"Батыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесі, 090006, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116, анықтама үшін телефон (факс) 8 (7112) 51-32-37, «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Сыртқы экономикалық байланыстар және туризм бөлімінің бас маманы («Д-О-4» санаты, 1 бірлік).
«Д-О-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 83 282 (min) теңгеден 112 431 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық мiндеттерi:
Облыстың туризм мәселелері бойынша сұрақтармен айналысады. Туризм және өзгеде мемлекеттік құрылымдармен өзара әрекет етеді. Форум, көрме, жәрмеңке, семинар өткізуді ұйымдастырады. Қала және аудандарда туризмді дамыту бойынша сұрақтарымен айналысады және туристік нысандар бойынша мониторинг жүргізеді. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу, дайындық жұмыстары бойынша сұрақтарымен айналысады. Бөлімнің сұрақтары бойынша аналитикалық ақпарат, есептер дайындайды. Облыстың сыртқы экономика байланыстарды дамыту сұрақтарымен айналысады, облыстық кәсіпорындары мен шетел компаниялар арасында екі-жақты байланысты дамытуға және кеңейтуге ықпал жасайды. Инвестицияларын тарту мәселелерімен айналысады. Сыртқы экономикалық байланыс бойынша мониторинг жүргізеді.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары білім: Құқық, әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, маркетинг, жергілікті және мемлекеттік басқару, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары.
Құзыреттер бойынша талаптар:
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығының 3 қосымшасына сәйкес жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес ҚР заңдары, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Кәсіпкерлік Кодексін, сыртқы экономикалық байланыстар және туризм салалары бойынша ҚР Заңдарын білу. Мемлекеттік және ресми тілді, компьютермен жұмыс жасауды білу.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
«Д-О-4» санаты үшiн егер де азамат еңбек етпеген болса және конкурс жарияланып отырған бос лауазымға еңбек өтілі талап етілмесе, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін тапсыру талап етілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.
Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |