Балашт ҥ с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы о қ у л ы қ Ақтӛбе 1 4



жүктеу 10,77 Mb.
Pdf просмотр
бет369/772
Дата19.01.2023
өлшемі10,77 Mb.
#40966
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   772
tusipkaliev pediatria

1-ші сатысы
.
Ауруханада емдеу – комплексті емнің алғашқыда негізгі сатысы, 
тҿмендегі бҿлімдерден тҧрады: а. науқас балаға емдік гимнастиканы қосып, емдік-
қозғалыстық режим тағайындау (функциональды реабилитация); б. дҽрі-дҽрмектік ем 
тағайындау (патогенетикалық ем); в. созылмалы инфекция ошақтарын емдеу (санация). 
Науқас ауруханаға тҥскенде стрептококк себуші болғандықтан, оны мҥмкіндігінше 
бҿлектеу (боксқа, болмаса бҿлек палатаға салу) керек. Бала жатқан бҿлме таза, жеңіл 
желдетілетін болу керек. Науқастың емдік-қозғалыстық режимі анықталады. Оның 
ҧзақтығы патологиялық процесстің активтік жҽне жҥрек зақымдалу дҽрежесіне 
байланысты. Бҧл режим 2-3 апта немесе одан да кҿпке созылады. Қазіргі кезде ҧзақ уақыт 
бойы науқастың қозғалысын тежеу, дене жҽне жҥйке-іс ҽрекетінің дамуын нашарлататын, 
тҿсектік режимді мҥмкіндігінше қысқа мерзімге қолданған жҿн деп есептелінеді. 
Жҥректегі ҿзгерістер айқын болып, 2-3 дҽрежелі қан айналым жарамсыздығы байқалғанда 


373 
тҿсектік режим аптаға, ал кейде одан да кҿпке созылады. Режим біртіндеп функциональды 
сынамалардың нҽтижесіне сай кеңейтіледі. 2-3 аптадан бастап науқастарға емдік дене 
тҽрбиесі тағайындалады. Одан ҽрі жеңілдетілген тҿсектік, одан аяушылық режимге 
ауыстырылады. Науқас баланың бос уақытын дҧрыс, қызықты ҧйымдастырудың кітап 
оқу, отырып ойнайтын ойындар, ою, қию жҽне т.б. мезгілінде қажетті мҿлшерде таза 
ауада болуын қамтамасыз етудің маңызы ҥлкен. 
Ревматизмнің ҽдеттегі тҥрлерінде арнайы диеталар қажет болмайды. Ревматизмнің 
активті кезінде жақсы, кҿп энергияның жойылуын қажет етпей сіңірілетін тағамдар 
беріледі (тамаққа қҧрамы 70-80% аминоқышқылынан тҧратын швейцар немесе басқа 
ірімшіктер қосу керек). Тамақ қҧрамына тиісті мҿлшерде жеміс-жидек (алма, алмҧрт, 
алхоры (слива), ҿрік, абрикос, мҥк, клюква, қант қосқан мҥкжидегі, қара қарақат, 
қҧрғатылған жемістер, жҥзім, кептірілген ҿрік, қара ҿрік) кіруі қажет. Шырындар (мысалы 
алхоры, шабдалы шырыны) қҧрамында магний, марганец, мыс сияқты микроэлементтер 
кҿп болады. Сонымен қатар, жеміс-жидектер науқас организмін витаминдердің, 
гепариннің жҽне кҿптеген ҿте қажетті заттардың тҥсуі қамтамасыз етеді. Науқас 
глюкокортикоидты гормондармен емделгенде, қҧрамында калий мол келетін тағамдар 
кіретін (картоп, жҥзім, қара қарақат, банан) калийлі диета тағайындалады. Калийлі диета 
тек қана глюкокортикоидты гормондардың жҽне зҽр жҥргізетін дҽрілердің жағымсыз 
ҽсеріне қарсы қолданылмайды, сонымен қатар, калий жасуша ішінде энергетикалық 
алмасуға жауапты болып келеді. Ал, активті ревматикалық процессте клетка ішінде 
байланыстар бҧзылып, калий организмнен кҿп шығарылатын болғандықтан, оның орнын 
толтыру ҥшін калий кҿп қажет болып келеді. 
Ревматизмді емдеу ҥшін ҥш бағытта ҽсер ететін дҽрілер (микробқа қарсы, қабынуға 
қарсы жҽне иммунитетті басатын иммунодепрессивті) қолданылады. 
Антимикробты ем ретінде 2 апта бойына пенициллин (бҧлшық етке) тҽулігіне 600 
мың – 2 млн бірліктен (тҽулігіне 1 кг дене салмағына 25000–50000 бірліктен) 
тағайындалады. Ҿте айқын активті ревматизмде жҽне созылмалы тонзиллитте тағы да 
ішетін антибиотиктермен (эритромицин, оксациллин жҽне т.б.) 1-2 курс жҥргізіледі. 
Содан соң, ҽсері ҧзартылған антибиотиктермен ауыстырылады – бициллин-3 жҽне 
бициллин-5. Бициллин-3 7 кҥнде бір рет 6 апта бойына мектеп жасына дейінгі балаларға 
1200 мың бірліктен қолданылады. Содан соң, мектеп жасына дейінгі балаларға 600 мың 
бірліктен, мектеп жасындағы балаларға 1200 мың тағайындалады. Содан соң, мектеп 
жасына дейінгі балаларға 750 000 бірліктен, мектеп жасындағыларға 1500000 бірліктен 3-
4 аптада бір рет бициллин қолданылады. 
Негізгі патогенетикалық ем ретінде ацетилсалицил қышқылы (аспирин) қолданыла-
ды. Ацетилсалицил қышқылының қабынуға қарсы, гипосенсибилизациялық, ауырғанды 
басатын, қызу тҥсіретіе қасиеті бар жҽне жеңіл антикоагулянт ретінде ҽсер етеді (0,05 г) кг 
тағайындалады, бірақ тҽулігіне дозаны 3-4 бҿліп, 3-4 апта бойы береді, содан соң салма-
ғына 0,15грамнан 2 апта, сосын 1,5 ай бойы ҽр жасына 0,1 г есебінен береді. Ацетил-
салицил қышқылымен емдеу 2,5-3 айға созылады. Дҽріні астан кейін, сҥтпен ішкізген 
дҧрыс. Жҽйсіз ҽсерлері (мҧрыннан, ішек қарыннан, тері астына қан кету) кҿрсетілген 
орташа мҿлшерде қолданғанда сирек кездеседі. Сонда да таблетканы ҧсақтап берген жҿн. 
Пиразолон қатарының туындылары (аналгин, амидопирин) ацетилсалицил қышқы-
лының орнына (ол жақпағанда) ҽрбір жасына тҽулігіне 0,2 грамнан, немесе онымен бірге 
(қосарланып) қолданылады. Бҧндай жағдайда екі дҽрі де тҽулігіне ҽр жасына 0,1-0,15г 
есебінен тағайындалады. Пиразолон қатарының туындыларын қолдану тҽсілі ацетилсали-
цил қышқылын қолданумен бірдей. Бутадион балаларда сиректеу қолданылады, ҿйткені, 
жағымсыз ҽсері (қҧсу, гематурия) жиі кездеседі. Осыған орай, ол 2-3 апта бойына кҥніне 
5-7 жасар балаға 0,05 г-нан 3 рет беріледі. Бутадионды айқын жҥрек шамасыздығында 
қолданбаған жҿн, ҿйткені ол организмде су мен натрийдің жиналуына ықпалын тигізеді. 
Индольсірке қышқылының туындылары индометацин (метиндол) (бір таблеткада 
0,025) 2-3 мг/кг есебінен, астан кейін 2-4 апта бойына беріледі. Ревматизм жедел жҽне 


374 
жеделдеу дамығанда 1-2 ай бойы амбулаторлық жағдайда қолданылады, ал баяу 
(созылмалы) дамығанда 2-3 ай (тіпті кейде 6 айға дейін), лабораториялық кҿрсеткіштер 
қалыптасқанша, ҥзіліссіз-қайталама дамуында бірнеше ай, тіпті кейде жыл бойы 
қолданылады. 
Фенилсірке қышқылының туындысы – вольтарен (бір таблеткада 0,025 мг) 5-6 апта 
бойы (тҽулігіне 75-150 мг) 2,5-3,5 мг/кг есебінен қолданылады. Вольтарен қолданғанда 
жағымсыз ҽсері кҿп болмайды: аллергиялық реакция, басының ауыруы, сирегірек 
мҧрыннан қан кету, микрогематурия байқалады. 
Ибупрофен (бруфен) 0,3-0,4 г 2,5-3,5 мг/кг (кҥніне 400-300 мг 2-3 рет) бір таблеткада 
0,2 негізінен бая (созылмалы) дамығанда амбулаториялық жағдайда 4-6 ай бойына 
қолданылады. Жағымсыз ҽсері сирек кездеседі. Қазір диклофенак (2-3 мг/кг 1,5-2 ай 
бойына) қолданылады. 
Ревматизмнің 2-3 дҽрежелі активтілігінде, жедел жҽне қайталама ревмокардитте, 
айқын жҽне орташа кардитте кортикостероидты гормондар қолданылады, негізінен 
преднизалон қолданылады. Басқа гормондар (триамцинолон, дексаметазон жҽне т.б.) 
қолданылғанда дозасы преднизолонға сҽйкестендіріліп есептелінеді. 
Преднизолонның дозасы ревматизмнің активтілігіне сҽйкес қолданылады. Орташа 
емдік дозасы 0,5-1мг/кг 10-14 кҥн бойы, толық клиникалық тиімділігінің белгілері 
байқалғанша беріледі. Содан кейін ҽрбір 5-7 кҥнде 2,5мг-ға азайтып, толық алып 
тастайды. Сонымен, барлық емдеу ҧзақтығы 2 айға жуық болады. Жайылған жҽне 
ҥзіліссіз-қайталама ревмокардиттерде преднизолонның дозасы 1,5мг-2мг/кг дейін 
кҿбейтіліп, емдеу ҧзақтығы 2-3 ай болады. Кейбір оқымыстылар преднизолон тҽулігіне 
жасына байланысты беруды ҧсынады: 7 жасқа дейін 10-12,5 мг, 7-12 жаста 12,5-15 мг, 12-
15 жаста 15-20 мг. Сонымен қатар, кейбір мамандар преднизолонды ҿзгеше ҽдіспен беруді 
ҧсынады: мысалы, бірінші 7 кҥн тҽулігіне 10-15, кҥніне 2 рет, екінші аптада 5-7 кг, кҥніне 
4 рет жҽне 2-3г ацетилсалицилат қышқылы қосып тағайындау. Содан кейін біртіндеп 
преднизолонды алып тастау.
Преднизолон жеке ҿзі немесе басқа қабынуға қарсы ҽсер ететін дҽрілермен бірге 
қолданылады. Преднизолонның тиімділігі ревматизм активтілігінің клиникалық жҽне 
лабораториялық кҿрсеткіштерінің қалыптасуға бағыт алуына байланысты шешіледі. 
Сонымен қатар, преднизолон ревматизмнің созылмалы енжар дамуында, басқа ем 
тҽсілдері кҿмектеспегенде қолданылады. 
Кортикостероидты гормондар су-тҧз алмасуына ҽсерін тигізетін болғандықтан, қҧра-
мында калий бар (панангин 2-3 таблетка, хлорлы 1-3 жҽне басқалар), организмде су 
жиналып, ісік пайда болуы қатері туған зҽр шығаратын (альдостерон қарсыластары – 
верошпирон 2-4 таблетка, лазикс 2-3мг/кг, фуросемид 2-3мг/кг), эйфория болғанда транк-
вилизаторлар (элениум жҽне т.б.) қолданылады. Бҧл жағымсыз ҽсерлермен қатар, предни-
золон қолданғанда, асқазанда жара пайда болуы мҥмкін екендігін естен шығармау керек. 
Баяу (созылмалы) даму байқалғанда, хинолин қатарының дҽрілері (резорхин, 
делагил, плаквинил) қолданылады. Олар қабынуға қарсы ҽсері онша байқалмайды, олар 
негізінен иммунитетті азайтуға (иммунодепрессивті) бағытталған. Бҧл дҽрілердің 
тиімділігі 3-4 аптадан соң байқалады, сондықтан, оларды гормондармен бірге бастайды да, 
гормондарды біртіндеп алып тастағаннан кейін жеке ҿзімен емделеді (1-2 жыл бойы). 
Хинолин қатарының дҽрілері 8-10 мг/кг есебінен қолданылады немесе 3-7 жаста1/3 
таблеткадан кҥніне бір рет кешке ҧйықтар алдында, 7-10 жаста ½ таблеткадан, 10 жастан 
ҥлкен балаларға 1 таблеткадан береді. Жағымсыз ҽсері лейкопения, кҿздің кҿруінің 
нашарлауы сияқты белгілермен білінеді, сондықтан 10 кҥн сайын қанын тексеріп, кҿз 
дҽрігерлеріне кҿрініп отыру керек. 
Барлық басқа емдеу тҽсілдері тиімсіз болғанда, ревматизмнің баяу жҽне ҥзіліссіз-
қайталама дамуында иммунодепрессанттар қолданылады: 6-меркаптопурин 2,5мг/кг 
(тҽулігіне 150мг-нан аспауы керек) кҥніне 1-2 рет бҿлініп беріледі. Циклофосфан 1-1,5 
мг/кг (тҽулігіне 50-100мг), лейкоран (хлорбутил) тҽулігіне 5-10мг. 


375 
Ҽдетте олар патологиялық процесс глюкокортикоидтарға берік (резистентті) 
болғанда, қолданылады. Бҧл дҽрілер молекулярлық деңгейде ҽсер етіп, нуклеин 
қышқылының, белоктын қҧралуын тежеп, лимфоидты тканьдерді Т-лимфоциттерді 
бҧзылысқа ҧшыратады. Негізінен олар баяу тҥрлі тканьдық аллергиялық реакцияға ҽсер 
етіп, қан айналысындағы антиденемен жедел тҥрлі реакцияның пайда болуы азайтады 
аллергияға қарсы ҽсері жай дамиды, сондықтан оларды ҧзақ уақытқа тағайындайды. 
Осыған орай ҧзақтығы 2-50-100 аптаға дейін созылуы мҥмкін. Тиімділігі байқалғаннан 
кейін сҥйемделмеу (сақтау) дозасы ретінде толық дозаның 1/2-1/3 бҿлігі беріледі. 
Жҥрек шамасыздығы емдеуді сол бҿлімнен қараныз. 
Хореяда антиревматикалық еммен қатар, витамин В
6
(15-20 кҥн). Никотин қышқылы 
(15-20 кҥн), венаға 0,2-0,5% новокоин бромды дҽрілер (1% натрий бромының ертіндісі), 
фенобарбитал (0,03-0,05г) кҥніне 2-3 рет 2 апта бойына, содан кейін кеше ҧйықтар 
алдында 1 рет 2 апта бойына беріліп, біртіндеп алып тасталады. Сонымен қатар, седуксен, 
триоксазин, электротоғымен ҧйықтату, шырша шырындары ванналары, новокаин немесе 
натрий броммен Щербак бойынша жаға жасалады. 
Қажетті мҿлшерде В тобы, С витаминдері қолданылады. 
Арнайы емес экссудативті процесс басым болған жағдайларда 1кг дене салмағына 
100-200 бірлік есебінен гепарин қолданылады (міндетті тҥрде қан ҧйыту жҥйесі тексеріліп 
отыруы керек). Гепарин тотығу-тотықсыздану реакциясына қатысады, тамыр 
қабырғасының ҿткізгіштігіне, қанның тҧтқырлығына ҽсерін тигізеді, сондықтан, ол 
ревматизмнің бастапқы кезінде қолданылады. Гепарин қолдану ҧзақтығы қан ҧю 
уақытына байланысты. Оның 2 есе ҧзаруы, протромбин индексінің 50-60% тҿмендеуі, бос 
гепарин мҿлшерінің қалыптасуы гепаринмен емдеуі тоқтатудың кҿрсеткіші бола алады. 
Комплексті емнің негізгі бҿлігі болып, созылмалы инфекция шақтарын (кариозды 
тістер, гайморит, тонзиллит) емдеу табылады, ҿйткені, олар аурудың қайталануына тіке-
лей ықпалын тигізеді. Бициллин қолдана бастағаннан бері, тонзиллоэктомияның маңызы 
тҿмендеп отыр. Себебі, тонзиллоэктомия стрептококкты инфекцияларды азайта алмайды, 
сондықтан қазіргі кезде тонзиллоэктомия ерекше жағдайларда (тонзиллит қайталанып 
басталғанда, тонзиллогенді интоксикацияда, басқа ем тиімсіз болғанда жҽне т.б.) ғана 
жасалады. Тонзиллоэктомия аурудан 2-2,5 ай ҿткен соң, кҿрсеткіштер қалыптасқаннан 
кейін жасалады. Операциядан 7-10 кҥн бҧрын антибиотик береді, ацетилсалицил 
қышқылын аналгинмен немесе басқа дҽрімен ауыстырады. Балалар ревматикалық 
ақауларын хирургиялық тҽсілмен емдеу протез салу немесе комис-суротомия жасау 
қақпақтардың айқын деформациясы жҽне тҧрақты жҥрек шамасыздығында жҥргізіледі. 
Орта есеппен ревматизммен ауырған бала ауруханада 45 кҥн емделеді, содан кейін 
жергілікті санаторяға ауыстырылады. 

жүктеу 10,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   772




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау