«базис» компаниясына



жүктеу 4,36 Mb.
Pdf просмотр
бет14/16
Дата11.01.2020
өлшемі4,36 Mb.
#26276
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

бірге, шахардың (бір кездердегі  Медеу кешені 

секілді) тағы бір бет-бейнесіне айналып, қала-

ны жаңа деңгейге көтеретін бірегей нысан. 

БІр КөргеННеН БАурАйтыН СПорт 

НыСАНы

12 000 орындық Мұзды арена құрылысына 

ең қазіргі заманғы экологиялық таза құрылыс 

материалдары  қолданылды,  соңғы  архитек-

туралық  әзірлемелер,  күрделі  техникалық 

шешімдер мен ең соңғы үлгідегі әрлеу матери-

алдары пайдаланылды. 

Нысан  барлық  халықаралық  нормалар 

мен  ережелерге  сай  салынды.  Мұзды  арена  – 

құрылыс сапасы мен адамдардың қауіпсіздігін 

қамтамасыз ету эталоны. 

Мұзды  аренаның  аумағы  серуен  құрып, 

велосипед теуіп, демалуға өте ыңғайлы. Мұз-

ды  аренаның  өне  бойына  шырша,  қайың,  ше-

тен  мен  тал-шілік  отырғызылған.  Раушан 

гүлдерінің  хош  иісі  аңқыған  ғажайып  жасыл 

гүлзарлар мен гүл бақтары айналаға сән беріп 

тұр. Периметр бойымен ұлттық нақыштар қа-

шалған  граниттен  жасалған  ыңғайлы  сәкілер 

орнатылған. 

Мұзды  аренаның  тағы  бір  ерекшелігі  – 

оның аумағы айналадағыны өзіне тартып тұра-

тын  өзгеше  аураға  ие  –  ғимараттың  ішіне  не-

месе  спорт  нысанының  аумағына  кірген  адам 

барлығын ұмытып, жай ғана бірегей ғимарат-

тың әсемдігіне тамсанумен болады. 

2017-ші  жылғы  Универсиада  өткеннен 

кейін де 12 000 орындық Мұзды аренаның үл-

кен сұранысқа ие мәдени және спорт нысанда-

рының  бірі  болатындығы  ешқандай  да  күмән 

туғызбайды. 

BN-нен:

Бүкіл  ел  білетін  аты  аңызға  айналған 

құрылыстар  болады.  Бір  кездері  өткен  ғасы-

рдың  ортасында  Медеу  мұз  айдыны  да  өзінің 

ауқымдылығымен  таң  қалдырған.  Бүгінде 

«БАЗИС»  құрылыс  компаниясы  Қазақстанда 

теңдесі жоқ ірі спорт ғимараты – 12 000 орын-

дық  Мұзды  аренаны  салу  арқылы  бәрінен  де 

асып  түсті!  Мұндай  ауқымды  нысандар  50 

жылда бір рет қана салынады және елге ғасыр-

лар бойы қызмет етеді. Бірегей форма, өлшем, 

техникалық  жарақтандырылу,  интерьерге  ие 

жаңа  буынның  спорт  нысаны  –  12  000  орын-

дық  Мұзды  арена  Алматының  ажарын  ашып, 

мегаполистің  бүкіл  тұрғындарының  сүйіспен-

шілігіне  бөленіп,  бірден  еліміздің  басты  бей-

несіне айналды.

БІрегей АрХИтеКтурА ЖӘНе КеШеН-

НІң КөПФуНКцИоНАлдылығы

 

12  000  орындық  Мұзды  арена  –  2017-ші 

жылы  өтетін  28-ші  қысқы  Универсиаданың 

басты ірі спорт нысаны. Жастардың универси-

теттік ойындарының ашылу және жабылу сал-

танаттары  дәл  осы  жерде  өтеді.  Компаниямыз 

бұл  ерекше  спорт  нысанын  пайдалануға  қыр-

күйекте береді. 

Архитектуралық  ансамбль  үш  ғимараттан 

тұрады.  Оның  екеуі  мұз  айдыны  стадиондары 

секілді дөңгелек пішінді болады. Үшінші ғима-

рат  архитектуралық  ансамбльде  байланысты-

рушы роль атқарады және дәстүрлі тікбұрышты 

пішінге  ие.  Ғимараттың  қуатты,  монолитті 

қаңқасы  мұздағы  коньки  іздерін  суреттейтін 

алтын  сызықтары  бар  көк  түсті  қыздырылған 

беріктігі  мықты  шынымен  қапталған  қасбет 

астында жасырулы. 

Ең  үлкен  ғимарат  -  «А»  блогында  12  000 

орындық  мұзды  арена  болады,  ол  концерт  за-

лына,  баскетбол,  волейбол,  футбол,  қол  добы 

секілді спорт түрлеріне арналған спорт арена-

сына  трансформацияланатын  болады.  Бұған 

қоса, бұл блокта жаттығу залдары мен қазылар 

аймағы, телерадиохабар тарату компаниялары-

на  арналған  жайлар,  баспасөз  мәжілістеріне 



«БАЗИС»  компаниясы  2017-ші  жылғы  Универсиаданың  басты  нысаны  -  Алматының  Алатау  ауданындағы  12  000 

орындық  Мұзды  аренаның  құрылысын  аяқтады.  Қазір  нысанда  қондырғылар  тексерілуде,  барлық  тіршілікті 

қамтамасыз ету жүйелері сыналуда, жарық, дыбыс және стереожүйе тестіленуде. Спорт нысаны әлемдік стандарттар 

мен  FISU талаптарына сай қазіргі заманғы технологиялар мен құрылыс материалдары қолданыла отырып салынды. 

Қазақстанда  теңдесі  жоқ  осынау  бірегей  спорт  ғимаратының  құрылысын  Қазақстан  республикасының  Президенті 

Нұрсұлтан  Назарбаев  жеке  бақылауында  ұстады.  Нысанды  18-ші  қыркүйекте  Алматының  1000  жылдығына  орай 

салтанатты түрде ашу жоспарланып отыр. 

ЖАңА БуыННың СПорт НыСАНы – 12 000 

орыНдық МұЗды АреНА АлМАтыНың 1000 

ЖылдығыНА орАй АШылАды 

арналған  зал,  фуд-корт  пен  мейрамханаларға 

арналған орындар қарастырылған. 

«В» 


блогында 

конференц-залдары, 

әкімшілік жайлары, жаттығу фитнес-залы мен 

екі бассейн, қоғамдық тамақтану орны орнала-

сады. 

«Б»  блогында  478  орындық  трибунала-



ры  бар  жаттығу  айдыны,  SPA-орталық,  бокс, 

күрес,  үстел  теннисі,  хореографиямен  шұғыл-

дануға  арналған  арнайы  бөлмелер,  сонымен 

бірге,  акробатикалық  әзірлік,  жалпы  физика-

лық  дайындық  залдары  мен  екі  жаттығу  залы 

орналасқан. 

Мұз сарайы қазіргі заманғы технологиялар 

қолданыла отырып, халықаралық, атап айтқан-

да, шайбалы хоккей Халықаралық Федерация-

сының  (IIHF),  Құрлықтық  хоккей  лигасының 

(KHL)  және  студенттік  спорт  Халықаралық 

федерациясының  (FISU)  талаптарына  сай  са-

лынған. 

ЖАңА құрылыС МАтерИАлдАры 

МеН теХНологИялАр

 

Спорт нысанын салу кезінде ең қазіргі за-

манғы құрылыс материалдары мен технология-

лар пайдаланылды. Мұзды арена сейсмикалық 

аумақта  орналасқандықтан  Мұзды  аренаның 

барлық  блоктарының  арматуралау  проценті 

өте жоғары – ғимарат 10 баллдық сейсмикалық 

салмаққа есептелген. Кешен жабыны аса берік 

металл  конструкцияларынан  тұрады.  Оларды 

аталған жобаға арнайы жабынды дайындау мен 

монтаждау  жөнінен  ең  ірі  мамандандырылған 

мекеме  –  «Имсталькон»  АҚ  жасады.  Мұзды 

аренаның  барлық  үш  жабынында    5  000  тон-

надан  астам  күрделі  металл  конструкциялары 

«жатыр».

Ғимараттарда қазіргі заманғы жылыту, вен-

тиляция, жарықтандыру мен газдандыру жүйе-

лері  орнатылған.  Нысан  қазіргі  заманғы  күзет 

белгілерімен,  арнайы  қадағалары  бар  өртке 

қарсы жүйелермен жарақтандырылған. Мұзды 

арена – ел көп жиналатын орын болғандықтан, 

қауіпсіздіктің барлық жүйелері швейцар сағаты 

секілді мінсіз жұмыс істейді. Ал, осынау біре-

гей  нысан  құрылысы  барысында  қолданылған 

барлық материалдар жоғары сапалы. 

Ғимарат жауапкершіліктің бірінші катего-

риясына ие, сондықтан, құрылысқа тек техни-

калық және авторлық бақылау органдары ғана 

емес, сонымен бірге, ҚР арнайы ықызметтері, 

ҚазҒЗЖИ,  МАҚБ,  сондай-ақ,  ІІМ  мен  ҰҚК 

ерекше назар аударды. Мұзды арена сапа мен 

қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудің  эталоны  деп 

сенімді түрде айтуға болады. 

МұНдА Әр АдАМ өЗ КерегІН тАБАды

 

12 000 орындық Мұзды арена нағыз біре-

гей  көпфункционалды  алаң  болып  табылады 

–  мұнда  хоккей,  мәнерлеп  сырғанау,  шорт-

трек  пен  кёрлинг  секілді  спорттың  «қысқы» 

түрлерімен қатар баскетбол, волейбол, футбол 

ойындарын да өткізуге болады. Мұзды аренада 

бокс пен мини-футболдан да жарыстар өткізу-

ге  мүмкіндік  бар,  себебі,  мұзды  арена  транс-

формацияланады – мұз арнайы жабынмен жа-

былып, борттар алынып, алаң белгілі бір спорт 

түріне модернизацияланады. 

12  000  орындық  Мұзды  аренаның  негіз-

гі  ғимараты  күмбезі  астында  өтетін  ірі  спорт 

шараларын тамашалаумен қатар әр адам мұнда 

өзіне  және  отбасына  керекті  спорт  түрін  таба 

алады.  Түрлі  спорт  түрлерімен  айналысуға 

жабдықталған  көптеген  алаңдар  жыл  бойы 

ашық  болады.  Мұзды  арена  ғимаратында  де-

нешынықтыру-сауықтыру  кешені,  СПА-орта-

лық  пен  сұлулық  салоны  жұмыс  істемек.  Ай-

тпақшы,  кіші  мұз  айдыны  ауқымды  сайыстар 

кезінде  спортшыларға  арналған  жаттығу  ай-

дыны ретінде пайдаланылатын болады, қалған 

уақытта онда жаппай сырғанау өткізіледі. Бас-

сейндер  де  солай  –  10  метрлігі  балаларға,  25 

метрлігі  ересектерге  арналған.  Жарыс  өтпей-

тін күндері тұрғындар осында отбасыларымен 

келіп, спортпен айналыса алады. 

Шаралар  кезінде  ғимаратта  бірнеше  мей-

рамхана мен дәмхана жұмыс істейтін болады. 

Күнделікті  жұмыс  күндері  де  қандай  да  бір 

мекемелер  жұмыс  істеуі  мүмкін.  Ол  пайдала-

нушы  мекеменің  шешіміне  байланысты  бола-

ды.  Мұзды  аренаның  үш  блогындағы  жайлар 

мұнда дәмханалар, кеңселер, тіпті, арнайы дү-

кендер де ашуға мүмкіндік береді. 

ЧеМПИоНАттАр МеН КоНцерттерге 

АрНАлғАН үЗдІК қоНдырғылАр 

Жоғарыда  айтылғандай,  Мұзды  арена 

құрылысы әлемдік стандарттар мен талаптарға 

сай жүргізілді. Мұзды арена әлем Чемпионаты 

мен  Олимпиада  ойындары  деңгейіне  сәйкес 

соңғы үлгідегі техникамен жарақталған. Мұз-

ды  аренадағы  ауқымды  аумақтың  арқасында 

мұнда  тек  ең  жоғары  деңгейдегі  турнирлерді 

ғана емес, әлем жұлдыздарының концертін де 

өткізуге  болады.  Бірегей  спорт  нысаны  қазір-

гі  заманғы,  қуатты  концерттік  қондырғылар-

мен  жабдықталған.  Жақында  мұзды  аренада 

аппаратуралар  тестілеуден  өткізілді.  Ол  қала-

мыздың кез-келген деңгейдегі әлем жұлдызда-

рын  қабылдауға  дайын  екендігін  кезекті  рет 

дәлелдеді.  Мұзды  аренада  «JBL  Professional», 

«Meyer  Sound»  және  басқа  да  белгілі  әлемдік 

брендтердің аппаратуралары қойылған. 

Ерекше  нысанның  ішкі  инфрақұрылымы 

да  жоғары  деңгейде.  Келушілерге  ыңғайлы 

болуы  үшін  нысан  көптеген  санитарлық  то-

раптармен,  душ  бөлмелерімен,  гардеробтар-

мен  және  басқа  да  қосалқы  жайлармен  жаб-

дықталған. 



теМІр тұлПАр тұрАқСыЗ қАлМАйды

Мұзды  аренада  жерасты  паркингтеріне 

алып  келетін  кіребістер  ыңғайлы  орналасты-

рылған.  Олар  «А»  және  «Б»  блоктарының 

астында орын тепкен. Оларды негізінен осынау 

бірегей  ғимаратқа  қызмет  көрсететін  қызмет-

керлер  пайдаланатын  болады.  Сонымен  бірге, 

келушілерге  ыңғайлы  болу  үшін  төрт  гектар 

жерді алып жатқан күзетілетін ашық автотұрақ 

салынған. 

Мұзды арена ірі халықаралық шараларды 

өткізу мен он екі мыңдық аудиторияға есептел-

гендіктен,  келушілерге  арналған  тұрақтардың 

ыңғайлы болуы үлкен маңызға ие. 

Нысанда  ұсақ-түйектер  тек  техникалық 

тұрғыдан  ғана  ескерілмеген.  Ғимараттың  әр-

бір шаршы метрі белгілі бір қызметті атқарып 

тұрады. Мұзды аренаның ең астыңғы қабатын-

да  барлық  техникалық  жайлар  шоғырланды-

рылған. Мұз айдынын салқындатуға арналған 

қондырғы,  көптеген  вентиляциялық  камера-

лар,  ағындық  қондырғылар,  сорғы,  жылыту 

пункттері  мен  тұрмыстық  техникалық  бөлме-

лер орнатылған арнайы зал бар. «В» блогында 

кір  жуу  және  басқа  да  бөлмелер  орналасқан. 

Спорт ғимаратының құрылысы көптеген жаңа 

жұмыс  орындарын  құрды  –  осындай  ғаламат 

ғимаратты  тоздырмай  ұстап  тұру  үшін  көпте-

ген шебер қолдар қажет. 

дАМу ПерСПеКтИВАлАры 

Алматы  қаласының  әкімі  Бауыржан  Бай-

бек  өз  сөзінде  Мұзды  аренаның  Алатау  ауда-

ны  экономикасының  дамуына  жаңа  серпін 

беретіндігін  бірнеше  мәрте  айтқан  болатын. 

Денешынықтыру-сауықтыру  кешені,  күрес, 

бокс  залдары  –  бұлар  Мұзды  арена  ресми 

түрде  ашылғаннан  кейін  жұмысқа  кірісетін 

секциялардың  бірнешеуі  ғана.  Олар  балалар-

дың  спортпен  шұғылдануына  кең  жол  ашпақ. 

Осынау  бірегей  спорт  кешенінің  арқасында 

Қазақстанда жақында тамаша спорт саңлақта-

ры  өсіп  шығуы  мүмкін.  Себебі,  мұзды  арена 

Алматыға  ажар  беріп  қана  қоймай,  сонымен 

33

құрылыс жаңалықтары



32

BAZIS NEWS №8-9 / 01.09.2016




жүктеу 4,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау