Влажность почвы-топырақ ылғалдылығы; топырақтағы судың мөлшері. Ол топырақтың құрғақ массасына (салмақтық ылғалдылық), көлеміне (көлемдік ылғалдылық), су сыйымдылықтың кез келген түріне сәйкес, жиі толық немесе ең төмен (салыстырмалы ылғалдылық ) бар судың мөлшеріне процентпен көрсетіледі. Су қорын сезім мүшелерінің көмегімен төмендегі көрсеткіштері бойынша топырақтың толық су сыйымдылығына процентпен белгілейді: 70-75% кем (жеткіліксіз) –құмдақ топырақ домалақтанбайды, жеңіл саздақ – қыспай-ақ жеңіл бөлшектенетін, осал кішкентай шар қалыптастырады; ауыр саздақ –аса мықты емес, қысқанда (басқанда жекелеген түйіршіктерге оңай бөлшектенетін кішкентай шар қалыптастырады, сүзгіш қағаз дымқылданбайды.
-устойчивого завядания- тұрақты солу ылғалдылығы өсімдіктің солуының кері қайтпайтын белгісі байқалатын топырақ ылғалының мөлшері. Өнімді (сіңіреді) ылғалдың төменгі тегі және өнімсіз (сіңірілмейтін) ылғалдың шегі болып саналады.
-Вода грунтовая–жерастылық су; қалдықтың тығыздылығына байланысты бірнеше түрін ажыратады: тұщы (1% дан кем), шамалы (1-3%) орташа (3-10%) және күшті минералданған (10-50%).
Водность- сулылық; белгілі бір уақыт аралығындағы су ағымының көп жылдық орташа шамасымен немесе сол жылдың басқа бір кезеңінде ағын шамасымен салыстыра сипаттау, шамалы, орташа және мол сулылықты ажыратады.
Водовод- су, су тараушы құрылыстан белгілі бір су көлемін су тұтынатын нысанға жеткізетін су құрылыс. Су өткізгішті жасанды арна түрінде жасайды: ашық ұнауалар, атыздар) немесе жабық (құбыр, туннель)–қысымсыз егер су, су бүкіл диаметрін толтырмаса және қысымды, егер ағын су қимасын толтыра және ондағы қысым атмосферадағыдан артық болса.
Водопуск-су жібергіш; су жіберуге арналған гидротехникалық құрылыс.
Водораздел- су айырық; атмосфералық түсімдерді беткейлердің қарама-қарсы екі жағына айыратын сала. Маңыздылығына қарай ірі өзендер жүйелерінің арасындағы негізгі су айырығын және кішігірім жылғалар арасындағы су айырығын – қосалқыларды ажыратады.
Водопонижение - су деңгейінің төмендеуі; ыза суды деңгейін жасанды төмендету.
Водопотребление- суды тұтыну; су көздерінен судың қайтарымсыз пайдалану
Достарыңызбен бөлісу: |