Байланыс саласындағы қызметтерді жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар



Дата14.11.2018
өлшемі70 Kb.
#19927

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жауапты хатшысының м.а.

2017 жылғы « 5 » мамырдағы

№ 166

бұйрығымен бекітілген




Байланыс саласындағы қызметтерді жүзеге асыру кезінде

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар


  1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: байланыс саласында қызметті жүзеге асыру.




  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Байланыс департаменті, Байланыс ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті.




  1. Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары байланыс саласында өз қызметін жүзеге асыру кезінде:


3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
Қызметкерлер өз қызметінде:

  1. заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілері талаптарын басшылыққа алуға;

  2. мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және өзге де тұлғалардың қызметіне ықпал жасау үшін жеке сипаттағы мәселелерді және т.б. шешуде қызметтік дәрежесін пайдаланбауға;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ашуға белсенді қатысуға және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болуға;

4) әріптестерден бір-бірін қолдау мен жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды талап етуге;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін іс-әрекеттер жасаудан және кіріс алумен ұштасқан кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда біреуге көмек көрсетуге тартынуға;

6) жеке және заңды тұлғалардың өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырудын қиындататын әрекеттерді (әрекетсіз) болдырмауға;

7) басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға көндіруге;

8) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларды орындағаны үшін жеке және заңды тұлғалардан сыйақы, соның ішінде ақшалай қаражатты, қызметтерді, сыйлықтарды, тауарларды қоса алғанда сыйақы қабылдамауға;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;

10) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден бас тартуға;

11) ақиқатқа сай келмейтін мәліметтерді таратпауға;

12) өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуды жүзеге асырмауға;

13) негізсіз бюрократияға, сондай-ақ дөрекілік пен ағаттыққа жол бермеуге;

14) Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жүгінген адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

15) тексеру жүргізген кезде тексеру парақтарында белгіленбеген талаптарды, сондай-ақ мұндай талаптар Министрлік құзыретіне жатпаса, оларды орындауға жол бермеуге;

16) егер құжаттар, ақпарат тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етпеуге;

17) тексеру жүргізудің белгіленген уақытын асырмауға;

18) Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-тармағының 2), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бір кезең ішінде бір мәселе бойынша жоғары тұрған (төмен тұрған) органмен немесе өзге де мемлекеттік органмен оған қатысты бұрын тексеру жүргізілген тексерілетін субъектілерге (объектілерге) тексеру жүргізбеуге;

19) тексерілетін субъектілер есебінен мемлекеттік бақылау мақсатында шығынды талап ететін сипаттағы іс-шараларды жүргізуге жол бермеуге;

20) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде белгіленген мерзімнен аспауға міндетті.


3.2. өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

  1. функцияларды өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға;

  2. жеке және заңды тұлғаларға басымдық бермеуге, қызметтік міндеттерін орындау кезінде олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;

  3. тікелей басшыға тез арада жазбаша түрде орындауға алынған тапсырманың заңдылығына күмәнді екендігі жөнінде хабарлауға;

  4. тез арада басшылыққа жасалған немесе жасалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы баяндауға;

  5. тез арада мемлекеттік органдарда, құрылымдық бөлімшелер мен өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу туралы басшылыққа баяндауға;

  6. БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасауға тән сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін теңдестіру, олар анықталған жағдайда, тисті ақпаратты басшылыққа беруге;

  7. бағынышты лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіліктерінің міндеттері мен көлемін нақты және айқын анықтауға;

  8. мүдделер қайшылығын болдырмауға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жою жөніндегі шаралар қабылдауға;

  9. егер тікелей басшының өзі мүдделер қайшылығына тартылған болса, жоғары басшылыққа жүгінуге;

  10. қол астындағы лауазымды тұлғалардың арасында бірқалыпты емес еңбек жүктемесін болдырмауға;

  11. олардың қызметтерінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ мадақтау және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуға;

  12. сыбайлас жемқорлықты алдын алудың түбегейлі шараларын қабылдауға;

  13. жұмыстан тыс сипаттағы мәселелерді шешу кезінде бағынышты тұлғалардың қызметіне қызметтік жағдайы пайдаланбауға;

  14. тексеру жүргізген кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, тексеруші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

  15. тексеруді Қазақстан Республикасының Кодекстерінде және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіпке қатаң сәйкестікте және негізде жүргізуге;

  16. тексеру жүргізу кезінде тексеруші субъектілердің белгіленген жұмыс тәртібіне бөгет жасамауға;

  17. Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың бұзушылықтарын алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;

  18. тексеріс жүргізу кезінде тексеруші субъектіге бөгет жасамауға, тексеріс тақырыбы мәселелерге қатысты түсіндірме беруге;

  19. тексеруші субъектіге тексеру жүргізу кезінде тексеріс тақырыбына қатысты қажетті ақпаратты ұсынуға;

  20. тексеруші субъектіге тексеріс аяқталған күні өткізілген тексеріс туралы актіні табыстауға;

  21. тексеріс жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтерді сақтауды қамтамасыз етуге;

  22. Департаменттің құзыреті шегінде шарттық міндеттемелер шеңберінде көрсетілген қызметтер туралы актілердің орындалуына тексеруді жүргізуге және оларды қабылдауды жүзеге асыруға міндетті.

3.3. нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі – НҚА) жобаларын дайындау кезінде:

  1. НҚА жобаларын әзірлеу сатысында міндетті түрде заңмен белгіленген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын назарға алу;

  2. әзірленіп жатқан НҚА жобалары жоғарғы деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуге тиіс;

  3. НҚА жобаларын дайындау барысында заңды тұлғалардың заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу;

  4. НҚА жобалары Министрліктің құзыреті шегінен шықпауы тиіс;

  5. азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттемелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында белгіленген тәртіппен құрылатын қоғамдық кеңеске жіберу;

  6. әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібермес бұрын, ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылады;

  7. қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға және талқылауға міндетті қатысуы;

  8. түсіндірмелік жазбаны міндетті түрде тіркей отырып, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын жеке кәсіпкерлер субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Ұлттық палатаға, оның ішінде аталған жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келісу кезінде жіберу;

  9. нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық факторларын немесе олардың белгілері, сондай-ақ құқық бұзушылық жасағаны үшін баламалы санкциялары нормаларын қолданбау;

  10. Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 2 және 3) тармақшаларында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді уақтылы әзірлеу;

11) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде байланыс саласында қызмет жасайтын жекелеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделері үшін нормаларды қабылдауға жол бермеу.

3.4. тіршілік ету саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де өзара қатынастар кезінде

  1. бағынышты тұлғалардың арасында бірқалыпты емес еңбек жүктемесін болдырмау;

  2. өзінің лауазымдық және онымен байланысты міндеттерін жеке мүліктік және мүліктік емес мүмкіндіктерді алуға пайдаланбау;

  3. дөрекілік фактілерін, адамның адамгершілігін кемсіту, тәртіпсіздікті, қисынсыз іс-әрекетті болдырмау;

  4. сұратуларды қабылдағанда негізсіз бас тартуға, оларды қарастыруды кешіктірмеуге және күмәнді мәлімет деректерін ұсынуға жол бермеу;

  5. кадрларды іріктеп алу және туыстық, жерлестік және жеке адалдық жағдай бойынша таңдап алуға жол бермеу;

  6. анық орындалмайтын өкімдерді немесе олардың қызметтік міндеттемелер шеңберінен шығатын, сондай-ақ, заңнамаға қарама-қайшы келетін тапсырмалар бермеу;

  7. бағынышты қызметкерлерін, сондай-ақ өзге лауазымды тұлғаларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа мәжбүрлемеу;

  8. жоғары не төмен тұрған немесе қызмет не жұмыс бабындағы өзге де лауазымды тұлғалармен ақша немесе басқа да мүліктік сипаттағы құмар ойындарына қатыспау;

  9. қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін бағынышты қызметкерлерді тартуға жол бермеу;

  10. азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары, еркіндігі және заңдық мүдделерін сақтау және қорғау, олардың өтініштері мен оларды шешуге қажетті шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыру;

  11. функцияларды өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыру;

  12. қызметтік этиканы сақтау;

  13. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы мәлім болған оқиға туралы жедел Министрліктің (немесе) құқық қорғау органдарының басшылығына жеткізу;

  14. Қазақстан Республикасының заңында тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық және т.б жауапкершілік көзделген тәртіпсіздік және өзге де құқық бұзушылыққа жол бермеу.

  1. Өзге де шектеулер мен тыйымдар

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы заңңаманың талаптарын сақтау;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтау;



3) басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, лауазымдық өкілеттіліктері шегінде әзірленген Министрліктің лауазымды тұлғаларының шешімдері мен нұсқауларын орындау.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау