ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ»
(ғылыми ЖӘне педагогикалық бағыт)
ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР
(таңдау бойынша)
№
|
Цикл
|
Пәннің
сандық
коды
|
Пән атауы
|
Семестр
|
Кредит
саны
|
1курс
|
1
|
БП
|
5205
|
Жасанды нейрондық жүйелер
|
1
|
3
|
5205
|
Нейрокомпьютинг
|
1
|
2
|
БП
|
5208
|
Визуальды бағдарламалау ортасында бағдарламалық қамтамасыз етуді құру
|
1
|
3
|
5208
|
WEB-бағдарламалауды қолдана отрып, қолданбалы бағдарлама пакеттерін жобалау
|
1
|
3
|
БП
|
5207
|
Микропроцессорлық жүйелерді жобалау
|
1
|
3
|
5207
|
Сигналдарды сандық өңдеу және сигналдық процессорлар
|
1
|
3
|
КП
|
5304
|
Ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы криптографиялық әдістері
|
1
|
3
|
5304
|
Ақпаратты қорғаудың техникалық тәсілдерін архитектурасы және инфрақұрылымы
|
1
|
4
|
КП
|
5307
|
Windows-та қазіргі бағдарламалық қосымшаларды құру технологияларын зерттеу
|
2
|
3
|
5307
|
Linux-те қазіргі бағдарламалық қосымшаларды құру технологияларын зерттеу
|
2
|
5
|
БП
|
5206
|
Математикалық және компьютерлік моделдеу
|
2
|
3
|
5206
|
Бизнес-процесстерді талдау және моделдеу
|
2
|
6
|
КП
|
5303
|
Ақпараттық жүйелерді қазіргі заманғы ДҚБЖ пайдаланып жобалау
|
2
|
4
|
5303
|
Деректер және білім қорын қорғау технологиялары
|
2
|
7
|
КП
|
5304
|
Компьютерлік желілердегі маршрутизациялау және коммутациялаудың қазіргі заманғы жүйелері
|
2
|
3
|
5304
|
Инфокоммуникациялық жүйелерді қорғау және жобалау
|
2
|
Жасанды нейрондық жүйелер
Постреквизиттер: Математикалық және компьютерлік моделдеу, Бизнес-процесстерді талдау және моделдеу.
Оқыту мақсаты: Жасанды нейрон желілері теориясы көмегімен әртүрлі мәселелерді шешудің ғылыми принциптері мен әдістерін оқып үйрену.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Жасанды нейрон желілерінің негізгі әдістері мен алгоритмдері. Нейрон желілерін құрудың принциптері, жобалау кезеңдері, жүйелердің қазіргі бағыттары. Нейрон желілерін жобалаудың негізгі құралдары.
Оқыту нәтижелері:
- білуі тиіс - жасанды нейрон желілерінің әдістері мен үлгілерін, нейрон желілерінің қазіргі алгоритмдерін;
- істей алуы - үдерістерді табу тактикасын құруды, нақты іс жүзіндегі есептерді нейрон желілерінің әдістері мен құралдары көмегімен шеше білуді;
- дағдылану - жасанды нейрон желілерінің есептерін үлгілеуде және нақты мәселелік жағдайларда осындай жүйелерді және олардың үлгілері мен алгоритмдерін пайдалануға;
Құзыреттер: жасанды нейрон желілерінің әртүрлі әдістері мен алгоритмдерін оңтайлы шешім табуда пайдалану.
Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Нейрокомпьютинг
Постреквизиттер: Жобалық шешімдерді талдау және синтездеу әдістері (Ғылыми зерттеулердің және кешендік сынақтардың автоматтандырылған жүйелері).
Оқыту мақсаты: жасанды нейрон компьютерлер теориясы көмегімен әртүрлі мәселелерді шешудің ғылыми принциптері мен әдістерін оқып үйрену.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Жасанды нейрон желілерінің теориялық негіздері, механикалық үдерістердің негіздері, нақты іс жүзіндегі мәселелерді үлгілеу және шешу: дыбысты, бейнелерді (жекеленген бейнелер, таңбаларды қолмен енгізу) тану есептері, күрделі үдерістерді қысқа мерзімде болжау есептері.
Оқыту нәтижелері:
- білуі тиіс - жасанды нейрон желілерінің теориялық негіздерін, желілерді бағдарламалық үлгілер есебінде (жоғары және орташа деңгейдегі бағдарламалау тілдерінде) және үлгілеудің арнайы пакеттерін қолдана отырып құрудың негізгі дағдыларын;
- істей алуы - көп айнымалысы бар векторлық функциялардың аппроксимациясын табу тактикасын құруды, механикалық үдерістерді үлгілеуді, нақты іс жүзіндегі мәселелерді үлгілеуді және шешуді, дыбысты, бейнелерді тану есептері, күрделі үдерістерді қысқа мерзімде болжау және бүлінген ақпаратты қалпына келтіру есептерін нейрон желілерінің әдістері мен құралдары көмегімен шеше білуді;
- дағдылану - қарапайым функционалдық элементтерден тұратын желілер үлгісін құра білуге.
Құзыреттер: нейрон желілерінің теориялық және практикалық негіздерін білу.
Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Визуальды бағдарламалау ортасында бағдарламалық қамтамасыз етуді құру
Постреквизиттер: Windows-та қазіргі бағдарламалық қосымшаларды құру технологияларын зерттеу, Linux-те қазіргі бағдарламалық қосымшаларды құру технологияларын зерттеу.
Оқыту мақсаты: Бағдарламалық қамтама құру ортасының негізгі компоненттері и визуальды бағдарламалау ортасы.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): визуальды бағдарламалау әдістері мен құралдары, визуальды интерфейсі бар бағдарламалық қамтама құру.
Оқыту нәтижелері:
- білуі тиіс- визуальды бағдарламалаудың теориялық негіздерін, визуальды бағдарламалау ортасында бағдарламалау негіздерін, бағдарламалау технологиясын;
- істей алуы – бағдарламалық құрал-жабдықтарды қолдануды, ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды, визуальды бағдарламалауды іске асыру мен жобалау технологияларын қолдануды;
- дағдылану - визуальды бағдарламалау технологияларын қолдануға, визуальды бағдарламалау ортасында бағдарламаны тексеруге, түзетуге, орындауға.
Құзыреттер: Визуальды бағдарламалау қазіргі әдістері мен әдістемелерін қолдана алу және олардың әдістемелік қамтамасын құрай білу.
Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
WEB-бағдарламалауды қолдана отырып, қолданбалы бағдарлама пакеттерін жобалау
Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді қазіргі заманғы ДҚБЖ пайдаланып жобалау, Деректер және білім қорын қорғау технологиялары.
Оқыту мақсаты: WEB-бағдарламалау, заманауи ақпараттық жүйелерді құру құрал-жабдықтары мен технологиялары.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): WEB-бағдарламаларды қолдану, қолданбалы бағдарламалар пакеттерін жобалау, қолданбалы бағдарламалар пакеттерін құру қағидалары, таратылған жүйелер архитектурасы мен қағидалары, WEB-бағдарламалау негізінде қолданбалы бағдарламалар пакеттерін құруға қойылатын талаптар мен критерийлер, WEB-түйіндер мен парақтар құру және оларға әр түрлі бағдарламалық құралдар көмегімен қызмет көрсету.
Оқыту нәтижелері:
- білуі тиіс-WEB-дизайн қағидаларын, әр түрлі WEB-жобаларды іске асыру технологияларын, ақпараттық жүйелерді жобалау және қорғау негіздерін.
- істей алуы - өзекті ғылыми мәселелерді анықтау және тұжырымдау, WEB-жобаларды әзірлеу және іске асыру технологиясын пайдалану;
- дағдылану -қоғам түрлі салаларындағы өзекті ақпараттық мәселелер бойынша тәуелсіз зерттеулер жүргізуге және олардың нәтижелерін жариялауға;
Құзыреттер: Басқарушы және IT-жобаларды, олардың әдістемелік қамтамасын құрудың заманауи әдістері мен әдістемелерін білу.
Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Микропроцессорлық жүйелерді жобалау
Постреквизиттер: Компьютерлік желілердегі маршрутизациялау және коммутациялаудың қазіргі заманғы жүйелері, Инфокоммуникациялық жүйелерді қорғау және жобалау.
Оқыту мақсаты: Жеке микропроцессорлар және сондай ақ өндірістегі біркристаллды микроконтроллердің негізіндегі микропроцессорлық жүйелерді ұйымдастыру және олардың құрылымдары, тұрғызу сипаты және бөлшектерінің жұмыс істеуі, сонымен қатар оларды ассемблер тілінде бағдарламалау принциптері және заманауи басқару жүйелерінде қолдану жолдары туралы түсінік беру.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Жеке микропроцессорлар және олардың негізін қалаушы функционалды буындары негізіндегі микропроцессорлық жүйелер жұмысын ұйымдастыру принциптері; типтік микропроцессорлар және олардың негізгі буындарының құрылымы және олардың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту әдістерін игеру; микророцессорлық жүйелер мен микроконтроллерлерді бағдарламалау принциптері.
Оқыту нәтижелері:
- білуі тиіс- PIC микроконтроллерлердің құрамы және құрылымдық ерекшеліктерін;
- істей алуы - олардың әр түрлі режимдерін Ассемблер тілінде бағдарламалауды;
- дағдылану - микропроцессорлық жүйелерді, оларды цифрлық жүйелерде қолдану әдістерін қолдануға.
Құзыреттер: микропроцессорлық жүйелерді құру принциптерін, бағдарламалау тәсілдерін білу.
Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Сигналдарды сандық өңдеу және сигналдық процессорлар
Постреквизиттер: Жобалық шешімдерді талдау және синтездеу әдістері, Ғылыми зерттеулердің және кешендік сынақтардың автоматтандырылған жүйелері.
Оқыту мақсаты: жүйелерді құру және жобалау принциптерін, олардың жұмысын бағдарламалау тәслдерін үйрету.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): цифрлық сигналды процессорларды қолданып, сигналдық өңдеу әдістері; цифрлық сүзгілерді жобалау әдістемесі және оларды цифрлық сигналды процессор негізінде іске асыру; сигналды процессорлардың құрылымы мен сипаттамасы.
Оқыту нәтижелері:
- білуі тиіс- сигналдарды цифрлық өңдеу тәсілдерін, цифрлық сигналды процессорларды қолдануды;
- істей алуы – цифрлық сигналды процессорларды қолданып, сигналдарды цифрлық өңдеу жүйелерін жобалау;
- дағдылану - цифрлық сигналды процессорлер негізінде жүйелерді құру
Құзыреттер: цифрлық сигналды процессорлер негізінде жүйелерді құру және бағдарламалау.
Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы криптографиялық әдістері
Постреквизиттер: Ақпараттық жүйелерді қазіргі заманғы ДҚБЖ пайдаланып жобалау, Деректер және білім қорын қорғау технологиялары.
Оқыту мақсаты: Қазіргі заманғы криптографияның негізгі принциптеріне шолу және ақпаратты қорғау үшін білімді практикада қолдану.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Жергілікті және корпоративтік желілерді, ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғау үшін пайдаланылатын қазіргі заманғы криптографиялық әдістер, симметриялық криптожүйелердің негізгі кластары, блок шифрлар, ағымдық шифрлар, өзін-өзі қадамдастыру кодтары туралы жалпы мәліметтер; синхрондық шифрлар; ассимметриялық шифрлау жүйелері; асимметриялық криптожүйелердің негізделген сандық қолтаңбалар, симметриялық криптожүйеге негізделген сандық қолтаңбалар; сандық қолтаңбалар стандарттары; криптографиялық кілттерді басқару; АЖБ ақпараттарды қорғау.
Оқыту нәтижелері:
- білуі тиіс- ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы құралдарын пайдалануды, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу құралдарын және деректер қорғаудың бағдарламалық құралдарын жобалау технологиясын;
- істей алуы - ақпаратты қорғау әдістері мен құралдарын таңдауды, өнімділігін талдау және ақпараттық қауіпсіздік құралдарының тиімділігін бағалауды;
- дағдылану - ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарын қолдануға, ақпараттық қорларды қорға шараларын, жеке қорғаныс бағдарламалық құралдарын, деректер қорларын қорғау әдістерін қолдануға.
Құзыреттер: Рұқсатсыз әрекеттерді табуға сараптық жүйелерде қолдана білу және компьютерлік техника инженері практикалық қызметінде өз шеберліктерін қолдану.
Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Ақпаратты қорғаудың техникалық тәсілдерін архитектурасы және инфрақұрылымы
Постреквизиттер: Компьютерлік желілердегі маршрутизациялау және коммутациялаудың қазіргі заманғы жүйелері, Инфокоммуникациялық жүйелерді қорғау және жобалау.
Оқыту мақсаты: Қазіргі заманғы сәулет және инфрақұрылым техникалық құралдарын шолу және қорғау шараларын негізгі принциптерінің және ақпаратты қорғау үшін білімдерін практикада қолдану.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты беру және сақтау, мүмкін қауіптер. Есептеу жүйесінің қауіпсіздігін бағалау. есептеу жүйесін қорғау мақсатындағы шаралар. Ақпаратқа шабуыл мен қауіп нысандарының көздері. Криптографиялық әдістер. Цифрлық қолтаңба. Шифрлау алгоритмдері. Пайдаланушы аутентификациялары. Корпоративтік желілерді көпдеңгейлі қорғау. Желілерде ақпаратты қорғау.
Оқыту нәтижелері:
- білуі тиіс- ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы құралдарын пайдалану, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу құралдарын және ақпаратты қорғаудағы бағдарламалық құралдарды жобалау технологиясы;
- істей алуы - бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын пайдалана отырып, мәселелерді шешу үшін алгоритмдер мен бағдарламаларын әзірлеуді;
- дағдылану - деректер қорларын қорғау әдістерін қолдануға, ақпаратты қорғаудың жүйесін жобалау және құруға.
Құзыреттер: Рұқсатсыз әрекеттерді табуға эксперттік жүйелерде қолдана білу және компьютерлік техника инженері практикалық қызметінде өз шеберліктерін қолдану.
Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Windows-та қазіргі бағдарламалық қосымшаларды құру технологияларын зерттеу
Пререквизиттер: Визуальды бағдарламалау ортасында бағдарламалық қамтамасыз етуді құру, WEB-бағдарламалауды қолдана отрып, қолданбалы бағдарлама пакеттерін жобалау.
Постреквизиттер: Жоғарғы жылдамдықты есептеу технологиясы, Параллель есептеу технологиясы.
Оқыту мақсаты: Windows-ке арналған заманауи бағдарламалық қосымшалар құрудың негіхгі қағидалары.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Microsoft .NET бастамасы. .NET Framework. компоненттерінің үйлесімділігі, сенімділігі мен қайта пайдалану мәселелері. CLR жалпы тілдік орындау ортасы. CIL жалған машиналық тілі (басқарылатын ассемблер). JIT-компилятор. Бағдарламалау тілдері. Жинақтар. Meтaдеректер. Қоқыс жинаушы. .NET Framework. класы кітапханасы. Компиляторлар құру, талдау құралдарын, оңтайландыру және кодты тексеру Microsoft платформасы. C # компоненттеріне шолу: ерекшеліктері, жасырын типтендіру, деректерді ұсыну интеграциялық жолдары, кеңейту әдістері, анонимдік түрлері, XML деректерді ұсыну XSD, XQuery, XSLT, XPath және басқа да құралдардың мүмкіндіктерін іске асыру. Қазіргі заманғы Web-қосымшалар құру құралдары. ASP .NET 1.1 және 2.0. ASP .NET негізгі ерекшеліктері. ASP .NET 2.0 шешімдер архитектурасы. ASP .NET –те AJAX іске асыру.
Оқыту нәтижелері:
- білуі тиіс - Windows-ке арналған заманауи бағдарламалық қосымшалар құру қағидаларын;
- істей алуы - Windows-ке арналған заманауи бағдарламалық қосымшаларды бағдарламалауды;
- дағдылану - Windows-ке арналған заманауи бағдарламалық қосымшаларды жобалауға және іске асыруға.
Құзыреттер: Windows-ке арналған заманауи бағдарламалық қосымшалар құру принциптерін білу.
Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Linux-те қазіргі бағдарламалық қосымшаларды құру технологияларын зерттеу
Пререквизиттер: Визуальды бағдарламалау ортасында бағдарламалық қамтамасыз етуді құру, WEB-бағдарламалауды қолдана отырып, қолданбалы бағдарлама пакеттерін жобалау.
Постреквизиттер: Жобалық шешімдерді талдау және синтездеу әдістері, Ғылыми зерттеулердің және кешендік сынақтардың автоматтандырылған жүйелері.
Оқыту мақсаты: Linux-ке арналған заманауи бағдарламалық қосымшалар құрудың негіхгі қағидалары. .
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Rotor и Mono. Mono -.NET Framework негізінде кросс-платформалы (Linux, Mac, Windows) қосымшаларды әзірлеу үшін ашық алаң. Rotor - .NET іске асырудың ашық бастапқы тесттері. Ротор компоненттері: компиляторлар, CLI, жүйелік және қосымша құралдар. XML Web Services. Технологияға шолу: Қолданылу аймағы. Артықшылықтары. .NET платформасына арналған веб-қызметтерді құру ерекшеліктері. Веб-қызметінің сипаттамасы және оны анықтау. Үлгілерге негізделген ақпараттық жүйелерді әзірлеу: Талдау кезеңіндегі үлгілер, шешімдер архитектурасындағы құрылым, кодтар, тесттер үлгілері. Прото-үлгілер, қарсы үлгілері. Генерациялаушы үлгілер, тілдер, каталогтар және үлгілер жүйелері. Қазіргі заманғы тестілеу технологиясы: Тест негізгі ұғымдары. Тестілеу фазалары мен кезеңдері. Тест түрлері. Тесттер басқаратын қосымшалар (Test Driven Development).
Оқыту нәтижелері:
- білуі тиіс - Linux-ке арналған заманауи бағдарламалық қосымшалар құру қағидаларын;
- істей алуы - Linux-ке арналған заманауи бағдарламалық қосымшаларды бағдарламалауды;
- дағдылану - Linux-ке арналған заманауи бағдарламалық қосымшаларды жобалауға және іске асыруға.
Құзыреттер: Linux-ке арналған заманауи бағдарламалық қосымшалар құру принциптерін білу.
Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Математикалық және компьютерлік моделдеу
Постреквизиттер: Жасанды нейрондық жүйелер, Нейрокомпьютинг.
Постреквизиттер: Жобалық шешімдерді талдау және синтездеу әдістері, Ғылыми зерттеулердің және кешендік сынақтардың автоматтандырылған жүйелері.
Оқыту мақсаты: Табиғаты әртүрлі нысандардың, үрдерістер мен жүйелердің модельдерін құрастыру, жүзеге асыру мен зерттеу; іс жүзіндегі қызметтердің әртүрлі салаларында компьютерді зерделеу құралы ретінде пайдалану, нақты есептерді шешуге арналғанмодельдеу әдістерін зерделеу.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Үдерістер мен құбылыстарды математикалық және компьютерлік модельдеу, компьютерлік техниканы ғылыми, инженерлік-техникалық, қаржы-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және тағы басқа проблемаларды шешуде пайдалану.
Оқыту нәтижелері:
- білуі тиіс- модельдердің түрлерін; математикалық және компьютерлік модельдеудің негізгі қағидаларын; күрделі жүйелерді модельдеу әдістерін; имитациялық модельдеу негідерін, стохастикалық үдерістерді модельдеуді; жалпыға қызмет көрсету жүйелерін модельдеуді.
- істей алуы - ғылыми, инженерлік-техникалық есептердің, жалпыға қызмет көрсету жүйелерін, экологиялық және әлеуметтік-гуманитарлық жүйелердің, өндіріс үдерістерінің математикалық және компьютерлік модельдерін құрастыруды; модельдуші алгоритмдерді құрастыру және алгоритмдік тілдер мен қолданбалы бағдарламалардың дестелерін пайдаланып жүзеге асыруды; модельдік эксперименттерді жобалауды; сандық эксперименттерді жүргізуді.
- дағдылану - ғылымның, табиғаттың, қоғамның әртүрлі есептерінің математикалық және компьютерлік модельдерін құрастыруға; құрастырылған модельдерді жүзеге асыру үшін бағдарламалық қамтаманы пайдалануға.
Құзыреттер: математикалық және компьютерлік модельдеудің қағидаларын, модельдерді құрастрыудың технологияларын білу.
Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Бизнес-процесстерді талдау және моделдеу
Пререквизиттер: Визуальды бағдарламалау ортасында бағдарламалық қамтамасыз етуді құру, WEB-бағдарламалауды қолдана отырып, қолданбалы бағдарлама пакеттерін жобалау.
Постреквизиттер: Жоғарғы жылдамдықты есептеу технологиясы, Параллель есептеу технологиясы.
Оқыту мақсаты: Кәсіпорындардың экономикалық қызметіндегі бинес-процестерді талдаудың әдістерін үйрету; бинес-процестерді, кәсіпорындар мен ұйымдардың экономикалық қызметін математикалық және компьютерлік модельдеу.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Үдерістер мен құбылыстарды математикалық және компьютерлік модельдеудің мәселелері, компьютерлік техниканы ғылыми, инженерлік-техникалық, қаржы-экономикалық, әлеуметік-гманитарлық және тағы басқа проблемалар.
Оқыту нәтижелері:
- білуі тиіс- бизнес-процестерді талдау, құрастыру әдістері; бизнес-процстерді модельдеудің жалпы қағидаларын; модельдеудің әдістері мен технологияларын;
- істей алуы - нақты кәсіпорындардағы болатын бизнес-процестердің есептерін қоюды; бизнес-процестердің математикалық және компьютерлік модельдерін құрастыруды; бизнес-процестердің есептерін шешуге арналған модельдеуші алгоритмдер мен бағдарламалық қамтаманы құрастыру;
- дағдылану - бизнес-процестердің матматикалық және компьютерлік модельдерін құрастыру; бизнес-процестердің есептерін шешуге арналған бағдарламалық жабдықты қалыптау және жүзеге асыруға.
Құзыреттер: бизнес-процестерде кездесетін кездейсоқ үдерістерді модельдеудің әдістерін, бизнестегі жалпыға қызмет көрсетуді модельдеудің әдістерін білу.
Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Ақпараттық жүйелерді қазіргі заманғы ДҚБЖ пайдаланып жобалау
Пререквизиттер: Визуальды бағдарламалау ортасында бағдарламалық қамтамасыз етуді құру, WEB-бағдарламалауды қолдана отырып, қолданбалы бағдарлама пакеттерін жобалау.
Постреквизиттер: Жоғарғы жылдамдықты есептеу технологиясы, Параллель есептеу технологиясы.
Оқыту мақсаты: Қазіргі заманғы технологияларды қарастыру, әдістері мен құралдарын жобалау және автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру, бағдарланған деректерді талдау, қазіргі заманғы ақпараттық құралдар мен технологияларды қолдана отырып үлкен көлемді деректерді ұйымдастыру принциптерін жасау, кәсіби ДҚБЖ құралдарымен ақпараттық жүйелерді практикалық жобалау және іске асыру.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): ДҚБЖ-мен жұмыс істеу принциптерін талдаудың ғылыми көзқарасы, жүйелерді құрудың негізгі принциптері, бағдарланған деректерді талдау; қазіргі заманғы технологиялармен мәліметтерді интеллектуалды талдау; деректер моделін құру үшін қолданылатын қоймалар; деректерді сақтау жүйелерін құру ерекшеліктері OLAP-тың негізгі принциптері; мәліметтерді тағайындау және қолдану әдістерін интеллектуалды талдау.
Оқыту нәтижелері:
- білуі тиіс - негізгі анықтамалар, басқару тұжырымдамасына жататын деректеді сақтауыштар. Деректерді (және оларды қамтамасыз ету құралдары) сақтаудың негізгі талаптары: қоймадан жоғары жылдамдықпен деректерді алу; ішкі қайшылықсыз деректерді қолдану; деректер қималарын (slice and dice) алу мүмкіндігі және салыстыру; қоймадағы деректерді көруге арналған ыңғайлы утилиттердің болуы; сақталған деректердің толықтығы және дұрыстығы; қолдау процесін сапалы деректермен толықтыру. Деректермен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін технологиялар. Корпоративтік ақпараттық жүйелерді құру әдіснамасы.
- істей алуы - көпөлшемді кубтық деректерді жобалау; қажетті қауіпсіздік деректер деңгейін анықтау; қалыптасқан ақпараттық құрылымын ұйымдастыру тиімділігін арттыру мақсатында оның жұмысын талдау; ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау; ақпараттандыру саласындағы жобаларға сараптама жүргізу; алған білімдерін практика жүзінде қызмеке қолдану.
- дағдылану - түрлі қоғам өмірінің өзекті мәселелері бойынша ақпараттандыруға дербес ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін көпшілікке ұсыну; қазіргі заманғы әдістерін мен оқыту әдістемелерін басқару және ІТ-пәндерді әзірлеуді пайдалану және оларды әдістемелік қамтамасыз ету.
Құзыреттер: деректерді сақтауыштарда сақтауды қамтамасыз ететін технологияларды білу; корпоративтік ақпараттық жүйелерді құру әдіснамасы.
Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Деректер және білім қорын қорғау технологиялары
Пререквизиттер: Жасанды нейрондық жүйелер, Нейрокомпьютинг.
Постреквизиттер: Жобалық шешімдерді талдау және синтездеу әдістері, Ғылыми зерттеулердің және кешендік сынақтардың автоматтандырылған жүйелері.
Оқыту мақсаты: Деректер базаларының ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін негіздерін оқу; ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету проблемаларын, мәселелердің тұтастығын сақтау және деректерге қатынауды басқару.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Деректер базасындағы ақпаратты қорғау және базаларындағы білім, негізгі әдістері және оларды жобаларында қолдану. ДҚБЖ және ДҚ теориялық негіздерінің қауіпсіздігі. ДҚБЖ және деректер базасының қол жетімділігін қамтамасыз ететін әдістері мен механизмдер. Дерек қорларды резерівті көшірме жасау жəне қалпына келтіру. Деректер базасын верификациялау және ДҚЖ-не аудиторлық тексеру. Деректер базасын верификациялау ортасымен әдістері.
Оқыту нәтижелері:
- білуі тиіс- қоғам өмірінің әр түрлі облыстардың өзекті мәселелері бойынша ақпараттандыру үшін дербес ғылыми зерттеулер жүргізуді дағдыландыру және олардың нәтижелерін көпшілікке ұсыну.
- істей алуы - мәнін ерекшелеу және облыс бойынша пәндік байланыс орната алуы; нақты деректер моделі бойынша пәндік облысын көрсете білуі; ДҚБЖ ұсынатын қорғаныш құралдарын пайдалану; қосымша қорғау құралдарын құру; талдау және бағалау тетіктерін қорғау.
- дағдылану - ДБ конфиденциальдығын қамтамасыз ететін құралдармен жұмыс жасау; кестелерде криптографиялық әдістерімен деректерді қорғауға; икемді басқару кілттермен шифрлеуге; жүйеде жұмыс істейтін барлық пайдаланушылар шифрланған деректерге қол жеткізу үшін мониторинг және аудитерлік тексеруге.
Құзыреттер: Қоғамды компьютерлендіру және қазіргі ақпараттандыру жағдайында деректер базасының жүйелеріне арналған ғылымды дамыту саласында негізгі принциптерін білу, сондай-ақ жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану.
Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Компьютерлік желілердегі маршрутизациялау және коммутациялаудың қазіргі заманғы жүйелері
Пререквизиттер: Ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы криптографиялық әдістері, Ақпаратты қорғаудың техникалық тәсілдерін архитектурасы және инфрақұрылымы.
Постреквизиттер: Жобалық шешімдерді талдау және синтездеу әдістері, Ғылыми зерттеулердің және кешендік сынақтардың автоматтандырылған жүйелері.
Оқыту мақсаты: болашақ мамандардың заманауи желілік технологияларды құру негіздері мен қағидаларын оқуы, оларды келешек кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды тиімді қолдануға даярлау.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): маршруттау мен коммутациялау жалпы қағидалары, тіректік желілерді құрудың жоғары жылдамдықты технологиялары, ауқымды желілерде желілік жабдықтарды баптау. .
Оқыту нәтижелері:
- білуі тиіс - OSI (Open System Interconnection) ашық жүйенің көпдеңгейлі моделін; мәліметтерді тарату тәсілдерінің стандарттары, сипаттамалары және түрлерін; компьютерлік коммуникациялық жүйелерді құруға арналған негізгі компоненттердің жұмыс қағидаларын; жоғары жылдамдықты тіректік желілерді құрудың негізгі қағидаларын; сымсыз желілерді; интернет желісіне ену әдістерін және оны ұйымдастыруды;
- істей алуы - коммутатор, маршрутизатор, ену нүктесі сияқты жабдықтарды баптау;
- дағдылану - әртүрлі ену рұқсаттары бар желі бойынша байланысты реттеу үшін желілік құрылғыларды реттеуге.
Құзыреттер: компьютерлік желілерді жобалауды, желілік құралдарды бапатауды меңгеру.
Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Инфокоммуникациялық жүйелерді қорғау және жобалау
Пререквизиттер: Ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы криптографиялық әдістері, Ақпаратты қорғаудың техникалық тәсілдерін архитектурасы және инфрақұрылымы.
Постреквизиттер: Жобалық шешімдерді талдау және синтездеу әдістері (Ғылыми зерттеулердің және кешендік сынақтардың автоматтандырылған жүйелері).
Оқыту мақсаты: желідегі ақпарат алмасудың қауіпсіздік мәселелерін түсінуге және қабылдауға даярлау, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қолланылатын тәсілдермен, деректерді тарату протоколдармен таныстыру.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): компьютерлік желілер мен жүйелердегі қауіптер сипаттамалары, компьютерлік желілердегі ақпаратты қорғау әдістері мен тәсілдері, Internet желісінде жұмыс істеудегі қорғау әдістері мен тәсілдері.
Оқыту нәтижелері:
- білуі тиіс – деректерді тарату протоколдарын, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қолданылатын тәсілдерді;
- істей алуы – компьютерлік желілердегі ақпаратты қорғау әдістері мен тәсілдерін қолдану;
- дағдылану - компьютерлік желілердегі ақпаратты қорғау әдістері мен тәсілдерін пайдалануға.
Құзыреттер: компьютерлік желілер қауіпсіздік жүйесін жобалау және құруды меңгеру.
Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
№
|
Цикл
|
Пәннің
сандық
коды
|
Пән атауы
|
Семестр
|
Кредит саны
|
2 курс
|
8
|
КП
|
6306
|
Жоғарғы жылдамдықты есептеу технологиясы
|
3
|
4
|
6306
|
Параллель есептеу технологиясы
|
3
|
9
|
КП
|
6302
|
Жобалық шешімдерді талдау және синтездеу әдістері
|
3
|
3
|
6302
|
Ғылыми зерттеулердің және кешендік сынақтардың автоматтандырылған жүйелері
|
3
|
Жоғарғы жылдамдықты есептеу технологиясы
Пререквизиттер: Нақты уақыт жүйелері үшін бағдарламалық қамтаманы өңдеу технологиялары.
Постреквизиттер: Магистрлік диссертацияны қорғау.
Оқыту мақсаты: Windows-те үлестірілген және көп ағындық бағдарламалау әдістерін өнімділігі жоғары есептеуге пайдалану.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Архитектура ерекшеліктері және жоғары жылдамдықты жүйелер мен желілердің принциптері; параллель бағдарламалау ерекшеліктері; параллель бағдарламалар мен процестердің негізгі принциптері; бөлінген деректерді өңдеу ерекшеліктері; параллель бағдарламалауда операциялық жүйелердің жұмыс істеу принциптері; синхронды параллель бағдарламалаудың негізгі мысалдары.
Оқыту нәтижелері:
- білуі тиіс - пәндік аймақтың негізгі қағидаларын; оның негізгі ұғымдарын; талдау және осындай жүйелерді жобалау әдістемесін;
- істей алуы - ұқсас жүйелерді жобалау, бағдарламалауды;
- дағдылану - болашақ кәсіби қызметінде осындай тәсілдерді тиімді пайдалануға.
Құзыреттер: Windows-тегі қазіргі заманғы автоматтандырылған зерттеулер жүйелерін, даму тенденцияларын және ұқсас жүйелерді жобалау және құру принциптерін білу.
Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Параллель есептеу технологиясы
Пререквизиттер: Нақты уақыт жүйелері үшін бағдарламалық қамтаманы өңдеу технологиялары.
Постреквизиттер: Магистрлік диссертацияны қорғау.
Оқыту мақсаты: Linux-те үлестірілген және көп ағындық бағдарламалау әдістерін өнімділігі жоғары есептеуге пайдалану.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер):
Оқыту нәтижелері: Жоғарғы жылдамдықты жүйелер мен желілер архитектурасының ерекшеліктері мен қағидалары, параллель бағдарламалау ерекшеліктері, синхронды параллель бағдарламалаудың негізгі мысалдары.
- білуі тиіс - пәндік аймақтың негізгі қағидаларын; оның негізгі ұғымдарын; талдау және осындай жүйелерді жобалау әдістемесін;
- істей алуы - ұқсас жүйелерді жобалау, бағдарламалауды;
- дағдылану - ұқсас жүйелерді құруға;
Құзыреттер: Linux-тегі қазіргі заманғы автоматтандырылған зерттеулер жүйелерін, даму тенденцияларын және ұқсас жүйелерді жобалау және құру принциптерін білу.
Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Жобалық шешімдерді талдау және синтездеу әдістері
Пререквизиттер: Нақты уақыт жүйелері үшін бағдарламалық қамтаманы өңдеу технологиялары.
Постреквизиттер: Магистрлік диссертацияны қорғау.
Оқыту мақсаты: Бағдарламалық қамтаманы құруға арналған жоба шешімдерінің талдауы мен синтезін жүргізу.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Құрылатын жобаны талдау әдістері, жобаны орындау кезеңдері.
Оқыту нәтижелері:
- білуі тиіс –деректердің негізгі концепцияларын; олардың негізгі ұғымдарын, ұқсас жүйелерді талдау және жобалау әдістемелерін;
- істей алуы - ұқсас жүйелерді жобалауды, бағдарламалауды;
- дағдылану - ұқсас жүйелерді жобалау, бағдарламалау үлгісін құра білуге;
Құзыреттер: Жоба шешімдерінің талдауы мен синтез әдістерін, осы аталған сала аумағында қолданылатын құралдарды, осыған ұқсас жүйелердің даму беталысын білу.
Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
Ғылыми зерттеулердің және кешендік сынақтардың автоматтандырылған жүйелері
Пререквизиттер: Нақты уақыт жүйелері үшін бағдарламалық қамтаманы өңдеу технологиялары.
Постреквизиттер: Магистрлік диссертацияны қорғау.
Оқыту мақсаты: ғылыми зерттеудің және кешенді сынаулардың, ғылыми тәжірибелерді жүргізу және олардың нәтижелерін өңдеудегі автоматтандырылған жүйелердің принциптері мен әдістерін зертеу.
Қысқаша мазмұны (негізгі бөлімдер): Қатар орындалатын бағдарламалар мен үдерістерді құрудың негізгі принциптері; деректерді үлестіріп өңдеу ерекшеліктері; қатар орындалатын бағдарламаларды өңдеудегі автоматтандырылған жүйелердің принциптері.
Оқыту нәтижелері:
- білуі тиіс - аталған сала аумағы деректерінің негізгі концепцияларын; олардың негізгі ұғымдарын, осыған ұқсас жүйелердің талдау және жобалау әдістемелерін;
- істей алуы - ұқсас жүйелерді жобалауды, бағдарламалауды;
- дағдылану - ұқсас жүйелерді жобалау, бағдарламалау үлгісін құра білуге.
Құзыреттер: қазіргі заманғы ғылыми зерттеудің автоматтандырылған жүйелерін құру мен жобалауды, осыған ұқсас жүйелерде даму беталысын білу.
Кафедра: Ақпараттық жүйелер.
«Ақпараттық жүйелер»
кафедрасының меңгерушісі
|
Т.С.Картбаев
|
ААТФ деканы орынбасары
|
Д.К.Абылхасенова
|
Достарыңызбен бөлісу: |