Бекітемін Өскемен қаласының білім беру бөлімінің басшысы



жүктеу 82,5 Kb.
Дата29.01.2020
өлшемі82,5 Kb.
#27638
түріКодекс

Бекітемін

Өскемен қаласының

білім беру бөлімінің басшысы

Ахметова М.М.
Педагогтың кәсіби этика кодексі

1 тарау. Жалпы ережелер

Ұғымдар және мақсаттар

1.Барлық педагогтар өз қызметінде мұғалімнің Кәсіби этика кодексінің нормаларын басшылыққа алады.

2. Кодекстің мақсаты - педагог - бала / оқушы – ата-ана– педагогтар қауымдастығы –мемлекет арасындағы кәсіби этиканың негізгі нормаларын анықтау.

3. Білім беру мекемесіндегі педагог қызметкерлердің кәсіби этика нормалары туралы ереже білім беру үрдісіне бірыңғай педагогикалық тәсіл ұйымдастыруды реттейді, педагог қызметкерлерге бірыңғай талаптар қарастырады, оқушыларға, педагогтарға және ата-аналарға (заңды өкілдеріне) жайлы жағдайлар жасайды, сенім және ынтымақтастық микроклиматын қалыптастырады.

3.1. Жасалған кәсіби тәртіп ережелері атқарып жүрген лауазымына, оқытатын пәніне, марапаттары мен ынталандыруларының болуына және педагогикалық жұмыс өтіліне қарамастан барлық педагог қызметкерлер үшін міндетті болып табылады.

3.2. Кәсіби тәртіп нормаларын бұзғаны үшін тиісті тергеу қорытындысы бойынша кінәлі тұлға әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылуы мүмкін.



1 бөлім.Педагогтың адамгершілік және этика нормалары

    1. Педагог этикасының көздері

Педагогикалық этика нормалары Қазақстан Республикасының нормативтік және заңнамалық актілерімен (ҚР Конституциясы, ҚР Еңбек кодексі, ҚР «Білім туралы», «ҚР Тілдер туралы», «ҚР бала құқығы туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы» заңдары және білім беруді дамыту бағыттары мен келешегін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер) және соларға сәйкес қабылданған заңнамалық және жергілікті актілермен, халықаралық құқық нормаларымен, барлық деңгейдегі білім беруді басқару органының оқушыларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша мемлекеттік нормативтік актілерімен және бала құқығы туралы Конвенциямен белгіленген нормалармен анықталады.

    1. Педагогэтикасының қағидалары

Педагогтың кәсіби қызметі оқушылар, ата-аналар және қоғам алдындағы ерекше жауапкершілікпен сипатталады. Өз қызметін жүзеге асыру барысында педагог келесі қағидаларды басшылыққа алады:

  • ізгілік;

  • төзімділік;

  • кәсіби шеберлік;

  • заңдылық;

  • әділеттілік;

  • жауапкершілік;

  • демократияшылдық;

  • бірін-бірі құрметтеу.

2 бөлім. Педагог тұлғасына қойылатын талаптар.

Мұғалімге қойылатын жалпы талаптар

2.1. Мұғалім:

  • ҚР Конституциясын; ҚР заңдарын, ҚР Үкіметінің және басқару органының білім беру мәселелері бойынша шешімдерін; бала құқығы туралы Конвенцияны;

  • педагогикалық, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастыру-басқару міндеттерді шешу үшін қажетті көлемде жалпы теориялық пәндердің негіздерін, педагогика, психология, жас ерекшелігі физиологиясын, мектеп гигиенасын;

  • пәнді оқыту және тәрбие жұмысының әдістемесін, бағдарламалар және оқулықтарды;

  • оқу кабинеттері мен қосалқы жайларды жабдықтау және жарақтандыру талаптарын;

  • оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін;

  • білім беруді және педагогикалық ғылымды дамытудың негізгі бағыттары мен келешегін;

  • құқық және еңбекті ғылыми дамыту негіздерін;

  • еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларын білуге міндетті.

2.2. Лауазымдық міндеттерін орындау

Мұғалім келесі лауазымдық міндеттерді орындайды:

2.2.1. оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеуді жүзеге асырады, сабақтар және басқа да оқу сабақтарын кестеге сәйкес көрсетілген бөлмелерде өткізеді.

2.2.2. әрсынып параллелінде пән бойынша оқу тоқсанына тақырыптық жұмыс жоспарын және әрбір сабақтың жұмыс жоспарын жасайды.

2.2.3. Өз жұмысында пән бойынша оқытудың әр алуан тәсілдерін, әдістерін және құралдарын қолданады. Білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Бағдарламаның кейбір тарауларында сабақтардың тақырыптарын өз қалауы бойынша ауыстыра алады. Оқушылармен оқу жоспарымен белгіленген бақылау және тәжірибе жұмыстар, сонымен қатар қажетті оқу экскурсияларын өткізеді. Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес дайындық деңгейін қамтамасыз етеді және олардың толық көлемде жүзеге асырылуына жауапкершілікте болады.

2.2.4. Жауапкершілігі:



  • "Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау туралы" және "Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы" бұйрықтарды орындау;

  • білім беру үрдісін қауіпсіз өткізу;

  • зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша шаралар қабылдау, жазатайым оқиға туралы басшылыққа шұғыл түрде хабарлау;

  • білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) оқу сабақтарында және тәрбиелік іс-шаралар кезіндегі еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаудан өткізу және сынып журналында немесе оқушыларға еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқау өткізу журналына міндетті түрде тіркеу;

  • оқушыларға (тәрбиеленушілерге) еңбек қорғау, жол қозғалысы және тұрмыстағы тәртіпережелердіүйретуді ұйымдастыру;

  • еңбек қорғау бойынша ережелердің (нұсқау) сақталуын бақылау.

2.2.5. Белгіленген тәртіппен оқу құжаттамасын жүргізеді, білім алушылардың оқу үлгерімдерін ағымдағы бақылау және сабаққа қатысуларына бақылау жүргізеді, сынып журналына және күнделікке ағымдағы бағаларын қояды, мектеп әкімшілігіне қажетті есеп деректерді уақтылы тапсырады.

2.2.6. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау бойынша емтихан комиссиясының құрамында жұмыс істейді.

2.2.7. Жұмысын бақылау мақсатында мектеп Жарғысына сәйкес мектеп әкімшілігінің өкілдерін өзінің сабағына қатысуға кіргізеді.

2.2.8. Мектеп әкімшілігінің тапсырмасы бойынша жұмыста жоқ мұғалімнің сабақтарын жүргізеді.

2.2.9. мектеп Жарғысын,ұжымдық шартты, ішкі еңбек тәртібінің Ережелерін, осы нұсқаудың талаптарын, сонымен қатар мекеменің жергілікті актілерін, мекеме әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдерін сақтайды.

2.2.10. ҚР "Білім туралы" Заңына және бала құқығы туралы Конвенцияға сәйкес білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын сақтайды.

2.2.11. Білім алушылардың ата-аналарымен (немесе олардың заңды өкілдері) байланыс орнатады.

2.2.12. Өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отырады. Әдістемелік бірлестіктердің жұмысына және әдістемелік жұмыстың басқа да түрлеріне қатысады.

2.2.13. Жылдық жұмыс жоспарына сәйкес мекеме педагогикалық кеңестің, өндірістік кеңестердің, директор жанындағы мәжілістердің, ата-аналар жиналыстарының, сонымен қатар жоғары тұрған ұйым өткізетін пән секцияларының жұмысына қатысады.

2.2.14. Мектеп бойынша кезекшілік кестесіне сәйкес мұғалім сабақтар арасындағы үзіліс уақытында кезекшілік атқарады. Сынып жетекшісі ретінде өз сыныбымен мектеп бойынша кезекшілік атқарады. Кезекшілікке сабақ басталғанға дейін 20 минут бұрын келеді және сабақ аяқталғаннан кейін 20 минут кейін қайтады.

2.2.15. Тегін медициналық тексеруден өтіп тұрады.

2.2.16. Этикалық тәртіп нормаларын сақтайды, оқушылар және тәрбиеленушілер үшін үлгі болып табылады. Кәсіби міндеттерін орындау кезінде педагогтың сырт келбеті ресми, ұстамдылық және жинақылықпен ерекшелендіретін жалпы қабылданған іскер стиліне сай болуы керек.

2.2.17. Мұғалімге тыйым салынады:


  • өз қалауы бойынша сабақ кестесін өзгертуге;

  • сабақтарды болдырмауға және сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығынұзартуға немесе қысқартуға;

  • оқушыны сабақтан шеттетуге;

  • мектеп ғимаратында темекі шегуге.

2.2.18. Оқу кабинетінің меңгерушісі міндетін атқару кезінде мұғалім:

  • өз кабинетін төлқұжаттаудан өткізеді;

  • кабинетті оқу бағдарламасын өткізуге қажетті әдістемелік оқу құралдарымен, құралдар және техникалық оқыту құралдарымен үнемі толықтырып отырады;

  • оқушылармен көрнекі құралдар әзірлеу бойынша жұмыс ұйымдастырады;

  • директордың"Мүлік түгендеу өткізу туралы" бұйрығына сәйкес жарамсыз мүліктерді белгіленген тәртіппен есептен шығарады;

  • еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауды әзірлейді;

  • оқу кабинеттер байқауына қатысады.

  • 3 бөлім. Педагогтың білім беру үрдісіне қатысушылармен өзара қарым-қатынасы.

  • 3.1. Педагогтың оқушылармен өзара қарым-қатынасы.

  • 3.1.1.Педагог өз мінез-құлығымен педагогтың тарихи қалыптасқан кәсіби ар-намысын қолдайды және қорғайды.

  • 3.1.2. Педагог жас буынға ұлттық және жалпы адамгершілік мәдени құндылықтарды жеткізеді, оқушыларды мәдени дамыту үрдісіне барлық күш-жігерін салып қатысады.

3.1.3. Педагог жақсы үлгіге тәрбиелейді, біреуді міндемейді және де өзі істей алмайтын нәрсені басқалардан талап етпейді.

3.1.4. Педагогтың оқушыға қатысты талаптары оңды және негізделген, сонымен қатар өзінің кәсіби этика арқауы болуы керек. Педагог өте сабырлы және ешқашан шектен шықпайды.

3.1.5. Педагог өз жұмысын баланың жеке физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, бала тұлғасының абыройы мен дербестігін құрметтеуге сөзсіз негіздей отырып құрады, Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясымен анықталған баланың негізін қалаушы адами құқықтарын белсенді қорғайды.

3.1.6. Педагог оқушылармен қарым-қатынас орнатуда өзара құрметтеуге негізделген іскерлік қарым-қатынас стилін таңдайды. Оқушының жасына, жынысына, ұлтына, діни көзқарасына және басқа да ерекшеліктеріне байланысты оқушының ар-намысы мен абыройын ешқандай да бір негіздемелер бойынша кемсітпейді.

3.1.7. Педагогтыңбарлық оқушыларға деген пейілі бірдей және әділ болады. Мұғалім оқушылармен қарым-қатынас стилін өзара құрметтеу негізін ұстана отырып құрады.


  • 3.1.8. Педагогөзініңоқушылары үшін мейірімді, адал және ақ пейілді адам болып табылады.

  • 3.1.9. Педагогзаңнамамен қарастырылған жағдайлардан басқа жағдайда оқушылары сеніп айтқан ақпаратты құпия етіп сақтауға міндетті.

  • 3.1.10. Педагог оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, басқа адамдарға көмектесу және олармен ынтымақтастық орнату, ұжымшылдық және төзімділік сияқты оңды қасиеттерін дамытатын жұмыс әдісін таңдайды.

  • 3.1.11. Педагогоқушылардың білім алу уәждемелерін арттыруға және өз күші мен қабілетіне деген сенімдерін нығайтуға ұмтылуы қажет.

  • 3.1.12. Оқушыны бағалау кезінде негізсіз төмендететін шешім қабылдаған жағдайда мұғалім өз қатесін шұғыл түрде жөндеуге міндетті.

  • 3.1.13. Педагог оқушының еңбегін әділ және объективті бағалайды, көтермелеп немесе төмендетіп пайымдап бағалауға жол бермейді.

  • 3.1.14. Мұғалімге өзінің қызмет бабында оқушыларын қандай да бір қызметтер көрсету немесе жеке мақсаттары үшін пайдалануға тыйым салынады.

3.1.15. Педагог өзінің жұмысы үшін оқушыдан қосымша сыйлық алуға құқығы жоқ, заңнамамен қарастырылған жағдайлардан басқа.

3.1.16. Оқушылардың тәртіптері мен жетістіктерін бағалау кезінде педагог олардың өзін-өзі сыйлау және өзіне деген сенімдерін нығайтуға ұмтылады.

3.1.17. Педагог заңнамамен қарастырылған жағдайлардан басқа жағдайда оқушылары сеніп айтқан ақпаратты құпия етіп сақтауға міндетті.

3.1.18. Педагог жеке өмірінің дербес құқықты болуына құқылы.



3.2. Педагогтың ұстаздар қауымымен өзара қарым-қатынасы

3.2.1.Педагог әріптестерімен өнімді және конструктивті қарым-қатынас орнатуға ұмтылады, өзара көмек көрсетеді, білім беру ұйымы әкімшілігінің және басқа да педагогтардың мүдделерін құрметтейді.

3.2.2.Ұстаздар қауымы үшін маңызды болып табылатын шешімдер білім беру ұйымында жариялық және жаппай қатысу принципі негізінде қабылданады.

3.2.3. Педагогтыңәріптесіне қатысты өз ойын ашық айтуға құқығы бар. Басқа педагогтың атына айтылған сын объективті және негізделген болуы керек.

3.2.4. Педагог білім беру қызметі үрдісінде тұлғаны дамыту және оқушылардың психикалық, психологиялық және физикалық денсаулықтарын сақтау үшін психологтармен, дәрігерлермен, әлеуметтік педагогтармен, логопедпен белсенді ынтымақтастықта болады.

3.2.5. Педагог білім беру ұйымының әкімшілігінен ОТҮ жетілдіруге қажетті ақпаратты алуға құқылы. Білім беру ұйымының әкімшілігі оның еңбек сапасын арттыруға ықпал ететін ақпаратты жасыруға құқығы жоқ.

3.2.6. Педагог білім беру үрдісімен және бүкіл педагогикалық ұжымның жұмыс нәтижелігіне байланысты әкімшіліктің тапсырмаларына жауапкершілікпен қарайды. Білім беру мекемесі ұжымының намысын қадір тұтады.

3.2.7. Өзінің ұжымына сіңірген кәсіби еңбегі үшін педагог білім беру ұйымының әкімшілігі тарапынан ынталандыруға құқығы бар.

3.2.8. Педагогтың білім беру үрдісінің сапасын жетілдіруге байланысты бастамасын білім беру ұйымы қошеметтейді.

3.3. Педагогтың оқушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) өзара қарым-қатынасы

3.3.1.Педагог кәсібіне байланысты тақырыптар бойынша ата-аналармен қарым-қатынас орнату үшін әрқашанда ашық болуы керек.

3.3.2. Педагог оқушылардың ата-аналарына (заңды өкілдері) құрметпен қарайды және мейірімді қарым-қатынас орнатады.

3.3.3. Педагог оқушылардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) олардың білімдеріне қатысты кеңес береді.

3.3.4. Педагог баланың өзінің ата-анасы туралы немесе ата-анасының өзінің баласы туралы айтқан құпия ақпараттарын жарияламайды.

3.3.5.Педагог пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас тұлғаны бағалау және баланың жетістіктерін келісу негізінде құрылады.

3.3.6. Ата-анамен білім беру ұйымына көрсетілген қолдау педагогтың оқушыға деген қарым-қатынастарына және оқушының бағасына әсер етпейді.

3.4. Педагогтың қоғаммен және мемлекетпен өзара қарым-қатынасы

3.4.1.Педагог қоғамды ағартушы, мәдени құндылықтарды қорғаушы және білімді адам болып табылады.

3.4.2. Педагог азаматтық қоғамды дамытуға өз үлесін қосуға ұмтылады.

3.4.3. Педагог өзінің азаматтық борышын атқарады және әлеуметтік мәдени рөлін түсінеді.

3.4.4. Педагог ҚР заңнамасын сақтайтын азаматболып табылады.

3.4.5. Педагог өзінің жұмысы үшін оқушылардың ата-аналарынан қосымша сыйақы талап етпейді.



4 бөлім. Құқығы.Жауапкершілігі.

4.1.1.Педагог қызметкерде ҚР ЕК, ҚР "Білім туралы" Заңымен, жалпы білім беретін мекеме туралы Үлгілік ережемен, мектеп Жарғысымен, ұжымдық шартпен, Ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен қарастырылған құқықтары бар.

4.1.2. Мұғалім оқушылар орындауға міндетті шешімдерді қабылдауға және мектеп Жарғысына сәйкес тәртіптік жаза қолдану шараларын қабылдауға құқылы.

4.1.3. Білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға.

4.1.4. Педагог қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған жағдайлардан басқа өзінің кәсіби міндеттерін орындаумен байланысы жоқ басқа жұмыстарға тартуға жол берілмейді.

4.2.1. Жауапкершілігі

4.2.2. ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте мұғалім:



  • білім беру бағдарламаларының толық көлемде жүзеге асырылуына;

  • білім беру үрдісі және мұғалім өткізетін сыныптан тыс іс-шаралар кезінде оқушының өмірі мен денсаулығына;

  • ҚР заңнамасымен, мекеменің Жарғысымен және жергілікті актілерімен белгіленген оқушылардың құқықтары мен бостандығын бұзғаны үшін жауапкершілікте болады.

4.2.3. мектеп Жарғысын,ұжымдық шарттың талаптарын, Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, осы лауазымдық нұсқауды, директордың бұйрықтарын бұзған жағдайда мұғалім ҚР Еңбек және Әкімшілік кодексінің баптарына сәйкес әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылуы мүмкін.

4.2. 4. Білім алушы тұлғаға қатысты физикалық және (немесе) психикалық зорлық-зомбылық көрсетумен байланысты тәрбиелеу әдістерін қолданғаны үшін мұғалім ҚР ЕК бабы бойынша жұмыстан босатылуы мүмкін.

4.2.5. Міндеттерін бұзғаны және педагог қызметкердің беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталған жауапкершілікке тартылады.

4.3.Педагог қызметкерге тыйым салынады:

4.3.1. Ата-анасының жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа оқушылар және олардың ата-аналары туралы жеке мәліметтерді беруге.

4.3.2. Оқушының және оның отбасының жеке өмірлері туралы мәліметтерді жариялауға.

4.3.3.Сыныптың ата-аналар жиналысында балалары сабақта үлгермейтін ата-аналарды кез келген формада намысына тиіп қорлауға.

4.3.4. Педагогикалық кеңестің және басқа да мәжілістердің құпия ақпараттарын ата-аналармен талқылауға.

4.3.5. Оқушыны сабақтан шығаруға.

4.3.6.Оқушыларға өздері немесе әріптестері ұйымдастыратын қосымша ақылы білім беру қызметтерін ұсынуға, білім беру үрдісіне қатысушылардың мүдделерін шиеленіске әкелетін арандатушылық әрекеттер жасауға.

4.3.7. Ата-аналардан және оқушылардан ақшалай қаражат жинауға.



5 бөлім. Қорытынды ережелер

5.1. Жұмысқа қабылдаған кезде білім беру мекемесінің басшысы педагогқа оның кәсіби құзыреті шегіндегі әрекеттері туралы хабарлауға, педагогтыкәсіби этика кодексінің мазмұнымен таныстыруға міндетті.



5.2. Педагогкәсіби этика кодексінің ережелерін бұзған жағдайда педагогикалық ұжыммен және білім беру мекемесінің әкімшілігімен қаралады, қажет болған жағдайда – жалпы білім беретін мекеменің білім беру қатынастарына қатысушылар арасындағы дауларды реттеу бойынша комиссия отырысында қаралады.
жүктеу 82,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау