44
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Абильдинова Сауле Мажитовна
«Бәйтерек» балабақшасының тәрбиешісі
Білім беру жүйесінде жаңа технологияны қолдану арқылы келешек ұрпақтың
еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай
жасау әрбір педагогтың міндеті. Бүгінде балабақшаларда қолданып жүрген: Ойын
технологиясы, М.Монтессории технологиясы, тірек сигналдар арқылы, проблемалық,
модульдік, дамыта, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ұлттық
құндылықтарымызды балабақшадан бастау сияқты педагогикалық технологиялардың
барлығы өз нәтижелерімен айқындалып келеді. Яғни қандай технологияны
қолданбасын педагог баланың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шығармашылық
қабілетін арттыратыны айқын.
Мария Монтессори әдісі қай кезеңде болмасын балабақшада еш уақытта орнын
жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан - ақ өсуге, жетілуге
ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда
балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала
тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық [1. 19б].
Мария Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім
қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз
уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы
жағдай туғызады.
Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің
нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу. «Өзімнің жасауыма
мүмкіндік бер»-дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем
жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді.
Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс
жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге
мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада,
жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс
жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі - ішкі дүниесін тәртіпке
баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Білім берудің
алғашқы деңгейі балабақшадан басталады. Осыған байланысты біздің «Бәйтерек»
балабақшаның педагогтарының аса қызығушылығын туғызып отыр.
Балаларды емін - еркін тәрбиелеу ұжымының практикалық тиімділігінің тамаша
көрінісі болып табылатын М. Монтессори тәрбиелеу мен оқыту жүйесі болып отыр,
бұнда басты назар бала болса, ал ересек адам – баланы жеке тұлға етіп тәрбилеуде
кәсіби көмекші әрі бақылаушы есебінде болады. [2. 64 б]
Балабақшада тәрбиешілер күнделікті оқу іс-әрекеттерін М.Монтессории
технологиясының элементтерін пайдалана отырып, ұйымдастырамыз, бұл
технологияның тиімділігі балалардың қай салаға жақын екендігі айқындалып, ата-
анамен
байланыс
нығаяды.
Күнделікті
іс-әрекетімізде,
күннің
II-ші
45
жартысында «Ойын технологиясын» көптеп қолданамыз, мақсаты бала белгілі – бір
тапсырманы орындай отырып, өзіне деген сенімділік пайда болады. Баланың жан-
жақты дамуында дамытушы ортаның маңызы зор. Кез-келген оқыту технологиясы
тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық шеберлікті, бала
дүниетанымын терең танып, ұғына білуді мақсат етеді. Болашақта балалар өз
жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, шешім қабылдауы тиіс. Ендеше, біздің
балабақша педагогтарының алға қойған мақсаты- баланың ойлау қабілетін жан-жақты
дамыту мен шығармашылық пен ізденіске тәрбиелеу болып табылады.
Баланың өздігінен ізденіс жасауына әр топта барлық жағдайлар жасалған. Әр
топта баланың жас ерекшелігін ескере отырып, тәрбиешілер кішігірім
зертханалар,яғни тәжірибе жасау бұрышын жасаған.
Ата-аналармен ынтымақтаса жұмыс жүргізу барысында топтағы зертхана
бұрыштарындағы құралдар ата-аналардың көмегімен толықтырулуда. Бұл бұрышта
қарапайым күнделікті тұрмыста қолданылатын бос бөтелкелер, пластмасс
қасықтар,түрлі көлемдегі ыдыстар, стақандар,түтікшелер,өлшегіш ыдыстар,дәнді
дақылдар т.б қойылған. Және де таза құм әр балабақшада бар екені сөзсіз.Әр түрлі
тастар жинағы, түрлі материалдар, суреттер және танымдық материалдар да ата-
аналардың көмегімен жиналған. Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
барысында ең алдымен педагогтарға бұл құралдарды қолдануда,міндетті түрде
балалардың жас ерекшеліктерін ескеруді қажет етеді. Кіші топ балалары құм ,су жайлы
танымдарын кеңейтсе, ал ересек топ балаларына осы заттардың арасындағы
байланысын,қасиетін анықтау мақсатында тәжірибелер жасау ұсынылады. Зерттеу
жұмыстарын жүргізу үшін педагог тақырыптық жоспар құрады.
46
Жоспарлаудың бірнеше түрлері болады.
Бірінші нұсқа- жыл бойы жәй тәжірибеден бастау, жинақтау-сұрыптау,кеңістікке
және жыл мезгідеріне саяхат жасап,бақылау.
Екінші нұсқа- тақырыптың басқа бейнемен байланыстылығы.Мысалы:көлік
түрлерімен
ауаның
қозғалу
тәжірибесі,
картамен
саяхат,су
асты
көректенушілермен,судың қозғалысы, және судың қасиеті (су-мұз-бу) болатынымен
байланысын зерттеу.
Бұл зерттеу жұмыстары арқылы баланың сөздік қоры молаяды,ұсақ моторикасы
жетіледі,қарапайым математикалық ұғымдары кеңейеді.
Сонымен қатар, балада өзіне деген сенімділік,өзгенін жұмысын бағалай
білу,ұйымшылдық сезімдері пайда болатынын көруге болады.
Ересек топ балаларымен тақырыптық жоспар бойынша жүргізілген жұмыс
жоспарын ұсынғым келеді. Бұл жоспарда баланың жас ерекшелігін ескере
отырып(табиғаттағың жыл бойғы өзгерістері, алған ойын одан әрі кеңейту,).
Зертханалық жұмыс жүргізудің тақырыптық жоспары
Айы
Тақырыбы
Мақсаты
Тәжірибе
жүргізу
тақырыптары
Қыркүйек
Ауаның
құрамымен
танысу
Ауаның
құрамымен
танысу.Тәжірибе
үдірісінде
ауаның
мынандай
қасиетін
анықтау:серпінділігін,құрамы;
ауаның қоршаған ортада алатын
ерекше
орнын,ауаның
адам
баласына тигізетін әсері,және
адамның күнделікті өмірде ауаны
қалай
қолданатындығымен
таныстыру.
«Ауа барлық
жерде
болады», «Ауа
ереке
орын
алады»,
«Ауыр ауа»,
«Бөтелкедегі
май шам»,т.б.
Қазан
Жер қыртысы
мен тастар
Жер қыртысы мен тастармен
таныстыру.Магнит
сиқыры.Тәжірибе
барысында
тастың
құрамын
анықтау.Пайдалы
қазбалар
туралы және тастың қай жерде
болатынын
қорытындылау.Балаларды
жер
қыртысымен таныстыру.
«Тірі тастар»,
«Тау дегеніміз
не?»,
«Адамдар
тастарды
қалай
пайдаланады?
» «Магнит өз
бойына қанша
скрепканы
тартады?»,
«Магнит
ыныға
әсер
етеме»,