Күзде «БАЗИС» құрылыс компаниясы Астанадағы еХрО-2017 Халықаралық көрмесі павильондарын пайдалануға
бермек. Көрме «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтеді. Футуристік көрме павильондарымен бірге еХрО аясында
компаниямыз халықаралық көрмеге қатысушыларға арналған баспана салуда. Онда әр елден келген делегация мен
EXPO Plaza тұрғын үй кешені орналасатын болады. Ол кешеннен қазірдің өзінде қазақстандықтар жайлы пәтерлер
сатып алып жатыр. Барлық нысанның «жасыл» құрылыстың қазіргі заманғы технологиялары қолданыла отырып
салынғанын атап өткен жөн.
еХро – ХАлықАрАлық
ыНтыМАқтАСтық ПеН дАМудың
БІрегей АлАңы
КелеШеК үлКеН ЖоСПАрлАр
«БАЗИС» компаниясының құрылысшылары
Астанада ЕХРО-2017 көрмесіне салып жатқан
архитектуралық кешен – Қазақстанда теңдесі
жоқ адам айтқысыз әсем, футуристік нысан.
Компаниямыз «Энергия әлемі» павильонын, көр-
менің өзі өтетін екі халықаралық павильон және
жеке тұрған ғимарат – тақырыптық павильон
салды. Компаниямыз салған көрме кешендерінің
жалпы аумағы – 73 000 ш. м. Жұмыстардың бар-
лығы күрделі болды және құрылысшылардан
жоғары біліктілікті талап етті. Өздеріңіз ойлап
көріңіздер – кейбір жайлардағы төбенің биіктігі
7 метрге дейін жетеді, ал, көрме аймағындағы
жабындар арасындағы төбенің биіктігі - 10 метр.
Ғимараттардың өзінің биіктігі - 27 метр. Жоба
көрме өткенен кейін осынау ерекше павильон-
дардың барлығы ыңғайлы жайларға айналды-
рылатындай етіп ойластырылған. Ол жайларда
түрлі компаниялардың кеңселері немесе білім
беру нысандары орналасуы мүмкін, бөлмелердің
орналасуының жоспарлық шешімдеріне басқаша
қарауды қажет ететін ғылыми орталықтар мен
басқа да инфрақұрылым нысандары ашылады.
Біздің әріптестеріміз бұл нысандарды дай-
ын күйінде тапсырады – онда душ бөлмелеріне
арналған қондырғылар, көптеген санитарлық
тораптар (оның ішінде көптеген демалыс орын-
дары болатын паркингтерде де) орнатылған.
Күзет пен операторлар үшін арнайы жайлар жаб-
дықталған. Айтпақшы, нысанның қауіпсіздігіне
үлкен көңіл бөлінген – барлық периметр бой-
ымен бейнебақылау жүргізілетін болады, ғима-
раттарға ең соңғы үлгідегі күзет және қауіпсіздік
жүйелері орнатылуда.
қАЗІргІ ЗАМАНғы «ЖАСыл» СтАН-
дАрттАр
ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі мен екі
тұрғын үй кешені нысандары құрылысының
алғашқы күнінен бастап энергия үнемдеу техно-
логияларын қолдануға үлкен көңіл аударылды.
Бүкіл аумақ қайта қалпына келетін қуат көз-
дерімен жұмыс істейтін шамдармен жарықтан-
дырылады – барлық шам бағаналары күн батарея-
ларымен жабдықталған. ЕХРО қатысушыларына
арналған баспана аумағында «Базис» жобалау
институтының қызметкерлері әзірлеген қайта
қалпына келетін қуат көздерімен жарықтандыру
технологиясы қолданылатын болады.
Құрылысшыларымыз немістің дүниежүзінде
табысты қолданылып жүрген «Калцип» жабын
жүйесін пайдаланды. Бұған қоса, паркингтің
үстінде тал-шіліктер, ағаштар мен гүлдер оты-
рғызылып жатқан арнайы жабын бар. Ғимарат-
тың периметрі бойымен адамдар санын есеп-
тейтін және жарықтандыруды бөлетін арнайы
сенсорлар орнатылған. Бұл энергия шығынын
азайтуға және жасыл тұжырымдамаға сай бо-
луға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, электр
желілеріне түсетін салмақты азайту үшін және
қайта қалпына келетін қуат көздерінің энергия-
сын көрменің инфрақұрылымына интеграциялау
үшін SmartGrid технологиясы қолданылатын бо-
лады. Ол нақты уақыт режимінде энергия тұты-
нуды бақылауға және салмақты автоматты түрде
бөлуге мүмкіндік береді.
ЕХРО нысандары Қазақстан үшін имидждік
құрылыстар. Солардың арқасында елімізді мей-
лінше көп ел тани түсуде. Көрмеге 100-ден астам
ел, 10-нан астам халықаралық ұйым мен инно-
вациялық технологиялар саласындағы алдыңғы
қатарлы әлемдік компаниялар қатысады деп
жоспарлануда.
ЭКологИяМеН үйлеСІМдІ өМІр
«БАЗИС» компаниясы сонымен қатар,
«ЕХРО-2017» қатысушыларына арналған
жапсарлас жайлары мен паркингі бар көп пә-
терлі тұрғын үй кешенін салып жатыр. Тұрғын
үй кешенінің қасбеті өзгеше және бөлмелердің
орналасуының жоспарлық шешімдері ыңғайлы.
Олар жайлылыққа үйренген кірпияз шетелдік-
тердің көңілінен шығады деп күтілуде. Әріпте-
стеріміз 1, 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлері, қазір-
гі заманғы жерасты паркингтері мен дамыған
инфрақұрылымы бар үйлер тұрғызды. Қазір
абаттандыру мен жол жұмыстары бригадалары
тұрғын үй кешенінің ауласы аумағын абаттан-
дыруда. Кешен шетелдік қонақтарды желтоқсан
айының өзінде-ақ қабылдай алады.
Әріптестеріміз ЕХРО-қалашық аумағында
салып жатқан «ЕХРО Plaza» тұрғын үй кешені
ерекше назар аударуды қажет етеді. Кешен A, B,
C, D секілді төрт орамнан тұрады. Әр орамда 1,
2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлері бар (5-8 қабатты)
5-6 тұрғын үйден бар.
Үйлердің арасындағы аулалардың аумағы
үлкен, онда серуен мен демалысқа қажеттінің
барлығы болады. Әр орамның жеке ыңғайлы ав-
топаркингтері бар, балалар және спорт алаңдары
жасалуда, аулада демалыс аймақтары әзірле-
нуде. 4,5 гектар жерді алып жатқан тұрғын үй
кешенінің аумағын толығымен жасыл аймаққа
айналдыру жоспарлануда. Кешеннің периметрі
бойымен 30 метрлік жолақ етіп бірегей канада-
лық саябақ отырғызылуда. «EXPO Plaza» тұрғын
үй кешені өте сәтті орналасқан – ол саябақтар
мен гүл бақтарымен қоршалған, кешенге жақын
жерде Назарбаев Университет пен Қазақ ұлттық
хореография академиясы орналасқан. Академия-
ны компаниямыз биыл күзде пайдалануға береді.
тАБыС – Бұл КоМАНдАлық ЖұМы-
Стың НӘтИЖеСІ
ЕХРО-ның барлық бірегей нысандарын
құрылысшыларымыз салды. Күн сайын (армату-
рашылар, бетон құюшылар, әрлеушілер, шатыр
жабушылар, сантехниктер, электриктер, вен-
тиляция орнатушылар, ғимараттарды жылумен
қамтамасыз ету бригадалары мен басқа да ма-
мандардан тұратын 600 – 1000 адам) жұмысқа
шығып, осы ғимараттарды метрлеп көтеріп
отырды. Құрылысшыларымыздың, прорабта-
рымыздың, участок бастықтарының, құрылыс
директорлары мен өндіріске жауапты басқа да
мамандардың үйлесімді жұмысының арқасында
осындай әсем де жоғары технологиялы ғимарат-
тарды тамашалау мүмкіндігіне ие болдық.
Әріптестеріміздің жоғары біліктілігінің
дәлелі - ЕХРО нысандарының детальдары.
Мәселен, әріптестеріміз бірегей жаппа салды.
Ол бір мезетте барлық 4 ғимаратты бір шатыр-
дың астына біріктіретін жылжымалы тіреулерде
орнатылған көпірдің де қызметін атқарады. Бұл –
өте әдемі архитектуралық шешім, іске асырылуы
өте күрделі.
ЕХРО нысандары құрылысының өзі тек
мемлекетке ғана емес, бизнеске де қомақты та-
быс әкелгенін атап өткен жөн – нысандарды
салу барысында жергілікті қазақстандық өн-
дірушілердің өнімдері пайдаланылды. Ішкі әрлеу
жұмыстарына қолданылатын құрылыс материал-
дары, гранит, ғимаратар мен лифттердегі еден-
дер – барлығы қазақстандық өнімдер. Аумақты
абаттандыруда да қазақстандық гранит пайдала-
нылуда. Нысандар мен техникалық жайлардағы
есіктер де еліміздікі – Алматы Alcom Engineering
Group зауытының тауарлары. Алюминий діңгек-
ті-ригельді жүйе белгілі Schüco компаниясыны-
кі, қалғандарын «Алюгал» өндіреді, «Алкон»
құрастырады.
Үш футбол алаңымен шамалас аумақ абатт-
тандырылып қойылды. Жолдар мен жаяу жүр-
гіншілер аймағы гранитпен әрленген. Жасыл
желекке оранған гүлзарлары бар демалыс ай-
мағы келушілер үшін нағыз жұмақ бағы іспетті
болмақ.
БАЗИС-А АСтАНАдА тӘуелСІЗдІК Сте-
лАСыН САлудА
Еліміз үшін ұлы оқиға – Тәуелсіздіктің 25
жылдығын мерекелеуге аз ғана уақыт қалды.
Ширек ғасыр ішінде тарихи дамуда үлкен секіріс
жасаған қазақстандықтар Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың басшылығымен әлемдік қауымда-
стық мойындаған қуатты, ауызбірлігі бекем,
қазіргі заманғы мемлекет құрды.
Аталған мерейтой құрметіне 2015 жылы
күзде Тәуелсіздік монументінің үздік эскиз-иде-
ясына республикалық байқау жарияланған бола-
тын. 53 қатысушы ұсынған 66 жұмыстың ішінен
Астана қаласының әкімі Жақсыбеков Әділбек
Рыскелдіұлы жетекшілік еткен білікті қазылар
алматылық Еділ Әлімбековтің эскиз-идеясын
бірауыздан ұнатты. Оның жұмысы терең фило-
софиялық ойдың түрлі дәрежеде орындалуымен
баурады – архитектуралық образ халық жадында
сақталған ғасырлардан бері келе жатқан дәстүр-
лерді бейнелейді: ол биік шыңырау және есте
жоқ ерте замандардан бері табынған Тәңір – Ға-
лам, ғарыш, ал, 25 қыр республика Тәуелсізді-
гінің 25 жылдығын сипаттайды.
Қазақстанның тәуелсіздігінің құрдасы -
біздің компаниямызға осынау жобаны жүзеге
асыру құрметі бұйырды, компаниямыз мемле-
кет қойған бұл міндетті шешуге энтузиазммен
кірісті. Таяуда ақ мәрмәрмен қапталған 70 метр-
лік монумент EXPO-2017 нысандарына биіктен
қарап тұратын болады. Стилистикалық шешім-
дердің қарапайымдылығына қарамастан – қатаң
геометриялық вертикаль формасына қарамастан
– футуристік көкжиекке ұмтылған стела сәулет-
ті. Көкке ұмтылған ол қазақ халқының ұлы рухы
мен елдің прогресс пен жасампаздық жолымен
ары қарайғы дамуын бейнелейді.
BN-нен:
ЕХРО-2017 Халықаралық көрмесінің ны-
сандары тұрғын үй және көрме аймақтарымен
қосқанда 127 гектар жерді алып жатыр. Оның
25 га – ЕХРО көрме аймағы. Павильондармен
қатар «БАЗИС» құрылыс компаниясы ЕХРО қа-
тысушыларына арналған 21 үй мен коммерци-
ялық баспана - «ЕХРО Plazaның» 42 үйін салып
жатыр. Аталған батыл құрылыстың аяқталуына
санаулы ғана күндер, ал, көрменің өтуіне бір
жылдан аз уақыт қалды. Бұл шынында да айы-
рықша жоба, оны абыроймен іске асыра білген
адамдарды мақтан етеміз. Біз еңбегі Отанымыз-
дың даңқын арттыратын әріптестерімізді мақтан
тұтамыз. Көрме өткеннен кейін бұл нысандар қа-
зақстандықтардың игілігі жолында қызмет етіп,
Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы биік
беделін сақтауға ықпал ететін болады!
29
құрылыс жаңалықтары
28
BAZIS NEWS №8-9 / 01.09.2016