12
4 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті
жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және
жиынтық бағалау (2-сурет). Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі
бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.
Критериалды бағалау
Қалыптастырушы бағалау
Бөлім/ортақ тақырыптар
бойынша жиынтық бағалау
Жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау
Білім беру деңгейлері
бойынша қорытынды
жиынтық бағалау
2-сурет. Критериалды бағалаудың құрылымы
Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына
қарай ерекшеленуі мүмкін.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып
табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады.
Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім
алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы
бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар.
Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға,
оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге
мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға
ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл,
баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта
білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.
Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін
анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалімдер оқу
үдерісін жоспарлау, рефлексия жасау (1-қосымша), өзінің оқыту тәжірибесін
жетілдіру үшін қолданады.
13
4.1 Қалыптастырушы бағалау үдерісі
Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы
кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей
әсер ететін үдеріс болып табылады.
Тиімді оқыту мақсатында білім алушылардың оқу үдерісіндегі ілгерілеуін,
ағымдағы түсінік деңгейін қадағалау қажет. Қалыптастырушы бағалаудың
міндеттері:
• оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға
ұсыну;
• білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен
(коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;
• білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті)
кері байланысты қамтамасыз ету;
• білім алушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде
қатыстыру;
• білім алушыларға өзінің оқуын «құрушылар/жасаушылар» ретінде
жағдай жасау болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болуы тиіс, ол
қосымша жаттығу немесе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды. Оқу
бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін
нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды.
Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни
әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі арқылы
анықтай алады, оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына
алады. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі
кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:
• қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
• қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
• қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
• кері байланыс беру.
4.1.1 Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы
барлық оқу мақсаттарын қамтуы тиіс. Мұғалімдерге көмек ретінде
қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалар жинағы дайындалған, онда
оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері, дескрипторларымен бірге
тапсырмалар үлгілері берілген.
14
Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін арттыру
үшін жинақта берілген тапсырмаларды қолдануына болады. Одан басқа
мұғалімдерге қалыптастырушы бағалаудың құралдарын өз бетінше
дайындауға мүмкіндік беріледі. Ол үшін жоспарлау кезеңінде мұғалімге:
• оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау
жасау;
• оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде бағалау
критерийлерін құрастыру;
• тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін
қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін (2-қосымша) ойлау
дағдыларының деңгейлеріне бөлу;
• бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;
• әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар
құрастыру ұсынылады.
Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін
ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады (1-кесте).
Әр тапсырмаға дескрипторлар анықталады. Бағалау кезінде мұғалімнің
шешімі анық болу үшін тапсырмалардың дескрипторлары дәл, нақты болуы
қажет. Бұдан басқа дескрипторлар білім алушыға тапсырманы орындаудың
қай кезеңінде қиындық туғызғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім
алушылар мен олардың ата-аналарына сындарлы (конструктивті) кері
байланыс беруге жағдай жасайды.
1-кесте. «Математика» пәні бойынша тапсырмалар үлгісі, 1-сынып
Бөлім
20-ға дейінгі екітаңбалы сандарды қосу және азайту
Бөлімше
Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
Оқу мақсаты
Санаудың ірі бірлігі - ондықты құрастыру; 100-ге
дейін ондықтармен санау, жазу және салыстыру
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Бағалау критерийі
Санаудың жаңа бірлігі – ондықты құрастырады.
100-ге дейін ондықтармен санайды және жазады.
Ондықтарды салыстырады.
1-тапсырма.
Санды жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |