Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі



жүктеу 0,49 Mb.
Pdf просмотр
бет8/16
Дата19.11.2018
өлшемі0,49 Mb.
#21088
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

өркениеттің  даму  деңгейі  білімділік  пен  сауаттылық  ұғымдарының  мазмұны 

мен  оны  түсінудің  сара  жолдарын  іздестіруді  қажет  етіп  отыр.  Ғылыми 

еңбектерде  сауаттылық  ұғымының  белгілі  бір  деңгейде  ана  тілінің 

грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеруі екені 

байқалады.  Әйтсе  де  адамның  өмір  сүруіне  қажетті  деп  танылып,  меңгеруге 

ұсынылған  бастауыш  мектеп  деңгейіндегі  белгілі  бір  білім,  білік  пен 

дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) ретіндегі тілдік 

сауаттылық  қазіргі  кездегі  әлеуметтік  сұраным  талаптарымен  сәйкес  келе 

бермейді.  

Сауаттылық  мазмұнының  нақты  мазмұны  дара  тұлғаның  дамуына 

қойылатын  қоғамдық  талаптарға  байланысты  құбылмалы  сипатқа  ие  болады. 

Ол  қарапайым  оқу,  жазу,  санау  біліктіліктерінен  бастап  адамның  әлеуметтік 

үдерістерге  саналы  түрде  қатысуына  мүмкіндік  беретін,  қоғамдық  қажеттігі 

айқын  кешенді  білімдер  мен  біліктерден  құралатын  функционалдық 

сауаттылықты  меңгеруді  де  қамтиды.  Яғни,  «функционалдық  сауаттылық» 

белгілі бір кезеңге сай субъектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-

әрекет  ете  алуы  деген  мағынаны  білдіреді.  Қоғамның  дамуына  байланысты 

сауаттылық  ұғымының  мәні  тарихи  тұрғыдан  өзгергенін,  тұлғаға  қойылатын 

талаптарда  оқу,  жазу,  санай  білу  қабілеттерінен  гөрі  белгілі  бір  қоғамда  өмір 

сүруге  қажетті  білім  мен  біліктердің  жиынтығын  игеру,  яғни  функционалдық 

сауаттылыққа жету деген сипатта ұғынылады. 

Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың 

әсерінен  қоғамның  адамға  қоятын  талаптарының  өзгеруі  нәтижесінде 

функционалдық  сауаттылық  ұғымы  кең  тарала  бастады.  Сауаттылық  ұғымы 

оны білім берудің әрекеттік аспектісімен бірлікте алғанда ғана кеңейе түседі.  

Функционалдық сауаттылық –тілдік тұлғаның әлеуметтік –қоғамдық ортада 

сөйлесім  әрекетінің  түрлерін  (тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылым, 

тілдесім)  өзінің  мақсатына  қарай  еркін  қолдана  алу  мүмкіндіктерінің 

қалыптасқан жүйесі. 

Сұхбаттық  тапсырмалар  диалогтан  тұрады.  Бастауыш  сынып 

оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруда  диалогты 

таңдауымыздың  себебі  ол  күнделікті  өмірде  қолданылатын  ауызша  сөйлеу 

тілінің  ең  көп  тараған  және  тілдік  қатынастың  табиғи  түрі.  Диалогтың 

жағдаяттылығы,  алдында  және  артындағы  айтылған  жалпы  ойға 

байланыстылығы, алдын ала дайындықсыз іске асатын сөйлесім әрекетінің түрі 

екені ескерілді.  

Диалогтік  сөйлеуге  үйретуде  дайындық  жаттығулары  мен  шартты  сөйлеу 

жаттығулары ұсынылады. Мұнда күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдаяттар 

алынады.  Оқушыларға  дайын  үлгілерді  кезекпен  бірнеше  мәрте  оқытып, 

диалогтің сөздерін қайталатып, рөлге бөліп оқытылады. 

Мысалы: 

Сен бүгін театрға барасың ба? 



Жоқ, бара алмаймын. 

Неге? 


17 


Ауылдан апам келеді. Сол кісіні күтіп алуға автобекетке барамыз. 

Кіммен барасың? 



Мен, бауырым мен қарындасым, әкем –төртеуіміз. 

Анаң ше? 



Ол үйде апама дастархан жайып, ас мәзірін даярлайды.  

-

Жарайды, жақсы.  



Оқушылларды тек жауап беруге, яғни мәліметті хабарлауға ғана үйретпей, 

қарсы  сұрақ  қоюға,  қайталап  сұрауға  да  үйрету  аса  маңызды.  Диалогтің 

осындай түрлері де ұсынылды.  

Диалогтік  тапсырмаларды  орындау  барысында  оқушылардың  диалогтік 

сөйлеудегі  қарапайым  дағдылары  қалыптасып,  сұрақ  беру,  өтініш  айту, 

таңдану,  бұйыруды  қолдану,  бір-бірімен  әңгімелесе  білу,  мәліметтерді 

нақтылап  сұрау,  тыңдап  отырып  қайта  сұрақ  беру,  келіспеушілік,  толықтыру, 

тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білу дағдылары дамып, диалогтік 

тілді  үйретуде  соңғы  нәтиже  болып  табылатын  әңгімелесе  білу  біліктіліктері 

жетіледі.  

«Мұражайға саяхат» тақырыбында мынадай тапсырма орындалды.  

Тапсырманың  мақсаты:  оқушылардың  көне  дүниелермен  танысу,  білу, 

құштарлану  құзыреттілігін  қалыптастыру.  Көрген-білгендерін  тиянақты  түрде 

мазмұндап жеткізу.  

Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, қатысым әдістері. Көрген экспонат, мұралардың 

ішінен  қажеттісін  екшеп  бөліп  алып,  сол  туралы  ақпарат  беру  біліктерін 

қалыптастыру  көзделді.  Тапсырма:  1.  Қазақстанның  мұражайлары  жайында 

ақпараттар  іздеп  табу.  2.  Ақпаратты  жазбаша  түрде  дайындау.  3.  Сынып 

алдында ақпараттың мазмұнын баяндау. Нәтиже: өздеріне қажетті ақпаратты 

іздеп,  табуға  жаттығады.  Әңгімелеу,  жазу,  жұмыста  жұмыс  істеу  дағдылары 

дамиды.  Жұмыс  кезінде  коммуникативтік

мәселелердің  шешімін  табу 



құзыреттіліктері тапсырмаларын орындау ұсынылды.  

Бастауыш  сынып  оқушыларының  функционалдық  сауаттылықтарын 

қалыптастыруда  қатысымдық  әдіс  функционалдық  сөйлеудің  грамматикалық 

жағы мен лексикалық бірліктерді меңгертудің негізі ретінде алынды. Қатысым 

әдісі бойынша оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетіне баулу, 

тілді  үйретуді  күнделікті  өмрде  жүзеге  асыру,  сабақты  практикалық  жағынан 

жан-жақты қамтамасыз ету ескерілді.  

Өйткені кез-келген тақырыптағы тілдесім үдерісі сөйлеу, жазу, оқу, тыңдау 

әрекеттері  арқылы  іске  асады.  Бұл  қатысымдық  бағытта  дайындалған 

тапсырмалардың  мәні  оқушыларды  ана  тілінде  қарым-қатынас  үдерісіне 

дайындау,  сыныпта  қарым-қатынас  жасауға  жағдай  тудыру  болып  табылады. 

Қатысымдық  әдіс  ұсынылған  тапсырмалардың  бәріне  ортақ,  әсіресе 

жағдаяттық, рөлдік ойын, сұхбаттық тапсырмаларда басым болады. Осы әдістің 

функционалдық 

сауаттылықпен 

байланысы 

жағдаяттық, 

сұхбаттық 

тапсырмалардағы  тілдесімде  ерекше  басымдылыққа  ие  болады.  Рөлдік  ойын 

әдісінде 7-12 жастағы балалар қарым-қатынасқа тез түседі де, кез-келген рөлді 

ынтамен орындайды. Рөлдік ойындар оқушыға өзін танытуға, жолдастарының 

18 



жүктеу 0,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау