Баспасөз релизі



жүктеу 192,61 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2018
өлшемі192,61 Kb.
#20118


 

 

 

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ  

 

Ақтау битум зауытында  

кейіннен битумның алғашқы легін алу үшін мұнай қабылданды  

 

 

 



«ҚазМұнайГаз»  ұлттық  компаниясы  Ақтау  битум  зауытында  кейіннен 

битумның  алғашқы  сынамалы  легін  алу  үшін  Қаражанбас  кен  орнынан                           

25 мың тонна көлеміндегі мұнай резервуарға қабылданды деп хабарлайды. Қазіргі 

уақытта  зауыттың  технологиялық  блоктарында  монтаждау  жұмыстары  аяқталды, 

технологиялық  арналар  бойынша  мұнай  айдау  («ыстықтай  айдау»)  және                  

БӨАжА


 

аспаптарын  іске қосу жұмыстары аяқталды. 

  

  

«Ақтау  пластикалық  масса  зауытында  жол  битумдарын  өндіру»  жобасы 



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 

Қазақстан 

Республикасын 

Үдемелі 


индустриалдық-инновациялық 

дамыту 


жөніндегі  2010-2014  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламаның  (ҮИИДМБ) 

аясында іске асырылуда. 

Жыл сайын зауытта 400 мың тоннаға жуық тотыққан және 120 мың тоннаға 

жуық  түрлендірілген  жол  битумдары  өндірілетін  болады,  сонымен  қатар                

15 мың тонна бензин фракциясы мен 230 мың тонна керосин-дизель фракциясы, 

220 мың тонна вакумм газойлы өндірілетін болады.   

Полимерлі-модификацияланған 

битумдардың 

жылуға, 

аязға 


қарсы 

төзімділігі  мен  тозуға  қарсы  төзімділігі  жөніндегі  жақсартылған  сипаттамасына 

қарай  жолда  қызмет  ету  мерзімі  ұзарған,  оларды  жөндеуге  кететін  шығындар 

біршама қысқарады.  

 

«Битум  зауыты  –  асфальт-бетон  өндіру  зауыты  –  асфальт-бетонды  төсеу 



орны»  жолында  битумның  сапасын  жоғалтпау  үшін,  алғаш  рет  Ақтау  битум 

зауытында жол битумын бір реттік пайдаланылатын екі түрлі – Биг Беги (1000 кг.) 

және  пластикалық  қаптар  (40  кг.)  көлік  тарасына  өлшеп  салу  жөніндегі 

инновациялық  технология  көзделген.  Өлшеп  салынған  салқын  битумды  қолдану 

материалдың  бастапқы  физикалық-химиялық  көрсеткіштерін  ғана  емес,  үлкен 

көлемді битум қоймаларында ерітілген күйінде сақтауға жұмсалатын шығындарды 

қысқарту есебінен асфальт-бетон зауыттарында үнемдеуге мүмкіндік береді.   

Зауытта  Қаражанбас  кен  орнының  жоғары  шайырлы  мұнайы  жылына                 

1,0  млн.  тонна  көлемінде  қайта  өңделететін  болады,  оны  жеткізу  «Қаражанбас  – 

Ақтау  –  Ақтау  битум  зауыты»  магистральды  мұнай  құбыры  бойынша  жүзеге 

асырылады.  Зауыт  қаражанбас  мұнайын  берушімен  процессинг  шарты  негізінде 

өңделме сызба бойынша жұмыс істейтін болады.     

  

Штаттық кесте бойынша зауыт қызметкерлерінің  саны 286 бірлікті құрайды. 



Жобаның  операторы  «Caspi  Bitum»  ЖШС  мен  «Маңғыстау  политехникалық 

колледжі»  МҚКК  арасында  мұнай-химия  мамандығы  студенттерінің  оқу 

практикасынан  өтуі  туралы  меморандум  жасалды.  Осындай  меморандумдар 

Маңғыстау  облысының  басқа  да  жоғары  және  арнаулы  орта  оқу  орындарымен 

жасалды.  Сондай-ақ  ағымдағы  жылы  зауытқа  Ш.Есенов  атындағы  Каспий 

мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің 8 түлегі және Маңғыстау 

политехникалық колледжінің 8 түлегі жұмысқа қабылданды.  

  

Ақтау қаласы 



                             4 

желтоқсан  2013 жыл 


 

 

Ақтау  битум  зауытын  ресми  ашу  рәсімі  2013  жылғы  желтоқсан  айына 



жоспарланған.  

2013  жылғы  28-29  қарашада  «ҚазМұнайГаз»  ҰК  АҚ  зауыттың  қызметімен 

таныстыру  мақсатында  блогерлер  мен  журналистер  үшін  баспасөз  турын 

ұйымдастырды.  

  

 

Анықтама 



ретінде: 

2008 

жылы 

«ҚазМұнайГаз» 

ҰК 

АҚ 

мен 

«Қаражанбасмұнай»  АҚ  арасында  битум  зауыты  үшін  шикізат  беру  жөніндегі 

өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.  

2009  жылғы  26  тамызда  «CITIC  Group»  (ҚХР)  және  «Kazakhstan 

Petrochemical  Industries»  АҚ  («ҚазМұнайГаз»  ҰК  АҚ  еншілес  ұйымы)  арасында 

битум  зауытын  салу  және  басқару  мақсатында  бірлескен  кәсіпорын  құру  және 

оған қатысудың негізгі қағидаттары туралы келісімге қол қойылды. 

 

2009  жылғы  6  қазанда  «Caspi  Bitum»  БК»  ЖШС  –  бірлескен  кәсіпорны 

мемлекеттік  тіркелді.  «Caspi  Bitum»  БК»  ЖШС  құрылтайшылары  –  «KPI»  АҚ 

мен «СИТИК Қазақстан» ЖШС («CITIC Group» еншілес ұйымы) болып табылады. 

«КазСтройСервис»  ҰМҚК»  АҚ  мен  «CITIC  Construction»  ЖШС  арасында 

консорциум құрылды, мақсаты – битум зауытының объектілерін салу және 2010 

жылғы  3  маусымда  БК  мен  Мердігер  консорциумы  арасында  объектілер 

құрылысын салуға арналған ЕРС-келісімшартқа қол қойылды.              

   

Қосымша ақпарат үшін «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг»      

АҚ баспасөз қызметіне + 7 (7172) 97 57 18 телефоны бойынша хабарласуға 

болады.  

 

 

 

«ҚазМұнайГаз»  ұлттық  компаниясы»  АҚ  –  Қазақстанның  мұнай-газ  саласында 



мемлекеттің  мүддесін  білдіретін,  көмірсутегін  барлау,  өндіру,  қайта  өңдеу  және 

тасымалдау 

жөніндегі 

қазақстандық 

ұлттық 

оператор  болып  табылады. 

«ҚазМұнайГаз»  ҰК  АҚ  акцияларының  100  пайызы  «Самұрық-Қазына»  Ұлттық  әл-ауқат 

қоры» АҚ-на тиесілі.    

 

 

 

жүктеу 192,61 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау