Бекітемін экономика және қаржылық саясат жөніндегі Алқа мүшесі, Министр, Комиссия Алқасы жанындағы Көші-қон саясаты жөніндегі Консультативтік комитет Төрағасы /қолы/ Т.



жүктеу 136,59 Kb.
Pdf просмотр
Дата05.01.2020
өлшемі136,59 Kb.
#25945


1

БЕКІТЕМІН

Экономика және 

қаржылық саясат жөніндегі Алқа 

мүшесі, Министр, Комиссия 

Алқасы жанындағы Көші-қон 

саясаты жөніндегі 

Консультативтік комитет 

Төрағасы


/қолы/ Т.М. 

Сүлейменов 

2015 жылғы 22 сәуір

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы Көші-қон саясаты

жөніндегі  Консультативтік комитет отырысының

10-14 ПР ХАТТАМАСЫ

2015 жылғы 8 сәуір

Астана қ.

КЕҢЕСТЕ   ТӨРАҒАЛЫҚ   ЕТУШІ:  Еуразиялық   экономикалық   комиссияның

экономика және қаржылық саясат жөніндегі Алқа мүшесі Министр Т.М. Сүлейменов.



ҚАТЫСҚАНДАР: Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы Көші-

қон саясаты  жөніндегі Консультативтік комитет (бұдан әрі - Консультативтік комитет)

мүшелері,   мүше   мемлекеттердің   уәкілетті   органдарының   өкілдері,   Еуразиялық

экономикалық комиссия қызметкерлері

(бұдан әрі - Комиссия) (тізім қоса беріліп отыр).

Күн тәртібі мәселелері қаралды:



1.

Консультативтік комитет құрамына енгізілген өзгертулер туралы.

С.Б. Әлиев (Комиссия): Консультативтік комитет құрамына енгізілген өзгертулер

туралы ақпараттандырды, Комиссия Алқасының 2015 жылғы 24 ақпандағы №13 Өкіміне

сәйкес мүше мемлекеттер ұсыныстары негізінде Консультативтік комитет құрамы өзекті

етілді.


ШЕШТІ:

С.Б.Әлиевтің (Комиссия) ақпараты ескерілсін.




2

2.

Еуразиялық экономикалық одаққа  мүше мемлекеттердің еңбек

етушілерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Шарт жобасымен жұмыс жасау

барысы туралы

С.Б.   Әлиев   (Комиссия):

 мүше   мемлекеттердің   уәкілетті   органдары

сарапшыларының   Еуразиялық   экономикалық   одақ   мүше   мемлекеттерінің   еңбек

етушілерін  зейнетақымен  қамтамасыз ету туралы Шарт жобасын пысықтау бойынша

Астана қ. 2015 жылғы 6-7 сәуірде өткен жұмыс кездесуінің қорытындылары және қалған

реттелмеген мәселелер туралы ақпараттандырды.

Т.М.   Сулейменов   (Комитет   Төрағасы):  Тараптарға   осы   мәселелер   бойынша

ұстанымдарын көрсетуді ұсынды.



Армения Республикасы (ұстаным жазбаша көрсетілген):

Шарттың   күші   Армения   Республикасындағы   жинақтаушы   зейнетақыларға

қатысты  болмайды, өйткені  мемлекет жинақтаушы  зейнетақыларды  тағайындау және

төлеу   процестеріне   тікелей   қатыспайды   (Армения   Республикасындағы   жинақтаушы

жүйелер зейнетақыны экспорттау мүмкіндігін шектей алмайды).

Армения   Республикасы   Шарт   жобасының   еңбек   зейнетақыларын   экспорттауға

қатысты   ережелеріне   қарсы   (Армения   Республикасының   заңнамасына   сәйкес

зейнетақылар Армения Республикасының аумағында ғана төленеді).

Шарт   «Зейнетақымен   қамтамасыз   ету   саласында   ТМД   мүше   мемлекеттері

азаматтарының құқықтарына кепілдік беру туралы» 1992 жылғы 13 наурыздағы Келісім

ережелері   мүше   мемлекеттер   арасында   ғана   емес,   сондай-ақ   ЕАЭО   әрбір   мүше

мемлекеті   мен   Келісімнің   ЕАЭО-ға   кірмейтін   мүше   мемлекеті   арасында   қолданылса

ғана,  басқа   сөзбен   айтқанда  ЕАЭО-ның  барлық  мүше   мемлекеті   Келісімге   қатысуын

тоқтатса   ғана   күшіне   енуі   тиіс.   Ал   мәселенің   уақытша   шешімі   ретінде   Армения

Республикасы үшін еңбек етушіге (отбасы мүшесіне) Шарт немесе Келісім шеңберінде

зейнетақыны таңдау құқығын беру   нұсқасы ықтимал болып табылады.



Н.В. Мурашкевич (Беларусь Республикасы):  Беларусь Республикасы бұрынғы

КСРО аумағында 1992 жылдың 13 наурызына дейінгі жинақталған еңбек өтілі  еңбек

етушімен (отбасы мүшесімен) зейнетақыны тағайындау үшін жүгіну кезінде ескерілуі

тиіс деп санайды.

Мүше   мемлекеттер   аумақтарында   1992   жылдың   13   наурызынан   кейінгі

жинақталған еңбек өтілі ол жинақталған мүше мемлекетпен ескерілуі тиіс.

Беларусь Республикасы Қазақстан Республикасының Шарт жобасының күші 1992

жылдан   бастап   1998   жылға   дейінгі   еңбек   өтілі   үшін   ортақ   зейнетақы   бойынша

зейнетақы төлемдеріне тарамайтыны туралы ұстанымына қарсы.

Беларусь   Республикасы   Ресей   Федерациясының     КСРО-ның   басқа   бұрынғы

республикаларының  (Армения КСР, Беларусь КСР, Қазақ КСР және РУСФР), сондай-ақ

өзге   мемлекеттер   аумағында   жинақталған   еңбек   өтілінің   кезеңдерін   зейнетақыға

құқықты белгілеу кезінде ескермеу туралы ұсынысын қолдамайды.

Шарттың күшіне енуімен бір мезгілде мүше мемлекеттердің Шарттың 2-бабымен

қаралған   қатынастарында   (тұлғалар   шеңбері   мен   қолдану   саласы)   Тәуелсіз



3

мемлекеттер   достастығы   қатысушы   мемлекеттерінің   зейнетақымен   қамтамасыз   ету

саласындағы азаматтар құқықтарының кепілдіктері туралы 1992 жылғы 13 наурыздағы

келісімнің күші жойылуы тиіс. 

Беларусь   Республикасы   Шарт   нормалары   Армения   Республикасында

жинақтаушы зейнетақыларға тарауы тиіс деп санайды. Бұдан басқа, Шартта елдер мен

тәсілдемелер   теңдігі   қамтамасыз   етілуі   тиіс,   осыған   байланысты   зейнетақыларды

Армения   Республикасынан   басқа   мүше   мемлекеттерге   экспорттау   бойынша

ережелердің болуы қажет.

С.К. Жақыпова (Қазақстан Республикасы): Қазақстан Республикасы бұрынғы

КСРО аумағында 1992 жылдың 13 наурызына дейінгі жинақталған еңбек өтілі еңбек

етушімен (отбасы мүшесімен) зейнетақыны тағайындау үшін жүгіну кезінде ескерілуі

тиіс деп санайтыны туралы ақапараттандырды.

Қазақстан   Республикасы   Шарт   жобасының   1992   жылдан   бастап   1998   жылға

дейінгі еңбек өтілі үшін ортақ зейнетақы бойынша зейнетақы төлемдеріне тарайтын

Шарт 

жобасының ережесіне қарсы.



Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясының  КСРО-ның басқа

бұрынғы     республикаларының     (Армения   КСР,   Беларусь   КСР,   Қазақ   КСР   және

РУСФР),   сондай-ақ   өзге   мемлекеттер   аумағында   жинақталған   еңбек   өтілінің

кезеңдерін   зейнетақыға   құқықты   белгілеу   кезінде   ескермеу   туралы   ұсынысын

қолдамайды.

Тәуелсіз   мемлекеттер   достастығы   қатысушы   мемлекеттерінің   зейнетақымен

қамтамасыз   ету   саласындағы   азаматтар   құқықтарының   кепілдіктері   туралы   1992

жылғы 13 наурыздағы келісім күшін сақтауды жақтайды.

Қазақстан   Республикасы   Шарт   нормалары   Армения   Республикасында

жинақтаушы зейнетақыларға тарауы тиіс деп санайды. Бұдан басқа, Шартта елдер мен

тәсілдемелер   теңдігі   қамтамасыз   етілуі   тиіс,   осыған   байланысты   зейнетақыларды

Армения   Республикасынан   басқа   мүше   мемлекеттерге   экспорттау   бойынша

ережелердің болуы қажет.

С.В.   Комарова   (Ресей   Федерациясы):  Ресей   Федерациясы   бұрынғы   КСРО

аумағында   1992   жылдың   13   наурызына   дейінгі   жинақталған   еңбек   өтілі   еңбек

етушімен (отбасы мүшесімен) зейнетақыны тағайындау үшін жүгіну кезінде ескерілуі

тиіс деп санайтыны туралы ақпараттандырды.

Мүше   мемлекеттер   аумақтарында   1992   жылдың   13   наурызынан   кейінгі

жинақталған еңбек өтілі  ол жинақталған мүше мемлекетпен ескерілуі тиіс.

Ресей   Федерациясы   Қазақстан   Республикасының   Шарт   жобасының   күші   1992

жылдан   бастап   1998   жылға   дейінгі   еңбек   өтілі   үшін   ортақ   зейнетақы   бойынша

зейнетақы төлемдеріне тарамайтыны туралы ұстанымына қарсы.

КСРО-ның басқа бұрынғы   республикаларының   (Армения КСР, Беларусь КСР,

Қазақ КСР және РУСФР), сондай-ақ өзге мемлекеттер аумағында жинақталған еңбек

өтілінің кезеңдерін зейнетақыға құқықты белгілеу кезінде ескерілмесін деп санайды.




4

Шарттың күшіне енуімен бір мезгілде мүше мемлекеттердің Шарттың 2-бабымен

қаралған қатынастарында (тұлғалар шеңбері мен қолдану саласы) Тәуелсіз мемлекеттер

достастығы   қатысушы   мемлекеттерінің   зейнетақымен   қамтамасыз   ету   саласындағы

азаматтар  құқықтарының  кепілдіктері  туралы  1992 жылғы  13 наурыздағы  келісімнің

күші жойылуы тиіс. 

Ресей   Федерациясы   Шарт   нормалары   Армения   Республикасында   жинақтаушы

зейнетақыларға тарауы тиіс деп санайды. Бұдан басқа, Шартта елдер мен тәсілдемелер

теңдігі   қамтамасыз   етілуі   тиіс,   осыған   байланысты   зейнетақыларды   Армения

Республикасынан басқа мүше мемлекеттерге экспорттау бойынша ережелердің болуы

қажет.

ШЕШТІ:

1.

Мына   ұсыныстар   Комиссияның   кезекті   отырысына   қарау   үшін



шығарылсын:

1.1


Зейнетақыға   құқықты   белгілеу   кезінде   бұрынғы   КСРО   барлық

аумағында жинақталған кезеңдерді ескеру қажет.

1.2

Бұрынғы КСРО аумағында 1992 жылғы 13 наурызға дейін жинақталған



өтіл үшін зейнетақыны тұрғылықты мемлекет есептеуі және төлеуі тиіс.

1.3


Зейнетақыға  құқықты   белгілеу   кезінде   Тәуелсіз  мемлекеттер  достастығы

қатысушы   мемлекеттерінің   зейнетақымен   қамтамасыз   ету   саласындағы   азаматтар

құқықтарының   кепілдіктері   туралы   1992   жылғы   13   наурыздағы   келісім   нормаларына

сәйкес 1992 жылғы 13 наурыздан кейін жинақталған кезеңдерді ескеру қажет.

1.4

1992 жылғы 13 наурыздан кейін жинақталған өтіл үшін зейнетақыны осы



өтіл жинақталған мемлекет есептеуі және төлеуі тиіс.

Осы норма күшіне енгенше дейін ауысымды кезең қайта қаралсын.

1.5

Мүше мемлекеттер



арасындағы   Шарттың   2-бабымен   қаралған

қатынастарда

(тұлғалар   шеңбері   және   қолдану   саласы)   Тәуелсіз   мемлекеттер   достастығы

қатысушы   мемлекеттерінің   зейнетақымен   қамтамасыз   ету   саласындағы   азаматтар

құқықтарының кепілдіктері туралы 1992 жылғы 13 наурыздағы келісім қолданылмасын.

1.6


Шарт күшіне енгенше дейін тағайындалған зейнетақыларды қайта қарау

жүргізілмейді. Шарт нормаларына сәйкес зейнетақымен қамтамасыз ету Шарт күшіне

енгеннен кейін зейнетке шыққан азаматтарға ғана беріледі.

1.7


Армения Республикасынан: 

-Шарт жобасы күшінің жинақтаушы зейнетақыларды төлемдеріне

таралуын;

аннуитет, бағдарламалық төлемдер және біржолғы төлемдер, 

мұрагерлерге біржолғы төлемдер.

-Армения   Республикасы   аумағында   жұмыс   өтілі   үшін   тағайындалған

зейнетақыларды мүше мемлекеттерге экспорттау мүмкіндігін қарауды сұрасын.

2.

Ресей   Федерациясынан   басқа   мүше   мемлекеттер   аумақтарында



жинақталған  жұмыс өтілі  үшін  жеке  зейнетақы  коэффициентінің  шамасына  (балдар)

зейнетақыға құқықты белгілеу кезінде Ресей Федерациясы азаматтарына секілді дәл 

сондай тәртіпте және шарттармен (еңбек етушілер алатын табысты есепке алып) 

есептеуді сұрасын.




5

3.

Мүше мемлекеттерден бір мүше мемлекет заңнамасы бойынша белгілі бір



мамандық   бойынша,   белгілі   бір   қызметте   немесе   белгілі   бір   еңбек   жағдайларында

жұмыс  өтілдерінің  кезеңдерін   және   екінші   мүше   мемлекет   аумағында   жинақталған

жұмыс   өтілінің     ұқсас   кезеңдерін   қосындылаудың   ықтимал   тәсілдемелері   бойынша

ұсыныстарды енгізуді сұрасын.



3.

ЕАЭО   мүше   мемлекеттерінде   Еуразиялық   экономикалық   одақ

туралы   2014   жылғы   29   мамырдағы   Шарттың   «Еңбек   көші-қоны»   XXVI

тарауының ережелерін қолдану тәжірибесі.

С.Б.   Әлиев   (Комиссия):  ЕАЭО   мүше   мемлекеттерінде   Еуразиялық

экономикалық   одақ   туралы   2014   жылғы   29   мамырдағы   Шарттың   еңбек   көші-қоны

саласында қолдану тәжірибесі туралы ақпараттандырды.

Армения Республикасы (ұстаным жазбаша көрсетілген):

Армения Республикасы  заңнамасымен Армения Республикасы аумағына шетел

азаматтарының   келуі   кезінде   болу   мерзімі   туралы   белгі   қойылуы   мүмкін   көші-қон

карточкаларын   қолданудың   қаралмағанына   байланысты,   Армения   Республикасы

Полицияның Паспорттық-визалық Басқармасына ЕАЭО мүше мемлекеттерінің еңбек

етушілеріне Армения Республикасы  аумағында заңды  болуының дәлелінің  қызметін

атқаратын анықтаманы беру ұсынылды.

А.Т. Татура (Беларусь Республикасы): Еуразиялық экономикалық одақ туралы

2014   жылғы   29   мамырдағы   Шарттың   97-бабы   6   тармағына   сәйкес   азаматтар   келу

күнінен бастап 30 тәулік бойы тіркеуден және есепке қоюдан босатылатыны туралы

ақпараттандырды.

Беларусь Республикасына:

Қазақстан   Республикасы   және   Армения   Республикасы   азаматтары   кез   келген

мақсатпен 30 тәуліктен кем мерзімге келген жағдайда Мемлекеттік шекарадағы  өткізу

пунктерінде көші-қон карточкасы толтырылмайды;

Қазақстан   Республикасы   және   Армения   Республикасы   азаматтары   кез   келген

мақсатпен   30   тәуліктен   артық   мерзімге   келген   жағдайда   Мемлекеттік   шекарадағы

өткізу пунктерінде көші-қон карточкасын толтыру міндетті.

Көші-қон карточкасын жоғалтқан жағдайда азамат оны алу үшін азаматтық және

көші-қон жөніндегі аймақтық бөлімшелерге жүгіне алады.

Беларусь   Республикасы   аумағына   келген   кезде   мүше   мемлекеттің   еңбек

етушілері көші-қон карточкасында келу мақсаты «жұмыс» деп қоюға міндетті емес. 

Беларусь Республикасына мүше мемлекеттердің еңбек қызметімен айналысу үшін

жылына   90   тәуліктен   асатын   мерзімге   келген   азаматтары   болу   уақытына,   бірақ   1

жылдан артық емес уақытша тұруға рұқсат алуы мүмкін.

Уақытша тұруға рұқсатты ресімдеген кезде көші-қон карточкасы болуы қажет.

Беларусь Республикасы аумағына келу кезінде көші-қон карточкасын толтырмаған

жағдайда,   еңбек   етуші   шығу-келу   рәсімін   жүзеге   асыру   және   көші-қон   карточкасын

толтыру рәсімін жүзеге асыруы тиіс. 




6

Еуразиялық   экономикалық   одақ   туралы   2014   жылғы   29  мамырдағы   шарттың   97-

бабы 7,8 тармақтарын іске асыру шеңберінде мүше мемлекеттердің көші-қон картасын

беру   және   тіркеуден   босату   жөніндегі   шекаралық   және   көші-қон   органдарының

тәсілдемелерін салыстыруды ұсынды.

Е.А. Байбатшин (Қазақстан

Республикасы):

 Еуразиялық

экономикалық   одақ   туралы   2014   жылғы   29   мамырдағы   шарттың   97-бабы   6   және   8-

тармақтарына сәйкес мүше мемлекеттердің Қазақстан Республикасына келетін азаматтары

олар шетел төлқұжатын көрсетсе, көші-қон картасын толтырудан босатылады. Азаматтар

ішкі құжат бойынша келген жағдайда, олар көші-қон карталарын толтыруға міндетті.

Сонымен   бірге,   Ресей   Федерациясы   және   Қазақстан   Республикасы   арасындағы

Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағында және Қазақстан

Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясы аумағында  болу тәртібі туралы 2012

жылғы   7   маусымдағы   Келісімге   сәйкес   (Қазақстан   Республикасымен   2014   жылғы   14

қарашада ратификацияланды) азаматтардың уақытша болу мерзімі шекаралық бақылау

органдарының келу күні туралы белгісі бар көші-қон картасымен расталуы тиіс.

Осы жағдайда көші-қон карталарын қолдану бөлігінде екі халықаралық шарттың

екі құқықтық қайшылығы бар.

Сондай-ақ,   Қазақстан   Республикасы   аумағында   келу   кезінде   көші-қон   картасын

толтырмаған   жағдайда,   азамат   қажеттілік   жағдайында   оны   алу   үшін   көші-қон

полициясының аймақтық бөлімшелеріне жүгіне алатынын хабарлады.

Қазақстан Республикасыаумағына келу кезінде  мүше   мемлекеттің   еңбек   етушілері

көші-қон картасында келу мақсаты «жұмыс» деп қоюға міндетті емес. 

Еңбек   етушінің   Қазақстан   Республикасы   аумағында   болу   мерзімі   еңбек   немесе

азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімімен анықталады.



Д.П.

Демиденко

(РесейФедерациясы):

 Еуразиялық

экономикалық   одақ   туралы   2014   жылғы   29   мамырдағы   шарттың   97-бабы   6   және   8-

тармақтарына сәйкес мүше мемлекеттердің Ресей Федерациясына келетін азаматтары олар

шетел төлқұжатын көрсетсе, көші-қон картасын толтырудан босатылады. Азаматтар

ішкі

құжат бойынша келген жағдайда, олар көші-қон карталарын толтыруға міндетті.



Сондай-ақ, Ресей Федерациясы заңнамасымен көші-қон карталарын оларды Ресей

Федерациясы   аумағына   келген   кезде   толтырмаған   жағдайда   ел   ішінде   алу   мәселесі

реттелмегенін хабарлады.

Ресей   Федерациясы   аумағына   келген   кезде   мүше   мемлекеттің   еңбек   етушілері

көші-қон картасында келу мақсаты «жұмыс» деп қоюға міндетті емес. 

Еңбек   етушінің   Ресей   Федерациясы   аумағында   болу   мерзімі   еңбек   немесе

азаматтық-құқықтық   шарттың   қолданылу   мерзімімен   анықталады.   Мерзімсіз   шарт

жасаған жағдайда уақытша болу мерзімі 1 жылмен шектеледі.

Ресей   Федерациясы   және   Қазақстан   Республикасы   арасындағы   Ресей

Федерациясы   азаматтарының   Қазақстан   Республикасы   аумағында   және   Қазақстан

Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясы аумағында  болу тәртібі туралы 2012

жылғы   7   маусымдағы   Келісімге   азаматтардың   көші-қон   карточкаларын

(карточкаларын)



7

ШЕШТІ:

1.

Мүше   мемлекеттерден   шекаралық   қызметтер   мен   ішкі   істер   органдары



бөлімшелерінің мекенжайына Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29

мамырдағы Шарт нормаларын Тараптар мемлекеттерінің аумақтарына 30 тәуліктен кем

мерзімге және шетел төлқұжаты бойынша келетін азаматтар үшін көші-қон картасын

(карточкаларын)   толтырмау   мүмкіндігі   бөлігінде   түсіндіріп   ақпараттық   хаттарды

жіберсін;

2.

Комиссия   мүше   мемлекеттердің   нормативтік   құқықтық   базасының



Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы Шарт нормаларына

сәйкестілігін   талдауды   жүргізсін,   қажеттілік   жағдайында,   Комиссия   Алқасының

қарауына құқықтық қайшылықтарды жою туралы ұсынымдарды шығарсын.

4.

Екі жақты халықаралық шарттарды жасау туралы. 

Т.М.   Сүлейменов   (Комитет   Төрағасы):  болу   режимдерін   біріздендіру

мақсатында   және   Армения   Республикасының   Кедендік   одаққа   және   Беларусь

Республикасы,   Қазақстан   Республикасы   және   Ресей   Федерациясы   Бірыңғай

экономикалық   кеңістігіне   қосылу   бойынша   Іс-шаралар   жоспарының   («жол

картасының») тармақтарына сәйкес (Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2013

жылғы 24 желтоқсандағы №56 шешімімен бекітілген) Тараптардың сәйкес екі жақты

халықаралық   шарттарды   жасау   және   мүше   мемлекеттердің   нормативтік   құқықтық

базасына өзгертулерді қосу қажеттілігі туралы пікірлерін тыңдау ұсынылады.

Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Беларусь Республикасы

мен   Ресей   Федерациясы   азаматтардың   қозғалу,   Одақтық   Мемлекеттер   мүше

мемлекеттерінің   аумақтарында   болу   және   тұру   орнын     таңдау   еркінділігіне   тең

құқықтарын қамтамасыз ету туралы 2015 жылғы 6 наурызда қол қойылған 2006 жылғы

24   қаңтардағы   Келісімге   өзгертулер   енгізу   туралы   Хаттамаға   сәйкес   осы   Келісім

қатысушылары   азаматтары   үшін   болу   мерзімі   90   күнге   дейін   өзгертілді,   осы

нормаларды Тараптар мемлекеттерінің аумақтарындағы мүше мемлекеттердің барлық

азаматтарға қатысты тарату ұсынылады.



Армения Республикасы (ұстаным жазбаша көрсетілген):

ЕАЭО мүше  мемлекеттердің  барлық  азаматтары  үшін  барлық  осы  мемлекеттер

аумақтарында   есепке   қоймай   болудың   бірыңғай   мерзімінің   қолданылуы   орынды.

Осыны   негізге   ала   отырып,   Комиссия   алқасының   отырысына   мынадай   мәселелерді

шығару туралы шешімдерді қабылдауды қолдаймыз.

1. «Комиссия Алқасының мүше мемлекеттер үкіметтеріне Армения Республикасы

және   Ресей   Федерациясы,   Беларусь   Республикасы   және   Қазақстан   Республикасы,

Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы екі жақты халықаралық

шарттарға   азаматтарды   келуін   90   күн   ішінде   мемлекеттің   құзыретті   органдарында

тіркеу (болатын орны бойынша есепке қою) міндетінен босатуды қарайтын өзгертулерді

енгізу туралы хаттамаларды әзірлеу бойынша ұсынымдары туралы».

2.

«Комиссия   Алқасының   мүше   мемлекеттер   үкіметтеріне   екі   жақты



халықаралық шарттарды жасау бойынша ұсынымдар туралы:


8

Армения   Республикасы   және   Беларусь   Республикасы   арасындағы   Армения

Республикасы     азаматтарының   Беларусь   Республикасы   аумағында   және   Беларусь

Республикасы азаматтарының Армения Республикасы аумағында болу тәртібі туралы

келісім,

оған   сәйкес   осы   мүше   мемлекеттер   азаматтары   келуді   мемлекеттің   құзыретті

органдарында 90 күн ішінде тіркеу (болатын орны бойынша есепке қою) міндетінен

босатылады;

Армения   Республикасы   және   Қазақстан   Республикасы   арасындағы   Армения

Республикасы    азаматтарының   Қазақстан Республикасы  аумағында және   Қазақстан

Республикасы азаматтарының Армения Республикасы аумағында болу тәртібі туралы

келісім, оған сәйкес осы мүше мемлекеттер азаматтары келуді мемлекеттің құзыретті

органдарында 90 күн ішінде тіркеу (болатын орны бойынша есепке қою) міндетінен

босатылады».

Сондай-ақ,   Армения  

  Беларусь   Республикасымен   және   Қазақстан

Республикасымен   реадмиссия   туралы   екі   жақты   келісімдерді   әзірлеу   және   жасау

бойынша келіссөздерді бастауға дайын екенін хабарлаймыз. Осыны негізге ала отырып,

Комиссия   алқасының   отырысына   мынадай   мәселені   шығару   туралы   шешімдерді

қабылдауды қолдаймыз:

3.

«Комиссия   Алқасының   мүше   мемлекеттер   үкіметтеріне   екі   жақты



халықаралық шарттарды жасау бойынша ұсынымдар туралы:

Армения   Республикасының   Үкіметі   мен   Беларусь   Республикасының   Үкіметі

арасындағы реадмиссия туралы келісім;

Армения   Республикасының   Үкіметі   мен   Қазақстан   Республикасының   Үкіметі

арасындағы реадмиссия туралы келісімі».

А.Т.   Татура   (Беларусь   Республикасы):  Беларусь   Республикасы   мен   Ресей

Федерациясы арасында Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтардың

қозғалу, Одақтық Мемлекеттер  мүше мемлекеттерінің  аумақтарында  болу және тұру

орнын     таңдау   еркіндігіне   тең   құқықтарын   қамтамасыз   ету   туралы   2006   жылғы   24

қаңтардағы   Келісімге   өзгертулер   енгізілген   өзгертулер   осы   Келісімге   қатысушы

мемлекеттер азаматтары үшін болу мерзімін 90 күнге дейін ұзартты (Хаттамаға 2015

жылғы 3 наурызда қол қойылды және ратификациялаудан кейін күшіне енеді).

Сонымен бірге, қабылданған шешім тиімділігін бағалау үшін оны күшіне енгеннен

кейін тәжірибелік «сынау» қажет.

Қазіргі   уақытта   Беларусь   Республикасы   мен   Қазақстан   Республикасы   арасында,

сондай-ақ     Ресей   Федерациясымен   қолданыстағы   екі   жақты   халықаралық   шарттарға

сәйкес мүше мемлекеттердің қалған санаттары да ЕАЭО мүше мемлекетінің аумағына

келу уақытынан бастап 30 тәулік ішінде тіркеу міндетінен босатылады, біздің пікіріміз

бойынша, мүше мемлекеттің   Беларусь Республикасына еңбек қызметін жүзеге асыру

үшін   келген   азаматына   өз   құқықтарын   іске   асыру   үшін   тіркеусіз   30   тәулік   болу   да

жеткілікті.

Осылайша, ЕАЭО мүше мемлекеттері азаматтарының болу мерзімін 90 күнге дейін

ұзарту туралы мәселені қарау мезгілсіз деп санаймыз.   

Сондай-ақ,   Армения   Республикасы     азаматтарының   Беларусь   Республикасы

аумағында   және   Беларусь   Республикасы   азаматтарының   Армения   Республикасы




9

аумағында   келу   күнінен   бастап   30   күн   бойы   тіркеусіз   болу   мәселелерін   Беларусь

Республикасы   Үкіметі   мен   Армения   Республикасы   Үкіметі     арасындағы   Беларусь

Республикасы   азаматтарының   және   Армения   Республикасы   азаматтарының   өзара

визасыз сапарлары туралы 2002 жылғы 6 маусымдағы келісімге өзгерістер енгізу туралы

хаттамамен реттеуді ұсынды.

Бір мезгілде Армения Республикасы Үкіметі  мен Беларусь Республикасы Үкіметі

арасында реадмиссия туралы Келісім жасау бойынша жұмыс жүргізілетінін хабарлады.



Е.А.   Байбатшин   (Қазақстан   Республикасы):  Тараптар   мемлекеттерінің

аумақтарында мүше мемлекеттер азаматтарының тіркеусіз болу мерзімін 90 күнге дейін

ұзарту мезгілсіз деп санайды.    

Сондай-ақ,   Армения   Республикасы     азаматтарының   Қазақстан   Республикасы

аумағында   және   Қазақстан   Республикасы   азаматтарының   Армения   Республикасы

аумағында   келу   күнінен   бастап   30   күн   бойы   тіркеусіз   болу   мәселелерін   Қазақстан

Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі  арасындағы  азаматтарының

өзара визасыз сапарлары туралы 2006 жылғы 6 маусымдағы келісімге өзгерістер енгізу

туралы хаттамамен реттеуді ұсынды.

Бір мезгілде Армения Республикасы Үкіметі  мен Қазақстан Республикасы Үкіметі

арасында реадмиссия туралы Келісім жасау бойынша жұмыс жүргізілетінін хабарлады.

Д.П. Демиденко (Ресей Федерациясы):  Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында

ЕАЭО мүше мемлекеттер азаматтарының келу күнінен бастап тіркеусіз болу мерзімін 90

күнге дейін ұзарту мезгілсіз деп санайды.    

Бірмезгілде   Армения   Республикасымен   жасалған   халықаралық   шарттар   туралы

хабарлады:

-   Армения   Республикасы   Үкіметі     мен   Ресей   Федерациясы   Үкіметі   арасында

Армения   Республикасы   азаматтарының   Ресей   Федерациясы   аумағында   және   Ресей

Федерациясы   азаматтарының   Армения   Республикасы   аумағында   болу   тәртібі   туралы

2014 жылғы

11   шілдедегі   келісім   (2014   жылғы   11   тамызда   күшіне   енді,   Тараптар

азаматтарының Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында келу күнінен бастап тіркеусіз

30

тәулік болу құқығын бекітеді);



-

Армения   Республикасының   Үкіметі   мен   Беларусь   Республикасының

Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы 2010 жылғы 20 тамыздағы келісім (

31

2011 жылғы мамырда күшіне енді).



ШЕШТІ:

1.

Тараптар   мемлекеттерінің   аумақтарында   ЕАЭО   мүше   мемлекеттері



азаматтарының тіркеусіз болу мерзімін 90 күнге дейін ұзарту мезгілсіз деп саналсын.    

2.

Комиссия   Комиссия   Алқасының   кезекті   отырысының   күн   тәртібіне



мынадай мәселелерді қосу үшін материалдарды дайындасын:

2.1


«Комиссия   Алқасының   мүше   мемлекеттерінің   үкіметтеріне   екі   жақты

халықаралық   шарттарға   өзгертулерді   енгізу   туралы   хаттамаларды   әзірлеу   бойынша

ұсынымдары туралы:



1

0

-



Беларусь   Республикасының   Үкіметі   мен   Армения   Республикасының

Үкіметі арасындағы Беларусь Республикасы мен Армения Республикасы азаматтарының

өзара визасыз сапарлары туралы 2002 жылғы 6 маусымдағы келісімі;

-

Қазақстан   Республикасының   Үкіметі   мен   Армения   Республикасының



Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы 2006 жылғы 6 қарашадағы

келісімі.

2.2

«Комиссия   Алқасының   мүше   мемлекеттер   үкіметтеріне   екі   жақты



халықаралық шарттарды жасау бойынша ұсынымдар туралы:

-

Армения   Республикасының   Үкіметі   мен   Беларусь   Республикасының



Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісім;

-

Армения   Республикасының   Үкіметі   мен   Қазақстан   Республикасының



Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімі».

5.   Еуразиялық   экономикалық   одақ   туралы   2014   жылғы   29   мамырдағы

Шарттың «Еңбек көші-қоны» XXVI тарауының 96-98-баптарын және «Тараптар

еңбек етушілеріне және олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету

туралы» №30 қосымшасын, сондай-ақ үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек

көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы 2010 жылғы 19

қарашадағы келісімді іске асыруды мониторингілеу туралы.

С.Б. Әлиев (Комиссия): еңбек көші-қоны саласындағы Одақтың құқығына кіретін

халықаралық   шарттарды   мүше   мемлекеттермен   іске   асыруын   мониторингтеудің

қолданыстағы   тетігі   туралы,   сондай-ақ   осы   салада   статистикалық   ақпаратты     мүше

мемлекеттермен ұсынудың нысандары туралы хабардар етті.



А.Т.   Татура   (Беларусь   Республикасы):  көрсетілген   халықаралық   шарттарды

мониторингілеу   шеңберінде   оларды   іске   асырумен   байланысты   проблемалық

мәселелерді анықтау және оларды шешу бойынша келісілген шешімдерді тұжырымдау

бойынша нысаналы жұмысты жүргізу қажет деп санайды.

Тараптар   мемлекеттерінің   уәкілетті   органдарымен   берілетін   ақпарат   бірізділігі

мақсатында   жоғарыда   аталған   халықаралық   шарттарды   іске   асыру   шеңберінде

ынтымақтастықтың   айтарлықтай   өзекті   бағыттары   бойынша   мәселелердің   нақты

тізбесін белгілеу қажет  деп санайды.

Еуразиялық   экономикалық   комиссиямен   ұсынылған   нысандар   бойынша

статистикалық   деректермен   алмасу   мәселесі   бойынша   Тараптар   мемлекеттерінің

азаматтары   болып   табылатын   еңбек   етушілер   саны   туралы   мәліметтермен   алмасу

қажеттілігін қолдайды.

Үшінші   мемлекеттерден   келген   азаматтардың   еңбек   қызметін   жүзеге   асыру

тәртібін бұзу саны туралы мәліметтермен алмасуды орынсыз деп санайды.



Е.А.   Байбатшин,   А.Ж.   Қаржаубаев   (Қазақстан   Республикасы):  мүше

мемлекеттер азаматтары болып табылатын еңбек етушілер саны туралы мәліметтермен

алмасуды жүзеге асыруды ұсынып, Беларусь Республикасының ұсынысын қолдады.

Қажеттілік   жағдайында   үшінші   мемлекеттерден   келген   азаматтардың   еңбек

қызметін жүзеге асыру тәртібін бұзу саны туралы мүше мемлекеттермен заңсыз көші-

қонға қарсы күрес мәселелері жөніндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымына




1

1

мүше   мемлекеттердің   құзыретті   органдары   басшыларының   Үйлестіру   кеңесіне



берілетін мәліметтерді қолдану орынды деп санайды.  

Д.П. Демиденко (Ресей Федерациясы): Беларусь Республикасы және Қазақстан

Республикасы ұсынысын қолдады.



ШЕШТІ:

1.

Комиссия   бір   айлық   мерзімде   көрсеткіштер   жиынтығын,   Комиссияға



Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың «Еңбек

көші-қоны» XXVI тарауының 96-98-баптарын және «Тараптар еңбек етушілеріне және

отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету туралы» №30 қосымшасын іске асыру

бойынша ақпаратты Комиссияға ұсыну форматын әзірлесін және Тараптарға пысықтау

үшін жіберсін. 

2.

Тараптар   қажеттілік   жағдайында   Комиссия   атына   өз   ұсыныстарын



жіберсін.

3.

Тараптармен   Комиссияға   ақпаратты   жартыжылда   1   рет   беру   мерзімі



белгіленсін.

6.   Еуразиялық   экономикалық   одақтың   ішкі   шекараларында   шекаралық

бақылауды жеңілдету бойынша ұсыныстарды тұжырымдау туралы.

 С.Б. Әлиев (Комиссия): Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29

мамырдағы Шарттың 97-бабы 7 және 8 тармақтарымен Еуразиялық экономикалық одақ

(бұдан әрі - ЕАЭО) шекараларында шекаралық бақылауды жеңілдету мәселесі ішінара

реттелгенін ақпараттандырды. 

ЕАЭО  мүше   мемлекеттерінің   азаматтары   үшін   шекаралық  бақылауды  одан   әрі

жеңілдету   үшін   азаматтардың   ЕАЭО   мүше       мемлекеттер   шекараларынан

басымдылықты өту мүмкіндігін

(жолаушылар   ағынын   ЕАЭО   мүше   мемлекеттерінің   азаматтары   үшін   ғана   өткізу

атқарымдарын жүзеге асыру үшін, оның ішінде «ЕАЭО мүше мемлекеттерінің азаматтары

үшін»   арнайы   ақпараттық   таблосымен,   жолаушыларды   тасымалдау   терминалдарында

(әуежайларда,   аэродромдарда,   теңіз,   өзен   порттарында,   теміржол,   автомобильдер

вокзалдары  мен станцияларында) өткізудің бар жеке (төлқұжаттық  бақылау) пунктерін

қайта   жабдықтау   жолымен   ЕАЭО   мүше   мемлекеттерінің   азаматтарына   және   үшінші

елдердің азаматтарына бөлу) талқылауды ұсынды.



Армения Республикасы (ұстаным жазбаша көрсетілген):

Азаматтардың   ЕАЭО   мүше   мемлекеттердің   шекараларынан   басымдылықты   өтуді

қамтамасыз ету мүмкіндігін талқылау бойынша өз келісуімізді білдіреміз. Жолаушылар

ағындарын   ЕАЭО   мүше   мемлекеттерінің   азаматтарына   және   үшінші   елдердің

азаматтарына бөлуден басқа, ЕАЭО мүше мемлекеттері азаматтарының шекарадан өтудің

«жеңілдеу» рәсімін белгілеу мүмкіндігін де қарауды ұсынамыз.



А.Т. Татура (Беларусь Республикасы):  Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі

шекараларында шекаралық бақылауды жеңілдету мәселесі Беларусь Республикасы және




1

2

Ресей   Федерациясы   арасындағы   ішкі   шекарада   шекаралық   бақылау   болмағандықтан



Беларусь   Республикасы   Мемлекеттік   шекаралық   комитеті   үшін   өзекті   болып

табылмайтынын, ал «Минск» ұлттық әуежайында жүзеге асырылатын шекаралық бақылау

рәсімі оңтайлы болып табылатынын және әуежай мүмкіндіктері мен оның жұмыс істеуінің

техникалық регламенттерімен шартталғаны туралы ақпараттандырды.



И.В. Черепков (Қазақстан Республикасы):  Кедендік одақ мүше мемлекеттерінің

азаматтары үшін жеке арналармен (бағыттармен) бақылаудың белгіленген түрлерін жүзеге

асыру үшін   Кедендік  одақ  мүше  мемлекеттерінің   сыртқы   шекарасы   арқылы   (Кедендік

одақтың   кедендік   аумағына   келу   немесе   осындай   аумақтан   кету   орындарында)   өткізу

пунктерінде жабдықтау мүмкіндігі Кедендік одақтың 2010 жылғы 18 қарашадағы №499

Шешімімен шартталғанын ақпараттандырды.

Азаматтар ағындарын

ЕАЭО мүше мемлекеттерінің

азаматтарына және үшінші елдерден келген азаматтарға бөлу қажеттілігі өткізудің

қолда бар жүйесі бүгінгі күні оңтайлы болып табылатын әуежайларда ғана бар.

Осы   сәттегі   жағдай   бойынша   Еуразиялық   экономикалық   одақтың   ішкі

шекараларында шекаралық бақылауды одан әрі жеңілдету қажеттілігі жоқ.



ШЕШТІ:

Тараптар   мемлекеттерінің   мемлекеттік   шекарасын   өткен   кезде   одан   мүше

мемлекеттер   азаматтарының   өту   басымдылығын   қамтамасыз   ету   мақсатында   Тараптар

шекаралық бақылаудан өту рәсімін оңтайландыру мүмкіндігіне талдау жасасын.



7 Консультативтік кеңестің кезекті отырысын жүргізу туралы

Комитет төрағасының осы мәселе бойынша ақпараты тыңдалды. ШЕШТІ:

1.

 Консультативтік кеңестің кезекті отырысы Ресей Федерациясында 2015



жылдың   3-тоқсанында   өткізілсін.   Күні   мен   орны   туралы   қосымша   хабарланатын

болады.


2.

Консультативтік   комитет   мүшелері   Консультативтік   кеңестің   кезекті

отырысының   күн   тәртібіне   қосу   үшін   ұсыныстарды   Консультативтік   комитетке

белгіленген мерзімде жіберсін.

Консультативтік Комитеттің

жауапты хатшысы 

/қолы/ С.Б. Әлиев



Еуразиялық

Көші-қон саясаты жөніндегі Консультативтік комитеттің отырысы 

қатысушыларының 

құрамы

Астана қ.

2015 жылғы 8 сәуір

Беларусь Республикасынан

1.

МУРАШКЕВИЧ



НАТАЛЬЯ

ВЛАДИМИРОВНА

Еңбек және әлеуеттік қорғау министрлігінің 

зейнетақымен қамтамасыз ету бас басқармасының 

бастығы

2.

ТАТУРА АЛЕКСАНДР 



ТИХОНОВИЧ

Ішкі істер министрлігі Азаматтық және көші-қон  

жөніндегі департамент бастығының орынбасары

Қазақстан Республикасынан

3.

ЖАҚСЫЛЫҚЫВ ТИМУР 



МЕКЕШҰЛЫ

ұлттық экономиканың вице-министрі

4.

ЖАҚЫПОВА СВЕТЛАНА 



ҚАБЫКЕНҚЫЗЫ

денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-

министрі

5.

ПЕРНЕБАЕВА ЖҰЛДЫЗ 



ҮСЕНҚЫЗЫ

Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік, 

көші-қон саясаты және мемлекеттік органдарды 

дамыту департаменті директоры

6.

КӨЗЖАНОВА МАЙРАШ 



САПАРБЕКҚЫЗЫ

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік 

сақтандыру департаментінің директоры 

7.

ҚАРЖАУБАЕВ АСЛАН 



ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті 

төрағасының орынбасары

8.

БУСС ВИКТОР 



ЭВАЛЬТОВИЧ

Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік, 

көші-қон саясаты және мемлекеттік органдарды 

дамыту департаменті директорының орынбасары

9.

ИБРАЙ ТАЛҒАТ 



ҚАРЕКЕЙҰЛЫ

Шетел істер министрлігі Еуразиялық интеграция 

департаменті директорының орынбасары

10. БАЙБАТШИН ЕРКІН 

ӘУБӘКІРҰЛЫ

Ішкі   істер   министрлігі   Көші-қон   полициясы

департаменті бастығының орынбасары



15

11.


ИВАНОВ

АНДРЕЙ АРКАДЬЕВИЧ

ҰҚК ШҚ шекаралық бақылау басқармасы 

бастығының УМА

12.

ӘДИЕТ ҚАРЛЫГАШ



Шетел істер министрлігі консулдық қызмет 

департаментінің кеңесшісі

13.

АХМЕТОВ ҚАЗБЕК 



СЫРЫМБЕКҰЛЫ

ІІД Көші-қон полициясы департаментінің аға 

инспекторы

14.


ТӨЛЕУТАЕВА ТІЛЕУЛЕС 

ШІЛДЕБАЙҚЫЗЫ

ІІД Көші-қон полициясы департаментінің ерекше 

тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы

15.

ЧЕРЕПКОВ ИГОРЬ 



ВЯЧЕСЛАВОВИЧ

ҰҚК ШҚ сарапшысы



Ресей Федерациясынан

16.


КОМАРОВА 

СВЕТЛАНА 

ВЛАДИМИРОВНА

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 

Зейнетақымен қамтамасыз ету департаменті 

директорының орынбасары

17.

ДЕМИДЕНКО 



ДМИТРИЙ ПАВЛОВИЧ

Ресей ФКҚҚ шетел азаматтарымен жұмыс жасауды

ұйымдастыру департаменті Басшысының 

орынбасары

18.

МОРОЗОВА ЕЛЕНА 



СЕРГЕЕВНА

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 

Құқықтық және халықаралық қызметінің 

департаменті ТМД елдері бөлімінің бастығы



Шақырылғандар

19.


ТАНЦОРОВ ЛЕОНИД 

ПЕТРОВИЧ


заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселелері жөніндегі

ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің құзыретті органдары 

басшыларының Үйлестіру кеңесін Хатшысының 

орынбасары, ҰҚШҰ Секретариаты сын-тегеуріндері

мен қатерлерге қарсы іс-қимыл жасау 

басқармасының кеңесшісі

20.

ЖҰМАГЕЛДИЕВА ГҮЛНАР 



АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы 

төрағасының орынбасары

21.


ТӨЛЕГЕНОВА БИНАРА 

КЕҢЕСҚЫЗЫ

«Атамекен» ҰКП Әлеуметтік-еңбек қатынастары 

департаментінің 1 санаттағы сарапшысы



Еуразиялық экономикалық комиссиядан

22. СҮЛЕЙМЕНОВ ТИМУР 

МҰРАТҰЛЫ

Алқа мүшесі, экономика және қаржылық саясат 

министрі,  Консультативтік комитет Төрағасы

23. ИБРАЕВ

ИЛЬЯС ЕЛУБАЙҰЛЫ

- Экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа 

мүшесінің (Министрдің) көмекшісі



24. ӘЛИЕВ

САМАТ БИКИТАЙҰЛЫ

Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті 

директорының орынбасары, Консультативтік 

Комитеттің жауапты хатшысы

25.


ФУРАЕВ ДМИТРИЙ 

ВИКТОРОВИЧ

Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің еңбек 

көші-қоны бөлімінің кеңесшісі

26. СҮЙІМБАЕВА ДАНА 

НҰРЛАНҚЫЗЫ

Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің еңбек 

көші-қоны бөлімінің бас маманы-сарапшысы



Document Outline

  • БЕКІТЕМІН
  • 1. Консультативтік комитет құрамына енгізілген өзгертулер туралы.
  • ШЕШТІ:
  • 2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбек етушілерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Шарт жобасымен жұмыс жасау барысы туралы
  • Армения Республикасы (ұстаным жазбаша көрсетілген):
  • ШЕШТІ:
  • Армения Республикасы (ұстаным жазбаша көрсетілген):
  • ШЕШТІ:
  • 4. Екі жақты халықаралық шарттарды жасау туралы.
  • Армения Республикасы (ұстаным жазбаша көрсетілген):
  • ШЕШТІ:
  • ШЕШТІ:
  • 6. Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі шекараларында шекаралық бақылауды жеңілдету бойынша ұсыныстарды тұжырымдау туралы.
  • Армения Республикасы (ұстаным жазбаша көрсетілген):
  • ШЕШТІ:
  • 7 Консультативтік кеңестің кезекті отырысын жүргізу туралы
  • Еуразиялық
  • Астана қ. 2015 жылғы 8 сәуір

жүктеу 136,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау