«Бекітемін» Агрономия факультетінің деканы


Дақылдардың алмасу туралы түсінік және маңызы



жүктеу 0,79 Mb.
бет57/141
Дата26.03.2022
өлшемі0,79 Mb.
#37914
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   141
umkd zemlede 2 kaz agronom 2021-22

Дақылдардың алмасу туралы түсінік және маңызы.

Ауыспалы егістікті алмасу тәртібі бойынша берілген ауыл шаруашылық дақылдары мен парлардың тізбегін ауыспалы егістің схемасы дейміз.

Топырақ құнарлығын арттыратын және оны пайдаланылатын екі-үш дақылдардан немесе таза пар мен 1-3 дақылдардан тұратын ауыспалы егіс нобайының бір бөлігін ауыспалы егіс буыны деп атаймыз. Ауыл шаруашылығы дақылдары мен пардың белгіленген тәртіппен ауыспалы егістің барлық танаптарында болып өту мерзімін ауыспалы егістің айналымы дейді, олардың осы мерзімде жылма-жылғы және танаптарда орналасу жосапарын айналым (ротациялық) кестесі деп атаймыз. Ауыспалы егістерді жобалау, одан әрі оларды шаруашылықтарға ендіру, игеру егіс көлемінің құрлымына байланысты болып келеді. Егіс көлемінің құрылымы деп шаруашылықтағы өңделетін жердің жалпы көлемінен ауыл шаруашылығтағы өңделетін жердің жалпы көлемінен ауыл шаруашылығы дақылдары мен таза пардың пайыздық арақатынасын айтамыз, яғни нақытылы жағдайда ең өнімді және экономикалық тұрғыдан тиімді дақылдардың шаруашылықтың келешек даму талабына сәйкес болатын түрлері мен алып жататын көлемі.

Дақылдарды егістікте алмастырып егіп отырғанда олардың өнімінің арататынын егінші көптен бері білген. Бірақ бұның ғылыми себептерін бірден аша алған жоқ. Бұл мәселені ғылыми тұрғыда дәлелдеу және түсіндіру үшін көптеген ғалымдардың, осы саладағы ғылыми-зерттеу мекемелерінің ұзақ жылдар бойы жүргізілген зерттеулері керек болды. Мәскеудің К.А.Тимирязев атындағы ауыл шаруашылық акедемиясында 1912 жылы басталған әр түрлі ауыспалы егістерді тыңайтқыш беру арқылы, тыңайтқышсыз зерттеулердің нәтижесінің, Англияның Ростамстед тәжірибе станциясында XIX ғасырдың ортасында Украинада, АҚШ-та, Өзбекстандағы мақта дақылдарымен жүргізілген және басқада көптеген зерттеулердің әсері мол болды.

Қазақстан ғалымдары да бұл салада көптеген түбегейлі зерттеулер жүргізіліп келеді. Қазақ астық шаруашылығы зерттеу орталығы (академик Бараев А.И және оның шәкірттері), егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының және басқа ғылыми мекемелері ұжымдарының еңбегін айтуға болады.

Сонымен, қазіргі кезде егістікте ауылшаруашылық дақылдарын алмастыру себептерін 4топқа бөлуге болады. Олар: 1) өсімдіктердің қоректенуіне байланысты болып келетін химиялық себептер тобы; 2) өсімдіктердің топырақтың физикалық қасиеттеріне әсері; 3) дақылдар алмастрыуының биолигиялық себептері; 4) ауыспалы егістікті қолданудың экономикалық негіздері.

Дақылдар алмасуының бірінші топ себептеріне әр түрлі мәдени өсімдіктердің топырақтан алатын қоректік заттарының бірдей болмайтыны жатады. Мысалы, астық дақылдарымен салыстырғанда техникалық дақылдар, картоп топырақтан азот, фосфор, калийді анағұырлым көп алады. Айырмашылығы 2-5 есе, одан да артық болып келеді. Көкөніс дақылдарын өсіргенде де осындай заңдылықты байқауға болады. Жаздық бидай орта өнім бергенде (25ц/га) топырақтан 169 кг NPK пайдаланылады. Міне осы сияқты жағдай топырақта сіңімді қоректік заттардың қоры азаймас үшін әр түрлі дақыодарды алмастырып егуге, яғни ауыспалы егісті қолдануға мәжбүрлейді. Дақылдардың топырақтан алатын қоректік элементтердің сандық көрсеткішінен басқа олардың арақатынасы да түрліше болып келеді.

Ауыспалы егісті қолданудың тағы бір себебі - әр түрлі дақылдардың топырақтан алған қоректік заттарын кері қайтару қабілеті бірдей болмауында. Қоза (мақта) және басқа кейбір дақылдарды өсіргенде топырақтан алынған қоректік элементтер кері қайтарылмайды. Олар қоза паямен бірге, шиітті мақта мен қндіріс орындарына кетіп, топыраққа қайтпайды. Мұның себебінен пайда болған қоректік элементтер тапшылығын тыңайтқыштар қолдану ғана толтыра аламыз, ал қант қызылшасы, жоңышқа сияқты дақылдарды өсіргенде топырақтан алынған заттардың дені көң түрінде топыраққа қайта оралады (мысалы қазылшадан алынатын қанттың құрамында топырақтан алынған бірде бір элемент жоқ). Сондықтан бұл сияқты дақылдарды өзара алмастырып егіп отыру тиімді болатыны сөзсіз.

Дақылдарды алмастырып егуде олардың топырақтағы ылғал мөлшерін өзгерту қабілетін есепке алу қажет. Оған байланысты ауыспалы егістегі пардың көлемі, отамалы дақылдармен көпжылдық шөптердің арасалмағы, суарудың жер асты суларын көтеріп топырақытың екінші тұздануына мүмкіндіеткр туғызуын еске алу керек. Қазақстанның құрғақшыл жағдайында ылғалдың өсуі оң көрініс болса, суармалы жерлерде суарудың теріс әсерлерін ұмытпай дақылдар алмасу жүйесінде дұрыс пайдалану керек.

Бір дақылды алмастыруысыз өсіре беру топырақты жылма-жыл бірқалыпты өңдеуге әкеліп соқтырады. Оның нәтижесінде топырақтың құнарлығын анықтайтын оның көп қасиеттері (тығыздығы, су-физикалық қасиеттері т.б) өзінің сандық-сапалық көрсеткіштері нашарлатады. Олай болуына бір тереңдікте жырта бергенде туындайтын «топырақ табаны да» өз әсерін тигізбей қоймайды. Осыдан келіп қорытынды ауыспалы егісті қолдану қажет екендігі.

Арамшөптермен күресуде дақылдарды алмастырып отырудың маңызы зор. Егер егістікте күздік немесе қыстап шығатын арамшөптер көбейіп кеткенде бұл танапқа жылдық дақыл егу арқылы олардың санын әжептауір азайтуға болады. Бұл жерде жаздық дақылды себу алдында міндетті түрде жүргізілетін топырақ өңдеу тәсілдерінің көмегі үлкен. Керісінше егістікте жаздық арамшөптер орын алғанда күздік дақылын қолдану арқылы олардың таралу деңгейін төмендетуге болады. Сол сияқты паразитті арамшөп танапта көбейе бастағанда, онымен күресудің ең тиімді жолы оның жабысып өсетін дақылын бұл жерде бірнеше жыл сеппей қою болады. Ауыспалы егісті дұрыс пайдаланудың көмегімен сұмқұла, арамшырмауықтың тараулу дәрежесін қажетті мөлшерде ұстап тұруға әбден болады. Ауыспалы егістерді арамшөптермен күресуде таза пардың, отамалы дақылдардың, көпжылдық екпе шөптердің алатын орыны да белгілі.

Осы сияқты ауыл шаруашылық дақылдарының көпшілігіне тән өз аурулары мен зиянкестері болатыны белгілі. Сондықтан олар танапта көбейе бастағанда ең бір тиімді агротехникалық шара-дақылдарды алмастырып егіп отыру. Бұл мәселе туралы мысалдар алда жеткілікті түрде келтіріледі. Тек есте ұстайтын жайт дақылдарды алмастырғанда биологиялық жағынан бір-бірінен алыс тұратын мәдени өсімдіктерді өзара алмастырып отыру тиімді екенін ұмытпау керек. Өйткені олардың ортақ аурулары және зиянкестері болмайды немесе шектелеген түрде ғана кездеседі.


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау