«балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту» 1-ші халықаралық конференциясы



жүктеу 26,64 Kb.
Pdf просмотр
Дата05.01.2018
өлшемі26,64 Kb.
#7095


 

  



 

«БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ 

ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ»  

1-ші ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 

 

19-20 қаңтар 2018 жыл 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) 

Қазақстан, Алматы, әл-Фараби даңғылы, 71  



ТҰЖЫРЫМДАМА

 

I. 

КІРІСПЕ 

Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрлігі  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының 

Балалар  қорымен  (ЮНИСЕФ)  бірге  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрлігінің  қатысуымен,  Дүниежүзілік  психиатриялық  қауымдастықтың  (ДПҚ), 

Еуропалық  психиатриялық  қауымдастықтың  (ЕПҚ)  және  Еуропалық  бас  миы 

мәселелері  жөніндегі  кеңестің  қолдауымен,  өзге  халықаралық  ұйымдармен  және 

азаматтық  қоғам  ұйымдарымен  ынтымақтастықта  балалар  мен  жасөспірімдердің 

психикалық  денсаулығын  нығайтудың  және  аман-саулығын  қамтамасыз  етудің 

тиімді, әрі нақты мәліметтерге негізделген әдістемелері туралы баяндау мақсатымен 

халықаралық конференция өткізеді. 

Бұл  Қазақстан  Республикасы  үшін  БҰҰ  Қауіпсіздік  Кеңесінде  төрағалық  еткелі  бері 

халықаралық іс-шара өткізудің алғашқы мүмкіндігі болмақшы. Конференция 40 жыл 

бұрын,  1978  жылдың  қыркүйегінде  алғашқы  медициналық-санитарлық  көмекті 

«2000  жылға  қарай  барша  адамдар  үшін  денсаулық  сақтау  саласындағы» 

мақсаттарға  жетудің  кілті  ретінде  айқындаған  Алма-Ата  декларациясын  (АМСК 

жөніндегі  Алма-Ата  декларациясы)  қабылдаған  тарих  беттерінен  ойын  орын  алған 

бастапқы  медициналық-санитарлық  көмек  жөніндегі  халықаралық  конференция 

өткен  Алматы  қаласында  өтеді.  Ең  бірінші  тарауында  Декларация  Дүниежүзілік 

денсаулық сақтау ұйымының «денсаулық тек сырқаттардың және дене кемістігінің 

жоқтығы  ғана  емес,  толық  физикалық,  психикалық  және  әлеуметтік  аман-саулық 

күйі»  екені  туралы  анықтамасын  растайды  және  денсаулық,  соның  ішінде, 

психикалық  денсаулық  негізгі  адам  құқығы  болып  табылатынын  қайта  растайды. 




 

АМСК рөлі тұрақты даму мақсаттарын орындау аясында бұрынғыдан да елеулі бола 



түседі. 

Психикалық денсаулық негізгі адам құқықтарын және адами әлеуетті жүзеге асыру 

кілті  болып  саналады,  себебі,  психикалық  денсаулықсыз  жалпы  денсаулық  болуы 

мүмкін емес. Әлемдегі көптеген елдер балалар мен әйелдер арасындағы өлім-жітім 

және  ауру-сырқат  деңгейін  төмендетуде  айтарлықтай  жетістіктерге  жеткенімен, 

мұндай  жетістіктер  психикалық  денсаулықтағы  кінараттар,  әсіресе,  жасөспірімдер 

арасындағы осындай мәселелердің ауыр жүгін азайтуда барлық елдерге бірдей тән 

емес. 


Психикалық денсаулықты нығайту саласындағы табысқа түрлі секторлар үлес қосқан 

жағдайда ғана қол жеткізуге болады, әрі білім, еңбек пен әлеуметтік қорғау, әділ сот 

салаларының,  сонымен  бірге,  қоғамның,  отбасылардың,  балалардың  және 

жасөспірімдердің  етене  араласуын  талап  етеді.  Мысалы,  жасөспірімдердің 

психикалық денсаулығын тиімді нығайту және қорғау және суицидтердің алдын алу 

мектептердің қатысуынсыз мүмкін емес. 



II. 

КОНФЕРЕНЦИЯ МАҚСАТЫ 

Конференцияның негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қажеттіліктеріне 

ерекше  мән  беретін  және  ескеретін  әлдеқайда  жетілдірілген  стратегияларды, 

зерттеулерді  және  инвестицияларды  қолдану  арқылы  психикалық  денсаулықты 

және аман-саулықты нығайту үшін мемлекеттер арасында диалог алаңын құру. 

 

Осы мақсатын жүзеге асыру үшін Конференция: 



1)  Балалар  мен  жасөспірімдердің  психикалық  денсаулығын  және  аман-саулығын 

қорғауға бағытталған күш-қуатты арттыру қажеттілігін жоғары деңгейде талқылау 

үшін мемлекетаралық ақпараттық-түсіндіру тұғырнамасымен қамтамасыз етеді; 

2)  Балалар  мен  жасөспірімдердің,  әсіресе,  ұрымтал  топтардың,  мысалы,  заңға 

қайшы  әрекет  жасаған  және  суицид  жасау  қаупі  бар  мінез-құлыққа  бой 

алдыратын 

жасөспірімдердің 

қажеттіліктерін 

қанағаттандыруға 

және 


психикалық  денсаулығын  қорғауға  септесетін  саясаттарды  жасап  шығару 

бойынша дәлелдер мен ұсынымдар ұсынады; 

3)  Психикалық  денсаулықты  алғашқы  медициналық-санитарлық  көмек  көрсетуге 

кіріктіру  мәселелеріне  қатысты  мемлекеттер  арасында  тәжірибе  және  озық 

жұмыс әдістерімен алмасу тұғырнамасымен қамтамасыз етеді; 

4)  Психикалық денсаулыққа қатысты балалар мен жасөспірімдердің қажеттіліктерін 

жақсырақ түсіну және қанағаттандыру үшін ұлттық және халықаралық зерттеулер 

жүргізуге,  инновациялар  енгізуге  және  инвестициялар  тартуға  қолғабыс  етуді 

қамтамасыз етеді; 

5)  Жасөспірімдердің  психикалық  денсаулығын  қорғау  және  суицидтердің  алдын 

алу  бойынша  сектораралық  шаралар  үшін  нақты  мәліметтерге  негізделген 

әдістемелерді және озық тәжірибені қолдануға қолғабыс етуді қамтамасыз етеді. 




 

III. 



КОНФЕРЕНЦИЯ НӘТИЖЕЛЕРІ 

Конференциядан күтілетін нәтижелер: 

1. Конференция балалар мен жасөспірімдердің дамуына, психикалық денсаулығын 

қорғауға және аман саулығына, әрі олардың тиісті қажеттіліктерін қанағаттандыруға 

басым  көңіл  бөле  отырып,  Қазақстанның  және  өзге  мемлекеттердің  ниеттілігін 

күшейтуге алып келеді және нақты іс-қимылдар жасауға үндейді. 

2.  Жоғарыда  айтылғандар  қатысушы  мемлекеттердің  делегациялары,  донорлар 

қауымдастықтары,  халықаралық  және  бейүкіметтік  ұйымдар  балалар  мен 

жасөспірімдердің  психикалық  денсаулығы  мен  аман-саулығын  жақсарту  үшін 

қажетті  басымдылықтарды  анықтайды  және  қадамдарды  жоспарлайды,  соның 

ішінде, альянс және серіктестік орнату мәселелерін қарастырады. 

3.  Конференция  қатысушы  мемлекеттер  және  ғылыми  орта  мен  донорлар 

қауымдастықтардан келген өзге қатысушылар арасында өзара бірлесіп жұмыс жасау 

және  тәжірибе  алмасу  үшін  орнықты  тұғырнамалар  құруға  мүмкіндік  береді, 

сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қорғаумен 

және  нығайтумен  байланысты  нақты  салаларда  серіктестік  қарым-қатынастар 

орнатуға септесетін болады. 

IV. 

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАР  

 

  Мемлекеттердің делегациялары 

  Халықаралық ұйымдар 

  Ғылыми орта және (психикалық денсаулықты нығайту және қорғау саласында 

жұмыс жасайтын) мамандар 

  Бейүкіметтік ұйымдар 



  Донор ұйымдар 

жүктеу 26,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау