Базалық анықтамалар



жүктеу 3,65 Mb.
Pdf просмотр
бет46/54
Дата17.02.2022
өлшемі3,65 Mb.
#37503
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54
Цифрлық сұлбатехника 2019 Дайырбаева Еримбетова Нугуманов

 

 

12.4 АККУМУЛЯТОР 

 

Аккумулятор  -  деректермен  түрлі  айлалы  әрекеттер  орындағанда  МП-



нің басты регистрі ретінде қызымет атқарады. Арифметикалық пен қисындық 

амалдардың  көпшілігі  АҚҚ  мен  аккумуляторды  пайдалану  жолымен  іске 

асырылады. Деректердің екі сөздерінің үстінен, яғни айғақшылардың үстінен 

бұл  амалдардың  кез  келгенін  орындау,  олардың  біреуінің  аккумулятор 

ішінде,  ал  екіншісінің  жады  немесе  тағы  бір  басқа  регистрлердің  ішінде 

орналасқандығын  жорамалдайды.  Мысалы,  шартты  түрде  "А"  мен  "В"  деп, 

және  сәйкесті  түрде  аккумулятор  мен  жады  ішінде  орналасқан  екі  сөздерді 

қосқан  жағдайда  қорытынды  (нәтижелік)  қосынды  "С",  "А"  сөзінің  орнын 

басып,  аккумулятор  ішіне  тиеледі.  АҚҚ-ның  амалды  орындау  нәтижесі  де, 

әдетте  аккумулятор  ішіне  орналастырылады.  Соңғының  (аккумулятордың) 

ішіндегі бары бұл жағдайда жоғалатынын ескерген жөн. 

Аккумуляторды пайдаланатын амалдың (операцияның) басқа бір түрі  - 

ол  деректерді  МП-нің  бір  бөлігінен  екінші  бір  белігіне  бағдарламаланған 

түрде  жіберу  болып  табылады.  Бұл  жерде  сөз  болып  отырған  мәселелер: 

деректерді  кіріс-шығыс  айлағы  мен  жады  аймағыннң  араларына  жіберіп 

тұру,  жадының  екі  аймақтарының  арасына  жіберу  және  т.б.  "Деректерді 

бардарламаланған  түрде  жіберу"  амалы  екі  кезеңде  орындалады:  басында 

деректерді оның кезінен (яғни деректер пайда болатын жерден) аккумулятор 

ішіне  жіберу  орындалады,  ал  содан  кейін  аккумулятордың  ішінен  - 

тағайындалған жеріне алып жіберу іске асырылады. 

Жоғарыда  микропроцессор  АҚҚ-ны  деректерді  аккумулятор  ішінде 

басқа  бір  деректермен  біріктіру  үшін  пайдалануға  мүміндік  беретіндігі 

көрсетілген  еді.  Сөйтседе,  МП  деректер  үстінен  кейбір  әрекеттерді  тікелей 

аккумулятор  ішінде  де  орындай  алады.  Мысалы,  аккумулятордың  барлық 

разрядтарына  екілік  нөльдерді  жазу  жолымен  оны  тазартуға  болады,  ал 

барлық  разрядтарына  екілік  бірлерді  жазып,  оны  бірлік  "1"  күйіне  орнатуға 

болады.  Аккумулятор  ішіндегі  барық  солға  не  оңға  жылжытуға,  оның 

терістелген  мәнін  алуға,  сондай-ақ  басқа  амалдарды  орындауга  болады.  Іске 

асырылуы үшін аккумулятормен пайдаланатын бір қатар бұйрықтар, МП-нің 

бұйрықтар жүйесін қарастырғанда төменде сипатталады. 

Аккумулятор МП-нің ең әмбебапты регистрі болып табылады: деректер 

үстінен  кез  келген  амалды  орындау  үшін  ен  алдымен  оларды  аккумулятор 

ішінен  орнату  керек.  3.1-суретте  көрсетілгендей,  деректер  оның  ішіне  МП-

нің ішкі өрелік жолынан келіп түседі. 




79 

 

Аккумулятор  өз  кезегінде  бұл  өрелік  жолға  деректерді  жібере  алады. 



Деректердің  аккумулятор  ішінен  АҚҚ  ішіне  өту  жолында  буфердің  барына 

назар  аударған  жөн.  (Сәйкесті  буферлік  регистрдің  міндеті  3.10-шы  бөлімде 

бейнелеп түсіндіріледі). 

Аккумулятор  разрядтарының  саны  МП  сөзінің  ұзындығына  сәйкесті, 

яғни 8 БИТ болады. Бірақ кейбір МП-лердің қос ұзындығы аккумуляторлары 

болады.  Бұндай  аккумуляторды  не  бір  тұтас  құрылғы  ретінде,  немесе  бөлек 

екі  аккумуляторлар  ретінде  қарастыруға  болады.  Бірінші  жағдайда  жұптың 

екінші  аккумулятор  кейбір  арифметикалық  амалдарды  орындағанда  пайда 

болатын қосымша БИТ-терді жазу үшін пайдаланылады. Мысалы, екі 8 БИТ-

ті  сөздерді  көбейткендегі  нәтижееі  болатын  16  БИТ-тік  сөз  қос  ұзынды 

аккумулятордың ішіне орналастырылады. 

Кейбір  МП-лерде  бір  топ  аккумуляторлар  бар.  Егер,  мысалы,  олардың 

саны  екеу  болса  ("А"  мен  "В"  аккумуляторлар  делік),  онда  АҚҚ-ның 

шығысынан аккумуляторлардың ішіне деректерді тиеу үшін МП-нің екі түрлі 

бұйрықтарға  билігі  болуы  тиісті:  бір  бұйрығымен  деректерді  "А" 

аккумуляторының  ішіне  жазу  үшін,  екіншісімен  деректерді  "В" 

аккумулятордың  ішіне  жазу  үшін.  Сонымен  қатар,  бұл  аккумуляторларды 

тазарту үшін сәйкесті екі бұйрықтар да болуы тиісті. 

"Көп 

аккумуляторлы" 



МП-лердің 

"бір 


аккумуляторлылармен" 

салыстырғандағы 

артықшылығы 

ол 



біріншілердің 

деректерді 

аккумулятордан  аккумуляторға  жіберіп  тұра  алатындығында.  Деректер 

аккумулятордың  біреуінде,  әзірше  басқа  біреуі  қандайда  бір  басқа  амал 

орындау  үшін  пайдаланып  жатқанша,  уақытша  сақталына  алады.  Бірінші 

аккумулятор  ішіндегі  деректер  қайтадан  керек  болып  қалған  жағдайда, 

оларды алып жіберудің керегі жоқ, себебі олар онда әлдеқашан бар. 

Бір  аккумуляторлы  МП-нің  жұмысы  туралы  әңгіме  қозғасақ,  онда 

амалдар  аккумулятор  ішіндегі  барының  үстінен  орындалады  да,  кезекті 

амалды  орындап  болғаннан  кейін  нәтижені  жады  ішіне  немесе  басқа  бір 

регистр  ішіне  жазуға  тура  келеді.  Көпшілік  жағдайларда  бұл 

бағдарламалаушының  ниетімен  бір  жерден  шығады.  Бірақ  кейбір 

жағдайларда  екі  аккумуляторлардың  бар  болуы  тиісті  амалдардың  санын 

қысқартуы мүмкін. 




жүктеу 3,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау