Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет261/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   472

 

551 


 

деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» 

деген  мәселенің  шешімін  іздейді.  Олардың  мақсаты  бір,  яғни  оқытудың  тиімді 

жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы 

анықталады. 

    Жаңа  ақпараттық  технологиялар дегеніміз  –  білім беру  ісінде ақпараттарды 

даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы 

компьютер  болып  табылады,  сол  себепті  қазіргі  мектепке  шығармашылық  ізденіс 

қабілеті  дамыған,  жаңа  педагогикалық  технологияларды  жете  меңгерген,  мамандық 

шеберлігі  қалыптасқан,  жаңа  ақпараттық  технологиялардың  тілін  білетін  мұғалім 

қажет. 

Енді,  осы  ақпараттық  технологияларды  жүзеге  асырудағы  жұмыс  түрлеріне 



тоқталып өтейік: 

  Ақпараттық технологиялардың бірі — интерактивтік тақта, мультимедиялық және 

онлайн сабақтары.  

  Өзім  қызмет  жасайтын  мектепте  де  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдану 

кеңінен  қарастырылған.  Мектеп  кабинеттерінде  интерактивтік  тақта  орнатылған. 

Сондықтан  бұл  тақтамен  әр  сабақты  қызықты  өткізуді  ойластырып,  жоспарлаймын, 

себебі  қолда  бар  мүмкіндіктерді  пайдалану  арқылы  оқушыларды  жаңа  заман 

технологиясымен жұмыс жасауға үйретеміз. 

Қорыта  айтқанда,  жаңа  ақпараттық  технологияларды      сабақта  қолдану  келесі 

нәтижелерге жеткізеді: 

1. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді; 

2. Тіл байлығын дамытады; 

3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді; 

4.  Шығармашылық  белсенділігін  арттырып,  ұжымда  бірігіп  жұмыс  істеуге 

тәрбиелейді. 

5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді 

жеке тұлғаны қалыптастырады. 

    «Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» деген ғұлама 

Баласағұнның сөздері менің өмірлік қағидам. Ұлы педагог Ушинский: «Мұғалім білімін 

үздіксіз  көтеріп  отырғанда  ғана  мұғалім,  ал  оқуды,  іздеуді  тоқтатса,  мұғалімдігі  де 

жойылады»  деген  болатын.  Сондықтан  әр  бір  мұғалім  күнделікті  сабағына  өмір 

талабына  сай  дайындалып  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды  кеңінен 

пайдалануы тиіс. Ол заман талабы.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында 

«Білім  беру  жүйесінің  басты  –  міндеті  ұлттық  және  азаматтық  құндылықтар  мен 

практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға 

бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын 

енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге 

шығу делінген 

Бүгінгі таңда білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және 

тәжірибеге  негізделген  жаңа  идеялар,  жаңа  технологиялар  бар.  Сондықтан  әр  түрлі 

оқыту  технологияларын  оқу  мазмұны  мен  оқушылардың  жас  және  психологиялық 

ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибесіне сынап қараудың  маңызы  зор. 

Инновациялық білім беру құралдарына: 



 

552 


 

аудио-видео құралдар 

компьютер 

интерактивті тақта 

интернет 

компьютер – мультимедaялық құрал 

электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен инновациялық сайт және тағы 

басқалары  жатады  бұны  бір  сөзбен  айтқанда  оқу  үрдісінде  немесе  сабақтарда 

ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану деп атауға болады. 

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру 

жүйесін  дамытуға  және  оның  мүмкіндіктерін  әлемдік  білімдік  ортаға  енудегі 

сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың ақпараттық-

коммуникациялық  технологиясы-білімді  жаңаша  беру  мүмкіндіктерін  жасау,  білімді 

қабылдау,  білім  сапасын  бағалауы,  оқу  тәрбиесі  үрдісінде  оқушының  жеке  тұлғасын 

жан-жақты  қалыптастыру  үшін  бойында  ақпараттық  мәдениетті,  сауатты  адам-

ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру 

керек. Осыған орай ақпараттық заманда өмір сүретін адам өзін-өзі шектей білетін негізгі 

нормалар мен ережелерді игеруі тиіс. 

Ақпараттық  әдістемелік  материалдар  коммуникациялық  байланыс  құралдарын 

пайдалану  арқылы  білім  беруді  жетілдіруді  көздейді.  Мультимедиялық  оқулықтар 

біріншіден оқушылардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен 

қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға 

мүмкіндік  береді,  сонымен  қатар  оқушының  білім  алу  кезеңінде  оқу  іс-әрекетіне 

белсенділігін  арттыра  түседі.  Заманымызға  сай  қазіргі  қоғамды  ақпараттандыруда 

педагогтардың  біліктілігін  ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  қолдану 

саласы  бойынша  көтеру  негізгі  міндеттердің  біріне  айналды.  Қазақстан 

Республикасының  «Білім»  туралы  Заңының  8-бабында  «Білім  беру  жүйесінің  басты 

міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 

ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап 

көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін 

технологияландыру мәселесін қойып отыр. 

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері 

қалыптасу  үстінде.  Оқу  процесінде  оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. 

Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, 

шығармашылығын  дамытуға,  оқу  қызметінің  мәдениетін  қалыптастыруға,  дербес 

жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Білім – болашақ 

бағдары,  кез-келген  оқу  орынның  басты  міндеттерінің  бірі  –  жеке  тұлғаның 

құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты 

қабылдау,  табу,  сақтау,  оны  жүзеге  асыру  және  ақпараттық  –  коммуникациялық 

технологияның  мүмкіндіктерін  жан-жақты  қолдану  қабілеті.  Ол  –  оқу  нәтижесінде 

өзгермелі  жағдайда  меңгерген  білім,  білік,  дағдыны  тәжірибеде  қолдана  алу  қабілеті 

болып табылатын жаңа сапа. 

Білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  мен  ақпараттық-  коммуникациялық 

технологияны  оқу-тәрбие  үрдісінде  пайдалану  оқушының  өз  мамандығына 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау