Ауыспалы егістерді игеру және енгізу
Ауыспалы егістерді жоспарлауға кірісу үшін шаруашылықтың мамандандырылу бағытына сәйкс келетін оңтайлы және оның келешек дамуына жол ашатын егіс көлемінің құрылымын жасау керек. Бұл — үлкен және жауапты жұмыс. Сондықтан оны жан-жақты талдап, талқылап, агротехникалық, экономикалық және экологиялық тұрғыдан нақтылы шаруашылық жағдайында тиімділігін дәлелдеу керек. Одан әрі ауыспалы егістерді жасауға кіріскенде мына қағидалары басшылыққа алу қажет. Олар: топырақтың сапасы мен агроландшафтаттың мүмкіншілігін дұрыс пайдалану; ауыспалы егістердің түрлері мен саны; әрқайсысының алатын жер көлемі; әрбір танаптың мөлшері; дақылдарды өсіру технологиясын жүзеге асырғанда (механикаландыру, суландыру т.б) кедергілер болмауы мен тиімділігі; жол жүйесін дұрыс орналастыру; шаруашылықтың даму деңгейіне үйлесімді ауыспалы егістердің экономикалық көрсеткіштері жоғары нәтижелі болуы қажет. Сонымен қатар ауыспалы егістер орналасатын жердің топырағының ерекшеліктерін егжей-тегжейлі білу керек. Ол үшін топырақ картасын, оның агрохимимялық және эрозиялық картограммасын, жеке учаскілерін пайдалану тарихын, фитосанитарлық жағдайын, жер бедерін, елді мекендерге жақын-алыстығын, соңғы 3-5 жылда ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынған өнім мөлшерін т.б ауыспалы егіске өз әсерін тигізетін факторлар есепке алуныу тиіс.
Бұл үлкен жұмысты іске асыруда шаруашылық басшылары мен мамандарынан басқа жерге орналастыру жобалау инситуттары қатысу керек.
Жобаланған ауыспалы егістер жан-жақты талқыдан өтіп, оң баға алғанан соң оларды шаруашылықтың нақытылы жағдайында ендіру мен игеру жұмыстары басталады. Алдымен ауыспалы егістің жерге орналастыру танаптардың шекарасын, әрбір танаптың мөлшерін, олардың ұзын жағының орналасу бағытын, жер бедерінің ерекшеліктерін т.б. іске асыру керек. Бұл кезеңді ауыспалы егісті енгізу кезеңі деп атайды. Ал ауыспалы егіс жобасы шаруашылықтың жер аумағына толық орналастырылғанда оны енгізілген ауыспалы егіс деп атайды.
Ауыспалы егісті енгізгенен кейін оны игеру кезеңі басталады. Игерілген ауыспалы егіс танпатарының белгіленген шекарасы сақталып, дақылдардың орналасуы мен олардың егістері белгіленген нобайға сәйкес болуы. Игеру кезеңінің керектігі түрлі жағдайларға байланысты болады. Мысалы, жерге орналастыру жұмыстарынан кейін дақылдардың танаптарда оранласуы қабылданған жобамен сайкес келмеуі, танапта белгіленген бір дақылдың орнына бірнеше дақыл тап келуі және дақылдардың нақытылы құрамы жобадағыдан басқаша болуы, алғы егістері жобадағы ауыспалы егіспен сәйкес келмеуі т.б. Сондықтан бұл кезеңді жүйелі түрде өту үшін ауыспалы егісті игеру
жоспары жасалады. Бұл кезде өсірілетін дақылдардың жоспарланған өнімін алуды, топырақ құнарлығының төмендетпеуді, тез арада қабылданған ауыспалы егіске өтуді қамтамасыз ету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |