыс күшін тарту тетіктерін жетілдіру:
- ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ішкі еңбек көші-қонын реттеуді;
- шетелдік кәсіптер мен біліктіліктер бойынша бірдей бос лауазымдарға қазақстандық азаматтардың орналасуына басым құқықты қамтамасыз етуді;
- экономиканың және ұлттық еңбек нарығының болашағын ескере отырып, шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігін бағалаудың тиімді тетіктерін құруды;
- кіру, келу және еңбек қызметін жүзеге асыру жағдайларын таңдаудың әртүрлі тетіктерін пайдалануды көздейтін еңбек көші-қонын реттеу бойынша қысқамерзімді және ұзақмерзімді сараланған тәсілдер енгізуді;
- заңсыз еңбек көші-қонынын болдырмау бойынша шараларды қамтамасыз етуді көздейді.
5. Заңсыз көші-қон ағындарының, одан туындайтын жағымсыз салдарлардың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында көшіп келуді бақылау жүйесін құрып, дамыту:
- шетел азаматтарының еліміздің аумағына заңсыз кіруінің алдын алу мақсанында рұқсат беру пунктерінде биометриялық жүйені енгізу арқылы шекара және паспорт бақылауының тиімділігін арттыруды;
- мемлекеттік органдардың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін кіріктіру арқылы келген көшіп қонушыларды есепке алуды жүйелеуді;
- Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, заңсыз көшіп-қонушыларды депортациялаудың тиімді тетігін әзірлеуді;
- белгілі құқықтық мәртебесі жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін мамандандырылған уақытша орналастыру орталықтары жүйесін құруды;
- шетел мемлекеттерімен шарт жасау үдерісін жандандыру және заңсыз көші-қонмен күресте тиісті келісімдер жасауды;
- заңсыз көші-қонмен айналысатын қылмыстық топтар қызметін анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша тиімділікті арттыру бойынша мемлекеттік органдар қызметін жетілдіруді көздейді.
6. Қабылданған халықаралық, оның ішінде босқындарға қатысты міндеттемелерді іске асыруды қамтамасыз ету:
- 1951 жылғы босқындар мәртебесі туралы конвенцияға және 1967 жылғы босқындар мәртебесіне қатысты хаттамаға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босқындардыың құқықтарын қамтамасыз етуді;
- босқындардың шыққан елдеріндегі жағдайды мониторингілеу жүйесін әзірлеуді;
- босқындардың шыққан мемлекеттеріне оралуына жәрдемдесуді көздейді.
6. Іске асыру кезеңі және күтілетін нәтижелер
Тұжырымдаманы іске асыру кезеңі 2017-2021 жылдарды қамтиды.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу мүмкіндігіне және қойылған міндеттерге сәйкес көші-қон үдерістерін тиімді реттеудің орнықты шарттарын құруға және 2021 жылға дейінгі кезеңге арналған іс-шаралар жоспарында көзделетін жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге әсер ететін неғұрлым басымырақ іс-шараларды іске асыру болжанады.
Тұжырымдамада көзделген шараларды іске асыру көші-қон ағынын реттеу жүйесін жетілдіруге, этникалық қазақтарды қабылдау, оларды қазақстандық қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру үшін жағдай жасауға, ұлттық білікті еңбек нарығын қалыптастыру үшін сыртқы еңбек көші-қонының мүмкіндігін пайдалануға, ішкі көшіп қонушыларды қоныстандыру бойынша тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде мынадай нәтижелерге қол жеткізілетін болады:
2021 жылға қарай көші-қонның оң сальдосы;
2) Қазақстан Республикасының аумағына еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға экономикалық қызмет түрі бойынша жұмыс күшіне кемінде 0,7% квота белгілеу;
3) 2021 жылға қарай жұмыспен қамтылған оралмандардың (жәрдемдесу үшін халықты жұмыспен қамту органдарына жүгінген оралмандар қатарынан) үлес салмағын 86% жеткізу;
4) 2021 жылға қарай жергілікті атқарушы орган берген рұқсаттар бойынша тартылған шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағын кемінде 70% сақтау;
5) көші-қон саясатын құрылымдау және үйлестіру мақсатында көші-қон үдерістерін басқаруға және мониторинг жүргізуге жауапты барлық ведомстволардың қызметін үйлестіру үшін бірыңғай буын құру бойынша жұмыс жүргізілетін болады;
6) босқындарды қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері жетілдірілетін болады;
7) ішкі көші-қонды мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру үшін азаматтарды бірыңғай тіркеу жүйесін қалыптастыру.
Жалпы Тұжырымдаманы іске асыру:
көшіп қонушылардың құқықтары мен бостандығын сақтауға;
оралмандарды еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне сәтті бейімдеуге;
қазақстандық еңбек нарығының тартымдылығын арттыруға, жоғары білікті мамандардың Қазақстан Республикасының аумағына еңбек қызметіне ынталандыруға жәрдемдеседі.
Тұжырымдаманы іске асыру болжанатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Мынадай нормативтік құқықтық актілер арқылы қойылған міндеттерге қол жеткізу болжанады:
1. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
2. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
3. «Үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» 2011 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
4. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
5. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
6. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;
7. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы;
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы;
9. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығымен бекітілген Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама;
10. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
11. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығымен бекітілген Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы;
12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1434 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелері;
13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы;
14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы.
_________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |