Бекітемін қэф деканы Эрназаров Т. Я. 200 ж. Құрастырушы: аға оқытушы Еркебаева Г. А экономикалық теория кафедрасы Әдістемелік нұсқау



жүктеу 0,65 Mb.
бет2/2
Дата01.12.2017
өлшемі0,65 Mb.
#2547
түріМетодические указания
1   2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
Экономикалық теория кафедрасы


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

курстық жұмысты орындауға арналған


«Экономикалық теория» пәні бойынша

050506 «Экономика», 050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит» мамандықтарының студенттері үшін



Павлодар

Лист утверждения к методическим указаниям

Ф СО ПГУ 7.18.1/05




БЕКІТЕМІН

ҚЭФ деканы

___________Эрназаров Т.Я.

«___»___________200__ж.


Құрастырушы: аға оқытушы_________________ Еркебаева Г.А


Экономикалық теория кафедрасы
Әдістемелік нұсқау

курстық жұмысты орындауға арналған


«Экономикалық теория» пәні бойынша
050506 «Экономика», 050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит» мамандықтарының студенттері үшін

Кафедра отырысында Ұсынылады

«___»_____________200__ж., хаттама №___
Кафедра меңгерушісі ________________ Байтаева Г.Р.

(қолы)
Қаржы-экономикалық факультетінің ОӘК Мақұлданды

«___»___________200__ж., хаттама №___

ОӘК төрайымы ___________________ Сидорова Л.А.

(қолы)

1 Кіріспе
Курстық жұмыс студенттердің «Экономикалық теория» пәнін зерделеу кезеңінде орындайтын ғылыми зерттеулерінің көлемі мен мазмұнын қорытынды түрінде көрсететін дербес орындалатын талдама және студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары жүйесіндегі маңызды саты болып табылады. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты студенттердің білімін тереңдету.

Курстық жұмысты орындау студенттен жүйелі түрде жұмыс істеуді талап етеді. Сондықтан тақырыпты бекітіп алғаннан кейін оған қатысты әдебиеттерді зерделеп, олардың тізімін жасап бұл тақырыпқа байланысты концепцияларды, көзқарастарды жан-жақты қарастыру қажет.

Курстық жұмысты орындаудың негізігі міндеттері:


  • студенттің алған білімін бекіту және тереңдету;

  • әдебиетпен дербес жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және бекіту;

  • студенттің өз білімін тәжірибеде қолдана білу дағдысын қалыптастыру:

Курстық жұмысты орындаудың алдында ұсынылған әдістемелік нұсқаулармен мұқият танысып жұмысқа қойылатын талаптарды нақты білу керек.
2 Экономикалық теория пәні бойынша курстық жұмысты орындауға және рәсімдеуге арналған әдістемелік нұсқаулар
Алдымен курстық жұмыстың тақырыбын таңдап алу қажет болады. Тақырып дұрыс анықталса, онда жұмыс та белгіленген мерзімде орындалады. Курстық жұмыстың тақырыбын студент өзі дербес таңдап алады және ғылыми жетекшісімен бекітіледі. Бір топтағы студенттердің арасында тақырып қайталанбауы тиіс. Егер де таңдап алынған тақырып бірыңғай болса, онда басымдыққа ғылыми жетекшісімен тақырыбын бірінші болып бекіткен студент ие болады немесе бұл мәселе студенттердің өзара келісімі бойынша шешілуі мүмкін.

Тақырыпты саналы да мақсатты түрде таңдайды. Ол үшін тақырыптың теориялық мән-мазмұнын, негізгі сұрақтарын және мақсаттық проблемаларын қолдағы бар әдебиет оқулықтардан алдын-ала оқып біліп алған дұрыс болады.

Курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар:


  • теоретикалық ережелердің ағымдағы нақты экономикалық үдерістермен байланысы;

  • жұмыста қолданылған нақты материалдарды талдай және қорытындылай білу;

  • жұмыс жоспарын жасау (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды);

  • жұмыстың ғылыми аппаратын дұрыс рәсімдеу (сілтеме, түсіндірме, қолданылған әдебиеттердің тізімі);

  • жұмыс мәтінін жоспарға сәйкес баяндау;

  • курстық жұмыстың көлемі стандартты қағаздың (А-4) бір жақ бетінде компьютерде 1 интервалдық тәртіппен терілген 20-25 беттік мәтінін құрайды.

Курстық жұмысты орындай үдерісі келесі кезеңдерден тұрады:

  • тақырыпты таңдау

  • ғылыми әдебиеттерді зерделеу және библиографияны құрастыру;

  • зерттеудің жұмыс бағдарламасын әзірлеу және теоретикалық, статистикалық ақпараттарды жинау;

  • жиналған материалдарды қорытындылау және жұмыстың жеке тарауларын жазу;

  • жетекшінің ескертулерін есепке алу негізінде мәтінді соңғы өңдеу;

  • курстық жұмысты рәсімдеу және оны қорғауға даярлау;

  • курстық жұмысты қорғау.

Курстық жұмыстың мәтіндік бөлімі титулдық беттен, мазмұннан, кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Жалпы кез-келген тақырыптық курстық жұмысты негізінен үш бағытта анықтап жазған ұтымды. Біріншіден, курстық жұмыстың тақырыбын категориялық – анықтамалық түрде талдап жазады. Екіншіден, курстық жұмыста қаралатын тақырыптың негізгі мәселесі жүйелі түрде, белгілі бір экономикалық модель (концепция), шаруашылық механизм ретінде суреттеледі. Үшіншіден, осылай категориялық және теориялық деңгейде толық анықталған проблеманы, Қазақстанның нақты экономикалық-әлеуметтік жағдайларымен байланыстыра отырып, оның тәжірибелік-практикалық бағытын ашып беру-курстық жұмыстың түпкі мақсаты болады.

Осылай анықталған курстық жұмыстың ішкі мазмұндық логикасы мен құрылымына сәйкес оның (курстық жұмыстың) мазмұны жасалады.

Мазмұны- бұл студенттің курстық жұмысы бойынша жол нұсқағыш. Жұмыстың мазмұны алынған тақырыптың мазмұнын толық және жан-жақты баяндап талдауға жол ашатын түрде анықталып қойылған сұрақ-мәселелерден құралады. Ол кіріспенің алдында болады.

Бірінші сұрақ тақырыптың мәнін ашатын категориялар мен принциптерге арналып қойылады. Екінші сұрақ тақырыптың экономикалық мазмұнын суреттейтін механизм- модель ретінде Қазақстанның шаруашылық жағдайларымен байланыстыра баяндап беруге арналғаны дұрыс болады.

Сонымен курстық жұмыстың тақырыбы: 1) категориялық, 2) теориялық, 3) тәжірибелік деңгейде анықталады. Осы айтылған үш бағыт курстық жұмыстың негізгі мазмұндық бөлімі болады. Бұдан басқа, жұмыстың кіріспе және қорытынды бөлімдері де беріледі.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, қаралатын негізгі сұрақ мәселелері, жұмыстың теориялық және тәжірибелік мақсаттары қысқаша анықталады. Кіріспе ықшамдалып, қысқаша 1-2 бетке жазылып беріледі. Кіріспе 3-ші беттен басталады. Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады.

Сондай-ақ, жұмыстың соңында жоспарда қойылған және негізгі бөлімде баяндалып жазылған сұрақтардың түйіндері тұжырымдалып, қорытынды ретінде 1-2 бетке ықшамдалып беріледі. Соңында қолданылған әдебиеттер тізім және қосымша материалдар тіркеледі.

Курстық жұмысқа қойылатын тағы да бір талап- ол жұмысты белгіленген тәртіпке сай дұрыс безендірілуі.

Әдетте 2-3 тараудан тұратын негізгі бөлімде ғылыми дәлелдерге негізделген теоретикалық ережелерді, курстық жұмыста ресми құжаттарды, Қазақстан материалдарын қолдану қажет және қаралған сұрақтарды әртүрлі схемалар, кесте таблицалар, график-схемаларды қолданып баяндау.

Толық орындалып біткен жұмыс жетекшіге тапсырылады. Жетекші жұмысқа өз пікірін білдіреді. Онды бағаланған курстық жұмыс қорғауға жіберіледі.

Қорғауға жіберілмеген жұмыс қайта өңделіп жазылады.

Курстық жұмысты қорғаудың күні мен уақыты оқу жоспарымен белгіленеді.

Жазып орындаған жұмысын студент ауызша ашық түрде, жетекші мен басқа студенттердің алдында, комиссия мүшелерінің қатысуымен қорғайды.

Автор 5-7 минут уақыт мерзімінде курстық жұмыста қаралған мәселелердің мазмұнын толық баяндап беруі керек. Екіншіден, жетекші және комиссия мүшелерінің қойған сауал-сұрақтарына ұтымды жауап беруі қажет. Осылай қорғаудың нәтижесінде курстық жұмыс және оны орындаған студент өзінің қорытынды бағасын алады. Бағасы сынақ ведомысына және студент кітапшасына жазылады, оны растайтын оқытушының қолы қойылады.

Студент бақылаудың қорытынды түрі емтиханға курстық жұмысын қорғағаннан кейін ғана жіберіледі.



«Экономикалық теория» пәні бойынша курстық жүмыстардың тақырыптары
1 АӨК мемлекетті қолдау

2 Қоғамның даму кезеңдерін анықтап талдаудың ғылыми- өдістемелік түжырымдамалары.

3 Осы күнгі экономикалық теорияда экономикалық ресурстар үғымын талдап анықтау бағыттары.

4 Өндіріс факторлары: біріктіру өдістері жөне тиімділік.

5 Табиғат ресурстарының үдайы өндірісі жөне оларды пайдалану тиімділігі.

6 Экологиялық проблемалардың экономикалық аспектілері.



7 Қоғамдық ұдайы өндіріс тұжырымдамалары.

8 Қоғамдық ұдайы өндіріс зандары.

9 Экономикалық өсу: үлгілері жөне факторлары.

10 Қоғамдық шаруашылықтың тарихи үлгілері.

11 Тауарлы шаруашылықтың тарихи үлгілері.

12 Көшпенділік: оның қазақ қоғамының дамуыңдағы орны мен маңызы.

13 Азияалық өндіріс өдісі, оның ерекшелектері және осы күші өлемдегі орны.



14 Н.Феодалдық ондіріс өдісі жағдайында тауар-ақша қатынастарының дамуы.

15 Алғашқы капитал қорын жинау мөселесі жөне оның өртүрлі елдердегі шешімі.

16 Постиндустриалды заманда капитализімнің түтікілікі өзгерістерге үшырауы.

17 Аралас экономика: үлгілері, нақты мүмкіншіліктері.

18 Рынок: мөні, қүрылымы, постсоциалистік экономикада қалыптасу механизімі.



19 Қазақстанда рыноктың қалыптасу ерекшелектері мен зандылықтары.

20 Еңбек рыногы: Қазақстан Республикасында қалыптасу ерекшеліктері жөне проблемалары.

21 Қазақстан Республикасында нарық инфрақүрылымдарының қалыптасу мөселесі.

22 Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы және дамуы.

23 Тауар биржалары: мөні жөне даму бағыттары.

24 Қазақстандық қүнды қағаздар рыногының қалыптасуы.



25 Экономикалық зандар: олардың объетивті сипаты жөне пайдалану механизімі.

26 Сұраным мен ұсыным заңы.

27 Шекті пайдалық теориясы.

28 Ақшаның пайда болуы жөне мәні.



29 Қазақстан Республикасында үлттық валютаны нығайту проблемасы.

30 Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы түрақтандырудағы рөлі.

31 Қазақстанның мемлекеттік бюджеті: қалыптастыру жөне пайдалану проблемасы.

32 Қазақстанның салық саясаты: мақсаттық бағыттары және қызмет атқару механизімі.

ЗЗ Қазақстанның қаржы жүйесі.

34 Инфляция жөне ҚР-ның инфляцияға қарсы саясаты.



35 Нарықты экономикада табыстардың қалыптасуы жене бөлінуі.

36 Халық шаруашылығының құрылымы және Қазақстан Республикасы экономикасында құрылымдық өзгерітердің қажеттілігі.

37 Қазақстан Республикасында инвестициялық саясат.



38 Экономиканы монополиядан тазарту жөне Қазақстанның монополияға қарсы саясаты.

39 Нарықтық экономикаға көшуде мемлекеттің рөлі.

40 Қазақстанның экономикалық жүйесіндегі жеке сектор.

41 Қазақстан экономикасы мемлекеттік секторын жекешелендіру.

42 Көсіпкерліктің мөні, формалары жөне бағыттары.

43 Қазақстанда көсіпкерліктің дамуы.

44 Қазақстанда ауыл шаруашылығын жекешелендіру.

45 Шаруа қожалықтары, олардың даму болашағы.

46 Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: формалары, өдістері, проблемалары.

47 Қазақстан Республикасында жеке меншікің қалыптасу мөселесі.

48 Меншіктің акционерлік формасы: артықшылықтары мен кемшіліктері.



49 ТМД-елдерінің ортақ экономикалық кеңістігін қалыптастыру мөселесі.

50 Әлемнің дамыған елдерінде экономикалық жөне өлеуметтік процестерді мемлекет тарапынан реттеу тәжірибесі.

51 Әлеуметтік-бағытталған рынок концепциясы: өртүрлі елдерде оны қолдану төжірибесі.

52 Орталық жөне Шығыс европа елдеріндегі экономикалық реформалардың мақсаттары, кезендері жөне нөтижелері.

53 ТМД мемлекеттерінде экономиканы реформалау мөселелесі.

54 Қазақстанның төуелсіз мемлекет ретінде экономикалық даму стратегиясы.

55 ¥сақ бизнес: шетелдік төжірибе жөне ҚР-да қалыптасып даму мөселелесі.

56 Осы күнгі ФТР: негізгі белгілері және бастапқы бағыттары

57 ҚР өнеркәсібінде негізгі капиталды жаңартып-ауыстыру мәселесі

58 ҚР-ның өнеркәсіптік –инновациялық саясаты.



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:

1 Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 1988.

2 Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2000.

3 Р.Дорнбуш., С.Фишер. Макроэкономика. Оқулық. Алматы. ҚазМБА.1997

4 Экономиккалық ілімдер тарихы. Оқу құралы. Алматы. Қаз.университеті. 1997

5 Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу құралы. Алматы. 1994

6 Мәдешев Б.Р. нарықтық экономикаға кіріспе. Оқу құралы. Алматы. Экономика, 1995

7 Саяси экономия. Оқулық. – Алматы, Ана тілі, 1992

8 П.Самуэльсон, С.Нордхаус. Экономикс. Оқу құралы. Алматы. 1996

9 Назарбаев Н.Ә./ Қазақстан-2030/. Алматы, 1997.

10 Экономическая теория (политэкономия). Учебник. Под общ.ред. Акад.В.Н.Видяпина, Г.П.Журавлевой.:ИНФРА, 1999

11 Саяси экономия. Оқулық. Медведев В.А., Абалкин Л.И.,Ожерельев О.М. т.б. Алматы, 1991

12 Курс экономической теории. Под.общ.ред.,проф.Чепурина и проф.Киселевой Е.А.-Киров,1994

13 Экономика. Учебник. Под ред Булатова А.С.,М.: БЕК,1994

14 Борисов Е.Ф. экономическая теория. Учебник. М.:Юрист, 1997

15 Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. 2-е изд., М.,/Дело/,1995



16 Макконелл К.Р., Брю С.Л. Экономикс. В 2-х томах. М., «Республика», 1992

Ескерту: Курстық жұмысты орындау кезінде қосымша әдебиеттерді қолдануға шектеу қойылмайды.
жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау