«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 7,48 Mb.
бет16/34
Дата25.11.2017
өлшемі7,48 Mb.
#1450
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34

ӨТІНІШ
Т.А.Ә. ____________________________________________________________

туған күні _______________________________________________________

тұрғылықты мекенжайы ____________________________________________

телефон нөмірі (үй телефоны, ұялы) _____________________________________

мүгедектік санаты (болған кезде) _____________________________________

бірге тұратын отбасы мүшелері (Т.А.Ә., туыстығын көрсету):

_________________________________________________________________________________________________________________________________
Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет ұсыну үшін _____________________________________________ есепке алуды сұраймын.

(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. көрсету)


Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тәртібімен және шарттарымен таныстым.

Мына құжаттарды қоса беремін:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеуге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Т.А.Ә. және қолы __________________ Күні «___» ___________ 20___ жыл

Өтінішті қабылдаған________________________________________________

(Т.А.Ә. және лауазымын көрсету)


Қолы _____________ Күні «___» ___________ 20___ жыл

____________________________

«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандарты жобасына

2-қосымша

Нысан
МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА
______________________________________________________________
(медициналық ұйымның атауы)
Т.А.Ә. _________________________________________________________

туған күні «___» _____________ __________жыл


үйінің мекенжайы__________________________________________________


Қысқаша анамнез (ауырған аурулары туралы мәліметтер, дәрілік препараттарды, азық-түлік өнімдерін көтере алмаушылық және тағы басқа)

_________________________________________________________________


Медициналық қарап-тексеру: (негізгі және ілеспе диагнозды, асқынудың орын алғандығын көрсете отырып)


хирург______________________________________________________________________________________________________________________________
невропатолог_______________________________________________________
__________________________________________________________________
психиатр__________________________________________________________
__________________________________________________________________
окулист ___________________________________________________________
__________________________________________________________________
отоларинголог______________________________________________________
__________________________________________________________________
дерматовенеролог___________________________________________________
__________________________________________________________________
фтизиатр __________________________________________________________
__________________________________________________________________
терапевт/педиатр____________________________________________________
__________________________________________________________________

эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды__________________________ __________________________________________________________________ Көрсеткіштер бойынша:


стоматолог ________________________________________________________
эндокринолог ______________________________________________________
кардиолог _________________________________________________________
ортопед ___________________________________________________________
нарколог __________________________________________________________
онколог ___________________________________________________________
гинеколог__________________________________________________________

Зертханалық зерттеулердің нәтижелері:

қанның жалпы анализі ______________________________________________

күні, нәтижесі

Зәрдің жалпы анализі____________________________________________

күні, нәтижесі

нәжіс жұғындарын гельминттер жұмыртқасына паразитологиялық зерттеу __________________________________________________________________

күні, нәтижесі

нәжіс жұғындарын ішек таяқшасына бактериологиялық зерттеу

__________________________________________________________________

күні, нәтижесі
Дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының қорытындысы: __________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін медициналық қарсы көрсеткіштер бар ма)
М.О.
Медициналық ұйымның басшысы: ____________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
20___ жылғы «___» _____________

__________________________

Жоба
«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге  тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Көрсетілетін қызметті алушыдан (жұмыс берушіден немесе шетелдік қызметкерден) өтініштерді қабылдау және оларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

көрсетілетін қызметті алушы (жұмыс беруші) көрсетілетін қызметті берушіге немесе портал арқылы:

рұқсат беру – 41 (қырық бір) жұмыс күні ішінде;

рұқсатты қайта ресімдеу – 31 (отыз бір) жұмыс күні ішінде;

рұқсатты ұзарту – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;

көрсетілетін қызметті алушы (шетелдік қызметкер) көрсетілетін қызметті берушіге:

жұмысқа орналасуға рұқсат беру және ұзарту – 31 (отыз бір) жұмыс күні ішінде;

жұмысқа орналасуға рұқсатты қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

Көрсетілетін қызметті беруші рұқсат беруді, қайта ресімдеуді және ұзартуды мынадай рәсім бойынша жүзеге асырады:

1) шетелдік жұмыс күшін тартуға:

рұқсат беру және қайта ресімдеу:

рұқсат беру туралы шешімді – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды;

қайта ресімдеу туралы шешімді – 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды;

көрсетілетін қызметті алушыға – шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарлайды:

көрсетілетін қызметті алушы рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) – рұқсатты беру туралы хабарламаны алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде тапсырады;

көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты – рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде береді;

рұқсатты ұзарту:

рұқсат беру туралы шешімді – 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды;

көрсетілетін қызметті алушыны – шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарлайды;

рұқсатты – көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде береді;

2) жұмысқа орналасуға:

рұқсат беру және ұзарту

рұқсат беру туралы шешімді – 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды;

көрсетілетін қызмет алушыны – шешімді қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарлайды;

көрсетілетін қызметті алушы рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (банк пен жұмыс беруші арасындағы шарттың және жұмыс берушінің банк шотына кепілді жарналарды салуды растайтын құжат көшірмелерін) – рұқсатты беру туралы хабарламаны алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде тапсырады;

көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты – рұқсат қолданысының тоқтатылуы бойынша шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде береді;

жұмысқа орналасуға рұқсатты қайта ресімдеу:

рұқсатты – 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

көрсетілетін қызметті алушыға (жұмыс берушіге) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту;

көрсетілетін қызметті алушыға (шетелдік қызметкерге) жұмысқа орналасуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібінде көрсетіледі.

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті алушы (жұмыс беруші) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе қайта ресімдеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

1) маусымдық шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;

өзге де шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде:

2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттарының (олар бар болған кезде) орындалуы туралы (еркін нысанда) ақпарат;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;

тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжаттар:

4) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың сканерленген түрінде нотариат куәландырған аудармасы (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылған болса, көшірмелері);

5) қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісінде жазылған қызметкердің еңбек қызметі туралы сканерленген түрінде жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар;

6) шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) сканерленген түрінде нотариат куәландырған көшірмесі (егер шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын болса, өз қызметкерлерін келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасына жібереді);

7) жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін жасалған келісімшарттың (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) сканерленген түрінде нотариат куәландырған көшірмесі (егер шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын болса, өз қызметкерлерін келісімшарт бойынша жұмысты орындау, қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасына жібереді);

8) жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шартының, келісімшартының (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) сканерленген түрінде нотариат куәландырған көшірмесі (шетелдік қызметкерлердің функционалдық міндеттерін күнтізбелік бір жыл ішінде күнтізбелік алпыс күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орындауы қажет болған жағдайда);

9) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (мына адамдарды қоспағанда: шағын кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, шетелдiк заңды тұлғалардың өкiлдiктерiне, сондай-ақ басым жобалар мен шығу елдері бойынша квоталар шегінде, арнайы экономикалық аймақтың аумағында берілетін рұқсаттар);

10) ауыстырылатын қызметкерлердің кәсіптерін немесе мамандықтарын, паспортта немесе жеке куәлікте көрсетілген деректерге сәйкес тегін, атын, әкесінің атын, ауыстыру мерзімін көрсете отырып, корпоративтік ауыстыру (егер шетелдік қызметкер корпоративтік ауыстыру шеңберінде тартылса) туралы шетелдік заңды тұлға берген хаттың және (немесе) келісімнің (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) нотариат куәландырған аудармасы;

11) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша рұқсат берудің ерекше шарттарын келісу;

көрсетілетін қызметті алушы (жұмыс беруші) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш,

2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттарының (олар бар болса) орындалуы туралы (еркін нысанда) ақпарат;

3) жұмыс берушінің басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шартының, келісімшартының (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) сканерленген түрінде нотариат куәландырған көшірмесі (шетелдік қызметкерлердің функционалдық міндеттерін күнтізбелік бір жыл ішінде күнтізбелік алпыс күннен артық бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орындауы қажет болған жағдайда);

4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (мына адамдарды қоспағанда: шағын кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, шетелдік заңды тұлғалар өкілдіктеріне, сондай-ақ басым жобалар мен шығу елдері бойынша квоталар шегінде, арнайы экономикалық аймақтың аумағында берілетін рұқсаттар);

5) рұқсаттың мерзімін ұзартуға негіздеме (еркін нысанда);

6) рұқсаттың нотариат куәландырған көшірмесі.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы (жұмыс беруші):

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салуды;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес мәліметтердің толтырылған нысандары, сондай-ақ сканерленген құжаттарды ұсынады.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының (жұмыс берушінің) «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының (жұмыс берушінің) жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушыдан (жұмыс берушіден) ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы (жұмыс беруші) барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіде – көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

Жұмысқа орналасуға рұқсат алу немесе ұзарту үшін көрсетілетін қызметті алушы (шетелдік қызметкер) көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті:

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес шетелдік қызметкер туралы мәліметтерді;

шетелдік қызметкердің біліктілігін растайтын құжаттарды:

3) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың сканерленген түрінде нотариат куәландырған аудармасын (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылған болса, көшірмелерін);

4) қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісінде жазылған қызметкердің еңбек қызметі туралы сканерленген түрінде жазбаша растауы қоса берiлген қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпаратты (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттарды ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы (шетелдік қызметкер) жұмысқа орналасуға рұқсатты қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

10. Рұқсат алу, қайта ресімдеу және ұзарту кезінде өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде жеткен ерекше шарттардың орындалуы туралы ақпарат:

1) шетелдік қызметкерлер қатарындағы:

05-2008 «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң кәсiптерi мен мамандықтарының сыныптауышы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыныптауышына енгізілмеген кәсіптер немесе мамандықтар бойынша жұмыс істейтіндерден;

этникалық қазақтар немесе бұрынғы отандастар болып табылатын адамдардан;

2) жұмыс берушілер қатарындағы:

кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту бағдарламасын іске асыратындардан және Қазақстан Республикасының азаматтарын жалдау, даярлау және шетелдік персоналды қысқарту бойынша міндеттемелері барлардан;

технологиялық жабдықты іске қосу, ретке келтіру және монтаждау бойынша жұмыстарды орындайтын мердігерлерді қоса алғанда, 2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасының тізбесіне енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатындардан;

«Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыруға қатысатындардан, жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға мемлекеттік қолдау көрсету бойынша оң шешім алғандардан;

шетелдік жұмыс күшін басым жобалар және шығу елдері бойынша квота шегінде тартатындардан;

шетелдік жұмыс күшін шетелдік заңды тұлғалар өкілдіктеріне тартатындардан;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері немесе мемлекеттік кәсіпорындары болып табылатындардан талап етілмейді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе әкімге жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін жолданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімнің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге өзі баруға мүмкіндігі болмаған кезде, көрсетілетін қызметті алушы қызметтерді ресімдеу және алу құқығы бар сенімхатпен өкілін жібереді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

15. Бизнес сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде мемлекеттік қызметті алу, сондай-ақ портал арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.


______________________________

«Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жобасына 1-қосымша

_________________________________________


_________________________________________
(облыстың, Астана, Алматы қалаларының атауы)

жұмыспен қамтуды үйлестiру және     


әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына
кiмнен ___________________________________
  (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)
 
 

жүктеу 7,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау