1 Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
қалыптастырудың теориялық негізі
«Функционалдық сауаттылық» ұғымына қатысты мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға
арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25
маусымдағы №832 қаулысы), Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, пәндік
сауаттылық, функционалды сауаттылық, оқытудың түпкі нәтижесі ретінде
оқушылардың игерген құзіреттіліктеріне байланысты ғалымдар, В.В. Давыдов,
А.А. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.А. Болотов, О.Е.Лебедев, И.А. Зимняя,
А.К. Маркова, С.Г. Молчанов, Г.К. Селевко, В.В. Сериков, В.А. Сластенин,
А.В. Хуторской, М.Ж.Жадрина, С.Д.Мұқанова, И.И.Бим, Ф.Ш.Оразбаева,
Е.И.Пассов, В.Л.Ляховицкий, Н.Сауранбаев, С.Кеңесбаев, С.Жиенбаев,
Т.Ахметов, Ғ.Бегалиев, А.Айдаров, Ж.Д.Адамбаева, Б.Б.Құлмағамбетова,
К.Ы.Сариева, М.М.Артықова, жүргізілген зерттеулерді қарастыра келе, бүгінгі
таңда отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде «функционалдық
сауаттылық» ұғымын қолдануда бірізділік жоқ екені байқалды.
Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі
халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық
дамуына, үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын.
Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының
мазмұны мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр.
Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің
грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені
байқалады. Әйтсе де адамның өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге
ұсынылған бастауыш мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен
дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) ретіндегі
тілдік сауаттылық қазіргі кездегі әлеуметтік сұраным талаптарымен сәйкес
келе бермейді.
Сауаттылық ұғымының нақты мазмұны дара тұлғаның дамуына
қойылатын қоғамдық талаптарға байланысты құбылмалы сипатқа ие болады.
Ол қарапайым оқу, жазу, санау біліктіліктерінен бастап адамның әлеуметтік
үдерістерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік беретін, қоғамдық қажеттігі
айқын кешенді білімдер мен біліктерден құралатын функционалдық
сауаттылықты меңгеруді де қамтиды. С.И.Ожеговтың сөздігінде «функция»
сөзінің мәні «Вызванный функционированием чего-нибудь, зависящий от
деятельности, а не от структуры, строения чего-нибудь (книжн)»– деп
анықталса, Қазақ тілінің түсіндерме сөздігінде: «фукционалдық ұғымы бір
нәрсенің құрылысы, құрамынан емес, қызметінен болатын, соның әрекетіне
байланысты болады» – деп сипаттама беріледі. Бұдан «функция» ұғымы
белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс-әрекетіне қатысты
айтылатыны танылады. Мысалы, техникалық құрал-жабдықтарды алар болсақ
(компьютер, сканер, принтер, т.б.), олардың өз функциялары бар. Ал
5
«функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне байланысты
қарастырылады. Кез келген маманның атқаратын белгілі бір функциясы
немесе қызметі болады, ол соның дұрыс атқарылуына жауап береді. Айталық,
мектеп директорының, оқу ісі немесе тәрбие жөніндегі орынбасарларының
әрқайсысының өз функциясы бар және әрқайсысы өз бағыты бойынша жауап
береді.
Жалпы, сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым екені белгілі.
Яғни, сауатты деген сөздің түпкі мағынасы оқу, жазу, санау біліктіліктері
қалыптасқан, грамматикалық тұрғыда таза, қатесіз жаза, сөйлей, оқи алатын,
сондай-ақ дұрыс есептей білетін адам сауатты ретінде танылады. Ал
«функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің алған білімі
мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді.
Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи
тұрғыдан өзгергенін, тұлғаға қойылатын талаптарда оқу, жазу, санай білу
қабілеттерінен гөрі белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен
біліктердің жиынтығын игеру, яғни функционалдық сауаттылыққа жету деген
сипатта ұғынылады. Қазіргі әлемдегі, еліміздегі өріс алып отырған түрлі
бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының
өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең тарала бастады.
Сауаттылық ұғымы оны білім берудің әрекеттік аспектісімен бірлікте
алғанда ғана кеңейе түседі. Функционалдық сауаттылық – тұлғаның пәндік
білім, білік, дағдыларын әлеуметтік-қоғамдық ортада кез келген жағдаятқа
сәйкес еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі.
Қазіргі таңда функционалдық сауаттылық ұғымы білім кеңістігіндегі
білімді құзыреттілікке бағыттау парадигмасына байланысты туындап отыр.
Қазіргідей пәндік білімге ғана негізделіп отырған оқу үдерісінде баланың
жалпы дүниетанымының қалыптасуы, өміртанымдық дағдыларының
жетілдірілуі, білімнің күтілетін нәтижеге бағытталуы қоғамдық-гуманитарлық
пәндердің жаңарған мақсат-міндеттерінен бастап оқытудың әдістемелік
жүйесінің әр бөлігінің (білім мазмұны, оқыту түрлері, оқыту әдістері, білім
нәтижелері) түбегейлі өзгертілу деңгейіне қатысты екені сөзсіз. Мектептік
білім беру жүйесін жаңа уақыт талабына орай жетілдіру білім беру жүйесін
өзіміздің ұлттық болмысымызға, негізге алынған ұстанымдарымызға сай
құруды қажет етеді. Осыған орай мектептегі берілетін білімді шынайы
өмірмен ұштастырып, бастауыш мектепті бітіруші түлектерді үлкен өмірге
дайындау қажеттігі туындайды. Сондықтан бастауыш мектеп оқушыларының
меңгеруі тиіс білім, білік, дағдыларының жиынтығы ретінде, яғни оқытудың
түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың бойында қалыптасатын құзыреттіліктер
алынады.
Білім берудің нәтижесі ретіндегі құзыреттілікті ғалымдар (А.Хуторской,
М.Ж.Жадрина, Н.Н.Нұрахметов, Ж.Т.Дәулетбекова) белгілі бір пәнге қатысты
оқушының игерген іс-әрекет тәсілдерінің жиынтығы ретінде анықтады.
Сондықтан қазіргі кезеңде Қазақстандағы білім беруде жаңа нәтижеге жетудің
басым бағыттарының бірі ретінде білімділік бағыттан оқушылардың бойында
6