Бастауыш сынып оқушыларын оқу мен жазу арқылы сын тұРҒысынан ойлауды дамыту технологиясы іс-тәжірибемде



жүктеу 52,88 Kb.
Дата26.05.2018
өлшемі52,88 Kb.
#18111

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі Туктибаева Мира Актлеуовна
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ІС-ТӘЖІРИБЕМДЕ

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сынып-тарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.

Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан. ұлы Абай. Ал чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.



Мен «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы бойынша 2010 жылы өткізілген курсқа қатысып, қатысушы куәлігін алдым. Қазіргі таңда «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру» мәселесі бойынша жұмыс істеп келемін. Осы уақыт аралығында көз жеткізгенім сын тұрғысынан ойлау білім алушылардың мәселелерді дұрыс шешу жолында іздену, ойлау, сөйлеу қабілетін дамытуға тиімді. Сұрақ қою, оны өзі құрастыру, фактілерге сүйене отырып жауап беру, өз сөзімен еркін сөйлеуге, тіл дамытуға, тақырыпты меңгеруге көмектеседі. Сын тұрғысынан ойлау – идеялар мен бар мүмкіндікті шығармашылықпен қарап жақындастыратын концепциялар мен ақпараттарды қайтадан түйіндеп тұжырымдайтын күрделі құбылыс. Сыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Ол – әр мәселеге байланысты өз пікірін айту оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. 

«Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» бағдарламасына негізделген сабақтар оқушыларды жан-жақты және тереңірек ашуға, оларға бағыт-бағдар беріп, әсер етуге, оқушы көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді. Мұндай сабақтарды өту барысында сабақтың мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамытуға баса назар аударамын. Сын тұрғысынан ойлау сабақтарында оқушы өзін-өзі еркін ұстап, өзгеге сенімін, жылуын күшейтеді. Кейде өзгеге көмектессе, кейде өзіне көптің көмегі қажет болады. 

Конфуций айтқан екен: «Танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы – тәжірибе, ең мәртебелісі - ойлау» , - деп. Сондай-ақ, СТО бағдарламасы бойынша сабақты өту кезеңдерінің де үш сатысы бар. Біріншісі – тақырыпқа қызығушылықты ояту, екіншісі – мағынаны ажырату, танып білу, үшіншісі – ой толғану.

Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін-өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты арттырады, кез келген сабақты меңгереді, оқушы өзін-өзі тәрбиелейді.

Сократ: «Біреуді бір нәрсеге иландырғың келсе, құр сөзбен уағыздама, одан да бірге әрекеттен. Дені сау бала өзінің өмір сүрген уақытындағы табиғат заңы, саясат заңы білімін онсыз да біледі. Енді оны ғылымға түсірту – мұғалімнің жұмысы» - деп ұстаздың бақылаушылық рөлін белгілеп береді.

Осы күнге дейін үйренген стратегиялардың кейбір тиімді әдіс-тәсілдерін қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында қолданып жүрмін. Менің өз сабақтарымда оқу бағдарламасына сәйкес бірізді, жүйелі түрде қолданып жүрген әдістерім мынадай: 

1. Қызығушылықы ояту кезеңінде «Миға шабуыл», «Зерделеу», «Ой тізбелеу сандықшасы» «Ойлану, жұпта талқылау», «Лездеме», «Тірек сөздер», т.б. Білім алушылар өткізілгелі отырған тақырып бойынша не білетіндерін жазып, сандықшаға жинақтады. Өз айтқандарын мысалмен дәлелдеді. Толық және дәлелді жауап беру талап етілді. «Лездеме» стратегиясы. Оқушылардың білімімен қатар, алғырлығын, ойының шапшаңдығын бақылау мақсатында жүргізіп отырамын. Үйге берілген тапсырма негізінде немесе жаңа сабақ жайлы не білетіндерін байқау барысында сұрақтар қойып, тез және ұтымды жауап беру керектігін ескертемін. 

2. Мағынаны ажыратуда «Түртіп алу», «Бес жолды өлең», «Негізгі идеяны суреттеу», «Кубизм», «Шығармалар кестесі», «Сөздер сөйлейді», «Түртіп алу жүйесі», «Әлемді шарлау», «Қарама-қарсы элементтер», «Блумның сұрақ қою стратегиясы», «Көп деңгейлі сұрақ», «ЖИГСО», «Логикалық тізбек» т.б.

3. Ой толғаныс кезеңінде «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Білемін, білгім келеді, үйрендім», «Автор орындығы», «Эссе», «Пікірталас», «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап», «Идеялар тақтасы» т.б. стратегияларды әр сабақтың ерекшелігіне лайықты қолданамын. 


«Түйінді сөздер» стратегиясы. Бұл ситуацияны ой толғаныс сатысында қолданған қолайлы. Ойды жинақтау мақсатында оқушыларға «Бүгінгі сабағымыздың негізгі түйіні болған сөздерді атаңдар» деп тапсырма беріледі. 
«Еркін жазу», «Автор орындығы». Әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың мәнерлеп оқу шеберлігін дамыту, әдебиетке, өлеңге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ақын-жазушылардың өлеңдерін сол автордың кейпіне ене отырып оқып беруін талап етемін. 

«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының философиясын терең түсініп, әдістерін тиімді пайдаланған кездегі жеткен жетістіктерім: білім алушы өз бетінше ізденуге үйренеді, сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беруге машықтанады, тақырыпқа жан-жақты түсінігін аңғарта отырып ынтасын одан әрі дамытуға мүмкіндік жасалады, ой идеясының ішкі астарына үңілуге, өзекті мәселені терең барлауға бағыт беріледі, ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге дағдыланады, өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді, білім алушының ой-қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі, шыншылдық, әділдікке дағдыланады, өзгенің пікірімен санасуға үйренеді.



Қорыта келгенде айтарым, бала жас кезінен-ақ еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергіге қарсы тұруға бейімделгені жөн. Сондықтан әр сабақта оқушылар кез келген мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу – әр мұғалімнің міндеті деп ойлаймын. 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан мектебі «Оқушылардың шығармышылығын дамыту» 2003ж

  2. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту». Бағдарлама жобасы үшін дайындалған I-ІҮ методикалық құрал, 4 - 25 шілде. 1998 ж.

  3. Интернет желісі.

жүктеу 52,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау