12.10 Жалпы міндет атқаратын регистрлер
МП-лердің бәрі жоғарыда сипатталған алты негізгі регистрлерге
иеленеді. Кейбір МП-лер қосымша ретінде және пайдаланушылардың
қарамағына берілетін басқа регистрлерге де иеленеді. Бұл регистрлер жалпы
міндет атқаратын регистр ЖМАР деп аталады. Кейбір МП-лерде олар ЕСҚ-
лар ретінде қызмет етеді, ал кейбіреулерінде бұл регистрлердің бернелік
мүмкіндіктері аккумулятор мүмкіндіктерінен кем түспейді. Соңғы жағдайда
егер олардың ішіне АҚҚ деректерді орналастыра алатын болса ғана жетеміз.
Бұл жерде қарастырылып отырған жорамалданған МП-нің үш ЖМАР-лары
бар: B, C және D (12.1-сурет). Біздің жағдайда АҚҚ деректерді бұл үш
регистрлердің
ішіне
орналастырмайтындықтан,
бұл
соңғылар
аккумулятордың бернелік мүмкіндіктеріне ие болмайды. Осы жағдайларға
қарамастан бұл ЖМАР-лар көп бұйрықтарды орындағанда пайдаланылады.
Көпшілік амалдарды іске асыру тшін B, C және D 8-разрядтық
регистрлердің пайдаланылуы пара-пар. Белгілі бір жұмыс түрін орындау
үшін нақтылы регистрінің таңдалуы, олардың қайсысы қол жетерлік және
қайсысы ең ыңғайлы болып көрінетіндігімен ғана анықталады. Әдетте, бұл
регистрлерді пайдаланушы амалдар күй регистрінің ішіндегі барына әсерін
тигізеді. Демек B, C немесе D регистрлерінің қайсысын болса да теріс
таңбалы өсімшелердің санауышы ретінде пайдалануға болады. Мысалы, егер
бұл мақсат үшін пайдаланылатын D регистрінің ішіндегі бары нөльге тең
болатын болса, күй регистрінің нөльдік нәтижесінің разряды "1"-лік мәнге
иеленеді.
В мен С регистрлер бірігіп 16-разрядтық арнайы міндет атқаратын
регистрдің қызметін орындауы мүмкін. Оларды ВС регистрлік жұп деп
атайық. Біздің қарастырып отырған МП жадының адрес регистріне
регистрлік жұп ішіндегі барын тиеу арқылы орындалатын адрестелу түріне
ие иеленеді. Бұл 16-разрядтың регистрдің көмегімен регистрлік арифметика
88
амалдарын орындауға мүмкіндік туғызадм. Мысалы, ВС регистрлік жұп
ішіндегі барына өсімше беруге болады, ал содан кейін бұл ішіндегі барын
жадыға сұрану үшін пайдалануға болады.
Кез келген уақытта В мен С регистрлер екі тәуелсіз регистр ретінде де
қызмет атқара алатындығын естен шығармау керек. Сонымен, В және С
регистрлерді бөлек немесе біріктіріп пайдалануға болады, ал D регистрі
әрдайым бөлек 8 разрядты регистрдің рөлін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |