Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Өркен» қосымша білім беру орталығы



жүктеу 4,7 Mb.
бет1/18
Дата17.11.2017
өлшемі4,7 Mb.
#939
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы

«Өркен» қосымша білім беру орталығы
«Келісемін» _____________ «Бекітемін»_____________

Басқарма басшысының орынбасары «Өркен» ҚББО директоры

З.Гумарова А.Қожанғалиев

«Өркен» қосымша білім беру орталығының жұмыс жоспары

Орал - 2017

МАЗМҰНЫ



  1. Кіріспе 3 бет




  1. Орталықтың мақсат – міндеттері 4 бет




  1. Орталықтың 2016 жылғы жұмысына талдау 5 бет




  1. Облыстық іс-шаралар жоспары 26 бет




  1. Ұйымдастырушылық педагогикалық қызмет 30 бет




  1. Тәрбие бағыттары бойынша ұйымдастырылатын 31 бет

жұмыс


  1. Педагогтармен әдістемелік жұмыс ұйымдастырудың 35 бет

жоспары


  1. Психологиялық қызмет 36 бет




  1. Әдістемелік кеңестің жоспары 37 бет




  1. Педагогикалық кеңестің жоспары 38 бет




  1. Педагогтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру 39 бет




  1. Директор жанындағы кеңес 41 бет




  1. Аттестациядан өтетін педагогтармен жұмыс 42 бет




  1. Әкімшілік – шаруашылық жұмыстар 43 бет


І. КІРІСПЕ БӨЛІМ

«Шығармашылық құзыреттілікте, үздіксіз білім беру мен тәрбиелеуде,

кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауда тұлғаның бәсекелі артықшылықтарын

қалыптастыру мақсатында негізгі бағыттар бойынша балаларға қосымша

білім беру мазмұны жаңартылатын болады.»

Қазақстан Республикасындағы

білім беруді дамытудың

2011-2020 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасынан

«Өркен» орталығының ұстанымы:

«Нәтижелі, сапалы, саналы тәрбие –

бүгінгі және келешек ұрпақ үшін!»

Балалардың бос уақытын пайдалы істерге жұмылдыруға күш салған «Өркен» қосымша білім беру орталығы жылдан жылға тың идеялармен облысымыздағы балалар қозғалысын қарқынды дамытып келеді. Мұның өзі еліміздің гүлденуіне үлес қосар болашақ жастарымызға серпін беріп жатқан игі бастама деп қабылдаймыз.

Орталық алға қойған мақсаттарын дәл айқындап нақты жоспарлар мен бағдарламаларды, қажетті жобаларды жүзеге асыруда. Орталықта балалардың өздерінің қызығушылығымен қатысатын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар ұйымы, «Көшбасшылар мектебі» және «Тәлімгерлер мектебі» үйірмелері, «Жас психолог» клубтары жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Жас полицей» тобы, «Жас инспекторлар» тобы, «Наркобекеттер», «Жас ізденушілер», «Жас өрт сөндірушілер», «Жас құтқарушы», әскери спорттық клубтарға балалар ұйымдары жетекшілеріне, қосымша білім беру педагогтарына әдістемелік көмектер көрсетіліп облыстық шаралар ұйымдастырылады.

Мектеп және колледж оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық клубтарды және әскери-спорттық ойындарды дамыту мақсатында патриоттық және бұқаралық спорт бөлімі жұмысын жалғастыруда.

Орталықта «Жас өркен» балалар мен жастар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс жасауда. «Жас өркеннің» жас көшбасшылары облысымыздағы қоғамдық шараларда белсенділік танытып, өздерінің көшбасшылық қабілеттерін танытып келеді.

«Өркен» қосымша білім беру орталығының веб-сайты жұмысы жалғасуда. www.cdoorken.kz сайтында орталықта өткен шаралар туралы мақалалар жазылып тұрады. Сайтта «Балалар шығармашылығы», «Сценарий», «Психолог қызметі», «Әдістемелік бұрыш» бөлімдері, облыстық байқаулардың ережелері, фотогалерея, әндер жинағы, форум, видеотека орналасқан. Сайттың тәлімгерлерге, ұстаздарға пайдасы зор.



ІІ. ОРТАЛЫҚТЫҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ


Мақсаты:
- Өз аумағында және құқықтық немесе өзге де нормативтік

құжаттармен белгіленген құзырет шегінде білім беру



саласындағы мемлекеттік саясатты іс жүзінде асыру;

  • Облыста балалар, оқушылар, жастар қоғамдық бірлестіктерін дамыту;

  • Балалар, оқушылар және жастардың қоғамдық бастамаларын қолдау;

  • Азаматтық құқықтар мен міндеттерді орындауға қабілетті, ерікті, әрі жауапты тұлғаларды қалыптастыруға бағытталған балалар мен жастардың әрекеттік ортасын ұйымдастыру;

  • Мектеп және колледж оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

  • Патриоттық клубтарды және әскери-спорттық ойындарды дамыту.



Міндеті:


  • Балалардың жеке тұлға ретінде дамуы, денсаулығын нығайтуы, кәсіби таңдау жасауы, шығармашылық еңбек етуі үшін қажетті жағдай туғызу, олардың қабілеттерін іс жүзіне асыру;

  • Балаларды қоғамда өмір сүруге бейімдеу;

  • Өсіп келе жатырған ұрпақтың азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру;

  • Тәрбие жұмысын кешенді жүргізу, тиімді нысандар мен әдістерді қолдану;

  • Қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін қалыптастыру;

  • Облыс құрама командаларын іріктеу және олардың республикалық спартакиадаларға қатыстыру.


ІІІ. 2016 ЖЫЛДА АТҚАРЫЛҒАН ІС ШАРАЛАРҒА

АҚПАРАТТЫҚ ТАЛДАУ
"Өркен" қосымша білім беру орталығы 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарында көрсетілген 27 шараның барлығын өткізді. Балалар қозғалысын дамыту, көшбасшылық қабілетін жетілдіру, спортқа деген белсенділікті арттыру, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған облыстық байқаулар, балалар қоғамдық бірлестіктерінің слеттері, акциялары, форумдары өз деңгейінде ұйымдастырылды.



«Назар аударыңыз, балалар!» байқауы

2016 жылдың 5 ақпанда «Өркен» қосымша білім беру орталығының мәжіліс залында жол жүру ережелерінің «Назар аударыңыз, балалар!» байқауы өткізілді. Байқауда Орал қаласы, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты, облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаты, Ақжайық, Бөкейорда, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала,Теректі, Шыңғырлау аудандарының оқушылары мен педагогтарының жұмыстары (барлығы 150 жұмыс) қаралды.

Қазылар алқасы жұмыстар сапасының жоғарылығын атап айтты.

«Назар аударыңыз, балалар!» байқауына оқушылардың қатысу деңгейі жақсы. Үздік суреттер, плакаттар байқауларында оқушылар белсенділік танытты. Биылғы қосылған «Үздік демотиватор» байқауына оқушылардың қатысу деңгейі орташа болды. Барлық аудандар жұмыстарын тапсырды.



«Үздік сурет» аталымы (А4 қағазына орындалған бастауыш сынып оқушыларының суреттері): І орын – Шилимов Артем, Орал қаласы, №32 ЖОББМ; ІІ орын – Кузнецова Полина, Зеленов ауданы, Достық ОЖББМ;

ІІ орын – Аман Азаткүл, Сырым ауданы, ЖББ Сырым орта мектебі балабақша кешені; ІІІ орын - Беженарь Вадим, Облыстық психологиялық-педагогикалық кеңес беру мемлекеттік мекемесі; ІІІ орын – Лепұлы Оразалы, Қаратөбе ауданы, Алакөл негізі орта мектебі; ІІІ орын – Серікқали Шұғыла, Орал қаласы, С. Ғұмаров атындағы балалар көркем сурет мектебі.



«Үздік плакат» аталымы (5-9 сынып оқушыларының плакаттары): І орын – Бактыгереева Аружан, Шаймуратова Ажар, Болат Мөлдір. Орал қаласы, №21 ЖОББМ, ІІ орын – Колот Данила, Орал қаласы, №9 ЖОББМ; ІІ орын – Мухамедшина Кристина, Бөрлі ауданы, Пугачев ЖББОМ; ІІІ орын – Иржанова Дина, Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаты; ІІІ орын – Одинцов Артем, Карпов Иван, Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты;

ІІІ орын- Плотникова Ксения, Зеленов ауданы, Трекин ОЖББМ. «Үздік демотиватор» аталымы: ІІ орын – Мороз Дарья, Бөрлі ауданы, Балалар өнер мектебі: ІІ орын – Қайырболат Қалыбек, Ақжайық ауданы, Мерген ОЖББМ.



«Үздік сценарий» аталымы (педагогтардың жол жүру ережелерін сақтау тақырыбында өткізген тәрбие сағаттарының жоспары, үгіт-насихат топтарының сценарийлері): І орын -  Мурзабаева А., Зеленов ауданы, К. Ахмиров атындағы ЖОББМ; ІІ орын – Бекмачева Е., Орал қаласы, №20 ЖОББМ; ІІ орын- Хайруллина К., Бөкейордасы ауданы, М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ; ІІІ орын- Қуанышқалиева Г., Казталов ауданы, Ғ. Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназия; ІІІ орын – Шамгонова М., Жәнібек ауданы, Мектептен тыс жұмыстар орталығы; ІІІ орын – Ахметова Г., Орал қаласы, №46 ЖОББМ.


Волейболдан «Шұбар доп» мектеп лигасының облыстық турнирі

2016 жылдың 11-14 ақпан күндері Орал қаласының №10, 47 жалпы орта білім беретін мектептерінің спорт залдарында волейболдан «Шұбар доп» мектеп лигасының облыстық турнирі өткізілді. Жарысқа 37 команда 330 оқушы қатысты.

Турнир нәтижесінде: 2001-2002 жылғы туған қыздар арасында: I орын - Шыңғырлау ауданы Л.Қылышов атындағы ЖОББМ; II орын – Орал қаласының №7 ЖОББМ; III орын - Бөрлі ауданы Приурал мектеп балабақша кешені. 2001-2002 жылғы туған ұлдар арасында: I орын - Жәнібек ауданы №1 ЖОББМ; II орын – Бөкей ордасы ауданы А.Құсайынов атындағы ЖОББМ; III орын - Зеленов ауданы Асан ЖОББМ. 1999-2000 жылғы туған қыздар арасында: I орын – Орал қаласының №19 ЖОББМ; II орын – Бөрлі ауданы №4 ЖОББМ; III орын – Бөкей ордасы ауданы М.Маметова атындағы ЖОББМ. 1999-2000 жылғы туған ұлдар арасында: I орын - Бөрлі ауданы Приурал мектеп балабақша кешені; II орын - Казталов ауданы Т.Молдашев атындағы ЖОББМ; III орын - Жәнібек ауданы Т.Жароков атындағы ЖОББМ.

«Шұбар доп» мектеп лигасының денгейі жыл сайын артып келеді. Оған себеп - жаттықтырушылардың тұрақты түрде жаттығу өткізуі, оқушылардың республикалық жарыстарға қатысып шеберліктерін аттыруы, сонымен қатар, аудандық жарыстардың көбірек ұйымдастырылуы. Осы жылғы кемшілігіміз 2 жас ерекшелігі бір уақытта өткізілген болатын, келесі жылы жас ерешелігіне байланысты әр түрлі уақытта өткізілу жоспарлануда.




Балалар музыка мектептерінің, өнер мектептерінің және мамандырылған музыка мектептерінің фортепиано бөлімдері мен хор ұжымдары жас музыкант – оқушыларының 50 – ші облыстық фестиваль – конкурсы

25-26 ақпан күндері Орал қаласындағы Д.Нұрпейісова атындағы №1 балалар саз мектебі және №3 балалар саз мектебі базасында балалар музыка мектептерінің, өнер мектептерінің және мамандандырылған музыка мектептерінің фортепиано бөлімдері мен хор ұжымдары жас музыкант – оқушыларының 50-ші облыстық фестиваль – конкурсы өткізілді.

Конкурстың облыстық кезеңіне Ақжайық, Бөкейорда, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі аудандары, Орал қаласының Д.Нұрпейісова атындағы №1 БСМ, №2 БСМ, №3 БСМ, №1 Өнер мектебі, №5 БСМ, дарынды балаларға арналған мамандырылған №11 С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің оқушылары, барлығы 320 оқушы қатысты.


жүктеу 4,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау