2.4
Бастауыш сынып оқушыларының компьютерлік сауаттылығы
Соңғы кезде компьютерлік сауаттылық негізін қалайтын информатика
пәнін қай сыныптан бастап оқытылуы қажеттілігі туралы түрлі пікірлер
туындауда. Осының негізінде оқытуды төменгі сыныпқа көшіру тиімділігі
практика жүзінде дәлелденген. Себебі кез келген мектеп жасына дейінгі
баланың танып-білуге, оқуға қатысты қызығушылығының өте жоғары
болатыны белгілі. Ал психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі
логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады екен. Сондықтан балаларды
ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін бастауыш сыныптан-ақ оларды
логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, ақпараттық технологиялардың
негізіне, ақпараттық сауаттылық пен мәдениетке тәрбиелеу қажет.
Информатика пәнін бастауыш сыныпта 12 жылдық білім стандарты
жобасында және 11 жылдық білім беру жүйесінде вариативтік компонент
ретінде енгізу қажет.
Бастауыш мектепте информатиканы оқыту келесі мақсаттарға жетуге
бағытталған:
-
ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын
қалыптастыру;
-
интеллектуалды тұлғалық және эмоциялық - жігерлік сапаларын,
қабылдау түрлерін және есте сақтауын дамыту;
-
оқушыны азаматтыққа және дүниетанығыштыққа тәрбиелеу.
Сондай-ақ негізгі білім бағдарламасы мазмұнының міндетті минимумы
«Логика және алгоритм бағыты» және де «Компьютер және ақпараттық
технологиялар бағыты» деген мазмұндық бағытта берілген. Осы минимумға
орай қазіргі кездегі информатика пәнін оқытудың әдістерінің күн сайын
жаңарып отыруына қарамастан бастауыш сыныптарда информатика курсын
оқытудың мақсатын төмендегідей түрде сараптауға болады:
-
компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;
-
ойды логикалық түрде дамыту;
-
алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;
-
компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.
Жоғары сыныпта информатиканы оқыту жеке бағдарламамен жүзеге асуда.
Ал бастауышта бұл жеке пән ретінде ғана емес, басқа негізгі пәндерді
қолдаушы пән ретінде жүргені тиімді. Өйткені, компьютерді үйрену кезіндегі
мәтін теру, қате түзету, сурет салу, есептің немесе әрекеттің алгоритмін құру
сияқты практикалық жұмыстар мен тапсырмалар қазақ тілі, орыс тілі, бейнелеу
және математика пәндерімен сабақтасады.
1) «Информатика» пәнін игеруде балалардың жас ерекшеліктерін ескере
отырып, оқытудағы пәннің мақсаты мен міндетін, қажеттілігін түсіндіру керек.
Мысалы: Сендер ақпарат әлемiне саяхатқа аттанатын боласыңдар. Бұл саяхат
мектептегі оқудың барлық кезеңдерiнде жүрiп жатады. Сол сияқты мектептi
бiтiргеннен кейiн де жалғасатын болады. Бұл тамаша әлем өте кең, сондықтан
онда адасып кетуiң де мүмкiн. Сондықтан, мұндай қауiптен құтылу үшiн осы
25
әлемдегi саяхатқа қажеттi тәртiп ережелерiн үйренiп алуың қажет.
2) Ақпараттық мәдениет негiздерiн игеру
Әдiстемелiк нұсқаулар:
Ендi бiздi қоршаған тамаша әлемге қарап, жан-жағымызға зер салайық.
Айналамыздағы түрлi заттарға назар аударайық: гүлдер жайқалады, құстар
сайрайды, күн шығып тұр, жаңбыр жауып тұр, ыстық жаз өтiп, күз келедi де, ол
қарлы қысқа ұласады. Бiз ақпаратты гүлдiң иiсiн сезу, сiркiреп жауған жаңбыр
тамшысының тырсылын есту, күннiң шыққанын көру сияқты әрекеттер арқылы
аламыз. Оны кiтап оқу, теледидар көру арқылы алу мүмкiндiгiмiз бар. Ал
теледидардан көрген ертегiңдi досыңа айтып беретiн болсаң, онда сен досыңа
ақпарат бересiң. Ертегiнi бейнемагнитофонға жазу арқылы бұл
ақпаратты
сақтай аласың. Ақпараттық қоғам жағдайында сендер оны ғаламтор арқылы
алуларыңа және электрондық пошта арқылы алыстағы туыстарыңа хат
жазуларыңа болады. Сондықтан осы айтылғандардың барлығын бiз бiртiндеп
үйренуiмiз керек. Ақпараттық қоғам жағдайында кез келген адам ақпарат
көздерiмен жұмыс жасай бiлудi, оны сақтауды, өңдеудi және дұрыс қолдана
бiлу сияқты әрекеттердi үйрену арқылы ақпараттық мәдениетiн қалыптастыра
алады.
Ақпарат – бұл қоршаған орта туралы мәлiмет болса, ал ақпараттық
мәдениет – бұл ақпарат көздерiн (анықтамалармен, сөздiктермен,
энциклопедиямен, ұшақ кестелерiмен және теледидар бағдарламаларымен)
қолдана бiлудi үйрену. Ақпараттық мәдениет - бұл дұрыс сөйлей бiлу,
теледидарды орынды көре бiлу, компьютермен жұмыс тәртiбiн игеру және
достарыңмен жақсы қарым-қатынаста болу сияқты әрекеттердi қамтиды.
Тапсырмалар:
1.
Компьютердiң қайда қолданылатынын әңгiмелеп бер. Суреттерді боя.
2.
Компьютермен не iстеуге болады?
а) сурет салу
ә) ойнау
б) есептеу
в) ақпаратты сақтау және тарату.
3.
Оқушылармен талқылай отырып, суреттердi боя.
3-4.
«Сатылар» және «Батырмалар» сияқты жаттығу ойындары
оқушылардың компьютерде жұмыс жасау жылдамдығын дамытуға арналған.
Ойын тәртiбi бойынша батырманы қанша рет басу ұсынылса, саусақты сонша
рет басу керек. Жаттығу, ең алдымен, бiр қолмен орындалса, содан кейiн екi
қолмен бiрге орындалады. «Сатылар» және «Батырмалар» жаттығу ойындарын
әрбiр сабақтың соңында қайталап ойнауға болады.
3.
«Батырмалар» ойыны. Батырмаларды алдымен, бір қолмен, содан кейін
екінші қолмен, соңынан екі қолмен бірдей бас. Батырмаларда қандай сан
жазылса, саусақтарыңмен сонша рет бас.
4.
«Сатылар» ойыны. Саусақтарыңды перне сатыларымен жоғары және
төмен жүргіз. Батырмаларда қандай сан көрсетілсе, оны саусақтарыңмен сонша
рет бас.
26