Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы



жүктеу 2,48 Mb.
бет115/117
Дата26.01.2020
өлшемі2,48 Mb.
#27371
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117

284. Жетекші конструктор



Лауазымдық міндеттері. Жобалық-құрастыру жұмыстарының жекелеген бағыттары мен кезеңдерін ұйымдастыруды және басқаруды жүзеге асырады, осымен байланысты барлық ғылыми-техникалық мәселелерді шешуге қатысады. Жобалауға техникалық тапсырмаларды, жаңа конструкцияларды жасау және қолданыстағы конструкцияларды жетілдіру бойынша техникалық ұсыныстарды, эскиздік және техникалық жобаларды әзірлейді, жобалық конструкторлық жұмыстарды орындаудың әдістемесін жасайды. Жобаның сапасын арттыру, бұйымдардың стандартталуы мен бірегейленуінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете отырып, ұтымды конструкторлық шешімдерді іздеу, еңбекті ұйымдастырудың талаптары мен нормативтерін қатаң сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Өте күрделі және күрделі бұйымдарды, жұмыста қолданылатын конструкторлық құжаттаманы әзірлеуді қоса алғанда, құрылымның күрделі және анағұрлым маңызды элементтерін құрастыруға қатысады. Жасалатын жобалар бойынша қажетті техникалық-экономикалық есептер мен негіздемелердің орындалуын басқарады. Номенклатураны және зерттеу және жобалық-конструкторлық жұмыстарды орындау үшін қажетті материалдар, қондырғылар мен жабдықтаушы бұйымдарға деген қажеттілікті анықтайды, тиісті өтінімдерді ресімдейді. Келісімшарттық және сметалық құжаттаманы құру үшін материалдарды әзірлейді. Орындаушы бөлімшелер мен қоса орындаушы ұйымдарға техникалық тапсырмаларды жасайды. Әзірленген жобаларды ұйымдардың немесе басқа тапсырыс берушілердің өкілдерімен келіседі. Жасалатын конструкцияға стенділік және өндірістік сынақ жүргізуді ұйымдастырады. Жасаушы ұйымдарда сынама үлгілерді (сынама партияны) дайындау кезінде авторлық бақылауды жүзеге асырады. Жасалатын өнімді сериялық өндіріске беру үшін тапсыру актісін жасауға қатысады. Орындалған жұмыстар туралы есепті белгіленген мерзімде жасауды басқарады. Жобалау және конструкциялау кезінде пайдалану үшін ұқсас жұмыстарды орындаудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерттейді. Өнертапқыштық ұсыныстар мен өнертабыстарға, әзірленетін конструкциялардың жекелеген элементтеріне қатысты стандарттардың жобалары мен техникалық талаптарға пікір мен қорытынды береді. Жобалау мен құрылысқа байланысты ұтымды ұсыныстар мен жаңалықтарға, стандарт жобаларына, техникалық шарттар мен басқа да нормативтік құжаттарға пікірлер мен қорытынды жасайды. Конструкциялардың жекелеген элементтерін немесе жобаның бөліктерін әзірлеуге қатысатын орындаушылардың жұмысын жоспарлайды және үйлестіреді.

Білуге тиіс. Экономикалық қызметтің тиісті түрінің даму бағыттарына қатысты жүргізілетін әзірлеменің тақыры бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері, басшылыққа алатын материалдар, конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау, конструкциялау әдістері, жұмыс қағидаттары, жасалатын конструкцияны монтаждау мен техникалық пайдалана шарттары, өндіріс технологиясы, жобалардың сапасын бағалау, техникалық-экономикалық есеп жүргізудің әдістері және жобалық әзірлемелер негіздемесі, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу жөніндегі стандарттар, техникалық шарттар және басқа да нормативтік құқықтық актілер, конструкциялау кезінде техникалық есептерді жүргізу әдістері, есептеу жұмыстарын жобалау мен орындаудың, конструкторлық құжаттарды көбейту және көшірудің заманауи техникалық құралдары, техникалық эстетика және көркем конструкциялау негіздері, жобалау мен конструкциялаудың озық отандық және шетелдік тәжірибесі, жобалау кезінде еңбекті ұйымдастыруға қойылатын талаптар, стандарттау және сертификаттау негіздері, патенттану негіздері, жаңалықтар ашуға және өнертапқыштыққа өтінім беруді рәсімдеу тәртібі, экономика, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және конструктор лауазымында және маманның басқа да лауазымдарында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.

285. Инженер-жобалаушы

Лауазымдық міндеттері. Ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері, нысандарды жобалау, салу және пайдаланудың озық отандық және шетелдік тәжірибесі негізінде және жобалауды автоматтандыру құралдарын қолдана отырып, жобаның жекелеген бөлімдерін (бөліктерін) әзірлейді. Жобалық шешімді жасауға тапсырмаларды дайындауға қатысады. Жобалау үшін бастапқы деректерді жинауға, нысанды жобалаудың, салудың және іске қосудың барлық кезеңінде бекітілген нысан бойынша техникалық мәселелерді шешуге қатысады. Жобаның басқа бөлімдерін (бөліктерін) қабылданған жобалық шешімдермен байланыстырады. Жаңа жобалық шешімдердің патенттік тазалығы мен патенке қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында патенттік зерттеулерді жүргізеді. Жасалатын жобалар мен техникалық құжаттаманың жобалау және салу жөніндегі стандарттарға, техникалық талаптарға және басқа да нормативтік құжаттарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Жобаланатын нысан құрылысына авторлық бақылауды жүргізеді, өз құзыретін кіретін мәселелер бойынша консультация береді. Жобаларды жасау кезінде талдау, қорытындылау жұмыстарына қатысады, осының негізінде қабылданған жалпы және арнайы жобалық шешімдерді түзету қажетті туралы ұсыныстарды әзірлейді. өнертабыстарға өтінім жасауға, өнертапқыштық ұсыныстар мен өнертабыстарға, стандарт жобаларына, техникалық талаптарға және басқа да нормативтік құжаттарға қорытындылар мен пікір дайындауға, семинарлар мен конференцияларға қатысады.


Білуге тиіс. Техникалық - экономикалық есептеулерді жүргізу және жобалау әдістері, жұмыс қағидаты, жабдықтар мен конструкцияны жасау және монтаждау технологиясы, материалдардың түрі мен қасиеттері, нысанды жобалау, салу және пайдалануға беру жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және жетекші материалдар, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу және рәсімдеу бойынша стандарттар, техникалық шарттар, жобалау мен салудың техникалық құралдары, патенттану негіздері, жобалау және құрылыстың отандық және шетелдік тәжірибесі, жобаланатын нысанға қойылатын техникалық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік талаптар, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар

I санаттағы инженер-жобалаушы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, II санатты инженер-жобалаушы лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс;

II санаттағы инженер-жобалаушы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, санатсыз инженер-жобалаушы лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс;

Инженер-жобалаушы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және жобалау ұйымдарында жұмыс стажы кемiнде 5 жыл болуы тиіс.

286. Жобалаушы-техник


Лауазымдық міндеттері. Біліктілігі анағұрлым жоғары маманның жетекшілігімен жекелеген жобалау жұмыстарын жүргізеді, олардың техникалық тапсырмаларға, қолданыстағы стандарттарға, техникалық шарттарға, құрылыс нормалары мен ережелеріне, қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарға, өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғаныс талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Қабылданған жоба шешімдерін жобаның басқа бөлімдерінің (бөліктерінің) шешімдерімен байланыстырады. Тапсырманы орындау барысында каталогтарды, анықтамаларды, үлгілік жобалау шешімдері, бірізді тораптар мен бұйымдар бойынша техникалық құжаттамаларды пайдаланады. Құрылыстың нақты алаңдарына үлгілік және қайта қолданылатын жобаларды қабыстыруды ресімдеу, жобалық құжаттар көшірмесін түпнұсқасымен салыстыру, сонымен қатар жасалған жобалық-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу және мұрағатқа тапсыру бойынша жұмыстарды орындайды.

Білуге тиіс. Жобалау тәсілдері мен техникалық-экономикалық есеп жүргізу тәртібі, графикалық және сызба жұмыстарын орындау әдістері, қолданылатын құрылыс материалдары мен құрылымдарының түрлері мен қасиеттері, құрылыс технологиясының негіздері, қабылданатын жоба шешімдеріне қойылатын талаптар, жобалық-сметалық құжаттаманы ресімдеу бойынша нормативтік материалдар, жобалаудың техникалық құралдары, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілігіне қойылатын талаптар.

I санаттағы жобалаушы-техник: тиісті мамандық (бiлiктiлiк) бойынша орта техникалық және кәсiптік (орта арнайы, орта кәсiптік) бiлiмі және II санаттағы жобалаушы-техник лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс;

ІI санаттағы жобалаушы-техник: тиісті мамандық (бiлiктiлiк) бойынша орта техникалық және кәсiптік (орта арнайы, орта кәсiптік) бiлiмі және санатсыз жобалаушы-техник лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс;

Санаты жоқ жобалаушы-техник: тиісті мамандық (бiлiктiлiк) бойынша орта техникалық және кәсiптік (орта арнайы, орта кәсiптік) бiлiмі және жобалау ұйымдарында практикалық жұмыс тәжірибесі кемiнде 5 жыл болуы тиіс, жұмыс стажына талап қойылмайды.

287. Сызушы-конструктор
Лауазымдық міндеттері. Біліктілігі анағұрлым жоғары маманның жетекшілігімен бұйымдарды қарапайым құрастыру жұмыстарын жүргізеді. Бөлшектердің сызбасын, жиынтық сызбаларды, жалпы түрдегі сызбаларды, эскиздік құжаттар бойынша немесе натурадан үлкен көлемді және монтаждық сызбаларды және де басқа конструкторлық сызбаларды сызады. Қарапайым конструкциялардың эскиздерін жасайды. Құрастырмалы сызбалардың бөлшектеуді, әзірленген бағдарламалар мен әдістемелер немесе үлгілік есептерге сәйкес бастапқы деректер бойынша күрделі емес техникалық есептерді орындайды. Сұлбалар, ерекшеліктерді, әр түрлі ведомостер мен кестелерді жасайды. Әзірлеу барысында қабылданған өзгерістерді конструкторлық құжаттамаға енгізіп, өзгертулер туралы хабарлама жасайды. Сызбаларды ресімдейді, қажетті жазбалар жасайды, және шартты белгілерді енгізеді.

Білуге тиіс. Құрастыру негіздері, конструкторлық-сызба жұмыстарын орындау құралдары мен әдістері, конструкторлық құжаттардың номенклатурасы, техникалық сызу негіздері сызу кезінде қолданылатын құралдары мен қосалқы заттар, конструкторлық құжаттама жүйесі, сызбаларды және басқа да конструкторлық құжаттаманы ресімдеудің техникалық шарттары мен нұсқаулықтары, стандарттары, техникалық есептеудің әдіс-тәсілдері, қолданылатын материалдардың негізгі сипаттамалары, жасалатын бұйымдарды техникалық пайдалану шарттары мен дайындалу технологиясы, еңбекті ұйымдастыру негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілігіне қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (бiлiктiлiк) бойынша орта техникалық және кәсiптік (орта арнайы, орта кәсiптік) бiлiмі, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы болуы тиіс.


жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау