«Бекітемін»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым вице-министрі
______________ М.Н.Сарыбеков
«___»_________________2012 ж.
Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: «Кітапхана ісі» пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектептің кітапхана қызметкерлерін аттестациялауға арналған тест.
2. Мақсаты: Тест кітапхана қызметкерлерінің қызметке даярлығын және ұсынылған біліктілік деңгейіне сәйкестігін анықтау мақсатында құрастырылған.
3. Міндеттері: Кітапхана қызметерлерінің біліктілік деңгейінің талаптарына сәйкестігін анықтау.
4. Тест мазмұны: Тестке негізгі бөлімдердің материалдары енгізілді.
№
|
Тақырып
|
№
|
Тақырыпша
|
Тапсырманың тестідегі орны
|
Қиындық деңгейі
|
1.
|
Мектеп кітапханасының жұмысын ұйымдастыру
|
1.
|
Мектеп кітапханасының қызметін құқықтық-нормалық және нұсқаулық-әдістемелік қамтамасыз ету
|
1
|
В
|
2.
|
Мектеп кітапханасының жоспары мен есебі
|
1.
|
Кітапхана жоспары
|
2
|
С
|
2.
|
Кітапхана есебі
|
3
|
С
|
3.
|
Кітапхана қоры
|
1.
|
Кітапхана қорын толықтыру
|
4
|
В
|
2.
|
Негізгі кітапхана қорының есебі және техникалық өңдеу
|
5
|
С
|
4.
|
Кітапхана қорын орналастыру
|
1.
|
Кітапхана қорын орналастыру, жайластыру және сақтау
|
6
|
В
|
2.
|
Кітапхана қорын тексеру
|
7
|
В
|
5.
|
Анықтама-библиографиялық аппарат
|
1.
|
Каталогтандырудың технологиялық үрдістері
|
8
|
С
|
2.
|
Кітапхананың каталогтар және картотекалар жүйесі
|
9
|
В
|
6.
|
Кітапханалық қызмет көрсету
|
1.
|
Оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетуді есепке алу
|
10
|
В
|
2.
|
Оқушылардың кітап оқуына басшылық жасау
|
11
|
В
|
7.
|
Кітапханада оқырмандарға топтық және көпшілік қызмет көрсету
|
1.
|
Оқырмандарға көпшілік жұмыс жүргізудің ауызша түрлері
|
12
|
А
|
2.
|
Құжаттарды жарнамалаудың көрнекі нысандары
|
13
|
А
|
8.
|
Кітапхананың ақпараттық-библиографиялық жұмысы
|
1.
|
Анықтама-библиографиялық қор
|
14
|
В
|
2.
|
Библиографиялық құралдар
|
15
|
С
|
3.
|
Анықтама-библиографиялық қызмет көрсету
|
16
|
В
|
4.
|
Библиографиялық құлақтандыру
|
17
|
В
|
9.
|
Кітапхананың мектеп оқулықтарымен жұмысы
|
1.
|
Мектеп кітапханасының оқулықтар қорын толықтыру,есепке алу, жайластыру және беру
|
18
|
А
|
10.
|
Қазақстан Республикасының кітапханалар жүйесі
|
1.
|
Қазақстан Республикасының кітапханалар торабы
|
19
|
А
|
11.
|
Мектеп кітапхана қызметінің жаңару үрдістері
|
1.
|
Медиатека, Интернет ресурстар
|
20
|
С
|
Тест тампсырмалары 3 қиындық деңгейінен тұрады:
Бірінші деңгей (А) – 4 тапсырма;
Екінші деңгей (В) – 10 тапсырма;
Үшінші деңгей (С) – 6 тапсырма.
5. Әрбір тапсырманың сипаттамасы:
Кітапхана жұмысының ерекшілігін білу; Мектеп оқу-тәрбие үдерісінің талаптарына сүйене отырып, кітапхананың жалпы нормасын және ережесін білу; жоспары мен есебін сауатты құру, мектеп кітапханасы жұмысының техникасын білу; ақпараттық-библиографиялық жұмысты білу; кітапханаға қатысты компьютерлік тораптар мен ақпараттық технологияларды қолдана білу. Оқырмандардың творчестволық дағдыларын және іс-шараларға қатысуға қызығушылығын арттыру және дамыту. Мамандық таңдауға дайындауда бейін алды оқыту мен бағдарлы білімді меңгеру. Жаңалықтарды іздеу және меңгеру арқылы өз жұмыстарында пайдалану. Кітап көрмелерін ұйымдастырудың іс-әрекетін білу, өзінің жеке көрсеткіштерін бағалау.
6. Тапсырмаларды орындаудың орташа уақыты:
Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 2 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 40 минут.
7. Нұсқаулар мен тапсырмалар саны:
Тест нұсқауларының баламалылығы:
тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;
өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әртүрлі нұсқаларда бір орында келуімен;
барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.
Бір тестіде 20 сұрақ.
8. Тапсырмалар формасы:
Берілген бес нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
9. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін- 1 балл. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл.
10. Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
Білім жүйесінің кітапханаларына арналған кітапхана ісі жөніндегі әдістемелік құралдар / ҚР Білім және ғылым министрлігі. Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана; жауапты ред. А.Ә.Насырова. – 3-ші бас. толықт. – Алматы, 2011. – 204 б.
Мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру: нұсқаулық-әдістемелік ұсыныстар және есептік түрлері / құраст. А.С.Аманова, Г.Ә.Жамболатова; ред. А.А.Насырова.-РҒПК.-Алматы, 2011.-303б.
ҚР Білім және ғылым министрлігі орта, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің кітапханаларына арналған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Кітапханалық – библиографиялық жіктеуінің қысқартылған үлгісі: әдістемелік құрал / құрастырушылар А.Б.Емишова, З.Қ.Қосуақова, Д.Ж.Алпамышева. – Алматы: ҚР БҒМ РҒПК, 2011. – 116 б.
Мектепте кітапхана жўмысын ўйымдастыру. Қўрастырғандар: Райфельд Л.С., Сегізбаева Н.К. Алматы қ., 2003 ж.-42 б.
ҰТО директоры Қ. Әбдиев
Достарыңызбен бөлісу: |