БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Астанада IFN ТМД Форумы өтті
14 наурыз 2017 ж.
Бүгін «Астана» халықаралық қаржы Орталығы (АХҚО) мен REDmoney Group бірлесіп ұйымдастыруымен IFN ТМД Форумы өтті.
Форумның негізгі мақсаты – ТМД елдеріндегі исламдық қаржыландырудың дамуына, аймақтағы инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеуге ықпал ету, сонымен қатар қатысушыларға өзара байланыс құрып, серіктестік қарым-қатынастарды бекітуге мүмкіндік беру.
Форумда АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов, Катар Ұлттық Банкі Төрағасы Шейх Абдулла Бин Сауд Аль-Тани, Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясының басшысы Халид Аль-Абуди, Masraf Al Rayan Директорлар Кеңесінің Төрағасы Хуссейн Али Аль Абдулла, Катар Қаржылық Орталығының Төрағасы Майкл Райан, Қырғыз Қор Биржасы Басқарма Төрағасы А. Султанов, Qatar Investment Authority Катар Инвестициялық Қорының бизнесті дамыту департаментінің директоры Шейх Абдулазиз бен Али Аль-Тани, Ресей Банкі Төрағасы Кеңесшісі А.Симановский, Қазақстан Даму Банкі Төрағасы Б.Жәмішев, Nomura Asset Management Бас директоры Рамлие Камсари, Amundi Islamic Атқарушы директоры Арсад Синуун, Nastaq Dubai бизнесті дамыту Төрағасы Тахир Махмуд, Татарстан Республикасы инвестициялық даму Агенттігі, Bahrain Institute of Banking and Finance, Finance Accreditaion Agency өкілдері және т.б. қатысты.
АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов, исламдық қаржыландыру АХҚО жұмысындағы бес негізгі бағыттың бірі, қазіргі күні осы бағытта ислам қаржыландыруы институттарына құқықтық және регуляторлық қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс жүргізіліп жатқандығын айтты.
Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясының басшысы Халид Аль-Абуди ислам қаржыландыруының ТМД-гі мықты әлеуетіне тоқталып, ислам қаржыландыруының инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды әртараптандыруға мүмкіндік беретінін айтты. Оның айтуынша, ислам микронесиелеуі кедейшіліктен арылуға әсер ететін негізгі құралдардың бірі.
Форум кезіндегі «ТМД-дегі ислам қаржысы дамуы жолындағы кедергілерді еңсеру» сессиясы кезінде дисскуссияның қатысушылары аймақтағы ислам қаржыландыруының өсіміне бағытталған өз ұсыныстарын айтты.
«Ислам қаржыландыруы алғышарттарына сәйкес капиталды тарту арқылы аймақтық дамуға ықпал ету» атты сессия кезінде ТМД елдері орта және шағын бизнес өкілдері ислам қаржысын тарту бойынша қандай тиімділікке қол жеткізе алады, мұнай-газ, энергетика, ауыл шаруашылығы, халал индустрия салалары бойынша аймақтық ресустардың дамуына ислам қаржысының қандайлықты әсері болатыны туралы талқылады.
Форум кезінде Аймақтық қаржылық реттеушілер кездесуі өтіп, онда қатысушылар құқықтық және нормативтік база дамуы мәселелерін қарастырды. Сарапшылар, сонымен қатар, ислам қаржыландыруының өсімін қамтамасыз ететін қосымша іс-шаралардың қабылдануы мүмкіндігін де айтты.
Өз сөздерінде сарапшылар Қазақстанның ТМД-дегі ислам қаржы саласы бойынша заманауи заңы бар ерекше рөліне тоқталды. Қатысушылардың пікірінше, осы ерекшелік аймақтағы өзге елдерге ислам қаржыландыруының дамуына әсер ететін қозғаушы күш болмақ.
Форум кезінде Nasdaq Dubai, Emirates NBD, Norton Rose Fulbright ұйымдастыруымен «Сукук – активтердің балама түрі» атты семинар өтті. Семинарда сукук нарығының (сукук – облигациялардың исламдық баламасы») кең қамтылған шолуы қатысушыларға ұсынылды, онда сукуктың шығарылуы, листингі, әртүрлі кейстер бойынша айтылды.
Қазақстан Ислам қаржыландыруының нормативті-құқықтық базасын құрып, жаңарту бойынша 2008 жылдан бастап жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Сукуктың шығарылуы, дәстүрлі банктің исламдық банкке айырбасталуы туралы соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2015 жылдың қараша айында күшіне енді.
Ақпарат үшін:
АХҚО
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Елбасы 2015 жылдың 7-желтоқсанында АХҚО туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық талаптарға және әлемдік мықты қаржы орталықтарына сай Қазақстанда және аймақта қаржылық қызметтерді көрсету арқылы экономикалық өсімге және Астананың Еуразия аймағындағы қаржылық және логистикалық орталығына айналуына ықпал ету.
REDmoney Group
REDmoney Group Ислам қаржыландыруындаа арнайы қызмет көрсетуге негізделген ірі халықаралық мердігер.
2004 жылы құрылған, Дубай мен Куала-Лумпурде офистері бар, әлемдік қаржылық нарықтарына жан-жақты жоғарғы сапалы салалы қызмет көрсетеді. REDmoney Group әр түрлі нарықтармен, Африка мен Азиядағы жаңа ислам экономикасынан абстап, осы салдағы көшбасшылар – Малайзия, Парсы шығанағы, Еуропаның, АҚШ-тың дамыған нарықтарында жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |