Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет133/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   162

347

Өткен  XX  ғасырдың  10-жылдарының  орта  тұсынан  бастап 

20-жылдардың басына дейін қазақ тіліне, оның жазба әдеби түріне 

жаңа  сөздер,  жаңа  қолданыстар  келді.  Бұл  құбылыста  оқу-ағарту 

ісінің  жандануы,  баспасөздің  қарқынды  түрде  дамуы,  баспа  ісінің 

ұлғаюы басты себепші-фактор болды.

Оқулықтар,  оқу  құралдары,  әдістемелік  әдебиет  нұсқалары,  екі 

тілдік сөздіктер орасан мол жаңа номинацияны, кірме сөздерді қажет 

етті. Айталық, Ахмет Байтұрсынұлының бір өзі тіл біліміне қатысты 

ондаған (тіпті жүзден де асатын) жаңа ғылыми термин ұсынды. Ол 

атаулар негізінен лингвистикалық және әдебиеттану терминдері бол-

ды.  Мектеп  оқулықтарында  қолданылатын  бастауыш,  баяндауыш, 



зат  есім,  етістік,  үстеу;  есімдік,  шылау,  одағай,  нүкте  (ноқат), 

үтір, сызынша, жұрнақ, жалғау, ұяң дыбыс, қатаң дыбыс, жақша 

дегендерден бастап, осы күнге дейін термин ретінде орныққан ата-

уларды  дүниеге  келтірді.  Сол  сияқты  бүгінге  дейін  қолданыстағы 

шумақ, тармақ, бунақ, бейнелеу, кейіптеу сияқты әдебиет терминдері 

де – сол кезең үшін жаңа сөздер болатын. Тек терминдер емес, мек-

тептер мен жоғары оқу орындарында тіл, әдебиет, мәдениет, жара-

тылыстану  пәндері  сияқты  салалардың  жазба  үлгілерінің  баяндау 

барысында қолданылған көптеген қарапайым сөздер де лексикалық 

жаңалық  ретінде  танылды.  Мысалы,  түбірге  жұрнақ  жалғанғанда,  

екі  етістік  қосарынан  сөйлегенде,  еткен  іске  бір  нәрсе  сабақтаулы  

болса, өзгелік етіс дейміз деген қазақ тілінің алғашқы оқулықтарын- 

дағы  сөйлем  үзіктеріндегі  курсивпен  терілген  сөздер  бұрын  осы 

жердегі  мағыналарында  (қызметтерінде)  мүлдем  кездеспеген 

тұлғалар болатын.

Байтұрсыновтың тілге қосқан жаңалықтарының бір тобын – бай- 

ырғы  сөздердің  тіркес  түріндегі  термин  жасайтын  компоненттер 

ретінде келгендері құрайды. Мысалы, ішкергі, тысқарғы жалғаулар



ашық  дыбыс,  тұйық  дыбыс,  жалқы  есім,  жалпы  есім,  оңаша  тәу- 

елдеу, ортақ тәуелдеу, өлшеулік үстеу, мезгіл үстеу, бас мүше, баян-



ды мүше дегендердегі курсивпен көрсетілген сөздердің жеке өздері 

– жаңа тұлға емес, атқаратын қызметі, осы тіркесте беретін мағынасы 

– жаңа.

Демек, XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ жазба 



әдеби  тілінің  жаңалықтары  дегенде  осы  құбылыстарды  атау  керек. 

Бұл  жерде  үлкен  ізденіс-талдау  Ахмет  Байтұрсынұлының  термин  

жасауда ұстанған принциптері, амалдары жайында болуға тиіс.

Қазақ  әдеби  тілінде  XX  ғасырдың  алғашқы  онжылдықтарында 

пайда болған жаңа сөздер мен жаңа күрделі атаулардың дені терми-

нология саласына қатысты болды. Қазақ дүниесіне енді келе бастаған 

оқу, білім, ғылымға қатысты сөздер, олардың ішінде әсіресе термин-



348

дер тілдегі жаңалықтар болып танылды. Ал термин жасауда сөздің 

атауыштық  (атаулық  –  номинативтік)  қасиеті  мен  ұғымдық  мәні 

дегендерді  бөліп  тану  қажет.  Айталық,  техника  салаларына  жата-

тын терминдердің жасалуында номинативтік бағдар бірінші орында 

тұрады.  Мысалы,  мәшинелердің,  техникалық  құрал-жабдықтардың 

терминдері көбінесе зат атауларынан жасалады: комбайн, карбюра-

тор, машина, трактор, рельс, паровоз, локомотив. Ал ғылыми тер-

минологияда  ұғымға  мән  беріледі,  яғни  ғылымға  қатысты  термин-

дер  –  нақты  заттың  аты  емес,  көбінесе  ұғымның  аты  болуы  керек. 

Сондықтан ұғым атаулары (бұрынғылары да, жаңалары да) әр тілдің 

өз сөздерімен де жасалуға бейім, сондай-ақ олар калька жолымен өзге 

тілдерден де аударылады.

XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында тілтану, әдебиеттану, 

жаратылыстану,  оқу-ағарту,  мәдениет  салаларына  қатысты  ғылыми 

атаулар  негізінен  қазақтың  өз  сөздерінен,  біразы  жасанды  түрде, 

көпшілігі мағына ауыстыру, сөз біріктіру, сөздерді қосақтау сияқты 

амалдармен  жасалғандығы  көрінеді,  бұлардың  басым  көпшілігі  

сол кезеңдегі қазақ тілі үшін неологиялық бірліктер болып шықты, 

бұған  XX  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ  оқушылары  мен  оқырман- 

дарының  аялық  білімімен,  яғни  білім-таным  дәрежесімен  санасу 

қажеттігі де ықпалын тигізді. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ 

тілі  оқулықтары  мен  көркем  әдебиеттің  тілдік  қыр-сырын  ғылыми 

тұрғыдан таныту үшін бұрын қазақ құлағы естімеген зат есім, сын 

есім, сан есім, есімдік, етістік, анықтауыш, толықтауыш, баста-

уыш,  баяндауыш,  демеулік,  кейіптеу,  бейнелеу  сияқты  тосын  (жа-

санды) сөздерді ұсынды, сондай-ақ шылау, үстеу, жалғау, жұрнақ, 



дыбыс,  ұяң  дыбыс,  қатаң  дыбыс,  түбіршік  тіл,  жалғамалы  тіл

қопармалы тіл, шумақ, тармақ, бунақ, буын, көсем сөз дегендердегі 

курсивпен берілген сөздердің мағыналарына жаңа мағына үстеп, не-

ологизмдер жасады.

Білім  салаларына  қатысты  алғашқы  жазба  үлгілердегі  жаңа 

сөздердің  қазақтың  өз  лексикалық  қазынасынан  жасалуына  ол 

үлгілердің ғылымның толық өзі емес, бастамасы (оқулықтар, хресто- 

матиялар,  әдістеме  құралдар)  сияқты  мектеп  балаларына,  мұға- 

лімдердің алғашқы буындарына, сауаттарын енді ашып жатқан ере-

сектерге  арналғандығы  да  себепкер  болды.  Жаңа  мағына  беретін 

сөздерді немесе бейтаныс ұғым атауларын қазақ сөздерімен берген-

де,  оларды  оқырмандар,  оқушылар  жатсынбай  қабылдап  кететінін 

Ахаңдар жақсы сезінген.

Бұл  айтылғандардан,  әрине,  А.Байтұрсынов,  X.Досмұхамедов, 

Т.Шонанов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Қ.Жәленов, Қ.Кемеңгеров, 

Ж.Күдериндердің еңбектерінде шеттілдік сөздер арқылы ұсынылған 



жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау