4. Орталыққа қабылдаудың және онда ұстаудың
шарттары. Орталыққа адамдарды қабылдау еңбек,
халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
басқармасының денсаулық сақтау және ішкі істер
органдарының жолдамасы бойынша сөтке бойына
жүргізіледі. Орталыққа қабылдамау айғақтары.
Орталықта тұрып жатқан адамдардың міндеттері.
5. Әлеуметтік көмекті ұйымдастыру. Орталықта
көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері.
6. Медициналық көмекті ұйымдастыру. Орталықта
көрсетілетін медициналық көмектің түрлері.
7. Еңбекпен оңалтуды ұйымдастыру. Еңбекпен
оңалтудың түрлері.
8. Орталықтарды қаржыландыру. Орталықтарды
қаржыландыру көздері анықталған. Орталықты
қаржыландыру жергілікті қаражаттың есебін және ҚР-ның
заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат
көздерінен жүзеге асырылады.
9. Орталықтың қызметін бақылау. Орталықтың
қызметін бақылау үшін облыс әкімдерінің шешімімен
әкімшіліктің, еңбек, халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және ішкі істер
органдарының, қоғамдық, діни және өзге де ұйымдардың
өкілдерінен қамқорлық кеңестері құрылады.
Осы ереже белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған
әлеуметтік бейімделу орталықтарының қызметін
ұйымдастырудың тәртібін белгілейді.
Мүгедек балаларды әлеуметтік, творчестволық және
еңбекпен оңалтудың Орталығы.
ҚР-ның 1991 жылғы “Қазақстан Республикасында
мүгедектердің әлеуметтік қорғалу туралы” Заңына сәйкес
2003 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды
қаласында мүгедек балаларға және олар тәрбиеленетін
отбасыларына көмек көрсететін “Лучик-Надежды”
қоғамдық қайырымдылық қорының жанында кемтар
балаларды әлеуметтік , творчестволық және еңбекпен
оңалтудың Орталығы жұмыс істей бастады. Орталық
“Лучик-Надежды” қоғамдық қайырымдылық қорының
Кеңесімен бекітілген Ереженің негізінде жұмыс істейді.
Орталықтың мақсаты және міндеттері:
-кемтар балалар мен жастардың қоғамға әлеуметтік
бейімделуі және шоғырлануы;
-бейімделмеген балалардың пайдасына оңалту
мәселелері бойынша тиімді педагогикалық
технологияларды жүзеге асыру;
-мүгедек балаларға әлеуметтік қолдау
көрсетумақсатында мемлекеттік және мемлекеттік емес
мекемелердің күштерін біріктіру;
-үздіксіз білім мен тәрбие жүйесін жүзеге асыру;
-ҚР-ның “Қазақстан Республикасында мүгедектердің
әлеуметтік қорғалуы туралы” Заңымен қарастырылған
даму және оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеп,
меңгеру;
-Орталықта мүгедек балалардың шығармашылық және
кәсіптік дамуы және білім жүйесін әзірлеу және енгізу.
Бағдарламалардың мазмұны оңалту Орталыққа
баратын кемтар балалардың жеке мүмкіндіктерімен
психофизикалық даму ерекшеліктерінен әзірленеді.
Білімдік процесс коррекциялық педагогика
саласындағы мамандармен жүзеге асырылады. Білімдік
процестің қатысушылары болып педагогика
қызметкерлері, мүгедек балалар және олардың ата-
аналары табылады.
Ұсынылған әдебиеттер
1. Е.И. Холостова “Социальная работа: теория и
практика” Москва, 2001
2. П.Д. Павленок “Основы социальной работы” Москва,
1997
3. Панов А.В. “Социальная работа как наука, вид
профессиональная деятельности и специальности в
системе высшего оброзования” Россиский журнал
социальной работы, 1995 №1.
4. Энциклопедия социальной работы Т-1,3 Москва,
1993
5. Колков В.В. “Формирование учебных дисциплин в
области теории социальной работы” Россиский журнал
социальной работы. Москва, 1997 №1.
6. Курбатов В.И. “Соцальная работа” Москва 1999.
7. Фирсов М.В. “Антология социальной работы”
Москва, 1994-1996.
8. Сарсенова Ж.Н. “Әлеуметтікң жұмыс” Алматы, 2004.
9. Панова А.М., Холостова Е.И. “Справочное пособие по
социальной работе” Москва, 1997.
10. Колков В.В. “Эффективность социальной работы”
Москва, 1998.
11. Фирсов М.В. “Антология социальной работы”
Москва, 1994
14 тақырып Жұмыссыздарымен әлеуметтік жұмыс
технологиясы. Еңбекпен қамту қоғамның дамуы мен қалыптасуындағы
маңызды мәселе ретінде. Еңбекпен қамтылу және жұмыссыздық. Жаңаша
жағдайыдағы еңбекпен қамтудың әлеуметтікэкологиялық мәселелері.
Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс технологиясы. Жұмыссыздарды
қолдаудың түрлері мен формалары. Жұмыссыздарды қорғаудағы
әлеуметтік қызмет мамандығынынң ерекшеліктері. Жұмыссыздарды қорғау
қызметі жүйесіндегі әлеуметтік психологиялық жұмыстың мазмұны.
. Саны жағынан аз ұлттармен әлеуметтік жұмыс
технологиясы
Жоспар
1. Ұлттардың саны жағынан аз бөлігі
2. Әлеуметтік жұмыстағы диаспорлар түрлері
3. Ұлттық диаспора деңгейлері
Ұлттардың саны жағынан аз бөлігі жалпы қоғамның
әлеуметтік құрылымына барлық әлеуметтік қабаттар мен
әлеуметтік демографиялық топтарды, сонымен қатар
әлеуметтік құбылыстарды (нашақорлық, алкоголизм,
күштеу, экстримизм, терроризм және т.б.) кірістіре
отырып сипаттайды. Халықтың саны жағынан аз бөлігімен
жұмыс істеудің негізгі шарты ұлттардың саны жағынан аз
бөлігінің ерекшеліктері қандай және қалай пайда болады,
олар кімдер, олар туралы білімдер саны.
Бұл келесі міндеттермен байланысты:
Ұлттардың санының аз бөлігі, диаспора туралы
қажетті мәліметтерді ұсыну;
Ұлттардың саны жағынан аз бөлігінің әртүрлілігін
топтастыру;
Олармен әлеуметтік жұмыс істеудің саяси-
құқықтық базасын қарастыру;
Жақын және алыс шетелдегі ұлттардың саны
жағынан аз бөлігінің проблемаларын талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |