Группировка почв агропроизводственная – топырақты агроөндірістік топтастыру; топырақты сапа ұқсастықтары бойынша топтарға бөлу. Өсімдіктердің негізгі қоректік әуелілерімен қамтамасыздандырылған, физикалық қасиеттері жақсы тұзсыз, арамшөптерден таза, батпақтанбайтын жыртуға жарамды ең жоғары сапалы топырақтар; сапасы орташа, бірақ дақылдардың басым бөлігін өсіруге болатын жыртуға жарамды топырақтар; сапасы орташадан төменірек, қуатсыз (саяз) қасиеттері нашар, тасты жел ұшырғыш, сәл кебірлі, кебір дақтары бар, батпақтанған (мұндай топырақтарға жақсарту жүргізіледі); қолданылуы шектеулі топырақтар- қатты кебірлі, кебірлі дақтары көп, желмен жеңіл ұшырылатын, тасты, батпақтанғыш (жақсартқаннан кейін де игеру қиынға соғады, сондықтан шабындыққа және жайылымға қалдырады), ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз топырақтар.
Достарыңызбен бөлісу: |