Бастауыш білім беру деңгейінің 2–4-сыныптары үшін «Дүниетану» пәнінің оқу бағдарламасы



жүктеу 130 Kb.
Дата26.11.2018
өлшемі130 Kb.
#24608
түріБағдарламасы

Бастауыш білім беру деңгейінің 2–4-сыныптары үшін

«Дүниетану» пәнінің оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. «Дүниетану» пәнінің мақсаты – ғылыми таным негізінде қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру.

3. Негізгі міндеттері:

1) туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;

2) оқушыға қоршаған ортаның әр алуандығын, тұтастығын, құндылығын, ондағы өзінің орнын сезінуге мүмкіндік беру;

3) күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру;

4) «табиғат–адам–қоғам» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жағдайын ұғындыру;

5) танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

6) картадан өз Отаны мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы қазбаларды көрсетуге үйрету;

7) тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін дамыту, қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу

8) танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыру;

9) бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру;

10) адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту және оқушылардың адамның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы туралы түсініктерін кеңейту;

11) негізгі мектепте жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

4. «Дүниетану» пәнінің мазмұнын меңгеру үшін 2–4-сыныптарға аптасына 2 сағатты құрайды, оқу жылына 68 сағат.

5. Оқыту процесінде «Дүниетану» пәнінің келесі пәндермен байланысы ескеріледі:

1) қазақ тілімен. Байланыстыра сөйлеу, сипаттау, салыстыру, баяндау арқылы сөздік қорын байыту;

2) әдебиеттік оқумен. Табиғат, жер байлығы туралы әңгімелерді оқу, өлеңдер мен мақал-мәтілдерді жаттау;

3) математикамен. Тәжірибелік жұмыстарда түрлі өлшеу құралдарын қолдану, масштаб туралы түсініктерін кеңейту;

4) музыкамен. Адамның, табиғаттың көңіл-күйін бейнелейтін музыка, күйлер мен әңдер тыңдау;

5) бейнелеу өнерімен. Суретшілердің табиғат, табиғат құбылыстары, жыл мезгілдеріне арналған шығармаларын пайдалану;

6) еңбекке баулумен. Түрлі бұйымдар жасау барысында табиғи материалдар туралы білімдерін пайдалану;

7) дене шынықтырумен. Денсаулық сақтау; күн тәртібі; адам өміріне зиянды әрекеттер; адам ағзасын шынықтыру туралы білімдерін толықтыру.

2. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны
6. Адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасы (8 сағат):

1) адам өміріне қажетті жағдайлар. Адам және қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас;

2) адам еңбегі және оның адам өміріндегі маңызы. Табиғатты қорғаудағы адамның рөлі.

7. Табиғат (16 сағат):

1) көкжиек. Тұсбағар. Сурет және сұлба. Жер сұлбасы;

2) ауа. Ауаның қасиеті. Ауаның адам, жануарлар, өсімдіктер өмірі үшін маңызы;

3) су. Судың қасиеті. Судың адам, жануарлар, өсімдіктер өмірі үшін маңызы. Суда қауіпсіздік ережесін сақтау;

4) топырақ. Топырақ құрамы және оның пайдасы. Топырақтың маңызы;

5) зертханалық жұмыс. Ауаның қасиетін анықтау (түсі, көлемі, дәмі, иісі, жылу өткізгіштігі). Судың қасиеттерін анықтау (түсі, дәмі, еріткіштігі, күйі). Топырақтың құрамын анықтау (құм, саз, қарашірік);

6) топсаяхат. Тұсбағарды қолданып, қоршаған заттардың, нысандардың орнын анықтау. «Мектеп – үй», «Үй – дүкен», т.с.с. жүретін жолының бағдарын анықтап, сұлбасын қағазға түсіру.

8. Өсімдіктердің тіршілігі (12 сағат):

1) өсімдік – тірі ағза;

2) өсімдік мүшелерінің маңызы. Тамыр. Сабақ. Жапырақ. Олардың қызметі;

3) өсімдіктердің өсуі және тіршілік ортасы;

4) мәдени өсімдіктер. Мәдени өсімдіктердің көбеюі және оған қажетті жағдайлар;

5) адам өмірінде өсімдіктердің атқаратын рөлі;

6) тәжірибелік жұмыс. Тұқымнан өсімдіктің өнуін, көбеюін бақылау.

9. Жануарлардың тіршілігі (16 сағат):



  1. жануарлардың көптүрлілігі. Жануарлардың тіршілігіне қажетті жағдайлар;

  2. жануарлардың мекендеу ортасы;

  3. үй жануарлары және жабайы жануарлар. Құстар. Үй құстары және жабайы құстар;

  4. жануарлардың көбеюі және қоректенуі;

  5. өсімдіктер мен жануарлардың адам өмірінде атқаратын рөлі;

  6. табиғатты қорғау ережесі;

  7. топсаяхат. «Өсімдіктер мен жануарлар көптүрлілігі» тақырыбында өлкетану, хайуанаттар паркіне, мұражайға саяхат. Бағдарлаудың қарапайым тәсілдері.

10. Отан (16 сағат):

  1. менің отбасым. Отбасы дәстүрі. Отбасындағы өзара қарым-қатынасы;

  2. мектеп. Оқушылардың мектеп және қоғамдық орындарындағы тәртіп ережесі мен мәдениеті;

  3. менің қалам (ауылым). Туған жердің көрнекті орындары;

  4. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері;

  5. Астана – бас қала;

  6. Алматы – Қазақстанның мәдени орталығы. Қазақстанның ірі қалалары;

  7. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Халықтар достығы;

  8. Қазақстанның ғылым, мәдениет, білім және спорт салаларындағы белгілі тұлғалар;

  9. Топсаяхат. «Өз туған жері» туралы мағлұмат жинақтау.



2. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны
11. Адам ағзасы және оны күту (8 сағат):

  1. адам – табиғат перзенті. Ағза мүшелері, оның қызметі;

  2. тері – ағзаның қорғаныс мүшесі, оның атқаратын қызметі;

  3. қаңқа. Бұлшық ет. Қимыл-қозғалыс мүшелері;

  4. қан айналым мүшелері. Жүрек және оның негізгі қызметі;

  5. тыныс алу мүшелері;

  6. ас қорыту мүшелері, оның қызметі;

  7. жүйке, оның қызметі;

  8. сезім мүшелері: көз, құлақ, мұрын, тіл, тері. Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі. Тұрмыстық жарақатты алдын алу;

  9. көрнекі құралдар. Адам қаңқасы. Плакаттар: «Тыныс алу мүшелерінің құрылысы», «Жүрек құрылысы», «Қан тамырлары», «Адам ағзасы», секундомер, спидометр;

  10. сарамандық жұмыстар. Қол, аяқ сүйектерінің түрлі қимыл-қозғалыс атқаратынын байқау. Бұлшық еттің қимыл-қозғалыс кезіндегі рөлін түсіну. Қан тамыры соғуын (адамның тыныш отырған кездегісі және қимыл-қозғалыстан кейінгісі бойынша) есептеу.

12. Табиғат және адам (22 сағат):

  1. табиғатты адам қалай зерделейді? (4 сағат). Табиғатты зерттеу әдістері. Бақылау. Тәжірибе жасау. Тәжірибе туралы түсінік. Тәжірибе мен бақылаудың бір-бірінен айырмашылығы. Математиканы пайдаланып табиғатты зерделеу.

  2. көрнекі құралдар. Термометр, таразы, сызғыш, күнтізбе. Шамаларды өлшейтін түрлі құралдар.

  3. сарамандық жұмыстар. Өлшеу құралдарымен жұмыс, түрлі заттарды өлшеу. Күнтізбе, сызғыш, сағатты қолданып орындалатын жұмыс түрлері. Термометрмен ауа райын бақылау.

  4. денелер. Заттар. Құбылыстар (4 сағат). Денелер туралы түсінік. Табиғи және жасанды денелер. Заттардың қасиеті. Табиғи құбылыстар. Әр мезгілге сәйкес табиғаттағы өзгерістер туралы мәлімет.

  5. көрнекі құралдар. Табиғи және жасанды денелердің модельдері.

  6. сарамандық жұмыстар. Табиғи және жасанды денелердің айырмашылығын байқау. Денелер мен заттарды салыстыру, олардың байланысын анықтау.

  7. ауа, су, ауа райы (4 сағат). Ауа, оның қасиеті. Желдің ауысуы. Табиғаттағы су, оның қасиеті. Бұлт және тұман. Жауын-шашын. Суды қорғау.

  8. көрнекі құралдар. «Табиғаттағы су айналымы» (басылым және экрандық дыбыс құралы).

  9. сарамандық жұмыстар. Ауа райын болжау (халықтық жорамалдар туралы түсінік беру), жел бағытын, ауа температурасын, т.б. анықтап, «Бақылау күнделіктеріне» толтыру. Төтенше жағдайлар.

  10. тау жыныстары және оны қорғау (10 сағат). Тау жыныстары туралы түсінік. Тығыз және бос тау жыныстары. Пайдалы қазбалар және олардың түрлері. Гранит. Құм. Саз және әктас. Ас тұзы. Мұнай және табиғи газ. Адам өмірі үшін пайдалы қазбалардың маңызы. Топырақ. Топырақ түрлері, ерекшелігі, құрамы және оны қорғау.

  11. көрнекі құралдар. Пайдалы қазбалар жинақтамасы. Басылым және экрандық дыбыс құралы;

  12. сарамандық жұмыстар. Пайдалы қазбалардың қасиеттерін анықтау. Топырақ түрлерін зерделеу.

13. Өсімдіктер мен жануарлардың көптүрлілігі (14 сағат):

  1. өсімдіктердің көптүрлілігі (7 сағат). Өсімдіктердің көптүрлілігі. Ылғалды жерде және құрғақшылықта өсетін өсімдіктер. Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер. Жарық сүйгіш және көлеңкеде өсетін өсімдіктер. Өсімдіктер тіршілік ететін орта. Адамдардың өсімдіктерді өз пайдасына жаратуы. Қазақстан Республикасында «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер;

  2. көрнекі құралдар. «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер топтамасы. Басылым және экрандық дыбыс құралы.

  3. топсаяхат. Табиғаттың әр мезгіліне сәйкес өсімдіктердің тіршілігімен танысу;

  4. жануарлардың көптүрлілігі (7 сағат). Жануарлардың көптүрлілігі туралы мәлімет. Жәндіктер. Бұнақденелілер. Құстар. Балықтар. Қосмекенділер. Жорғалаушылар. Сүтқоректілер. Жануарлардың мекендеу ортасына бейімделуі. Жануарларды қорғау;

  5. көрнекі құралдар. «Қызыл кітапқа» енген жануарлар топтамасы. Басылым және экрандық дыбыс құралы.

  6. топсаяхат. Мұражай, хайуанаттар әлемі.

14. Адам және қоғам (24 сағат):

  1. отбасы. Отбасы берекесі. отбасы бюджеті:

  2. салауатты өмір салты. Мектеп және қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережесін сақтау;

  3. мейрімділік. Сыпайлық. Жолдастық және достық;

  4. менің қалам, менің ауылым. Ауыл және қала адамдарының еңбегі;

  5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері;

  6. біздің Отан. Мемлекеттік рәміздер. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі;

  7. Қазақстан – мәдениеті мен өнері өркендеген ел;

  8. мемлекеттік тіл. Халықаралық қарым-қатынас тілдері;

  9. Қазақстан Республикасының Қарулы күштері;

  10. Елді басқару органдары;

  11. топсаяхат. Туған өлке, қала/ауылдың көрнекті орындары. Жолаушылрадың міндеті. Қоғамдық көлікке міну және түсу ережесі.



2. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
15. Табиғат (24 сағат):

  1. табиғатты зерттеу және бақылау үшін қолданылатын түрлі әдістер. Физикалық карта. Масштаб;

  2. құрлық беті: жазықтар, таулар. Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі. Қазақстанның жер бедері, оның физикалық картада бейнеленуі. Жер сілкінісі;

  3. пайдалы қазбалар, олардың топтары. Қара және түсті металл кендері. Жанғыш пайдалы қазбалар. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар: фосфорит, асбест, әктас, бор, мәрмәр;

  4. су. Су айналымы. Жер асты сулары. Минералды сулар. Өзендер мен көлдер. Адам тіршілігі үшін оның маңызы. Суды қорғау. Су тасқыны. Тәртіп ережесі;

  5. ауа және ауа райы. Ауаның жер бетінің тіршілігі үшін маңызы. Ауаның құрамы, қабығы. Ауа райын болжау. Ауаны ластаушы заттар. Ауаны тазарту және қорғау;

  6. көрнекі құралдар. Қазақстанның физикалық, географиялық картасы. Жергілікті жердің сұлбасы. Пайдалы қазбалар жиынтығы;

  7. сарамандық жұмыстар. Тұсбағарды қолданып бағдарлау. Қазақстанның физикалық және географиялық картасымен жұмыс: пайдалы қазбалар шығатын жерлер, өзендер, көлдер мен Қазақстан Республикасының шекарасын табу. Ауа райын бақылау күнделігімен жұмыс. Ауа райының өзгерістерін анықтау;

  8. топсаяхат. Мұражайға (геологиялық) саяхат.

16. Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары (12 сағат):

  1. өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететін мекендеріне бейімделуі;

  2. шалғын өсімдіктері мен жануарлары;

  3. дала өсімдіктері мен жануарлары;

  4. шөл өсімдіктері мен жануарлары;

  5. су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары;

  6. орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары;

  7. таулы жер өсімдіктері мен жануарлары;

  8. ауа райының өзгеруі мен адам еңбегінің әсеріне байланысты олардың тіршілігіндегі өзгерістер;

  9. еліміздің егіншілік және мал шаруашылығы. Адамның егін және мал шаруашылығын дамыту үшін жасаған жағдайлары;

10) көрнекі құралдар. Қазақстанның физикалық картасы. Басылым және экрандық дыбыс құралы;

11) сарамандық жұмыстар. Картадан орман-тоғайлар мен тауларды табу;

12) топсаяхат. «Өзі тұратын туған жерінің өсімдіктері мен жануарлар дүниесімен танысу». Саяхат кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

17. Жер – ғарыш денесі (8 сағат):



  1. ғарыш туралы алғашқы түсінік;

  2. жұлдыз. Планета. Галактика туралы мәліметтер;

  3. ғарышқа жол ашу. Ю.А.Гагарин – тұңғыш ғарышкер;

  4. Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев – қазақ ғарышкерлері;

  5. жердің ғарыштан көрінісі. Күн. Жер;

  6. глобус – Жердің үлгісі;

  7. жердің Күнді айнала қозғалуы. Оның жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы;

  8. күн мен түннің ауысуы және себептері. Жыл мезгілдерінің ауысуы;

  9. көрнекі құралдар. Қазақстанның физикалық картасы. Глобус. Басылым және экрандық дыбыс құралы;

  10. сарамандық жұмыс. Глобустың және Жердің айналуы.

18. Қоғам (24 сағат):

  1. отбасы – қоғамның құрамдас бөлігі. Отбасындағы құқықтық нормалар. Балалардың ата-аналар алдындағы парызы;

  2. мектеп. Білімнің пайдасы мол. Оқушылардың шығармашылығы. Денсаулық және оған әсер ететін факторлар туралы түсінік (оқу және демалу режимі, дұрыс тамақтану, шынығу);

  3. ауыл. Біздің ауыл. Ауыл байлығы. Ауыл шаруашылығы;

  4. отан. Қазақстанның тәуелсіздігі;

  5. қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрес. Қазақ халқының белгілі батырлары;

  6. әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның орны мен рөлі;

  7. таяу және алыс шетелдері. Басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы. Қазақстан халықтарының достығы. Бейбітшілік үшін күрес.


2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
19. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар:

  1. адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынаcы;

  2. ауа, су, топырақтың маңызы мен қасиеттері;

  3. өсімдіктің көбеюі үшін қажетті жағдайлар;

  4. өсімдіктің тіршілік ортасы;

  5. үй жануарлары және жабайы жануарлар;

  6. жануарлар мен құстардың қоректенуі;

  7. өсімдіктер мен жануарлар арасындағы байланысы;

  8. жануарлар мен құстардың тіршілігіне қажетті жағдайлар;

  9. өсімдіктер мен жануарлардың адам өміріндегі рөлі;

  10. сурет пен сұлбаның айырмашылығын;

  11. Қазақстанның ірі қалаларының атаулары;

  12. Қазақстан Республикасының астанасы туралы білуі қажет.

20. 2-сыныптың соңында оқушылар:

  1. тұсбағарды пайдалану ережесін;

  2. үй жануарларына қамқорлық жасау жолдарын;

  3. Қазақстан Республикасы астанасының көрнекті орындары туралы әңгімелеуді;

  4. жол ережесі мен топ саяхат кезінде өрт қауіпсіздігін, мектепте және қоғамдық орындарда тәртіп ережесін сақтауды, сарамандық және зертханалық жұмысты орындау барысында қауіпсіздік ережесін меңгеруі қажет.


3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
21. Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар:

  1. адамның ағза мүшелері, олардың маңызы;

  2. қимыл-қозғалыс мүшелері;

  3. көз, құлақ, мұрын, тіл, терінің маңызы мен қызметі;

  4. денсаулыққа пайдалы қызмет, зиянды әдеттер;

  5. табиғи және жасанды денелер;

  6. табиғат құбылыстары;

  7. ауаның жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы;

  8. су, ауа, пайдалы қазбалар, өсімдіктер мен жануарларды қорғаудағы адамның әрекеті;

  9. тау жыныстары;

  10. судың қасиеті, бұлт, тұман, жауын-шашынның пайда болуы;

  11. пайдалы қазбалар, оның адам өміріндегі маңызы;

  12. өсімдіктердің тіршілік ету ортасы, оның адам өмірі мен жануарлар тіршілігіндегі маңыздылығы;

  13. жануарлардың тіршілік ету ортасы және олардың қоректенуі;

  14. жануарлардың топқа бөлінуі;

  15. денелер мен заттардың өзара айырмашылығын;

  16. еліміздің атаулы күндері туралы;

  17. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуі қажет.

22. 3-сыныптың соңында оқушылар:

  1. денелер мен заттардың қасиеттерін анықтайтын тәжірибелер жасауды;

  2. секундомер, спидометр және термометрді, таразыны қолдануды;

  3. салауатты өмір салтын сақтау ережесін;

  4. пайдалы қазбалар (бағдарлама көлемінде) топтамасын ажыратуды;

  5. «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жолдарын;

  6. отбасының салт-дәстүрлері, өз отбасы, отбасы мүшелері туралы әңгімелеуді;

  7. өз туған ауылы және қаласы туралы әңгіме құрастыруды;

  8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы қысқаша әңгімелеуді меңгеруі қажет.



4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
23. Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар:

  1. пайдалы қазбалар, оның адам өмірі үшін маңызы;

  2. су айналымы, суды қорғау жолдары;

  3. адамның ауаны тазарту мен қорғау үшін жасап жатқан істері;

  4. «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар (бағдарлама көлемінде);

  5. ауаның құрамы, қабығы, оның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі рөлін;

  6. туған жердің егіншілігі мен мал шаруашылығы, даму жағдайлары;

  7. өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететін мекендері, адам еңбегінің әсері, қорғау жолдары;

  8. ғарыш туралы алғашқы мағлұмат пен қазақ халқының алғашқы ғарышкерлері;

  9. ауа, су және топырақты тазарту және қорғаудың қарапайым жолдарын;

10) оқушының міндеттері туралы, өз құқығы туралы;

11) ауыл және қала адамның еңбегі туралы білуі қажет.

24. 4-сыныптың соңында оқушылар:


  1. Қазақстаның жер бедерін (өзен, көл, тау, орман-тоғай), пайдалы қазбалардың кен орындарын физикалық картадан көрсетуді;

  2. географиялық картадан Қазақстанның шекарасын анықтауды;

  3. қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережесін пайдалануды;

  4. өз туған қаласы (ауылы) туралы әңгімелеп беруді;

  5. Қазақстан Республикасына белгілі тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша әңгімелеп беруді;

  6. өз Отаны, туған жерінің белгілі адамдары туралы ақпаратты өздігінен жинақтауды және сабақта қолдана білуді меңгеруі қажет.

25.Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:

  1. қоршаған ортаны сақтауға және оны қорғауға, оған қамқорлық жасауға ұмтылысынан;

  2. адамдардың еңбегі және олардың мамандығына құрметпен қарауынан;

  3. салауатты өмір салтын, өздігінен жеке бас гигиена, жол тәртібі, төтенше жағдайлар ережесін сақтау білігінен;

  4. өз жерінің табиғатына, оның рухани және материалдық байлығына, сұлулығы мен көркемдігіне деген мақтаныш сезімінен, сүйіспеншілігінен көрініс табуы тиіс.

26. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:

  1. қоршаған ортаны бақылау дағдысынан;

  2. табиғи құбылыстарды бақылау және талдау, өзіндік қорытынды шығару білігінен;

  3. табиғатты зерттеу әдістерін қолдана білу дағдысынан;

  4. сарамандық жұмыстар жасау дағдысынан;

5) жергілікті жердің сұлбасын сызу және оны жобалау білігінен;

6) алған ақпаратты талдап, жинақтап, қорытынды жасау білігінен;



7) танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен;

8) қосымша ақпаратты жинақтау және іріктеуде көрініс табуы тиіс.
жүктеу 130 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау