|
 Баспа №1 беттің -сі
|
бет | 1/2 | Дата | 12.01.2020 | өлшемі | 0,56 Mb. | | #26421 |
|
ОӘК 042-14-02-03.1.20.123/3
|
Баспа № 1
|
беттің -сі
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ОӘК
|
ОӘК 042-14-02-03.1.20.123/3
|
«Автоматтандырылған жүйелерді жобалау» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
Баспа №1
|
«АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖОБАЛАУ»
ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
050704 «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету»
мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2008
мазмұны
1 | 1. Глоссарий | 3-4 | 2 | 2. Дәрістер | 4-9 | 3 | 3. Зертханалық жұмыстар 4. Тәжірибелік сабақтар | 10-21
21-25
| 4 | | 25 |
1. глоссарий
Бұл ОӘМ-да келесі терминдер және оларға түсініктемелер қолданылған:
-
Информатика- Ақпаратты алудың, сақтаудың, жаңартудың, тарату мен пайдаланудың барлық аспектілерін зерттейтін ғылым.
-
Ақпараттарды өңдеу- бір ақпарат негізінде жаңа ақпарат алу
-
Ақпараттық процестер- Ақпараттар арқылы орындалатын әрекеттер
-
Санау жүйесі- Сандардың аталу және жазылу тәсілі
-
Бит- Екілік санның әрбір разряды (цифры)
-
Логика- Адамның ойлау нысандары мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелді пікір заңдары туралы ғылым.
-
Компьютер- Ақпараттарды автоматты түрде өндейтін аппараттық және бағдарламалық жабдықтардың жиыны.
-
Енгізу қүрылғысы- Екілік кодымен кодталған ақпараттарды және бағдарламаларды компьютер жадына енгізуге арналған құрылғы.
-
Компьютердің жадысы- Ішкі және сыртқы болып бөлінетін мәліметтерді, бағдарламаларды, нәтижелерді және аралық мәндерді сақтап тұруға арналған құрылғы.
-
Процессорлар- Мәліметтерді өңдеуге, компьютер жұмысын басқаруға арналған құрылғы.
-
Шығару кұрылғысы- өңделген нәтижелерді кері кодтауға және оларды адамға қолайлы түрде шығарып беруге арналған құрылғы.
-
Ақпараттық даңғылдар (магистраль)- Барлық кұрылғыларға ақпараттар алмастырып беріп отыруға арналған құрылғы.
-
Бағдарламалық қамту - Компьютердің бағдарламалық жабдықтары.
-
Пикселдер- Монитор экранындағы нүктелер тобы.
-
Дисплей- Компьютердің экранына ақпарат шығаруға арналған құрылғы.
-
Жүйе қабықшасы- Негізгі бағдарламамен жұмысты оңайлататын бағдарлама (бағдарламалар комплексі).
-
Драйверлер- Операциялық жүйелер мен перифириялық құрылғыларды басқаратын және олардың арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, құрылғылардан өтетін мәліметтер ағынын бақылап отыратын бағдарламалар.
-
Операциялық жүйе- Деректерді өңдеу арқылы компьютердің барлық жұмысын ұйымдастыратын бағдарлама жүйесі.
-
Утилита (лат. сөзі Utilitas - пайда)- Пайдаланушыға енгізу-шығару,ақпарат тасымалдауыш құрылғыларымен, қосымша жұмыстарды орындау мүмкіндігін беретін бағдарламалар.
-
Интегралданған бағдарламалар пакеті- Бірнеше қолданбалы бағдарламаларды біріктіретін бағдарламалар.
-
MS-DOS операциялық жүйесінің параметрі- Түпкi каталогты немесе кез келген деңгейдегi iшкi каталогты көрсететiн маршрут
-
Деректерді архивтеу- Файлда ақпаратты қысу процесі
-
Көп есепті операциялық жүйе- Бір мезгілде бірнеше бағдарламаларды іске қосу мүмкіндігі
-
Бір есепті операциялық жүйе- Әрбір кезеңде компьютерде адамға бір ғана есепті шешу мүмкіндігі.
-
Windows- Негізгі объектілері терезе және белгі түрінде бейнеленетін графикалық операциялық жүйе.
-
Файл- Жеке аты бар байттар тізбегі.
-
MS WORD бағдарламасы- Мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша бағдарламасы.
-
Excel бағдарламасы- Кестелік процессорлар немесе электрондык кестелер тобына жататын ең кең тараған бағдарламалық кестелердің бірі.
-
Блок (ұялар жиыны, аймағы) - Тіркесе орналасқан ұяшықтардың тіктөртбұрышты аймағы
-
Ағымдағы ұяшық- Көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя.
-
Ұяшық көрсеткіші- Ағымдағы ұяшықты анықтайтын тіктөртбұрыш.
-
Ұяшық-Электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі.
-
MS Аccess-Жалпы мәліметтер қорын басқаратын жүйе.
-
Сұраныс- Белгілі бір мәліметтерді іздеуге, сорттауға, фильтірлеуге, біріктіруге, сандық өріс мәндерінің орта мәнін, қосындысын табуға мүмкін береді.
-
Кілт- Кестедегі кез-келген жазу мәндерінің сәйкестігін бірмәнді анықтайтын бір немесе бірнеше өріс.
-
Өріс- Мәліметтердің ең кіші элементі.
-
Жазу- Анықталған объекті туралы мәліметтердің толық жиынтығы.
-
Мәліметтер қоры- Объектінің немесе объектілер жиынтығының жағдайын, олардың қасиеттерін және өзара қарым-қатынастарын бейнелейтін атауы бар мәліметтер жиынтығы.
-
Массив- Элементтерінің саны алдын-ала белгілі бір типті индексті айнымалылардың жиынтығы
-
Қайталану командалары- Бағдарламаның белгілі бір бөлігінің орындалуын бірнеше рет қайталау үшін қолданылатын командалар
-
Тармақталу командалары -Бағдарламадағы операторлардың орындалу ретін басқарып отыратын операторлар
-
Алгоритм- Белгілі мақсатқа жету үшін бағытталған түсінік
-
Айнымалылар- Бағдарламаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдайтын шамалар
-
Жергілікті желі- Әртүрлі типті кабельдердің көмегімен желілік карта немесе желілік адаптер деп аталатын арнайы құрылғы арқылы компьютерлердің (бірден бірнеше жүзге дейін) біріктірілуі.
-
Желілер топологиясы- Жергілікті желіде компьютерлерді жалғастырудың негізгі үлгісі.
-
Internet - Миллиондаған компьютерлерді қосатын, көптеген жергілікті, аймақтық және корпоративті желілерді біріктіретін ауқымды компьютер желісі.
-
Ауқымды копмпьютерлік (телекоммуникациялық) желі- Бір-бірінен қашықта тұрған жеке компьютерлердің және көптеген жергілікті желілердің бірігуі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|