сауаттылыққа үйрету» бағдарламасы
(мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтеріне
арналған әдістемелік құрал)
Орал-2016
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.
Хаттама №1 04.03.2016 жыл
«Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйрету» бағдарламасы №44 «Мерей» МКҚК бөбекжай компьютерлік сауаттылыққа үйрету пән мұғалімі Алигазиева Айгул Қалиматованың іс-тәжірибесінен
Құрастырған:
Алигазиева А.К., №44 «Мерей» МКҚК бөбекжай компьютерлік
сауаттылыққа үйрету пән мұғалімі
Пікір жазғандар:
Алипкалиева. Г.Б., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» МК ДППҚ кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі
Ергалиев.С.А., Орал қаласының білім беру бөлімінің информатика пәні бойынша әдіскері
Бағдарлама 4-5 жастағы балалардың тұлғалық дамуын қамтамасыз етіп және оны мектепте оқуға дайындауға, баланың логикалық ойлап, өздігінен шешім қабылдай білуін үйретуге бағытталған білім берудің базистік мазмұнын анықтайды.
Бағдарламаның мазмұны мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың жеке жас ерекшелік қабілетінің ашылуына жағдай жасап, оның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін білім жүйесін қалыптастыру, әлеуметтік ортада жағымды қатынас жасауға қабілетті шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге негізделген оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің қызметкерлеріне, жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сыныптардағы информатика пәні мұғалімдеріне ұсынылады.
Мазмұны:
Кіріспе......................................................................................................................4
1.Аналитикалық бөлім
«Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәнінің маңыздылығы»..............................................................................5
1.1 Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі......................................6
1.2 «Компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәнінің» бағдарламасы..................6
1.3 Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері..................................................7
2. Практикалық бөлім
Күтілетін нәтижелерге сипаттама..........................................................................8
2.1 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің өту түрі...........................................9
2.2 Оқу принциптері.Түсініктілік. Көрнекілік. Жеке жұмыс түрлері............9
2.3 Бағдарламаның оқу іс әрекетінде қамтылуы.Бағдарламаның жүзеге асу шарттары................................................................................................................10 Қорытынды............................................................................................................12
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар (4-5 жас)........................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................23
Қосымша.................................................................................................................24
Кіріспе
Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байланысты оқыту жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам өмірі ең алдымен адамның (баланың) өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын, педагогикалық теория мен практикаға ерекше мән бере бастады.
Барлық теориялық және практикалық маңызды зерттеулерге қарамастан ойын – пән ортасында әлі де жеткіліксіз өңделмеген құру аспектілері кездеседі. «Ойын – пән ортасы» деген ұғымның мағынасы, оның құрылымы оқу – пән ортасында балалардың өзіндік танымдылығын дамытуды іске асыру механизмі.
Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа оқыту балалардың оқу тәрбие жұмысында қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, тіл дамыту, сурет салу, құрастыру оқу іс әрекеттеріне және экологиялық білімін кеңейтіп, баланың логикалық ойлау қабілетін дамытады. Ойын арқылы оқу іс әрекетін ұйымдастырғанда балалардың ойлау қабілетімен қатар есте сақтау, бақылай білу қабілеттері дамиды. Компьютерлік құрылғыларды қолдана отырып, бала алдына қойылған тапсырманы орындау барысында теориялық біліміне ой салып, тапсырманы шешудің жолын іздестіре бастайды. Компьютерлік технологияны меңгерген мектеп жасына дейінгі бала «Өздігімен ойлай алады», ал бұл мектепке баратын оқушының ойлау қабілетін дамытудың негізгі қажеттілігі. Өзгерісі мол қазіргі ортада мектеп жасына дейінгі баланың ұйымдастырушылық, интеллектуалдық және ізденушілік қабілеті қалыптаса отырып, түрлі ақпарат көздеріне қызығушылығы қалыптасады. Жаңа ақпарат алудың қажеттілігін, оны қалай түсіндіру керектігін, оның кімге қызық екендігін түсінеді.
Жаңашыл баланың болашағы – өмір, шығармашылық, жұмыс, ақпаратты өмірдегі құзыреттілік.
Мемлекет мектепке дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа оқытуды қамтамасыз ету арқылы түрлі ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етіп отыр.
Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде құрылған «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары төмендегі негізгі міндеттерді жүктейді.
бала бойында маңызды, шешуші құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын қолайлы пәндік-даму ортасын құру;
тәжірибелік, танымдық, шығармашылық іскерлігі мен басқа да бала әрекеті түрлерін қалыптастыру; әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту;
мектепте білім алуға жан-жақты дайындау.
1. Аналитикалық бөлім
«Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәнінің маңыздылығы»
ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілсе,бүгінгінің заман талабына сай ашылып жатырған балабақшалар да информатика кабинетімен жабдықталып отыр. Компьютер бала үшін қоршаған әлемді танудың табиғиқұралы болып табылады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандырутехнологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар компьютерлік сауаттылықты жеңіл және тезмеңгеруде.Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым – қатнасқа үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады.
Мектепте информатиканы оқыту дара бағдарламамен жүзеге асуда. Ал мектепке дейінгі ұйымдарда бұл жеке пән ретінде емес тіл дамыту, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру, орыс тілі, ағылшын тіліне қолдаушы пән ретінде жүреді. Бұл әдістің негізгі мазмұны төмендегідей:
- Информатиканың өзге оқу іс әрекеттермен сабақтастығы;
- Логикалық тапсырмаларды мақсатты түрде енгізу, дидактикалық ойындар мен дәстүрлі емес мақсаттарды биік деңгейде шеше білуге үйрету.Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой өрісін шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс – тұрыс мәдениеттілігін арттыру, оларды компьютер әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу іс әрекетін ұйымдастыруда компьютерді жиі пайдаланса мектеп жасына дейінгі балалар компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдениетті болып өсуіне жол ашады.
Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы, білімнің негізі болып табылатын – мектепке дейінгі ұйымға да өз әсерін тигізуде. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіне басты мақсат – әрбір баланы информатика ғылымының алғашқы фундаментальді білім негіздерімен таныстыру, өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну. Сонымен қатар, оларды информатика пәнін бөбекжайда жүргізілетін өзге оқу іс әрекеттерімен үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрде меңгеруге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
1.1 Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл тәрбиешіге бөбекжайдағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқыту мен тәрбиелеудегі пәнаралық байланысты күшейте отырып, балалардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл балаларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз- өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жеңістіктерін көре алады.
Информатиканың бастамасы ретінде компьютерлік сауаттылыққа үйрету мектепке дейінгі ұйымның оқу үрдісіне енгізілгенмен, оны әртүрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектепке дейінгі ұйымдары үшін өте тапшы. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылық оқу іс әрекетін жүргізудің тиімді жолдарын қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан байыта түсу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
1.2 «Компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәнінің» бағдарламасы
Бағдарлама мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйретуге және оларды мектепке даярлауға бағытталған. (санау мен оқу барысында жаңадан өткен мәліметтерді пысықтау, уақытты оқып-үйрену, логикалық ойлау мен жадыны дамыту т.б.с.с.). «Компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәнінің» бағдарламасы эксперименттік түрге жатады: белгісі жағынан жалпы дамытушылық, ал мақсаты мен шешу жолдары, мазмұны мен педагогтік іскерлік процесін ұйымдастыру формасы жағынан интегриривті.
Соңғы жылдары дәстүрлі оқулықтармен қатар жаңаша оқу электронды ресурстары көбею үстінде. Компьютерлік оқу – оқытудың жаңа түрі, оның кең тараған түрлерінің біріне ойын бағдарламаларын үйренушілерді жатқызуға болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйретуге негіз болатын факторлар
-баланы ерте жастан ақпараттық қоғамға бейімдеу;
-ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
-мектеп жасына дейінгі баланың ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, болашақ әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.
Ресей ғылымдарының соңғы зерттеулеріне сүйенсек мектепке дейінгі информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей:
1. Қолданушылық. Бұнда балалар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бөбекжайдағы ұйымдастырылатын оқу іс әрекеттерінің мазмұнына құралған логикалық тапсырмалар негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл бағытты қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі – бұл оқу іс әрекетінде компьютерді берілген тапсырмаға қарай пайдалана білуі, сондай ақ техникаға сауатты ұқыпты қарауы.
Қолданушылық бағыттары пропедивтикалық информатиканы меңгеру нәтижесінде балаларда төмендегідей білім мен іскерлік қалыптасуы тиіс:
-ойын бағдарламаларымен жұмыс істей білу; компьютер құрылғыларымен жұмыс істеуге машықтану
2. Ақпаратты – логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, балалардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолдарын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 4-11 жас аралығында қалыптасады. Сондықтанда алгоритмдік даму қабілеттерін барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды.
3.Шығармашылық. Бағыт бойынша оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарастарының қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру.
Мектепке дейінгі ұйымдарда компьютерлік сауаттылыққа үйретудің мақсатын төмендегідей сипаттауға болады:
Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі балалардың логикалық ойлау қабілетін компьютерлік сауаттылыққа үйрете отырып дамыту, алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік, компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.
Мектепке дейінгі ұйымда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әртүрлі педагогикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой – өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста компьютерді қолдану әдістемесін пайдалана отырып, баланы мектепке даярлау барысында кездесіп жататын көптеген мәселелерді шешуге болады.
1.3 Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйрете отырып, логикалық, интеллектуалдық және танымдық қабілеттерін дамыту.Негізгі міндеттері
- бала бойында танымдық, ақпараттық құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын қолайлы пәндік-даму ортасын құру;
- тәжірибелік, танымдық, шығармашылық іскерлігі мен басқа да бала әрекеті түрлерін қалыптастыру;
- балалардың көру жадыларын, есте сақтау қабілетін берілген тапсырмалар арқылы дамыту;
- әр баланың тұлғалық қасиеті және оны ауыспалы өмір жағдайында әрі қарай сәтті дамыту мақсатында өзін-өзі тану, өз ойын еркін білдіру және оны іске асыру дағдыларын жетілдіру;
- балалардың логикалық ойлау қабілетінің дамыту;
-Күнделікті өмірде қарапайым өзіне қажетті техникалық құралдарды қолдана білге үйрету
- әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту;
- мектепте білім алуға жан-жақты дайындау.
2. Практикалық бөлім
Күтілетін нәтижелерге сипаттама:
«Компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәнінің» бағдарламасын тәмамдаған балалар жүйелі білімге және айқын нәтижелерге қол жеткізеді.
Балалар білуге тиіс:
- компьютер құрамына енетін негізгі құрылғылардың сипаттамасын: жүйелік блок, монитор, перне тақта, тінтуір;
- компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін;
-тінтуірмен жұмыс істеуді;
-монитордан курсор мен тінтуірдің бағыттағышын айыруды;
- тінтуірдің көмегі арқылы экраннан қажетті объектіні таңдай білуді (тінтуірдің бағыттағышын анықтап, сол жақ түймесін басу );
- тінтуірдің сол жақ түймесін басу арқылы экранға қоршау салуды;
- тінтуірдің сол жақ түймесін басу арқылы қажетті объектіні орналастыруды;
- перне тақтаны қолдануды: әріптер мен сандарды енгізуді; «Enter» клавишін қолдануды;
- тінтуірді түрту арқылы сұрау алаңынан « тізім » типтес ( басты мәзір, мәзір деңгейі ) қажетті жолды таңдауды;
-тінтуірдің көмегі арқылы экранда жұмыс істеуді;
бейнелер жолына терезені енгізуді; «BackSpacе» клавишінің көмегімен бейнелерді жоюды.
-Заттарды қасиеттеріне қарай топтастыру
-класстарды белгілеуді (біркелкі заттардың топтары, мысалы: көліктер, жемістер, көкөністер, оқу құралдар т.б);
-суреттен белгілі мазмұнды бейне құрастыра алады, оны түсіндіреді
-компьютерде жұмыс істеудің санитарлы-гигиеналық талаптарын;
-қазіргі заманғы ақпарат көздерінен хабардар болады.
-санитарлы-гигиеналық талаптардың бұзылу қызметіндегі қателіктерді көрсетіп және жөндей алады;
-ақпараттар, берілгендердің ұқсастығын таба алады және таниды;
-алдыға қойылған мақсатты шешуде ақпаратты ұйымдастыру тәсілдерін түсінеді;
-компьютерді қолданудағы іс-әрекетті жоспарлау тәсілдерін түсінеді;
Оқу жылының соңында оқу бағдарламасының деңгейін анықтау үшін диагностика жүргізіледі. Талдау жасау үшін оқытуға және дамытуға арналған компьютерлік ойындар пайдаланылады.
Бағдарламаны меңгеру қиындық тудырмайтыны іс жүзінде дәлелденді. Компьютерді (пернетақтаны, тінтуірді ) басқаруды балалар автоматты түрде еркін меңгереді. Балалар ойын ойнау арқылы өздерінен талап етілер дидактикалық міндеттерді өз бетінше оңай шеше алады, компьютерлік жаңа ойын түрлеріне тез бейімделуге үйренеді.
Оқу бағдарламасының бөлімдерін меңгеруді бағалауда негізінен ойын барысында баланың өз бетінше қалай жұмыс істеуін жіті қадағалау басшылыққа алынады.
І деңгей – бала осы не басқа іс-әрекетті жасайды, яғни мұғалімнің айтуы бойынша компьютерлік тапсырмаларды орындай алады.
ІІ деңгей – бала не істейтінін түсінеді, яғни бала тапсырманы орындау барысында алға мақсат қоя біледі, және оны шешу жолдарын іздестіреді.
ІІІ деңгей – бала өзінің білетінін қолданады, яғни бала берілген тапсырманы мақсатты түрде орындап, мұғалімнің көмегінсіз келесі кезеңнің тапсырмаларын орындайды.
Бұл білім бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтауға арналған диагностикалық талдаулардың балаларға оқу барысында кезігетін сан алуан проблемалардың алдын-алуда және мамандар назарын осы жайттарға аудара отырып, бірлесе шешу жолдарын табуда алар орны орасан зор.
2.1 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің өту түрі: жеке және топтық.
Қолданылатын әдістер:
сарамандық ( практикалық ) оқу іс-әрекеті;
сұхбат оқу іс-әрекеттер;
дидактикалық материалдармен жұмыс (сандар, суреттер, әріптер салынған түрлі топшамалар, құрастыруға арналған түрлі заттар және т.б.
белсенді топтық оқу әдістері: ойындар, жарыс-оқу іс әрекеті, пікірталас.
2.2 Оқу принциптері
Балалармен, әсіресе, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс ұстаздан көп қажыр-қайратты керек ететіні белгілі. Осы кезеңнің ерекшеліктерін ескере отырып, оқу бағдарламасында төмендегідей принциптер басшылыққа алынады.
Түсініктілік
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы балалардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі дидактикалық материалдарды қолдану арқылы жеңіл де түсінікті түрде беріледі.
Түсініктілік принципі оқыту барысында қолданылатын компьютерлік бағдарламаларды таңдауда негізгі критерийлердің бірі болып табылады. Олар бағыттауға жеңіл және қабылдауға қарапайым да қолайлы мазмұнда беріледі.
Көрнекілік
Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда көбіне-көп көрнекі қимыл мен көрнекі образды ойлау басты орында болу себепті, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде көрнекіліктің қолданылуы өте маңызды.
Олар:арнайы жабдықталған кабинет: тінтуірге арналған ашық түсті кілемшелер; магнитофон және сабақта музыка тыңдау үшін қолданылатын CD-ROM;
суреттер мен әріптерді, сандарды т.б. басып шығаруға арналған принтер;
балаларды оқу іс-әрекетінің барысында ынталандыру үшін және тапсырмаларды түсіндіруде қолданылатын суреттер;
жұмыс дәптерлерімен жұмыстануды;
әдемі де ашық түсті суреттерді, анимацияны, дыбысты қолдану арқылы оқуға пайдаланылатын компьютерлік бағдарламаларды таңдау
Жеке жұмыс түрлері
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс мектеп жасындағы оқушыларды оқытудан әлдеқайда күрделі. Бұл тек жас айырмашылығына байланысты ғана сөз емес. Балалар әлі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбына сай «Жұмыс істеп, оқи алмайды». Оның үстіне, мектеп жасына дейінгі балалардың даму деңгейі түрліше болады. Сол себепті, оқу бағдарламасында жеке жұмыс түрлеріне де көп көңіл бөлінеді.
Тіпті жұмыс топтасқан түрде ұйымдастырылғанның өзінде ( бір топтың құрамы үш баладан аспаған дұрыс ), мұғалімнің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысында әр балаға арнайы көңіл бөлуге, жекелеген тапсырма беруге, тапсырманың орындалуын қадағалауға мүмкіндігі болуы керек.
Сонымен, жеке жұмыс түрлері мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда кеңінен қолданылады.
2.3. Бағдарламаның оқу іс әрекетінде қамтылуы
Оқу іс әрекетінің жүргізілу жүйесі:
Техникалық сұрақтар (5 минут ). Техника жайында сөз қозғағанда, техниканың қауіпсіздік ережелерінен айналып өту мүмкін емес. Тек әңгіменің бала түсінігіне сай келуін басты назарда ұстаған жөн. Осы орайда компьютер құрамы, тінтуірдің жұмысы, диск мен принтердің маңызы жайында қайталай кеткеннің тіпті де артықтығы жоқ.
Сергіту сәттері (3 минут). Сергіту сәттеріне сурет салу, ойын жаттығулары, көзге және саусақ, қолға арналған жаттығулар қолданылады.
Оқу іс әрекетінің тақырыбына сәйкес – (7-8 минут)
компьютерлік бағдарламалармен жұмыс ( 5-7 минут ).
Қорытынды (2-3 минут)
Бағдарламаның оқу-тақырыптық жоспары негізгі үш бөлімді қамтиды:
« Компьютерлік әліпби »,
« Компьютерде жұмыс істеп үйренеміз »,
« Компьютермен бірге дамимыз ».
« Компьютерлік әліпби » бөлімін оқытуда компьютерді қолдану тәсілдері туралы видеоматериалдар; компьютермен жұмыс істеу ережелері, компьютер құрылғылары, компьютерді дұрыс айыру мен қосу, компьютерге қосуға болатын қосымша құрылғылар туралы баяндайтын видеороликтер, слайдтар пайдаланылады.
Соңынан видеоматериалдар мен видеороликтерді көру барысында туындаған сұрақтар талқыланатын болады.
Балалардың жаңа түсініктері естерінде жақсы қалу үшін, компьютерлік терминдерге баса көңіл бөлінеді.
«Компьютерде жұмыс істеп үйренеміз» бөлімін оқуда балаөзіне түсінікті түрде компьютермен жұмыс істеудегі негізгі дағдыларға үйренеді.
Әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің қарапайымнан күрделіге ауысып отырады. Сондықтан да, балалар дайындық деңгейінің түрлілігіне қарамастан, оқу барысында пайдалы да қажетті нәрсе ала алатын болады.
Бала материалды өзіне қолайлы қарқында қабылдау үшін ойнатқыш оқу роликтерін қолдана алады. Роликтер арқылы оқытуды кез-келген жерден тоқтатып, қажетті тұстан бастап тыңдауға болады.
«Компьютермен бірге дамимыз» бөлімін оқытуда баланың жадын, зейінін, логикалық, образды және жүйелі ойлауын, түстер мен геометриялық фигураларды тану, санау мен оқу, өз бетімен жұмыс істеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіндіктеріне ие ойындар мен тапсырмалар қолданылады.
Бағдарламаның жүзеге асу шарттары
Компьютер өндірушілер 3 жастағы балаларға арналған өте көп мөлшерде бағдарламалар шығару арқылы психологтар мен педагогтердің балаға неше жастан компьютермен айналысуға болатындығы турасындағы айтыстарына өздерінше нүкте қойғандай. Шындығында да, егер бала мультфильмдерге аса қызығар болса, онда ол сурет және қуыршақ бейнелері бар дамыту ойындарына да бей-жай қарамайтын болады. Бірақ баланы компьютерге отырғыза салуға асықпаған дұрыс. Алдымен балаға компьютерді дайындау қажет.
Пернетақта диагоналы 17 дюмнан кем болмау керек. Экранға мүмкіндігінше биік емес меже орнатылсын. Экран жылтылының жиілігін, шама келгенше, кем дегенде, 80 Гц, ең дұрысы, 100-120 Гц келтірген жөн, сонда ғана көзге ауыртпалық аз түспек.
Қорытынды
Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Оның оқыту үрдісінде даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденген.
Мектепке дейінгі ұйымдарда көптеген педагогикалық ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі заманғы оқыту баланың интеллектуалдық ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді қажет етеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақпараттық технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, жаңа жағдайда психикалық функциялардың басқа жақтары да: қабылдау, есте сақтау, т.б. да қайта қарастырылуы тиіс. Осының бәрі жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялар жасау саласында, білім парадигмасын құруда тың инновациялық жұмыстар жүргізуді талап етеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйретуде::
кіші жастан балаларды ақпараттық қоғамға бейімдеу;
кіші жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту үшін информатиканы пән ретінде енгізу;
кіші жастан балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру барысында оларды әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке даярлау;
мүмкіндігін береді.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үрдісі баланың жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Оқу іс әрекетін ұйымдастыруда компьютерлік технологияны пайдалану мәселесі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып дербес, психологиялық айырмашылықтарын білумен тығыз байланысты.
Жаңа технологиялар – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол педагогты алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Сыртқы эффектіні қуып кетпей, оқыту программасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көңіл бөлген дұрыс.
Қазіргі заман адамының денсаулығы тек сыртқы орта әсерлеріне ғана тәуелді емес, оның өз дене тәрбиесіне деген қатынасына да тығыз байланысты екені белгілі. Денсаулықты сақтау мен жақсартудағы мектепке дейінгі ұйымның ролі жоғары екені ешқашан да талас тудырмайды. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру барысында олардың денсаулықтарына зиян келтірмеу, тиісті ережелерді сақтау басты міндетіміз.
Компьютермен жұмыс істегендегі көздің қызметі басқа жұмыстардан – оқу, теледидар көруден де ауыр болады. Компьютермен жұмыс кезінде, әсіресе ойындар олардың нерв жүйесіне қатты әсер етеді, өйткені жылдам жауап беріп, тез қимылдау талап етіледі. Нерв жүйелерінің қысқа уақытта қатты жұмыс істеуі жас баланың шаршауын тездетеді. Компьютермен жұмыс істеп отырып олар ерекше эмоционалдық стресс жағдайында болады.
Шаршауды болдырмау үшін баланың компьютерде отыру уақытын, ережесін сақтау керек және көзге арналған жаттығулар жасау қажет. Оған қоса жұмыс орны ыңғайлы болуы тиіс, баланың жасына қарай реттелген сапалы бағдарламаларды қолданған абзал.
Сонымен, педагог өз оқу іс әрекетінде балалардың денсаулықтарына көбірек көңіл бөліп, олардың компьютерлік кабинетке арналған ережелерді, компьютерді пайдалануға арналған гигиеналық талаптарды үнемі сақтауларын қадағалап отырулары қажет.
Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған мәселелерді дұрыс шешкенде ғана компьютер сияқты қуатты құрал көмегімен баланың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектепке дейінгі ұйым.
4-5 жастағы балаларға арналған бағдарлама
(Логикалық ойындар арқылы компьютерлік сауаттылыққа үйрету)
Ай аттары
|
Тақырыптар мазмұны
|
Сағат саны
|
Мақсаты мен міндеттері
|
Тапсырмалар
|
қыркүйек
|
Компьютермен танысу. Техника қауіпсіздігі және компьютерлік сыныпта тәртіп сақтау ережелері
Кеңістікті бағдарлау.
Бетінде-үстінде –астында, алдында – артында, оң жақта – сол жақта
|
1
1
|
Компьютер туралы ұғым беру.
-Компьютерлік сыныптағы тәртіп сақтау ережелерімен таныстыру.
-Балаларды үстел үсті (логикалық, дидактикалық) түрлі тапсырмаларымен және онымен жұмыс істеуге қойылатын талаптармен таныстыру.
- Кеңістікті, уақытты қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын дамыту
- Балаларға көздің, саусақтың қызметі жөнінде мағлұмат беру.
- Шығармашылық жұмыстарға бейімдеу.
|
Компьютердің қайда қолданылатыны жөнініде айтып беру.
Компьютермен не істеуге болады ?
А) Сурет салуға;
ә) Ойнауға;
б) Есептеуге
в)Ақпаратты сақтауға және таратуға.
Балалармен осы сұрақтарды талқылай отырып, суреттерді әңгімелету.
Көз, саусақ жаттығулары
- Адамның көзі және саусағы туралы әңгіме.
- Осы аталған мүшелерге арналған әр оқу іс-әрекетінде жаттығулар жасалып тұрады.
Үстел үсті логикалық тапсырма
«Тіл сызықтар қызметі».
Компьютерде 5-10 минут дамыту ойыны.
|
қыркүйек - қазан
|
Компьютер және оның бөліктері.
Геометриялық пішіндер.
Шаршы
үшбұрыш,
дөңгелек.
|
2
|
Балаларға компьютердің бөліктері монитор, пернетақта, жүйелік блок, тінтуір құрылғылары жөнінде ұғым беру.
-Ойын, тілін дамыту.
Геометриялық пішіндер туралы білім деңгейлерін анықтау. Бөлшектерден бүтін жасауды үйрету.
|
Логикалық тасырма «Геометриялық фигура» Компьютердің құрылғыларымен сәйкес пішіндерді орналастыру.
Геометриялық пішіндерді салыстыру. Геометриялық пішіндердің түрлі шамаларын ерекшелеу. Компьютер арқылы пішіндердің суреттерін көрсету сұрақ-жауап.
«Ойын: «Фигуралар мекені»
|
азан
|
Пернелік тақтаның қызметі.
Компьютердегі ой -өрісті дамытатын ойындар.
|
1
|
- Балаларды пернетақтамен таныстыру. Пернелік тақтаның сандық бөлімін көрсетіп таныстыру.
- Пернетақтамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
|
Баланың сөздік қорына, пернетақта сөзін енгізу.
- Пернелердің атаулары мен қызметтерін есіңе сақта. Үстел үсті тапсырма (көрсетілген пернелердің пернетақтадағы орнын тауып, сызықтармен қос және сәйкес түсімен боя).
Компьютерде5-10 минут дамыту ойыны. «Бір ғана жол..(лабиринт).»
|
қазан
|
Зат және олардың қасиеттері (көлемі, пішіні)
|
1
|
-Зат (пішіні, көлемі) қасиеттерін қарастыру.
-Заттарды белгілеріне қарай ажырата білуге үйрету.
-Заттарды пайдалана отырып, балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
|
- Компьютерде
5-10 минут дамыту ойын. Есте сақтау қабілетін жаттықтыру.
|
қазан
|
Ұқсас және әр түрлі заттар. Заттармен жұмыс.
|
1
|
«Ұқсас» және «Әр түрлі» заттарды қарастыру.
«Әр түрлі»және «Ұқсас» заттарды анықтап таба білуге үйрету.
|
«Пішіндері әртүрлі екі дене». Баланың таңдауына қарай бірдей пішіндерді бояу.
Компьютерде 5-10 минут дамыту ойын
|
қараша
|
Компьютердің тышқанын қайталау.
Арасында, ортасында, арасында ұғымы туралы түсінік беру.
|
2
|
Тінтуірдің қызметін
толықтай түсіндіру.
-Тінтіуірдің сол жақ батырмасын басқызып ойын ойнату арқылы баланың моторикасын дамыту.
-Компьютердегі дамыту ойыны арқылы суреттерді көрсетіп күз мезгілінде пісетін көкініс түрлерін бояту.
|
Тінтуірдің жұмысты жеңілдететіні туралы мәлімет беру.
-Тінтуірмен жұмыс жасау арқылы қолдарын ептілікке баулу.
-Компьютерде 5-10 минут дамыту ойын. Есте сақтау қабілеттерін жаттықтыру.
Дидактикалық ойын.
«Артығын кетір» Жемістердің арасындағы артық затты кетір.
|
қараша
|
Монитор қызметін қайталау
|
1
|
-Монитор қызметін толықтай түсіндіру.
-Монитор экранынан түрлі суреттерді көрсету арқылы ойын, тілін дамыту.
Дидактикалық ойын. Күні бойы аралар гүл алаңында ұшып жүрді. Олар одан бал жасайтын нәр жинап жүр. Аралар шаршағандарына қарамастан өте риза, себебі әрқайсысында шелектері толы нәр. Сен қалай ойлайсың, қайсысының жүгі ауыр, қайсысынікі – жеңіл? Ең ауыр шелекке қызыл гүл, ең жеңіл шелекке – сары гүл сал.
|
Дидактикалық ойын. Ауыр. Ең ауыр. Жеңіл. Ең жеңіл
- Компьютерде 5-10 минут дамыту ойын. Есте сақтау қабілеттерін жаттықтыру.
|
қараша
|
Электронды оқулықтар (дискілер)
Компьютерде дамыту ойыны
|
1
|
- Компьютер құрылғыларын қайталап еске түсіру.
-Электронды оқулықтар яғни дискілер туралы түсінік беру.
|
Үстел үсті логикалық тапсырма «Компьютер құрылғылары»
Компьютерде 5-10 минут дамыту ойын.
|
желтоқсан
|
Paint графикалық редакторымен танысу «Бүріккіш» құралы
|
1
|
Графикалық редакторымен таныстыру
-«Бүріккіш» құралын пайдалана білуді үйрету.
-Тапсырмалары орындата отырып балалардың ойлау қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамыту
- Сурет бояту арқылы уақыт мезгілдеріне түсінік беру.
|
-Компьютердегі графикалық редактордың негізгі құралдары мен түрлі-түсті палитрасының жалпы түрін қарастыру.
-Бағдарламаны жүктегеннен кейін боялмаған суреттері бар файлды ашып, «Бүріккіш» құралын қалай қолдануға болатынын көрсету.
Компьютермен жұмыс «Түрлі салынған суреттерді бояу»
|
желтоқсан
|
Paint графикалық редакторымен танысу «Қарындаш» «Қылқалам», «Өшіргіш» құралдары
|
2
|
Графиктік редакторымен танысу. Құралдар тобымен және сурет салу әдістерімен таныстыру.
«Қарындаш»,«Қылқалам», «Өшіргіш» құралдарын пайдалана білуді үйрету.
|
Paint графикалық редакторында салынған шырша, жаңа жыл ойыншықтарының орналасу реттілігін айту, (графикалық редактордың жоғарғы, төменгі, сол жақ, оң жақ бөлігі) суреттерін бояту арқылы шыдамдылыққа тәрбиелеу.
-Жұмыс жасау ережелерін сақтау керектігі туралы айту.
|
желтоқсан
|
Компьютердің жүйелік блогын қайталау.
|
2
|
-Жүйелік блок тақырыбын қайталау
-Қызықты тапсырмалар арқылы алған білімдерін тиянақтап бекіту.
Енді. Ені үлкен.
Енсіз. Ені кіші
Күшік кішкене кезінен суға шомылуды жақсы көреді. Ол барлық жерде шомылады-көлде, өзенде, ваннада. Шомылу үшін күшік жұмсақ, енді орамалын дайындайды: енсіз орамал оған ұнамайды. Бүгін ол ең ені үлкен орамалды алды. Күшікке оны табуға көмектес. Оған өрнектер сал. Енді ені кіші орамалды тап. Оны өзің ұнататын түспен боя.
|
-Компьтердің жүйелік блогын басқа бөліктерімен салыстыра отырып тапсыраларды орындату.
|
желтоқсан
|
Зат және оның қасиеттері (атауы,түсі)
|
1
|
Зат қаситтері (атауы,түсі) туралы ұғымды қалыптастыру. Заттарды түр-түсіне қарай қабылдау, елестетумен назар аудару жөнінде мағлұмат беру.
|
Үстел үсті логикалық тапсырма «Түстері бірдей заттарды қосу». «Ойыншықтарды үлгі бойынша боя».
«Бірдей ойыншықтарды топтастыру, жиынға бөлу».
|
қаңтар
|
Компьютерде дамыту ойыны «Сандық қатар», «Аңдардың баласын тап»
|
1
|
-Есептік санау дағдыларын дамыту. Қимыл-қозғалыс белсенділін дамыту. Сандардың тура және кері реттілігі білімін қалыптастыру. Ойын, тілін дамыту.
|
Жұмбақтар шешу. Дидактикалық ойын
««Сандық қатар»»
-Ойында компьютер құрылғысы тінтуірдің оң және сол батырмалары арқылы жұмыс істеледі.
-Ойын жеңілден күрделіге өтіп отырады.
|
қаңтар
|
Қыс қызығы
|
1
|
- Электрондық оқулықтағы тапсырма бойынша «Лелик» атты баланы қыс мезгіліне байланысты дұрыс киіндіре білу.
|
Дидактикалық ойын
Қысқы серуен
Компьютерде дамыту ойыны 5-10 минут
|
қаңтар
|
Қызықты математика
Логикалық ойын: Санауды бекіту. Дыбыс арқылы санды тап. Қанша? Қандай?
Компьютерде дамыту ойыны.
|
2
|
- Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау.
Санау арқылы іскерліктерін қалыптастыру.Тез ойлауға, шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бір-бірін тыңдай білуге, сыйлауға тәрбиелеу.
|
-Компьютер бөліктерін еске түсіру.
- Әр топтағы заттардың санын анықтау. Қораптан керекті санды алып қойып, ертегіні әңгімелеу, сандармен ретін анықтау. «Шалқан» ертегісі бойынша атасы бірінші, апасы екінші, қызы үшінші, т.б.Компьютерде дамыту ойыны
5-10 минут.
|
ақпан
|
Ойын «Алғыр математик». Логика.
|
1
|
-Балалардың компьютерлік сауаттылыққа үйрету пәнінен алған білімдерін ойын арқылы бекіту. Оқу іс-әрекетіне қызығушылықтарын арттыру. Математикалық, интеллектуалдық, логикалық ойлауын, есте сақтауын, есептеу дағдыларын дамыту.
Тез ойлауға, шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бір-бірін тыңдай білуге, сыйлауға тәрбиелеу.
|
Балалар, санамақ арқылы екі топқа бөлінеді. Қалаулары бойынша топтың атын қояды: «Ақылдылар», «Білгірлер».
|
ақпан
|
ActivInspire бағдарламасы туралы түсінік беру.ActivInspire бағдарламасын іске қосу жолдары.
|
2
|
ActivInspire бағдарламасы негізгі түсініктер мен
әрекеттері, ActivInspire бағдарламасын іске қосу режимдері туралы түсінік қалыптастыру.
|
- Түстер палитрасы .
Қалам.
Еркін таңдау.
Маркер. Өшіргіш.
Мәтін Тазалау
Болдырмау. Қайталау.
Бүркемелеу.
Прожектор.
Фотоаппарат.
Арнайы құралдар таныстыру арқылы компьютермен жұмыс.
|
ақпан
|
Қайталау
( ActivInspire)
|
1
|
Өткен материалдарды қайталату арқылы балалардың білімін бекіту.
|
ActivInspire бағдарламасы негізгі түсініктерін қайталау арқылы компьютермен түрлі тапсырмалар
|
наурыз
|
Компьютерде дамыту ойыны: «Алик». Жақында мектеп» ( бастырушы» Руссобит-М» ).
|
1
|
-Балаларға 0 ден-10-ға дейінгі сандарын тура және кері санауға одан әрі дағдыландыру.
-Заттарды санау және оларды санымен сәйкестендіруге, көрші сандар туралы білімдерін нақтылау, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
|
Компьютермен жұмыс
Перне тақта көмегімен 0 ден-10 ға дейін жазғызу .
-Дидактикалық ойын
«Өз орныңды тап»
|
наурыз
|
Компьютерде дамыту ойыны «Кімнің баласы». Дидактикалық ойын «Құстардың іздерін тап».
«Құстарды ұясына орналыстыр».
|
1
|
-Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту.
- Ойындар арқылы логикалық ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту.Құстар туралы түсініктерін ойындар арқылы дамыту.Ойын, тілін дамыту.
|
Дидактикалық ойын «Құстарды ұясына орналыстыр».«Құстардың іздерін тап».
Компьютердегі дамыту ойыны 5-10мин
|
наурыз
|
Вирус туралы ұғым.
Д/ойын «Таяқшаларды өзгерту ақылы шаршы құрау»
|
1
|
-Компьютерлік вирустар туралы түсінік беру.
Антивирустық бағдарламамен танысу.Қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып нанымды жауап беруге дағдыландыру, өз уақыттарын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.
|
-Компьютерлік вирустармен арнайы антивирустық бағдарламалар күресетіні жөнінінде мағұлұмат беру, компьютерге вирустар жұғып, бұзылмау үшін не істеу керектігін түсіндіру.
|
наурыз
|
Принтермен танысу
|
1
|
-Принтер құрылғысымен таныстыру.
-Балалардың салған суреттерін қағазға түсіруге принтер көмектесетін айтып таныстыру,жұмысқа қызығушылық туғызу.
|
-Принтер арқылы салған суреттерін шығарып көрсету.
-Түрлі түсті көрініс алу үшін принтердің атқаратын қызметін толықтай түсіндіріп жас ерекшеліктеріне байланысты ұғым беру.
-Шығарған суреттерін әңгімелетіп одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
|
сәуір
|
Зат және оның қасиеттері (ортақ және қарама-қарсы белгілері).
|
1
|
--Заттардың қасиеттерін қайталау.
-Балаларды заттардың белгілерін анықтауға,бөліп алуға және қарама-қарсы қоя білуге дағдыландыру
|
Заттың аты,түсі,көлемі,пішіні, және құрамы деп аталатын қасиеттері бар екенін атап өту қажет.
Әңгіме «Қарама –қарсы және ортақ» белгілеріне ұғым енгізу.
|
сәуір
|
Алгоритм. Алгоритм түсінігі.
|
1
|
Алгоритм арқылы табиғаттың суретін салу.Салынған суреттің көлемін мазмұндау
|
- Алгоритмді сақтай отырып компьютерде сурет салу.
|
сәуір
|
Ғарышқа саяхат.
|
2
|
Ғарышкерлер күніне орай ғарыш туралы түсінік беру. Аспан денелерімен таныстыру.
Слайд арқылы көрсетіп, баланың қызығушылығын, білуге құштарлығын арттыру.
|
Дидактикалық ойын: Түрлі түсті қағаз қиындыларын пайдалана отырып түрлі аспан денелерін құрастыру.
Ата-анамен біріккен жұмыс.
|
мамыр
|
«Сиқырлы ойыншықтар»
|
1
|
Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
-Өткен материалдарды қайталату арқылы балалардың білімін бекіту.
|
Дидактикалық ойын «Ойыншықтар» .
Paint графикалық редакторында
ойыншықтарды үлгіге қарап боя.
|
мамыр
|
Қайталау
Қорытынды
|
1
|
-Өткен материалдарды қайталату және бекіту.
Тест жұмысын өткізу арқылы балалардың білімін тексеру.
|
Тест жұмысы 12 -сұрақтан тұрады. Тапсырмалар компьютер бөліктеріне арналып жасалынған. Мұғалім сұрақтарды оқып, түсіндіреді. Балалар сұрақтарға ауызша жауап береді.
|
мамыр
|
Қорытынды.
|
1
|
Сұрақ-жауап арқылы өтілген материалдарды бекіту.
Компьютерде берілген тапсырманы орындап, балаға өз жұмысын қорғату.
|
Жыл бойына өтілген материалдарды бекіту.
|
Достарыңызбен бөлісу: |