ӘДІСТЕМЕЛІК Ұсыныс
Нұр-Сұлтан, 2019 ж.
Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министрлігі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ
Амралин А.У.
5ВО80100 –«Агрономия» мамандығының студенттеріне «Егіншілік» пәнді оқытуға және
студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған
әдістемелік ұсыныс
Нұр-Сұлтан, 2020 ж.
Құрастырушы: а/ш.ғ.к., Амралин А.У. 5ВО81100 –«Өсімдіктерді қорғау және карантин» мамандығының студенттеріне «Егінішілік» пәнін оқытуға және студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсыныс.-Нұр-Сұлтан: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2019.
Әдістемелік ұсыныс оқу жоспарының талаптарына және «Егінішілік» пәнінің бағдарламасына сай жасалынған және студенттердің өзіндік жұмысын орындау үшін барлық мәліметтер қарастырылған.
Әдістемелік ұсыныста кіріспе, аралық және қорытынды бақылау сұрақтары СӨЖ және ӨБСӨЖ тақырыптары қамтылған. Сонымен қатар СӨЖ орындаудың негізгі талаптары, бағалау критерилері ұсынылған.
«Егінішілік» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсыныс 5ВО81100 –«Өсімдіктерді қорғау және карантин» мамандығына арналып жасалынған.
Пікір білдірушілер:
Әдістемелік ұсыныс егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының отырысында қаралды (№10 хаттама, 06.06.2020 ж.).
Кафедра меңгерушісі ______________________ Амантаев Б.О.
Агрономия факультетінің әдістемелік комиссиясымен құпталған (№10 хаттама, 28.06.2020 ж.)
Әдістемелік комиссия төрағасы,
а.ш.ғ.к., доцент И.И.Жұмағұлов
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ©
Мазмұны
Кіріспе
|
5
|
Бакалаврларды дайындаудың кредиттік жүйесіндегі өзіндік жұмыстың өзектілігі, мақсаты және тағайындалуы
|
6
|
2. «Егіншілік» пәнін оқытудағы мақсаты мен міндеттерін орындауда студенттің ролі
|
|
3. СӨЖ тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар
|
|
4 СӨЖ арналған тапсырмалардың жеке түрлерінің сипаттамасы
|
|
4.1 Оқытушының қатысынсыз студенттердің СӨЖ негізгі түрлері
|
|
4.2 Кейстер және кейс –стадиялары
|
|
4.3 Портфолио
|
|
4.4 Іскерлік ойын
|
|
4.5 Эссе
|
|
4.6 Оқытудың жобалық әдісі
|
|
4.7 Интеллект- карталар
|
|
5. Сөж тапсырмаларын таңдауға арналған тақырыптар тізімі:
|
|
6. СӨЖ берілген тапсырмаларды орындау кестесі
|
|
7. Ұсынылатын әдебиет тізімі
|
|
Кіріспе
Қаіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандағы білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңестігіне енуге бағытталады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге байланысты студенттердің таным-білім белсенділігін арттыру, жеке шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстары ерекше мәнге ие болды. Жоғары оқу орындарында даярланатын мамандардың білімділік белсенділігін арттыруда өз бетінше орындайтын жұмыс түрлерінің орны ерекше.
Сапалы, әлемдік стандартқа сай білім беру ең алдымен оқыту әдістемесін кредиттік жүйеде ұйымдастырумен байланысты. Орыс аудиториясындағы студенттерге қазақ тілінде кәсіби қарым-қатынасты меңгеру барысында өздік оқу әрекетін қалыптастыру, олардың өз бетімен оқып-жаттығу жұмыстарын дамыту – өте маңызды мәселе.
Студенттердің өз бетімен жұмысы – оқу үрдісінің құрамдас бөлігі. Сабақ барысында толық игере алмаған материалдарды түрлі әдістер арқылы, яғни өз бетімен істейтін жұмыс түрлері негізінде жан-жақты игереді. Ол үшін тапсырманың тиянақты болуын қадағалай отырып, студенттерді уақытты тиімді пайдалануға үйретуіміз керек. Сонда ғана жұмыс өз нәтижесін береді.
Өз бетімен жүзеге асыратын жұмыс негізінде студент сабақта толық қамтылмай кеткен мәселелер бойынша тереңірек ізденіп, берілген әдебиеттермен жұмыс істейді. Сондықтан студенттердің өз бетімен орындайтын жұмысы тиянақты, мақсат қоя ұйымдастыруға, әр кез білімін жетілдіріп отыруға назар аударылады.
Достарыңызбен бөлісу: |